«Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Loading...


жүктеу 75.21 Kb.
Дата31.01.2017
өлшемі75.21 Kb.
«Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі, почталық мекен-жайы: Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, байл/тел.: 427762, факс: 427762, 11 каб, электронды адрес: mouk_od@mail.ru, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс жариялайды:

1. Жоспарлау, есептеу және есеп алу бөлімінің басшысы (санаты D-O-3) - 1 бірлік.

Қызметтік жалақысы: еңбек өтіліне қарай 84 563 теңгеден 128 126 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері: Басқармаға қарасты мекеме, кәсіпорындардың бухгалтерлік есебін, кассалық операциялардың есебін, тоқсандық және жылдық есептердің жүргізілуін бақылау және жинақтау. Басқарманың банкідегі есеп шотына қаржының түсуі бойынша бухгалтерлік есебін жүргізу, кассалық операциялардың есебін, тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есебін жасақтау. Басқармаға қарасты мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарына есепті жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, есептік қызметкерлердің аттестациясын өткізуді ұйымдастыру, жылдық түгендеу өткізуге қатысу. Басқарманың, оған қарасты мекеме, кәсіпорындардың стратегиялық, операциялық жоспарын құруға қатысу, оның орындалысын қадағалау, жинақтау, талдау жасау. Облыс бюджетінің орындалысына байланысты басқаратын объектілер бойынша, жұмыстарды уақтылы және сапалы жүзеге асырылуын, бюджеттен уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету. Басқармаға қарасты мекеме, кәсіпорындардан бюджет орындалысы бойынша тоқсандық, жылдық есептерін алу, жинақтау. Басқарманың оған қарасты мекеме, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық есептерінің уақытылы тапсырылуын жүзеге асыру. Бөлімнің жұмыс жоспарының бекітілуін қамтамасыз ету және орындалысын ұйымдастыру. Бөлімге келіп түскен хаттар мен тапсырмалардың уақытылы орындалуын ұйымдастыру. Бөлімнің мұрағат ісін жүргізу, құжаттардың сақталуын және тұрақты мемлекеттік сақтауға өз уақытында тапсырылуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын», осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуға конкурс республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған («Егемен Қазақстан» 28.03.2013 ж. және «Казахстанская правда» 28.03.2013ж. газеттерінде, www.anticorruption.gov.kz сайтында) ережелер негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттар тапсырады:

мемлекеттік әкімшілік бос орынға орналасу туралы өтініш;

3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907

бұйрығымен бекітілген (ҚР нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы

сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Маңғыстау облысының мәдениет басқармасында өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері шақырылады.



Мәдениет саласын дамыту сұрақтары жөніндегі бөлімнің заңгерлік және кадр мәселелері бойынша бас маманы (санаты D-O-4) негізгі қызметкердің бала күтімі мезгіліне - 1 бірлік.

Қызметтік жалақысы еңбек өтіліне қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері: Басқарманың кадрлық сұрақтары бойынша және жұмысқа қабылданатын қызметкерлердің келісім-шарттарының, басқа да құжаттарын жүргізу, заңдылығын қадағалау. Мекеме, кәсіпорындардың кадрлық, құжаттық істері бойынша қызметіне басшылық жасау, әдістемелік көмек көрсету. Басқарманың қызметіне қатысты процессуалдық істерде басқарма атынан өкілдік ету. Мекемеде құқықтық оқытуды ұйымдастыру. Басқарма бойынша құжаттардың жүйеленіп сақталуын, облыстық мұрағатқа жіберілуін қадағалау. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің және ұйымдарының аттестациясын өткізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалау. Азаматтардың жүгінулері бойынша есепті және кадрлық тоқсандық, жылдық есептерді уақытылы тапсыруды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім – құқық – құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – еңбекті ұйымдастыру және нормалау.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: құқық – құқықтану (кеңесші- заңгер), құқық қорғау қызметі – заңгер.
Мәдениет саласын дамыту сұрақтары жөніндегі бөлімнің мәдени-ағарту, кітапханалар және киноқызмет көрсету бойынша бас маманы (санаты D-O-4, 1 бірлік).

Қызметтік жалақысы еңбек өтіліне қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері: Облыстағы кітапханалардың жұмыстарына бақылау жасау, мәдени-ағарту мекемелері мен кәсіпорындарының насихаттау қызметінің және келушілерге қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған жалпы мәдени шараларының өткізілуін (әдебиеттің, өнердің өзекті мәселелері бойынша тақырыптық көрмелер және басқалар) бақылайды және ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Мәдени-ағарту, клубтық және киноқызмет жүйесі бойынша қызмет көрсететін облыстағы мекеме, кәсіпорындардың қызметін қадағалау, әдістемелік көмек көрсету. Облыстық мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының, қалалық, аудандық мәдениет бөлімдерінің қызметтерінің нәтижесі бойынша ақпараттық есеп алу, жұмыс жоспарларының уақытылы тапсырылуын қадағалау, есептерді жинақтап, талдау. Басқарманың Алқа мәжілісінің құжаттарын жүргізеді және есеп береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім – музыкалық білім, қазақ тілі мен әдебиеті; гуманитарлық ғылымдар – мәдениеттану, археология және этнология; өнер – музыкатану, аспаптық орындаушылық (аспаптық орындау), вокалдық өнер, дәстүрлі музыка өнері, режиссура, актерлік өнер, өнертану, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау; қызмет көрсету – мәдени-тынығу жұмысы, кітапхана ісі (кітапханатану және библиография).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: білім беру - бастауыш білім беру (мәдени шаралар ұйымдастырушы), негізгі орта білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі), өнер және мәдениет (кітапханшы), ән салу (академиялық ән салу әртісі, хор әртісі), хореография өнері (би ансамблі әртісі), актерлік өнер (драма театр әртісі, қуыршақ театр әртісі).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын» білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуға конкурс республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған («Егемен Қазақстан» 28.03.2013 ж. және «Казахстанская правда» 28.03.2013ж. газеттерінде, www.anticorruption.gov.kz сайтында) ережелер негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттар тапсырады:

мемлекеттік әкімшілік бос орынға орналасу туралы өтініш;

3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907

бұйрығымен бекітілген (ҚР нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы

сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Маңғыстау облысының мәдениет басқармасында өтеді.



Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері шақырылады.
: media -> uploads
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
uploads -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм
uploads -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм-нің 2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер
uploads -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
uploads -> Аудандық әкімдіктің регламенті Жалпы ережелер
uploads -> Регламенттерін бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
uploads -> D-o-4 санаты үшін
uploads -> Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидалары
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...