Мақсаты: Таңыс ертегілер мазмұнын қысқаша айтып кету, ертегінін мазмұнын тындауға қызығушылықтарын арттыру. Ертегінің мазмұның әңгімелеу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын дамыту



жүктеу 54.44 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі54.44 Kb.
Балабақшаның атауы: «Павлодар қаласының №37 сәбилер бақшасы» МҚКК

Аты-жөні: Абжатова Тансұлу Ерболатқызы

Лауазымы: Тәрбиеші

Жұмыс өтілі: 3 жыл

Категориясы: жоқ

Тақырыбы: Түлкі мен қырғауыл. Көркем әдебиет.

Жас шамасы: 24 жас

Мақсаты: Таңыс ертегілер мазмұнын қысқаша айтып кету, ертегінін мазмұнын тындауға қызығушылықтарын арттыру.Ертегінің мазмұның әңгімелеу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын дамыту. Адалдыққа, достыққа, ақылдылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, жеке жұмыс,көрсету, талдау,топтастыру, тірек сызба, сын тұрғысынан ойлау технологогиясы стратегиясын пайдалану.

Сөздік жұмыс: Қалың орман, қулана, зорлық.

Көрнекілігі: Аңдардың суреттері, ертегілердің суреттері, тірек сызба, ғажайып есік, тапсырма,үнтаспа, жазушының суреті.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс -әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Ғажайып сәт

Рефлексия


-Қайтқан құсты көрдің бе?

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім келдің бе?

Сыңсып бағын мәуелеп.

-Балалар қазір қай жыл мезгілі?

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіндер ме?

-Балалар сендер білесіндер ме ертегілерде ғажайыптар мен сиқырлар болады.Ертегіде жағымды және жағымсыз киіпкерлер болады.Және ертегіде зұлымдықты мейрімділік жеңеді.

-Балалар бүгін біз ғажайып ертегілер әлеміне барамыз.

-Балалар қарандар, не көріп тұрмыз?

-Дұрыс. Балалар бұл жай есік емес. Бұл сиқырлы ғажайып есік екен.

-Балалар біз ертегі әлеміне тап болу үшін әр түрлі тапсырманы орындауымыз қажет.

-Қандай ертегілерді білесіндер?

-Жағымды киіпкерлерді ата.

-Жағымсыз киіпкерлерді ата.

-Бұл қай ертегілерден?

-Ал енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Егерде шешімін тапсандар есік ашылады.

-Алдайды, арбайды,

Қуланады, сұлуланады.

(әуенмен есік ашылады)

(таң қалып) Балалар қарандаршы біз қайда тап болдық?

-Жұмбақ.

Өзі қу, өзі айлакер,

Жүрген жері айғай шу.

Қызықтырар әрі,

Қарай берсен табылар,

Алуан түсті бояудың өн бойында бәрі бар.

-Дұрыс. Балалар бүгінгі біздің ертегіміз «түлкі мен қырғауыл» деп аталады.

-Балалар бұл ертегіні Спандияр Кубиев жазған.Ол жазушы, оқытушы болған. 1878 ж. туған.

Сөздік жұмыс: Қалын орман(бірнеше мыңдаған ағаштар, онда аңдар, құстар ұшып жүреді).

Қулана (алдау,өтірік айту).

Зорлық (қастандық жасау).

Ертегіні оқу.

Талдау.

-Балалар ертегі қалай аталады?



-Ертегіде қандай киіпкерлер бар?

-Балалар бұл ертегіде түлкі не істеді?

-Ал қырғауыл түлкінің сөзіне сенді ме?

-Неге қырғауыл түлкінің сөзіне сенбеді?

-Түлкі аз айласын іске асырды ма?

-Қырқауылға кімдердің көмегі тиді?

-Бұл ертегіде түлкі қандай?

-Ал қырғауыл ше?

Сергіту сәті

Қырғауыл, қырғауыл

Алуан түсті бояудың,

Өн бойында бәрі бар.

Түлкі, түлкі қутындайсын

Айналаңнан тын тыңдайсың

Қулығынды асырсанда,

Қасқырдан құтылмайсын.

-Тірек сызбаның көмегімен ертегіні айту.

-Жеке балалардан сұрау.

Балалар сендер дос, ақыл туралы мақалдар білесіндер ме?

-Бүгін біз қандай ертегімен таныстық?

-Түлкі не істеді?

-Қырғауыл не істеді?

-Түлкі қандай?

-Қырғауыл қандай?

Мадақтау.


Балалар шаттық шеңберге тұрып айтады.

-Күз


-Жапырақтар сарғаяды, түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Иә


-Есік

-Жеті лақ, бауырсақ, шұбар тауық, түлкі мен ешкі, түлкі мен торғай, үш торғай, мақта қыз.

-Қоян, торғай, тауық, тиын,ешкі, ата мен әже.

-Қасқыр, түлкі, аю, арыстан, әтеш, тышқан, мысық.

-Жеті лақ, бауырсақ, шұбар тауық, түлкі мен түие, түлкі мен қоян.

-Түлкі


-Ертегілер әлеміне.

-Түлкі


-Қырғауыл

-Түлкі мен қырғауыл.

-Түлкі, Қырғауыл, иттер.

-Қырғауылды алдамақ болды.

-Жоқ

-Ол білді түлкі оны алдамақ болғаның.



-Жоқ.

-Иттердің.

-Қу, айлакер, арам

-Ақылды,тым сенгіш емес, алдың ала ойлайтын.

-Иә.

-Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.



-Ашу дұшпаң,ақыл дос.

-Ақылды мыңды, білекті бірді жығар.

-Ақылды бала арлы бала, ақылсыз бала сорлы бала.

-Досынды бір алдасаң, өзіңді мың алдағаның.

-Түлкі мен қырғауыл.

-Қырғауылды алдамақ болды.

-Түлкінің өзің тұзаққа түсірді.

-Қу, алдайды.

-Ақылды, алдын ала ойлайды.








Күтілетін нәтиже: Білу керек: Ертегілердің атауын, мазмұның, айырмашылығын

Білді: Ертегіні өз сөзімен айтуды.



Үйрену керек: Байланыстырып сөйлеуге.









Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет