Мақалада Қазақстан Республикасынің президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқының ұлттық тарихын дамытудағы рөлі мен тарихи санасын қалыптастырудағы маңызды қызметтері сараланып талданады



жүктеу 54.39 Kb.
Дата22.06.2017
өлшемі54.39 Kb.
Аннотация
Мақалада Қазақстан Республикасынің президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқының ұлттық тарихын дамытудағы рөлі мен тарихи санасын қалыптастырудағы маңызды қызметтері сараланып талданады. Мақалының негізгі мазмұны ҚР Тұңғыш Президентінің еңбекетерінде тарихтың зерделенуі және оның берген сұхбатындағы қазақ тарихы жөнініндегі танымы дәйектелді.

Тарихы тереңнен басталған қазақ халқының өткені мен бүгінінің өзара сабақтастығын атап өту қажет. Елбасын Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеушілер қатарына қосуға болатындығын мақала барысында айтылады. Қоғамдағы құқықтық және нарықтық мәдениет, ұлттық саясат және әлемдік қауымдастықтағы интеграция, мемлекет пен қоғамның өзара байланысы, дағдарыстар және оған икемделу мен шығу жолдарын өз еңбектерінде талдайды. Сонымен қатар ортағасырлық қазақ тарихының білгірі ретіндегі пікірін ортаға салуға болады. Көне түркілер тарихы, Алтын Орданың Евразия тарихындағы маңызын баса назарға алады.

Н:Ә.Назарбаев тарихи тұрғыдан алағанда тарихты «Дала өркениеті» тұрғысынан зерттеу мәселесін ашып берді. Евразия кеңістігіндегі халықтар тарихының ортақтығы мен сабақтастығын айқындады.

Елбасының қолдауымен жүзеге асқан «Халық тарих толқынында» бағдарламасы қоғамдық ой туғызып, әлемдік деңгейдегі қазақ тарихының орыны айшықтауға мүмкіндік берді. Еліміздегі «Мәңгілік ел» идеясы да тарихтың қоғамдық сана үшін, елдің бірілігі мен тұтастығы үшін маңзын ашып береді.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТАРИХИ САНАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ҮЛЕСІ

«Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі, болашақтағы – тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр...» Н.Ә.Назарбаев
ХХІ ғасырдың әлемдік ұстанымдары қоғамның тарихи дамуының өзіндік талаптарын қойып отыр. Оған бәсекелестікке қабілеттілік, белсенді зияткер тұлғаның іс-əрекетін жүйелі тұрғыда қалыптастыру, қоғамдық бірегейлікті мемлекеттік деңгейдегі жүзеге асыру жолдары кіреді. Бұл мәселенің жалпыхалықтық маңызы жоғыры мінберден айтылуда. Елбасының «Қазақстан жол-2050»: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, белсенділігі жоғары зияткерлік қоғамды қалыптастыруға, азаматтық ұстанымға, әлеуметтік жауапкершілік, қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын, отансүйгіштік пен бірігу сезімін тәрбиелеуге бағытталған[1]. Қалыптасқан Қазақстанның қоғамдық тарихи санасы өткенді зерделеу, талдау және жүйелеу үдерісі арқылы жүреді. Тарихты ұлықтау мемлекеттік деңгейде орындалуда. Оның дәлелі 1998 жыл Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп жариялануы, көптеген ақтаңдақтар бетін ашты. Сонымен қатар, «Мәдени мұра», «Халық тарих толқыныныда» атты бағдарламалары тарихымызды кешенді зерттеуге мүмкіндік берді. Елбасының тарихты терең білетінін көрсеткен Ұлытау төріндегі сұхбаты болды. Осы сұхбаттан кейін «Қазақ хандығының 550 жылдығын» атап өту мемлекеттік шара ретінде қабылданды. Елбасымыздың жеке тұлға ретінде ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылылары сияқты тарихты бағалай білуі, арнайы еңбектер жазуның қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы ерекше орынын көрсетеді.

 1991 жылы желтоқсанның 1-ші жұлдызында елімізде тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау қорытындысы негізінде көп дауысқа ие болған Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті атанып, ант қабылдады. Осыдан кейін желтоқсанның 16-сы күні бар қазақтың арман-тілегіне айналған Тәуелсіздігіміздің таңы атты. Қаншама жылдар бойында Патша үкіметінің қол астында бодандық күй кешкен, Кеңес үкіметінің талай табанының астында жанышталған, жоғалудың, құрудың алдында сәл-ақ тұрған, әбден тозығы жеткен ұлттық тарихтың жаңа дәуірі орнықты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, ел президенті Н.Ә. Назарбаев ұлттық тарихты нығайту істерін қолға ала бастады. Осының негізінде бірнеше жобалар ұйымдастырылып, бірнеше мәселелерді шешу ісі алға қойылды. Соның ішінде, бірінші кезекте, ұлттық сана мен ұлттық тәрбиені қалыптастыру, дамыту өзекті мәселе болды. Ұлттық тарихты тікелей ұлттың талап-тілегіне сай зерттеу, ұлттың тарихи жады мен танымын нығайту мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Бұл турасында Елбасы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етеді. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясында: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» [2] деген тұжырым жасайды. Осының негізінде, тікелей Елбасы тапсырмасы бойынша «Халық тарих толқынында» бағдарламасы іске асты. Елбасының ұлттық тарихты дамытуға қосқан үлесін және оны жаңа заман талаптарына сай құру мен жаңа отандық тарихшы мамандар даярлау істеріне ерекше көңіл бөлгенін, сонымен бірге жіті қадағалап, үнемі өз бақылауында ұстап отырғанын көптеген атаулы жиындарда сөйлеген сөздерінен, Тәуелсіздік жылдарынан бергі шыққан «Сындарлы он жыл», «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы», «Тарих тағылымы және қазіргі заман» және т.б. секілді біршама еңбектерінен байқауға болады. Бұдан басқа қабылданған заңдар мен бағдарламалар өз нәтижесін бермей қоймады. 1995 жылы Президент тапсырмасымен «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру» тұжырымдамасы жасалынып, ұлттың тарихи санасын қалыптастыру мәселесі жан-жақты талқылауға түсті. Бұл жөнінде «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, тарихи білім беруді дамыту, тарихи сананы қалыптастыру, тарих ғылымын жетілдіру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының басым бағыттарының бірі болатын»[3], – дейді Мемлекет тарих институтының бас қызметкері, профессор З.О. Дүкенбаева. Сонымен қатар, Елбасы бастамасы-мен төл тарихымыздың бұрмаланған тұстарын қайта қарау істері Мемлекет тарапынан қолдау алып, соның негізінде 2003 жылы қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы халықтың таным көкжиегін мейлінше кеңейте түсті.

Қазақ халқының ұлттық тарихын дамыту мен ұлттық санасын қалыптастыру, шын мәнісінде, қазақ ұлтының, әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойынан адамгершілік, патриоттық сезімдерін, рухани құндылықтарын дамытуға бағытталады.

Елбасы өткен тарихқа жүгініп қана қойған жоқ, ол тарихты өзі жасап берді. Неге десеңіз, оның ел болашағы үшін атқарған әрбір істері ұлттық тарихтың жаңа беттерінің жаршысы болмақ. Елбасының жүріп өткен жолына: «Ел тағдырының шешуші кезеңінде Елбасы бар жауапкершілікті өзіне алып, көп ұлтты қоғамды басқарудың оңтайлы мүмкіндіктерін іздестірді. Шетелдік тәжірбиені және тарихи сабақ болатын жағдайларды есепке ала отырып, қазақстандық қоғамның жаңа болмысын үлгілеу жолдарын қарастырды»[4] , – деп пікір білдіреді Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.

Тарих – халықтың айнасы. Тарих – болашаққа апарар даңғыл жол. Тарих – ол бүгін. Тарихты ұмыту – өткенді, осы және келе жатқан өмірді жоғалту. Тарих – халықтың санасы, жады. Ендеше, жадын жоғалту – ұлтын жоғалту, ал ұлтын жоғалту – өзін жоғалту екені анық. Осы тұрғыда еліміздегі ең жоғарғы лауазымды тұлға, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың атқарған істері ұшан-теңіз. Жоғарыда атап өткен елеулі еңбектері мен көптеген алқалы жиындардағы сөйлеген әрбір сөзінің астарында осы мәселе жатыр десек қателеспеген болармыз.



Елбасымыздың осы ұстанған жолы, бұрыннан келе жатқан қазақ даласын билеген көшбасшыларға тән қасиет болғанын атап өткен жөн.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. baq.kz/news/e-history.kz/kz/contents

  2. Дүкенбаева З. Тарих тағылымындағы ұлт тарихын зерделеу ұлт тәуелсіздігінің, ұрпақ тәуелсіздігінің кепілі

http://e-history.kz/kz/contents/view/2149 (14.11.2016)

  1. www.inform.kz/.../kr-prezidentinin-kazakstan-2050-strateg

  2. Тоғжанов Е. Қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі: қазақстандық тәжірибе // Қоғам және дәуір. – №1. – 2015





Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет