Мазмұны 10. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты, міндеттері және көрсеткіштері

Loading...


Дата23.04.2020
өлшемі446.72 Kb.

БӨЖ: КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Орындаған:Жасан Гүлсезім

Тобы:ЭҚЖ-711(Ф),қаржы.

Мазмұны

10.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты, міндеттері және көрсеткіштері

10.2. Баланстың өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау

10.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

10.4. Іскерлік белсенділікті талдау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы шаруашылықты жүргізуші субъектінің өз қызметін қаржыландыру мүмкіндігі мен оның айналым үдерісіндегі капиталды құру және пайдалану жағдайын қамтитын көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Қаржылық жағдай орнықты, орнықсыз және апатты күйде болуы мүмкін.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – бұл қаржылық жағдайдың сыртқы көрінісі болса, ал қаржылық тұрақтылық – кәсіпорынның ақшалай және тауарлай ағындарының, табыстары мен шығындарының, ақша қаражаттары мен оларды қалыптастыру көздерінің теңгерімін қамтитын ішкі жағдайы.

Кәсіпорының қаржылық қызметінің негізгі мақсаты – меншікті капиталын өсіру және нарықтағы орнықты ұстанымды қамтамасыз ету. Ол үшін кәсіпорын өзінің төлем қабілеттілігі мен рентабельділігін, сондай-ақ баланстың активі мен пассивінің оңтайлы құрылымын үнемі сақтауы отыруы қажет.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын уақытында және объективті саралау;

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық орнықтылығын жақсарту резервтерін іздестіру

Ресурстарды пайдаланудың әртүрлі нұсқаларында қалыптастасатын мүмкін қаржылық нәтижелерді болжау және қаржылық жағдайдың үлгісін жасау.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға және қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған нақты шараларды жасау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері:

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын екі әдіспен талдаймыз:


Көлденең талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тігінен (кұрылымдық) талдау – әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау.

Кәсіпорынның ағымдағы кезеңге қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін өткен кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпараттар қаржылық есептіліктің төмендегідей нысандарынан алынады:


Бухгалтерлік баланс (1-нысан);

Пайда және зиян туралы есеп (2- нысан);

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (3- нысан);

Капиталдың өзгерісі туралы есеп (4- нысан).

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жәй-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын келесі коэффициенттер кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайды:


Өтімділік;

Іскерлік белсенділік (айналымдылық);

Рентабельділік (пайдалылық);

Қаржылық тұрақтылық;

Нарықтық белсенділік коэффициенттері.

Кесте 1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер



қ/с

Атауы

Мазмұны мен оңтайлы мәні

Формуласы

Өтімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері

Өтімділіктің абсолютті көрсеткіші (Net working capital)

Ағымдағы кезеңде кәсіпорын-ның қысқа мерзімді міндеттемелерін төлеу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді

Оңтайлы мәні: > 0



NWC = Айналым активтері –

Қысқа мерзімді міндеттемелер



Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Current Ratio)

Кәсіпорынның ағымдағы қысқа мерзімді берешегінің 1 теңгесіне айналым қаражаты-ның қанша теңгесі келетіндігін көрсетеді.

Оңтайлы мәні 1-2



Мерзімді өтімділік коэффициенті (Acid test ratio, Quick ratio)

Айналым капиталының өтімді бөлігінің (ақша қаражаты, дебиторлық берешек, бағалы қағаздар) қысқа мерзімді міндетте-мелерге қатынасы.

Оңтайлы мәні 0,7-0,8



Абсолютті өтімділік коэффициенті (Absolute ratio)

Қысқа мерзімді қарыз міндеттемесінің қандай бөлігі қолдағы ақша қаражатының есебінен асықпай өтелетіндігін көретеді.

Оңтайлы мәні 0,2-0,25



1-кестенің жалғасы

Рентабельділік көрсеткіштері

Меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (Return on shareholders Equity - ROE), %

Капиталды пайдаланудың тиімділігін cипаттайды.

Бұл көрсеткіш акционерлердің инвестициялаған әрбір қаржы салымының пайданың қанша ақшалай бірлігіне ие болғанды-ғын көрсетеді.



Активтердің рентабельділік коэффициенті (Return on current Assets - ROA), %

Пайданың бір ақшалай бірлігін алу үшін кәсіпорынға қанша айналым активтері қажет екенін көрсетеді.

EBIT – пайыздар мен салықтарды төлеугенге дейінгі табыс.

Өткізудің

рентабельділігі (Return on sales), %

Компанияның өнімді өткізу көлеміндегі таза пайданың үлесін көрсетеді, ол таза пайдалылық нормасы деп аталады.

Инвестицияның рентабельділік коэффициенті (Return on investment), %

Пайданың бір ақшалай бірлігін алу үшін кәсіпорынға қанша ақша бірлігі қажет екенін сипаттайды.

Нарықтық белсенділік көрсеткіштері

Акция пайдасы (Earning per ordinary share)

Кәсіпорынның акциясының құны мен табыстылығын сипаттай

Бір акцияға шаққандағы дивидендтер (Dividends per ordinary share)

Әрбір қарапайым акцияға бөлінген дивидендтің сомасын көрсетеді

Акция бағасы мен пайданың қатынасы

(Price to earnings)



Компанияның таза пайдасының бір ақшалай бірлігіне акцио-нерлердің қанша ақша бірлігін төлеуге келісетіндігін және компания акциясына салынған инвестицияның қаншалықты тез құнын қайтаратындығын көрсетеді

1-кестенің жалғасы

Айналымдылық көрсеткіштері

Таза айналым капиталының айналымдылық коэффициенті (Net working capital turnover)

Компанияның айналым капиталына салған инвести-цияны қаншалықты тиімді пайдаланғанын және оның сату көлеміне әсерін көрсетеді.

Негізгі құралдардың айналымдылық коэффиценті (Fixed assets turnover)

Компанияның негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін сипат-тайды.

Активтердің айналымдылық коэффициенті (Total assets turnover)

Бір жыл ішінде пайда әкелетін өндіріс пен айналыстың қанша циклі болатындығын көрсетеді.

Тауар-материалдық қорлардың айналымдылық коэффициенті (Stock turnover)

Тауар-материалдық қорларды өткізудің жылдамдығын сипат-тайды.

Дебиторлық берешектердің айналымдылық коэффициенті (Average collection period)

Ағымдағы кезеңде дебиторлық берешектердің ақша қаражатына орта есеппен қанша рет айналатындығын көрсетеді.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті (Equity to Total Assets)

Кәсіпорынның сыртқы борышқа тәуелсіз болуын сипаттайды.

Оңтайлы мәні 0,5-0,8.



Пайыздарды өтеу коэффициенті (Times interest earned)

Компанияның есепті кезеңде қарыз бойынша пайыздарды төлеу үшін қанша рет ақша қаражатын тапқандығын көрсетеді. Оңтайлы мәні > 1

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді активтер жатқызылады.

Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:


П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

10.1-мысал:

Баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы



Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:

К = (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3) (10.1)

Біздің мысалымызда үшін оның мәні:

жыл басында – 1,3;

жыл соңында – 1,07;

Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып табылады.

Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады.

Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төменде айтылады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қолданылады. Үш көрсеткіш жиі қолданылады:


Абсолютті өтімділік коэффициенті;

Жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:

Ка.ө 0,2 0,5

Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.

Біздің мысалымызда үшін оның мәні:

жыл басында – 0,02;

жыл соңында – 0,1;

Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:



Кар.ө 1

Біздің мысалымызда үшін оның мәні:

жыл басында – 1,5;

жыл соңында – 0,98;

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, соны-мен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:

Кағ.ө 2

Біздің мысалымызда үшін оның мәні:

жыл басында – 2,6;

жыл соңында – 2,2;

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.

Жалпы алғанда соңғы екі өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап етілген шектеуге жауап бергенімен, жыл соңында олардың мәндері азайып отыр. Сондықтан алдағы уақытта бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның себептерін анықтаған жөн.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті ( ) болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

(10.5)

Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті. Біздің мысалымызда бұл көрсеткіштің мәні ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқтығына байланысты тәуелсіздік коэффициентінің мәніне тең.:



жыл басында - 0,814 ((300475+0):369250);

жыл аяғында - 0,832 ((299410+0):359765).


Сонымен қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:


Кәсіпорынның салалық топқа жатуы

Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі

Төленген жарғылық капиталдың мөлшері

Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

Қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

Кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

.

Іскерлік белсенділікті талдау

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер етпейді



Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:

1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті ( ) Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:

(10.6)


Біздің мысалымызда капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жыл басында – 0,99 рет; жыл соңында– 1,05 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 99 тиын, ал жыл соңында 1теңге 5 тиын келтірді.



2. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың шамасына бөлу арқылы есептейді.

Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.

Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.

Біздің мысалымызда негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті жыл басында – 2,47 рет; ал жыл соңында – 1,79 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында негізгі құралдардың әрбір бірлігі 2 теңге 47 тиын келтірсе, жыл соңында 1 теңге 79 тиын келтірді.

4. Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағым-дағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:

(10.8)


Ағымдағы активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.

Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.

Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 2,32 рет, жыл соңында –3,34 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2 теңге 32тиынал жыл соңында 3 теңге 34 тиын келтірді.



5. Тауар-материалдық қорлардың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.

Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.

(10.9)

Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.



Біздің мысалымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті жыл басында – 6,52 рет; жыл соңында – 6,65 рет болды.

6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:

(10.9)


Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Біздің мысалымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті жыл басында – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет болды.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді. Іскерлік белсенділікті арттырудың мынадай жолдарын көрсетуге болады:

1. Айналымдағы табыстың үлесін арттыру, яғни бұл негізінен шығындарды азайтуға бағытталады. Осы мақсатта шығындардың қалыптасуына үнемі бақылау жасалынып отырады.



2. Активтердің айналымдылық жылдамдылығын арттыру, яғни кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттыру болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
ауданы кіміні
конкурс туралы
Мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
жалпы білім
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
мелетке толма
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...