«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»

Loading...


жүктеу 79.4 Kb.
Дата25.01.2017
өлшемі79.4 Kb.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 140 қаулысымен  
бекітілген    

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәдениет басқармалары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:


      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік).
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық нысан.
      Куәлікті қағаз жеткізгіште алуға өтiнiш бiлдiрілген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен, көрсетіледі.
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шарттың көшірмесі;
      мәдени құндылықтардың беткі жағы мен кері жақтары суреттелген А-5 форматындағы екі фотосуреті;
      заңды тұлғалар үшін – уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір адамға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
      сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      сұрау салуға қоса тіркелетін, мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
      сұрау салуға қоса тіркелетін, қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шартының электрондық көшірмесі;
      сұрау салуға қоса тіркелетін, мәдени құндылықтардың беткі және кері жақтары суреттелген А-5 форматындағы электрондық фотосуреті;
      заңды тұлғалар үшін – сұрау салуға қоса тіркелетін, уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір адамға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттарды көрсетілетін қызметті берушіге қолма-қол ұсынады.
      Сараптамаға ұсынылған затты (заттарды) қабылдау және өткізу журналына белгі қоюмен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттарды сараптама комиссиясының қарауына жібереді. Сараптама қорытындылары бойынша сараптамаға ұсынылған затты мәдени құндылық ретінде тану не сараптамаға ұсынылған заттың мәдени құндылығының жоқтығы туралы қорытынды ресімделеді.
      Сараптамаға ұсынылған затты (заттарды) қабылдау және өткізу журналына белгі қоюмен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.


      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен инициалдары, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсететін орындардың мекенжайлары Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.


      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Мәдени құндылықтарды уақытша


әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілген 
қызмет стандартына   
1-қосымша      

_____________________________________________________________________


(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
КУӘЛІК

_________ қаласы                               «___» _______ 20___ ж.

1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________
_____________________________________________________________________
               (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Көрсетілетін қызметті алушының деректері:_________________________
                                      (азаматтығы, паспортының немесе
_____________________________________________________________________
   жеке куәлігінің нөмірі, оның берілген күні немесе заңды тұлғаның
                       деректемелері)
3. Көрсетілетін қызметті алушының қызметі____________________________
4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама
комиссиясының қорытындысы негізінде__________________________________
_____________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
                       атқарушы органдарының)
_________________________________№ 20____ ж.____ «___» ______________
1)___________________________________________________________________
                  (мәдени құндылықтың атауы)
2)___________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________
4)___________________________________________________________________
___________________________________________________________мақсатында
_____________________________________________________________________
            (елдің атауы және ұйымның орналасқан жері)
20__ж. «____»____________ 20___ж. «______»____________дейінгі
мерзімге Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат
беріледі.
Уәкілетті тұлға ________________________(Т.А.Ә. және лауазымы)

М.О.                                          Қазақстан Республикасы


                                           кеден органдарының белгісі

«Мәдени құндылықтарды уақытша


әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына   
2-қосымша      

Нысан


____________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
____________________________________________
астананың жергілікті атқарушы органы)   
____________________________________________
____________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы)

ӨТІНІШ

      Мәдениет құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беруді


сұраймын
1) ________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________
4) ________________________________________________________________
5) ________________________________________________________________
_________________________________________________________мақсатында
___________________________________________________________________
           (елдің атауы және орналасқан жері)
___________________________________________________________________
Өтініш берушінің деректемелері:____________________________________
                  (Т.А.Ә. ЖСН/БСН, мекенжайы, байланыс телефондары)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қолы__________________ Күні__________________



М.О.
: upload -> files -> Standarty -> 10 2014
10 2014 -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
10 2014 -> Көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
10 2014 -> «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»
10 2014 -> Қызмет стандарты Жалпы ережелер
10 2014 -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
10 2014 -> «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
10 2014 -> «ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру»
10 2014 -> «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
10 2014 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы №78 қаулысы
10 2014 -> «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...