Маб-ға дайындық бойынша шығармашылық есеп



жүктеу 111.85 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі111.85 Kb.
МАБ-ға дайындық бойынша шығармашылық есеп
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бұйрығымен бекітілген , мектептерде жыл сайын ақпан айында 4-ші және 9-шы сынып оқушылары мемлекеттік аралық бақылаудан өтеді. ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 20-қарашадағы № 561 бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 5033 енгізілген, ҚР білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережелері бекітілген. Мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесінің 1 бөлім 3-і тармағында көрсетілген Білім беру ұйымдарындағы МАБ-тың міндеттері:1) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру болып табылады;2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау болып табылады –деп атап көрсеткен. Осы жоғарыда атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында біздің мектеп 2007-2008 оқу жылының қыркүйек айынан бастап, білім бөлімінің арнайы бұйрығы негізінде жоспарлы, жүйелі дайындық жұмыстарын жүргізді. Атап айтар болсақ, бірнеше рет негізгі пәндер бойынша (математика, химия, қазақ тілі, шет тілі пәндерінен) 4-ші және 9-шы сынып оқушыларымен мектепшілік және пәндік апталықтар, семинар кеңестер ұйымдастырылып, «болжау тестері» алынып, нәтижелері бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп білім бөлімінің жетекшісі жанындағы жиындарда қаралып, қорытындысы шығарылып отырды. Міне осындай жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде біздің мектептің білім деңгейі Республика деңгейінде өткізіліп отырған мемлекеттік аралық бақылаудың көрсеткіші бойынша қала көлемінде жоғары орынға ие болды. Осындай үлкен нәтиже көрсетіп, жасөспірім бүлдіршіндерге сапалы да саналы білім нәрін беріп отырған мектеп мұғалімдерінің қажырлы еңбектері.

Мақсаты: 9 сынып мектеп бітірушілерінің МАБ сапалы дайындау.


Міндеттері:

  • Соңғы нәтижеге бағытталған мұғалім құзырлығының іске асыруда педагогикалық ұжымды белсенділеу;

  • Ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын енгізу;

  • Әр оқушының адамгершілік және шығармашылық потенциал, танымдық талаптарын көрсету;

  • «Мектеп бітірушінің психологиялық сүйемелдемесі» психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру.






Іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылары

1

МАБ-ды өткізу мен ұйымдастыру сұрақтары бойынша нормативті-құқықты құжаттарды педагогикалық ұжыммен таныстыруы.

қыркүйек

Мектеп әкімшілігі

2

Оқушылар, педагогтар, ата-аналар үшін ақпараттық қабырға үлгісін жасауы

қыркүйек

Дир. ОТІ жөн. орынб., сын. жетек, мұғалімдер

3

МАБ дайындық бойынша курстар мен бағдармалар құруы

қараша

Пән мұғалімдері

4

9 сынып оқушылары даму деңгейінің диагностикасын жасау, психологиялық және деңгейлік жағдайы.

қазан

Психолог

5

Оқыту семинарлары.

үнемі

Б.О. Нұғұрбекова

6

Сабақтарға қатысуы.

үнемі

әкімшілік

7

Тақырыптық тест жинағын құруы.

жыл бойы

ӘБ жетекшісі

Пән мұғалімдері



8

Оқушылар мен психологиялық қызмет жұмысы.

Психологиялық тренингтер ұйымдастыруы.



тоқсанда 2 рет

психолог

9

Мектепте бақылау тестін өткізуі.

айында 1 рет

ӘБ жетекшісі

Пән мұғалімдері



10

Әр бақылау тестілеуінен кейінгі оқушылардың қиындық туғызған талдауы бақылау тестілеуінің нәтижесін бақылау, тақырыптық және элементті талдау.

жыл бойы

Пән мұғалімдері

11

МАБ мақсаты мен міндеттері туралы оқушылардың ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

тоқсанда 1 рет

Әкімшілік

Сынып жетекшілері



12

МАБ дайындығы бойынша әдістемелік және психологиялық нұсқаулар құру.

жыл бойы

Дир. ОТІ жөн. орынб., психолог

13

Пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың интеллектуалдық түрлері.

үнемі

Сынып жетекшілері



  1. Оқушылардың жеке- бағытта оқытуы, көрнекі құралдар, жаңа компьютерлік технологияны мұғалімдер өз жұмысында пайдаланады.

  2. ӘБ жетекшісімен 9 сынып оқушыларының МАБ-ға дайындығы бойынша жұмыс жоспары құрылды. 9 сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер жоспармен танысты.

МАБ-ға дайындық бойынша жұмыс жоспары




Шаралар

Жауаптылар

1

Мұғалімдердің шығармашылық топтарын құру

ӘБ жетекшісі

2

Деңгейлі-тақырыптық күнтізбелік жоспар құру

Топтардың мұғалімдері

3

Электрондық түрде тапсырмаларды құру

Қазақ тілі мұғалімдері

4

Дайындық сабақтардың кестесін құру

ӘБ жетекшісі

5

Аналитикалық анықтамаларды жазып, оқушылардың білім деңгейін бақылау

Топтардың мұғалімдері

6

Оқушылардың жіберген қателерін түзетіп, талдау жұмысын жүргізу

Топтардың мұғалімдері

7

МАБ-ға дайындық тапсырмаларын сабақ жоспарларына енгізу

Топтардың мұғалімдері

8

МАБ-ға дайындығын тексеру мақсатында, 9 сыныптардың сабақтарына қатысу.

Бір бірінің сабақтарына қатысу.



