Мамандықты өзін-өзі аттестациялау нәтижелері бойынша анықтама 6М090500 (6N0907) – "Әлеуметтік жұмыс", Ғылыми және педагогикалық даярлау бағыты

Loading...


жүктеу 89.12 Kb.
Дата16.03.2017
өлшемі89.12 Kb.
Мамандықты өзін-өзі аттестациялау нәтижелері бойынша

анықтама

6М090500 (6N0907) – "Әлеуметтік жұмыс",

Ғылыми және педагогикалық даярлау бағыты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы әлеуметтану кафедрасы 1988 жылы құрылған. Кафедра атауын қазіргі терминологияға сәйкес модернизациялау мақсатында 2009 жылдың мамыр айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығымен әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы деп өзгертілді.

2004 жылы кафедра базасында Қазақстан Әлеуметтік қызметкерлер Ассоциациясы құрылды.

Оқыту күндізгі бөлімде екі жылдық (ғылыми және педагогикалық бағыт) және бір жылдық (профильді бағыт) оқу мерзімі бойынша жүргізіледі.

«Әлеуметтік жұмыс» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарын әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы даярлап шығарады.


Бұл мамандық бойынша магистранттарды даярлау қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

Даярлаудың ғылыми және педагогикалық бағытының білім бағдарламасын толық игерген, кешенді емтиханды тапсырған және магистрлік диссертациясын қорғаған магистранттарға «Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша ғылым магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.



2008-2009 жж. ПОҚ жалпы саны 22 штатық қызметкерді құрады, ғылыми дәрежесі барлар – 11. Олардың ішінде: 6 ғылым докторы, 3 социология ғылымының кандидаты 1 тарих ғылымының кандидаты бар.

2011 жылдан бастап магистратурада оқыту Болон процесінің халықаралық стандарттарына сай келу мақсатында кредиттік-модульді амалға негізделген Магистерлік диссертация тақырыптары, ғылыми жетекшілері және оппоненттері кафедрамен, факультеттің Ғылыми кеңес шешімімен анықталып, ректордің бұйрығымен бекітілді.

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша магистранттардың жеке жоспарлары оқу жылының алғашқы айында бекітіледі және оқытылатын пәндер тізімі көрсетілген жеке оқу жоспары, кредиттер саны, оқыту семестрі, оқытушының аты-жөні беріледі.

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша магистранттардың жеке жоспарларын магистранттар эдвайзерлер және ғылыми жетекшілер көмегімен құрастырады.

Экспериментальды білім беру бағдарламасын өңдеуге мамандық бойынша факультет эксперттері тартылды, олар АҚШ, Жапония және Еуропа елдерінің атақты шетелдік ЖОО жұмыс тәжиребелері мен білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларын талдаудан өткізді.

Магистратурада ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша даярлаудағы оқу кезеңі 3 академиялық кезеңнен: 15 апталық теориялық оқытудан, аралық аттестациялау кезеңінен, зерттеу тәжірибесінен және қорытынды аттестациядан тұрады.

Элективті пәндер каталогын жасауда шетелдік ЖОО-ларда өзекті деп танылған пәндерге ерекше көңіл бөлінді. Соған орай, белгілі шетел ЖОО бағдарламаларымен салыстырылатын экспериментальды бағдарламалар жасалды, бұл университет магистранттарының халықаралық академиялық мобилділігі үшін мүмкіндікті жоғарылатады.

Кафедра ғылыми-әдістемелік семинарлар, «дөңгелек үстелдер», тренингтер, дискуссиялық алаңдар, жоғары мектептегі оқытудың қазіргі әдістеріне арналған конференциялар өткізіліп тұрады.

Барлық пәндер бойынша емтихан жазбаша түрде жүргізіледі. Емтихан ұзақтығы - 2 академиялық сағат. Емтихан нәтижесі, емтихан ведомостіне сәйкес оқытушымен емтихан біткен соң 48 сағат ішінде интранет арқылы автоматтандырылған «Универ» жүйесіне қойылады.

Кафедра отырысында жыл сайын магистранттардың атқарған жұмыстары жөнінде есептері тыңдалады, магистрлік диссертация алдын-ала талқыланудан өтеді және баллды жинақтау жүйесі белсенді жүргізіледі.

Магистрлерді университетте және кафедрада даярлау үшін қажетті зерттеулік және оқу-әдістемелік база жасалған.

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жеткілікті деңгейде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Кафедра Қазақстан әлеуметтанушылары Ассоциациясымен бірге еларалық журнал «Sociology» шығарады, ол оқу залына тұрақты жіберіліп тұрады. 2011 жылдан бастап кафедра Тұңғыш Президент Қорымен бірлесе отырып «KZ: Zhas Galym» ғылыми журналын шығаруда.

Қосымша әдебиеттер қорын қалыптастыруға үлкен назар аударылады.

Оқу залында отыратын 65 орын бар, бұл магистранттардың өзіндік жұмыс процесін толық қамтамасыз ете алмайды. Кітапхананың оқу залында магистранттар оқитын пәндер базасы жұмыс жасайды.

Магистранттар шығармашылық конкурстарға, спорттық сайыстарға, жалпы университеттік іс-шараларға сонымен қатар әртүрлі ұйымдар, жеке тұлғалар ұйымдастыратын ғылыми-практикалық конференцияларға, тренингтерге, семинарларға қатысады.

Театрға, мұражайға, кинотеатрға бару, алған әсерлерін талқылау; табиғат аясына бару, жексенбіліктерге қатысу. магистранттардың табиғатқа қатынасында жауапкершілік сезімін қалыптастыру, салауатты өмір салтына насихат жасау, магистранттардың физикалық жағдайын жетілдіру алға қойылған.

Жоғары оқу орындары арасындағы конференцияларға, республикалық олимпиадаларға белсенді қатысқаны үшін дипломмен, сыйақылармен, грамоталармен, атаулы шәкіртақылармен және т.б. марапатталады.

Кафедра Интернет ақпараттық желіге қосылған, университет сілтемелері арқылы ақпарат алынады, университет бөлімшелері арасында және басқа білім беру мен ғылыми ұйымдармен байланыс жасау үшін электронды почта қолданылады. Оқытушылар жаңа ғылыми басылымдарды іздеу үшін Интернеттің іздеуші жүйесін қолданады, ИНТРАНЕТ корпоративті желісін енгізу оқу процестінің барлық деңгейін тұрақты бақылауды толығымен қамтамасыз етіп отыр.

Философия және саясаттану факультетінде 2 компьютерлік сынып бар.

Басқа қаладан келген студенттер жатақханада орындармен қамтамасыз етіледі. Бос уақытында және оқу кезінде студенттер университеттің спорт залдарында жаттығады.

Магистрлік диссертация тақырыбы бітіртуші кафедраларда талқыланып, бітіртуші факультеттің Оқу кеңесінің шешімімен бекітіліп, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Институтының сараптамасынан кейін университет ректорының бұйрығымен магистранттарға бекітіледі.

Магистранттардың диссертациялық жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде жазылады. Магистрлік диссертациялардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігімен бекітілген сәйкес нормативті құжаттарға негізделген.

Кафедра оқытушылары университет қабырғасында өткізілетін, халықаралық және республикалық конференцияларға белсенді қатысады.

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы 2008 жылы сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Түркі халықтарының (Алматы) ІІ Конгресін өткізді. Аталған ғылыми форум Қазақстан мен Түркияның әлеуметтік саладағы мамандары мен ғалымдарының белсенді серіктестігінің нәтижесі болып табылады және ол 2005 жылы Коджаели қаласында түрік серіктестерімізбен ұйымдастырылған іс-шараға жауап қайтару іс-шарасы болды. Мұнда жаңа мемлекетаралық бірігу – Түркі әлемі әлеуметтанушыларының Одағының бастауы салынған болатын.

2010 жылдың қыркүйегінде оқытушылар Түркі халықтары (Бішкек) әлеуметтанушыларының ІІІ Конгресі жұмысына атсалысты.

2011 жылдың қазан айында Уфада IV Конгресі жұмысына қатысты.

2006 жылы әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.С.Абдирайымова ҚР Тұңғыш Президенті қорының жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Осы уакытқа дейін әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы Тұңғыш Президент Қоры өткізетін іс-шараларды ұйымдастыруға, сонымен бірге, жыл сайынғы «Қазіргі Қазақстандағы ғылымның қажеттілігі мен инновациялық даму» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференцияға белсенді түрде қатысуда.

Қазақстанның әлеуметтанушылар Ассоциациясы белсенді жұмыс істейді. Оның құрамына әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының барлық оқытушылары кіреді. Қазақстанның әлеуметтанушылар Ассоциациясы мен кафедра бірігіп конференциялар, семинарлар, тренингтер және «дөңгелек столдар» өткізеді.



Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушылары мен магистранттары әртүрлі жобаларға белсенді түрде қатысады. Төмендегі тізімдер соған дәлел болады:

  1. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, нәтижесінде 10 томдық «Әлемдік әлеуметтану антологиясы» жарық көрді.

  2. «Жастардың тiлдік әлеуметтенуі ұлттық идея ретінде», Ғылым және Білім Министрлігі

  3. «Отбасылық дәстүрді рухани-құндылықты сақтау контекстінде әке рөлін арттыру»

  4. «Білімнің қазақстандық үлгісі: халықаралық тәжірибе, ұлттық дәстүрлер»

  5. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы: жастар көзқарасымен.

  6. Мемлекетаралық социологиялық зерттеу «Студент жастарының құндылықты бағыттары». РУДН (Ресей), Гумилев атындағы ЕҰУ (Қазақстан) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Қазақстан) бірлесе жобаға қатысушылар.

  7. ҚР БжҒМ жобасы – «Нұрсұлтан Назарбаев және қазіргі қазақстан қоғамының трансформациясы»

  8. «Евромонитор» және «Тюркобарометр» жоба шеңберінде социологиялық зерттеу

  9. 2010-2011 жж. оқу әдебиетін басып шығаруға ҚР БжҒМ гранты, т.б.

Кафедра жетістіктері мен марапаттары:

2007 ж. – «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері, кафедра меңгерушісі, профессор Әбдірайымова Г.С.;

2008 ж. - «ЖОО-ның үздік оқытушысы»грантының иегері кафедра доценті Шеденова Н.Ө.;

2008 ж. - социология ғылымдарының докторы, доцент Әбдікерова Г.О. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ СҒЖЗ-ның үздік жетекшісі атанды;

«2009-2010 оқу жылындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және Саясаттану факультетінің үздік оқытушысы» дипломының иегері – Қылышбаева Б.Н.;

2009 жылы әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, профессор Әбдірайымова Г.С. Бірінші Президент Қорының гуманитарлық ғылымдар саласындағы премиясының лауреаты атанды және 2010 ж. ҚР БжҒМ-нің үздік ғалымдарына арналған Мемелекеттік стипендиясының иегері.

2011 ж. әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, профессор Әбдірайымова Г.С. және профессор Әбдікерова Г.О. ҚР БжҒМ-нің «Білім саласының құрметті қызметкері» медалін иеленсе, доцент Шеденова Н.Ө. ҚР БжҒМ-нің «Ғылымдағы жетісктері үшін» медалін алды.

2009-2010 оқу жылында Әженов М.С., Пузиков М.Ф., Әбдірайымова Г.С., Биекенов К.Ү., Өтешов С.Қ., Әбдікерова Г.О. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 75-жылдығына арналған мерейтойлық медаль иегерлері;

Кафедрада магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізіледі. Магистранттардың ғылыми зерттеу жүргізуіне мүмкіндік беретін Әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы құрылып, жұмыс істеуде.

Кафедра өз іс-әрекетінің нәтежиесін көтеру мақсатында магистранттардың білім сапасын көтеруге, оқу пәнін сапалы оқытуға бағытталған әртүрлі шараларды жүзеге асырады және ішінара оқу кафедралық бақылауы мен оқу процесін ұйымдастыру сапасын өткізеді.

Магистранттардың білім сапасы мен деңгейін тексеру ішкі семестрлік аралық бақылау өткізумен жүзеге асады. Аралық бақылау оқытушының таңдауымен компьютерлік тестілеу формасында өтеді. Білімді қортынды бақылау тестілеу, ауызша емтихан түрінде жүргізіледі.

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасымен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық (2 жыл) пен профильді бағыттағы (1жыл) магистранттарды дайындау жүреді.

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы халықаралық ғылыми ұйымдармен - ИНТАС, Сорос-Қазақстан Қорымен, ТАСИС; қоғамдық бірлестіктермен – ПРООН, ЮНИФЕМ, ЮНЕСКО, Дүниежізілік Банкпен; әйгілі шетелдік университеттермен - МГУ, Орталық Еуропалық университетпен (Венгрия), Вашингтон университетімен (АҚШ), Колумбия университетімен (АҚШ), Карлов университетімен (Чехия) байланыс жасайды. Ресей, Түркия, Әзербайжанның социологиялық мектептерімен тығыз байланыс орнатылған.

Халықаралық әріптестік шеңберінде шетелдік қонақтармен дәрістер, ғылыми кеңес берулер және дөңгелек үстелдер өткізілді. Атап айтсақ: Тимати Хант, Гуатам Ядама, Тюфекчиоглу Хаяти, Набилла Эль-Басель, Калугина З.И, Эндриан Лиин, Жеребкин И.А, Гаутам Ядама, Эдриан Эдгар, Хейко Шрадер, Ечевская О.Г сынды профессорлар.

Екі жыл ішінде магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Екінші курста оқу жоспарына сәйкес жоғары оқу орнында педагогикалық тәжірибеден өтеді. Тәжірибеден өту базасы – философия және саясаттану факультеті.

Жеке студентер магистратураны тәмамдағаннан кейін білім бағдарламасы бойынша оқуын ары қарай – сәйкес мамандық бойынша PhD докторантурада жалғастырады.

Кемшіліктер мен ескертулер

Комиссияның аттестациясы барысында келесі кемшіліктер мен ескертулер анықталды:



1. Оқытудың кредиттік жүйесін сапалы жүзеге асыру мақсатында МОӨЖ сабақтарын өтуде аудиториялардың жетіспеушілігі сезіледі;

2. Магистранттарға мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік әдебиеттер санын кеңейту керек.
: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Абай институтының хабаршысы. №6
Annotations -> Ақшалова Б. Н. ф.ғ. к., доцент
Annotations -> Жер кадастры
Annotations -> Көптілеуова Д. Т., Амантай Ж. Б
Annotations -> Оқулықнама Аңдатпа
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Менеджер сөздігі русско-английский и
Annotations -> Кіріспе «Өмірдің өзегі – адамның өзі. Өмірді, өнерді жасайтын тағы да адам. Әрине, бұл соншалықты тың тұжырым да емес, уақыт көрігінде қорытылып, тіршілік толқынында суарылған қағида. Талант иесін өмірдің
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...