М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы Жалпы мақсаты



жүктеу 36.15 Kb.
Дата13.06.2017
өлшемі36.15 Kb.

Тақырып

М.Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы

Жалпы мақсаты

Шығарманың мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашқызу, тіл көркемдігін меңгерту.

Күтілетін нәтиже

Шығарманы бөлімдерге бөліп жұмыстандыра отырып, әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыра алады..

Негізгі идея

Қалай оқу керектігін үйрету. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін құру

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

бағалау

ресурстар

Кіріспе

Қызығушылықты ояту

5 мин


 І.Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



Дайындығын көрсетеді


Бармақ марапат

Жарайсыңдар




Акт,оқулық

Мағынаны тану

30 мин


Оқулықпен жұмыс.

Сабақты қорытындылау 



«Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне - кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз сонікі»,- деп өзі күнделігінде жазғандай Мұқағали поэзиясы өмірмен бірге жасасып келеді. Ақын жырларын оқи отырып әркім одан өзінің бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.
Жеткіз жұртқа бүгіні, өткендерін,
Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.
Жадында тұтсын ұрпақ жасырмай айт,
Ақтабан шұбырынды өткелдерін,
Аруды арам жандар өпкендерін,
Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай,
«Елім - ай»
Аруана шөккен жерін.
Өлшесін бүгіні мен өткендерін! – ақын өзінің шығармалары арқылы туған жерінің қадыр - қасиетін, тарихын келешек ұрпаққа ұғындырып кетуге тырысады. Соған мысал ретінде «Райымбек» поэмасын алуға болады. (Райымбектің портреті көрсетіледі)
ІІІ. Мағынаны тану.
«Кубизм» стратегиясы бойынша поэмаға жан - жақты талдау жасалады.
Бүгінгі сабақта М. Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасына талдау жасай отырып оқимыз. Ақынның терең оймен жазылған бұл шығармасы жоңғар шапқыншылығы кезінде еліне қорған болған Райымбек батырға арналады.
Тақтаға жоспар ілінеді.
1.«Қаратаудың басынан көш келеді».
2. «- Өзің бала болсаң да, сөзің дана, отты екен,
Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен».
3. «Дауасы жоқ жан екен, оты жанған,
Ілесіңдер осыған оты барлар!»
Оқушылар бірлесе отырып шығарманың композициялық жоспарын құрады. Осы жоспар бойынша шығарманың мазмұны айтылады.
Композициялық жоспар:
Оқиғаның басталуы: Жау шапқан қазақ ауылы.
Оқиғаның байланысы: Жыраудың балаға кездесуі.
Оқиғаның өрбуі: Жырау мен баланың әулиеге барып тәу етуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Баланың өз атын ұрандауы, халықтың наразылығы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қатал сын.
Оқиғаның шешімі: Райымбектің қолбасшылыққа қол жеткізуі.
І топ. Талдау. Ақын шеберлігін танытатын көркемдік құралдардың шығарманың идеясын ашудағы рөлін анықтайды. (Үш жақты күнделікке толтырады )
ІІ топ. Сипаттау. Поэмадағы кейіпкерлердің іс - әрекетіне талдау жасай отырып, өзінше бағалайды, мінездеме береді.
ІІІ топ. Салыстыру. Тарихи деректер мен поэмадағы Райымбектің әдеби бейнесін салыстырады. Осы поэманың тақырыбын, идеясын, кейіпкерлерін өзге шығармалардың кейіпкерлері, идеясы, тақырыбымен салыстырады (Венн диаграммасы).
«Талқылау кестесін» толтыра отырып осы сабақ барысында алған білімдерін жинақтайды.
Поэманың авторы
Поэманың тақырыбы
Поэманың идеясы
Оқиға болған жер
Басты кейіпкерлері
Түйін.
ІҮ. Толғаныс.
«Хат жазу» стратегиясы бойынша авторға, поэма кейіпкерлеріне өз пікірлерін білдіріп хат жолдайды.
Ү. Үй тапсырмасы.
1. Поэмадан үзінді жаттау.
2. «Болар бала он бесінде баспын дер» деген тақырыпта Райымбектің іс - әрекетіне талдау жасай отырып эссе жазу.

Кері байланысты 5 мин

Сабақтың мақсатына жеттік пе?

Үйге тапсырма /5 мин./

1. Поэмадан үзінді жаттау.
2. «Болар бала он бесінде баспын дер» деген тақырыпта Райымбектің іс - әрекетіне талдау жасай отырып эссе жазу.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет