«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру»

Loading...


жүктеу 93.9 Kb.
Дата25.01.2017
өлшемі93.9 Kb.
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.
      3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мәдениет басқармалары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi), оның iшiнде www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде – 10 (он) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық нысан (iшiнара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi: осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк (бұдан әрi – куәлiк).

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.

Куәлiктi қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының мөрiмен және қолымен куәландырылады.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Министрлiктiң www.mki.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен, көрсетiледi.

2) порталда – тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;

қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шарттың көшiрмесi;

мәдени құндылықтардың беткi жағы мен керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы екi фотосуретi;

заңды тұлғалар үшiн – уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;

сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттар.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк органдардың уәкiлеттi адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

2) порталға:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

сұрау салуға қоса тiркелетiн, мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмесi;

сұрау салуға қоса тiркелетiн, қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шартының электрондық көшiрмесi;

сұрау салуға қоса тiркелетiн, мәдени құндылықтардың беткi және керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы электрондық фотосуретi;

заңды тұлғалар үшiн – сұрау салуға қоса тiркелетiн, уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызмет берушi мемлекеттiк органдардың уәкiлеттi адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiге қолма-қол ұсынады.

Сараптамаға ұсынылған затты (заттарды) қабылдау және өткiзу журналына белгi қоюмен көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттарды сараптама комиссиясының қарауына жiбередi. Сараптама қорытындылары бойынша сараптамаға ұсынылған затты мәдени құндылық ретiнде тану не сараптамаға ұсынылған заттың мәдени құндылығының жоқтығы туралы қорытынды ресiмделедi.

Сараптамаға ұсынылған затты (заттарды) қабылдау және өткiзу журналына белгi қоюмен көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге – өтiнiштiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдаудың күнi мен уақыты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi өтiнiштiң қағаз жеткiзгiште қабылданғанын растау болып табылады;

портал арқылы – көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алатын күн көрсетiле отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiледi.



3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша
шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдар: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi жергiлiктi атқарушы органы басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарының кеңселерi арқылы қолма-қол тапсырылады.

Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарының кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен инициалдары, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi жергiлiктi атқарушы органының басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарының мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарының кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.
      11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық
нысанда көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге
талаптар

     


12. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары Министрлiктiң www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi ЭЦҚ болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкiндiгi бар.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың «жеке кабинетi» арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлiк беру»
мемлекеттiк көрсетiлген 
қызмет стандартына   
1-қосымша      

_____________________________________________________________


(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi
атқарушы органы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
КУӘЛIК

_________ қаласы                               «___» _______ 20___ ж.

1. Көрсетiлетiн қызметтi алушы_________________________________
__________________________________________________________________
               (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерi:_____________________


                                      (азаматтығы, паспортының ______________________________________________________________
  немесе жеке куәлiгiнiң нөмiрi, оның берiлген күнi немесе заңды тұлғаның
                       деректемелерi)

3. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қызметi____________________________

4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама
комиссиясының қорытындысы негiзiнде__________________________
_________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi
                       атқарушы органдарының)

_________________________________№ 20____ ж.____ «___» ______

1)____________________________________________________________
                  (мәдени құндылықтың атауы)

2)__________________________________________________________

3)__________________________________________________________

4)___________________________________________________________

___________________________________________________________

мақсатында__________________________________________________

__________________________________________________________
            (елдiң атауы және ұйымның орналасқан жерi)

20__ж. «____»____________ 20___ж. «______»____________дейiнгi


мерзiмге Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат
берiледi.

Уәкiлеттi тұлға ________________________

(Т.А.Ә. және лауазымы)

М.О.  Қазақстан Республикасы кеден органдарының белгiсi

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлiк беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн 
қызмет стандартына   
2-қосымша      

Нысан


__________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы)    ____________________________________________
_______________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе атауы)

ӨТIНIШ

Мәдениет құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк берудi


сұраймын
1) ________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________
4) ________________________________________________________________
5) ________________________________________________________________
________________________________________________________мақсатында
__________________________________________________________________
           (елдiң атауы және орналасқан жерi)

_______________________________________________________________


Өтiнiш берушiнiң деректемелерi:____________________________________
                  (Т.А.Ә. ЖСН/БСН, мекенжайы, байланыс телефондары)
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қолы__________________ Күнi__________________



М.О.
: upload -> files -> Proekty standartov
Proekty standartov -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
Proekty standartov -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
Proekty standartov -> «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»
Proekty standartov -> «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Proekty standartov -> Стандарт государственной услуги «Выдача справки о временной нетрудоспособности с медицинской организации, оказывающей первичную медико-санитарную помощь»
Proekty standartov -> Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер
Proekty standartov -> «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық диспансерден анықтама беру»
Proekty standartov -> «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»
Proekty standartov -> «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...