ӘБ жетекшісі, қазақ тілі мұғалімдері

9

«МАБ-ға дайындық» бұрышын жабдықтау

Топтардың мұғалімдері




Мұғалімдер мен оқушыларға арналған МАБ дайындығы бойынша жадынама дайындау

ӘБ жетекшісі


Жоспардың келесі бөлімдері іске асырылған:

  1. МАБ-ға дайындық бойынша деңгейлік тақырыпты жоспар құрылды.

  2. Электрондық нұсқауда тапсырмалар ( тест) дайындап құрылды.

тест түріндегі тән қасиеттер:


  1. Тұжырымның логикалық түрде берілуі

  2. Қалыптың дұрыстығы

  3. Қысқалық

  4. Жауаптарға арнайы орын берілуі

  5. Тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы

  6. Жауаптарды бағалау ережесінің бірдейлігі


Тесттің түрлері.

  1. Толықтыруды қажет ететін тестілер

Мысалы:1. Оқушылар мектепке.... 1)балалар

2.Сыныпта .....тұр. 2)келді
2.Еске салушы тестілер.

Тест сұрағына жауап –қандайда бір факті, заң мағынасы, ережелер болады.

Мұнда нақты қойылған сұраққа бір жақты жауапты білуі тексеріледі.

Мысалы:зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына қолданылатын сөздер.

а)етістік ә)есімдік
3. Балама жауаптары бар тест.

Қандай да бір шешімнің дұрыс немесе бұрыс екенін табу керек.

Мысалы: Қар ақ па? ( Иә ,жоқ)
4.Таңдамалы тест.

Бірнеше жауатардың ішінен дұрыс біреуі таңдалады.

Мысалы: Жазда не піседі? А) күн ә)нан б) жемістер
5. Сәйкестілік тестісі.(салыстыру)

Тапсырма екі бағанадағы бір-бірімен мағынасы сәйкес элементтерді табу керек.?

Мысалы:

1.Ұлы ақын ,композитор ,аудармашы, қазақ жазба әдебиеттінің негізін қалаушы. а)Ш.Уәлиханов

2.Ғалым ,этнограф ,географ, зерттеуші,саяхатшы ,суретші.

ә)А.Құнанбаев

Жауаптары 1-Ә, 2-А
6.Қосымшалық тест.Қазақ тілінің жалғамалы ерекшілігін оқушы меңгереді ме, әлде жоқ па деген сұраққа жауап іздегенде қолданылатын тест түрі.

Мысалы: Көп нүктенің орнына көптік жалғауларын қой.

1.Балық 2.Гүл ( тар,дер)
7.Жұмбақтық тест.Тілдегі сөздерді олардың мағынасын ,қолдану аясын жете білумен байланысты оқушының мүмкіндігін білдіреді.

Мысалы: қыста ғана болдаы, ұстасаң қолын тоңады.(қар)
8.Өлшемдік тест.Оқушының білім дәрежесін тексеру үшін жүргізіледі.

Мысалы:

Қазақ алфавитінде неше әріп бар. А) 33 Ә)42 Б) 28 В)45


  1. Дайындық сабақтарын өткізу кестесі құрылды.

  2. МАБ-ға дайындық бойынша қабырға бұрышы жабдықталды.

  3. Оқушылардың білім деңгйінің талдау бақылауы өткізіліп жатыр.

  4. Білім сапасының төмендеуі мен жоғарлау факторларын, оқушылардың МАБ-ды тапсыруға дайындық сапасын көтеруде аналитикалық және диагностикалық жұмыс жүргізіліп жатыр.



Бірінші тестілеу бойынша аналитикалық анықтама
1.Тестілеуге барлығы: 35 оқушы қатысты

2.Болжамдық нәтиже: үлгірімі 89,13 % сапасы 34,78 %

3.Шыққан нәтиже: үлгірім 91,42 % сапасы 45,71 %

4.МАБ –ға б-ты әр сыныпқа 1 қосымша сағат өтілді.

5.Тестік тапсырмаларды қорытындылау.



Тақырыптық деңгей

1 нұсқа

2 нұсқа

С /қиын/

36%

25%

В /орташа/


37 %

48%

А /жеңіл/

27%

27%



Пән

Мұғалімнің

аты-жөні


сынып

барлығы

Жазған

5

4

3

2

үлгірімі

сапасы

Қазақ тілі

Қали

Шолпан


Мақсұтқызы

9 “А”

12

9

1

4

4

-

100

55,55

9 ”Б”

11

10

0

6

4




100

60

9 “В”

12

8

0

4

3

1

87,50

50



11

8

0

1

5

2

75

12,5

всего

46

35

5

12

19

7

91,42

45,71


9 сыныптардың бұндай төмен ұпай алған себептері:


  • Грамматиканы білмегендіктен.

  • Берілген сұрақтарды мұқият оқымағандықтан.

  • Тестілеуді бағалау өзгергендіктен

  • Оқушылар писхологиялық тұрғыда дайын емес

А/ Мұғалімге барлық грамматиканы қайталау.

Ә/ Жіберген қате бойынша әр оқушымен жұмыс жасау.



Б/ Оқушылармен бірлесе тақырыптық тестер құру.



Ұсыныстар

  • Дайындық сабақтарында түзету жұмыстарына көңіл бөлу;

  • 5-8 сынып бағдарламасын қайталау;

  • Оқушыларға қиындық туғызған тақырыптарды міндетті түрде қайталау;

  • 4-9 ұпай алған оқушылармен талапқа сай жұмыс өткізу;

  • Оқушылардың білім деңгейін бақылап және тестік жұмыстарға дағдыландыру мақсатында жиі тақырыптық тестілеу өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет