Мазмұны: Мазмұны: Кіріспе



Дата29.04.2017
өлшемі445 b.



Мазмұны:

  • Мазмұны:

  • 1.Кіріспе.

  • Жобаның өзектілігі.

  • Жобаның мақсаты.

  • Жобаның міндеті.

  • Жобаның принцептері

  • 2.Негізгі бөлім

  • Жалпы мәліметтер.

  • 3.Қорытынды

  • Қүтілетін нәтиже

  • 4.Пайдаланған әдебиеттер.



Кіріспе

  • Кіріспе

  • Қазіргі заман талабына сай оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке қайталанбас тұлға ретінде қабылдап, оның жан – жақты дамуын зерттей отырып, оқытып, тәрбиелеу сол баланың ата- анасының қатысуынсыз іске аспайтындығы бәрімізге мәлім болып отыр. Осындай күрделі, жауапкершілігі мол міндеттерді іске асыруда ата- аналардың рөлі зор екендігін ескере келе, адамның жеке басының қасиеттері, әдетте бес жасқа дейін қалыптасады деген пікір бар. Бұл сөздің растығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені адам баласы қажетті қасиеттердің бәрін мектеп жасына дейін бойына сіңіруге тырысады. Бала әр нәрсеге құмар: айналасындағы барлық өзгерісті, табиғат тамашаларын сезінуге талпынып, өз құрбыларымен және ересектермен нағыз байланысқа түседі. Ал осы баланы жан – жақты дамытып, өзін танытатын жеке тұлға ретінде тәрбиелеу – ата- ана мен мұғалімнің міндеті. Бала алғашқы тәрбие негізін отбасынан алады. Отбасы ұлттық тәрбие негізін себуші субстанция. Отбасы өзі тұрақтастаған аймақтың барлық деректерін сіңірген ұжым. Яғни, баланың дамуы өзі өмір сүрген аймағының, қоршаған ортаның бағыт - бағдарымен, деректеріне байланысты өрістейді. Себебі отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгі дәстүрлердің, жағымды өңегелердің, мұралар мен салт – дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата – ана және отбасы мүшелері нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.



Ата- аналармен бірлескен жұмыс мынадай негізгі ұстанымдардан құрылады:

  • Ата- аналармен бірлескен жұмыс мынадай негізгі ұстанымдардан құрылады:

  • -бірлік;

  • -жүйелілік және бірізділік;

  • - әр балаға және әрбір отбасына өзіндік тұрғыдан келу;

  • -ата- аналардың бір – біріне сенімі мен өзара көмегі.

  • Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі роль атқарады. Сынып жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу – тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Келесі әрекеттер арқылы жүзеге асады:мектепішілік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

  • сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; оны түрлі формада жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.

  • Мектептің ата – аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым – қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау қажет.Сондықтан ата –аналармен жұмыста да түрлі амалдар мен формаларды саралап қолдану керек.



Жобаның өзектілігі:

  • Жобаның өзектілігі:

  • Мектептегі тәрбиенің бір ұшы ата аналармен, қоғамдастықпен, мектептің бірлескен әрекетінде. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана, мектептің отбасымен бірлесіп оқу және тәрбие үрдісінің табысты болуы үшін тәрбие саласына жаңа факторлардың маңызды кешенін туғызу – бүгінгі күннің талабы.



Жобаның мақсаты:

  • Жобаның мақсаты:

  • Ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен ағартушылық шараларды жүйелі ұйымдастыру арқылы және белсенді әрекет етуге тарта отырып, қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рух-жігері шыңдалған, ой-санасы дамыған адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті, өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға(оқушы) тәрбиелеу.

  • Жас ерекешеліктеріне қарай өзіндік адамгершілік құңдылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін бойындағы бар құңдылықтарын дамыту.



Жобаның міндеті:

  • Жобаның міндеті:

  • балалардың рухани – адамгершілігін дамыту аумағындағы жұмыс жүйесін құру;

  • бала тәрбиесіндегі ата- аналармен педагогтардың бірлескен іс - әрекеттерінің нәтижелі жолдарын қолдану;

  • мектеп және отбасының біріккен ағартушылық, тәрбиелік қызметін жүйелі жоспарлау.



Жобаның принциптері:

  • Жобаның принциптері:

  • Ата-аналармен жұмыс барысында дәстүрлі тәсілден бас тарту;

  • Отбасы-педагогикалық үдірістің белсенді қатысушысы;

  • Тұлғаны дамыту және қалыптастыру мақсатындағы мектеп пен отбасының серіктестігі;

  • Балаға ізгілікті көзқарас, оның даму мүмкіндіктерін бағалау оңтайлығы;

  • Оқушылардың қабілеттерін, дағдыларын, қызығушылықтарын дамыту;

  • Балалармен ортақ тіл табысуда, ата-аналарға көрсетілетін көмекті анықтауда, олардың қателіктерінің алдын-алуда жеке тұлғалық тәсілді жүзеге асыру диагностикасының нәтижелерін қолдану.



Адам ата- анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады

  • Адам ата- анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады

  • Абай







Отбасы мен мектептің өзара ыңтымақтастығын ұйымдастыру жолдары

  • Отбасы мен мектептің өзара ыңтымақтастығын ұйымдастыру жолдары

  • Отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру;

  • Олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.



Педагогтың ата-анамен жұмысының мазмұны :

  • Педагогтың ата-анамен жұмысының мазмұны :

  • Педагогикалық-психологиялық білімін көтеру;

  • Жеке тақырыптық кеңестер беру;

  • Дәрістер, семинарлар, практикумдар,конференциялар;

  • Шығармашылық топтар, қызығушылықтары бойынша топтар;

  • Ата-аналармен қоғамдастықты оқу-тәрбие үрдісіне ;

  • Ата-аналар жиналысы, ашық сабақтар мен іс-шаралар;

  • Үйірме, секция, клуб, бірлескен шығармашылық істер ұйымдастыру;

  • Қиын балалар мен отбасына жеке шефтік көмек көрсету;

  • Отбасы мен мектеппен әрекеттесу кеңесі



Отбасының басты міндеттері:

  • Отбасының басты міндеттері:

  • Баланы үйлесімді дамыту;

  • Бала денсаулығына қамқорлық жасау;

  • Оқуына көмек көрсету;

  • Еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу;

  • Ізгі, эмоционалды – адамгершілік қатынас тәжірибесін қалыптастыру;

  • Жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;

  • Қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту;

  • Өзін - өзі тәрбиелеу мен өзін - өзі дамытуға дайындау.



Отбасының басты қызметтері:

  • Отбасының басты қызметтері:

  • тәрбиелік;

  • сауықтыру;

  • рухани - адамгершілік;

  • танымдық – білімдік;

  • тұрмыстық;

  • еңбек;

  • мәдени – ағартушылық;

  • демалыс – шығармашылық;

  • тұлғаның өзіндік тәжірибесін ынталандырушы;

  • қорғау.



Күтілетін нәтиже:

  • Күтілетін нәтиже:

  • бала бойында өз ісіне деген жауапкершіліктің қалыптасуы, мектепке, үйге, қоғамдық орындарда мінез – құлық ережелерін қолдана алуы;

  • бала бойында рухани – адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы;

  • отбасындағы жағымды қарым – қатынас ата – аналары, тәрбиешілері немесе қамқоршыларына адамгершілік борыш құндылықтарын сезінуі, оларға сүйіспеншілік, сыйластық таныта алуы.





Қолданылған әдебиеттер:

  • Қолданылған әдебиеттер:

  • 1.Отбасылық тәрбие ІІ кітап Астана қаласы 2012ж.

  • Авторы:С.Л.Евдокимова, Н.А.Цветкова

  • 2.Отбасылық тәрбие І кітап Астана қаласы 2014ж

  • Авторы:С.Л.Евдокимова, Н.А.Цветкова

  • 3. “Тәрбиенің үздік әдістері”

  • Авторы:Харьков-Белгород, 2011ж

  • 4.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы.






Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет