Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 0.57 Mb.
бет1/5
Дата08.02.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5





Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 мамырда № 11238 тіркелді

      

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:



      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;



      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;



      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектiлердi Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу туралы қолдаухаттарын қарау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;



      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;



      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.



      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті:



      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;



      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;



      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;



      4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.



      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.



      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі                     А.Мұхамедиұлы

      «КЕЛІСІЛДІ»



      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 30 cәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»



      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 05 мамыр

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт 


министрінің 2015 жылғы


22 cәуірдегі    


№ 146 бұйрығына   


1-қосымша     

«Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.



      3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетіледі.



      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:


      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;



      2) «электрондық үкiмет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:



      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде – 7 (жетi) жұмыс күнi;



      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiде құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;



      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.



      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.



      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартады.



      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (iшiнара автоматтандырылған).



      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – фильмге прокаттау куәлiгi, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.



      Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.



      Көрсетiлетiн қызметтi алушы прокаттау куәлiгiн қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық нысанда ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының мөрiмен куәландырылады.



      Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық (бұдан әрi - ЭЦҚ) қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында, қызмет алушының «жеке кабинетiне» жолданып, сақталады.



      7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға  (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.



      8. Жұмыс кестесi:



      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.



      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.



      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;



      2) порталда: тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).



      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкілетті өкіл) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:



      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:



      жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);



      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;



      көрсетiлетiн қызметтi алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттар (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келiсiмдердiң көшiрмелерi) шет тiлiндегi құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тiлдерiнде нотариат куәландырған көшiрмесi қоса берiледi. Егер нотариус тиісті тілдерді білмейтін болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады;



      фильмге көрермендердiң жас шегiн анықтау үшiн, қолда бар барлық көрiнiстердi суреттей отырып, фильм туралы ақпаратты қамтитын фильмнiң аннотациясы;



      отандық немесе бiрлесiп түсiрiлген фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәлiметтер.



      2) порталға:



      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;



      көрсетiлетiн қызметтi алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмелерi (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келiсiмдердiң көшiрмелерi) шет тiлiндегi құжаттарға қоса тiркелетiн қазақ және (немесе) орыс тiлдерiнде нотариат куәландырған көшiрмесi. Егер нотариус тиісті тілдерді білмейтін болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады;



      фильмге көрермендердiң жас шегiн анықтау үшiн, қолда бар барлық көрiнiстердi суреттей отырып, фильм туралы ақпаратты қамтитын фильм аннотациясының электрондық көшiрмесi;



      отандық немесе бiрлесiп түсiрiлген фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәлiметтердiң электрондық көшiрмесi.



      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден – «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы алады.



      Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:



      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiштiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi, сонымен қатар құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) өтiнiштiң қағаз жеткiзгiште қабылданғанын растау болып табылады;



      2) портал арқылы – көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiледi.



      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн:



      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының дәйексiз немесе бұрмаланған ақпарат беруi;



      2) көрсетiлетiн қызметтi алушының осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сай келмейтiн құжаттарды табыс етуi;



      3) фильмнiң мазмұны республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, ұлттық араздықты тудыруды насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталуы негiз болып табылады.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметті көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.mks.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс мекенжайы, бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.



      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.



      Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:



      1) жеке тұлға үшін - тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы;



      2) заңды тұлға үшін – атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс номері және мерзімі көрсетіледі.



      Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.



      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.



      Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.



      Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.



      Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.



      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.



      12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.



      14. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орынның мекенжайы:



      1) Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде;



      2) порталда орналастырылған.



      15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкiндiгi бар.



      16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың «жеке кабинетi» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.



      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Фильмге прокаттау куәлігін



беру» мемлекеттік    


қызмет стандартына   


қосымша       

Нысан

___________________________

(фильмге прокаттау куәлігін


беретін органның толық атауы, орган


басшысының тегі, аты,


жөні (бар болған жағдайда)


кімнен__________________________


(заңды тұлғаның толық атауы,


заңды тұлға басшысының тегі, аты, жөні


немесе жеке тұлғаның тегі, аты,


жөні (бар болған жағдайда)

Өтініш

      Сізден фильмге прокаттау куәлігін беруді сұраймын.____________



                                                     (фильмнің атауы)


Фильм қоюға негіз болған туындының атауы және авторы:

____________________________________________________________________


Фильмді шығарған ел:________________________________________________


Фильмді шығарушы-студия: ___________________________________________


Фильмнің шыққан жылы: ______________________________________________


Фильмнің форматы: __________________________________________________


Фильмнің хронометражы: _____________________________________________


Сценарий автор(лар)ы: ______________________________________________


Қоюшы-режиссер(лар): _______________________________________________


Қоюшы-оператор(лар): _______________________________________________


Қоюшы-суретші(лер): ________________________________________________


Шығарманың автор(лар)ы: ____________________________________________


Продюсер(лер)і: ____________________________________________________


Фильм серияларының саны: ___________________________________________


Фильмнің жанры: ____________________________________________________


Фильмнің тілі, фильмді дубляждау тілдері (олар бар болған жағдайда):_______________________________________________


Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі бойынша ақпарат:_________________________________________________


Өтініш берушінің деректемелері _____________________________________


(заңды тұлға үшін – заңды мекенжайы, пошталық индексі, электрондық


поштасы, телефондары, факс; жеке тұлға үшін – тұрғылықты мекенжайы,


пошталық индексі, электрондық поштасы, телефондары, факс)


____________________________________________________________________


(заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлға үшін –


жеке сәйкестендіру нөмірі)


«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартында

көзделген, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын


құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін


Өтініш берілген күн: _______________________________________________

Өтініш берушінің тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) _____________

                                                         (қолы)


Мөр Орны

Қазақстан Республикасы    

Мәдениет және спорт министрінің


2015 жылғы 22 сәуірдегі    


№ 146 бұйрығына         


2-қосымша          

«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.



      3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкте (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.



      Өтініш қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру:



      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;



      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);



      3) www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz      веб-порталдары (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.



      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.01.2016 № 12 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет