Ұлттық сана тәрбиесінің тірегі-ана! Қалыбекова Д. Б



жүктеу 37.94 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі37.94 Kb.
Ұлттық сана тәрбиесінің тірегі-АНА!

Қалыбекова Д.Б.

ҚазМемҚызПУ аға оқытушысы, қаржы магистры

Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдіңбірлігі жоғалмаған.

Тарихты сақтау ұлттық сананы құрметтеу, тарихты білу ұлттық сананы иеленіп отырумен тең. Әрбір тарихи уақыт өрісіндегі жекелеген адамдардың интеллектуалдық қызметі оның бойындағы ұлттық санасымен көрініп отырады. Халыққа ортақ қасиеттер мен тәжірибелерге тұнып тұрған ұлттық сана тарих даналығымен ортақ құндылыққа айналады. Ұлттық сана жайында мәселе көтерілгенде алғашқы болып ең алдымен елбасының жақында жарық көрген мақаласы талдана түсері анық.

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.[1].

  Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.Тәуелсіздігімізді алып, өз ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде, адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше, әсіресе – аналарымыздың орны ерекше.

Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

         Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.[2].

Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін өнер-білім саласында, сондай-ақ, қоғам кайраткерлері ретінде көрсетіп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі болды. Қазақы ортада каракан бастан гөрі отбасылық мүдденің жоғары тұруы әйелдердің қоғамдық-әлеуметтік белсенділігіне кедергі болған жоқ: өнер саласында атағы жалпақ жұртқа жайылған белгілі әншілер, ақындар, майталман күйшілер болды.

Тарихта болған Болған ана, Домалақ ана, Дарабоз ана, Қарқабат ана, Қызай ана, Найман ана, Ұлпан аналар - рулы елдің бүтіндігіне қызмет еткен қайраткер тұлғалар болса, Қарқабат, Абақ, Қызай т.б. аналар рулы елдің ұранына айналып , сол рудың атына негіз болды.

Қазақ әйелдері ұзын жең, кең етекті көйлек киіп денелерін жасырғанымен, бет-жүзін ашық ұстаған. «Қазақ әйелі», «қазақ қызы» деген ұғымның мазмұны қазақы болмыс, қазақы тұрмыстың көрінісі, ежел- ден қалыптасқан салт-дәстүрі т.б жайттарды қамтиды.[3].

Қазақ халқының болмысындағы, дүниетанымындағы бар игі қасиеттерді тілін, ділін, дінін, әдет - ғұрпын, салт - санасын, ұлттық дәстүрін баласынан немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дарытушы, дамытушы әйел ана деп санаған. Халқымыздың татулығын, береке - бірлігін келтіруші ана екендігіне тарих куә. ”Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп” деген халық даналығы осыдан туған.



Әдебиеттер:

  1. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (12 сәуір 2017)

  2. ҰЛТТЫҚ САНА ҚАЗАҚ ЕЛІН МӘҢГІЛІК ЕЛ ЕТЕДІ \ 22 Қараша,

2016 http://abai.kz/post/

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/

  2. О.Х. МҰХАТОВА ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ - АНАНЫҢ

ОРНЫ МЕН РӨЛІ \ www.elibrary.kz/download/zhurna

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет