Ұлттық экономика Министрлігінің 2017 жылға арналған нақтыланған бюджет жобасы бойынша анықтама



жүктеу 80.55 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі80.55 Kb.
Ұлттық экономика Министрлігінің 2017 жылға арналған нақтыланған бюджет жобасы бойынша

АНЫҚТАМА

2017 жылғы бюджет жобасында Министрлікпен ұсынылады:



Анықтама:

2017 жылға Министрліктің бюджеті 478,0 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты – 249,9 млрд.теңге, Ұлттық фондтан – 203,1 млрд.теңге жане гранттар мен қарыздар – 25,0 млрд. теңге.


  1. Шығыстардың 277,8 млрд. теңге сомасына азаюы,

оның ішінде:

1) 276,3 млрд. теңге – Қайта құру шеңберінде шығыстардың азаюы (Министрліктен басқа ОМО шығыстарды беру);



Анықтама:

ҚР Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы №412 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығына сәйкес, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, инвестиция және даму, ҚР ұлттық экономика министрліктерінің қайта құрылуына байланысты және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау, су тарту, коммуналдық шыруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жəне іске асыру функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, 276 320,4 млн. теңге сомасында шығыстар беріледі, оның ішінде:

  • Инвестиция және даму министрлігіне 242 484,2 млн.теңге;

  • Денсаулық сақтау Министрлігіне 24 441,1 млн.теңге;

  • Энергетика министрлігіне 9 349,9 млн.теңге;

  • Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне 45,3 млн.теңге.

2) 1,1 млрд.теңге – Алматы қаласының Наурызбай ауданында әкімшілік ғимараттар кешенінің құрылысы (жобалау-сметалық құжаттаманың түзетілуіне байланысты үнемдеу пайда болды (2016 жылғы 29 ақпандағы № 02-0117/16 мемлекеттік сараптама қорытындысы. 2017 жылға 1 084 956 мың теңге қарастырылған);

3) 392,5 млн.теңге – Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп зерттеулер жүргізуге;



Анықтама:

- 300 млн. теңге - 1 887 785 АҚШ доллары көлемінде 2016 жылғы Жылсайынғы бағдарлама бойынша пайда болған үнемдеуге байланысты. 2016 жылы пайда болған үнем 2017 жылғы Жылсайынғы бағдарламаға кіретін жобалар бойынша шығыстардың бөлігін жабуға падаланылды;

- 92,5 млн.теңге – пайда болған бағамдық айырмаға байланысты (500 000 АҚШ долл. сомасында қаражат қарастырылған 1 АҚШ долл. = 350 теңге бағамы бойынша, қазіргі таңда жоспарлық бағам 1 АҚШ долл. = 330 теңгені құрайды).

4) 1,1 млн теңге - «Кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі» ақпараттық жүйесін қамтамасыз ету (Бағдарламалық қамтамасыз етуді жалдау бойынша «ҰАТ» АҚ атынан ұсынған есептеулерге сәйкес, үнемдеудің пайда болуына байланысты, 2017 жылға – 34,605 мың теңге бөлінген).

2. Шығындардың 53,9 млрд. теңге көлемінде ұлғаюы, соның ішінде:



2.1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен:

1) 48,0 млрд. теңге - «Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану» жобасын іске асыру бойынша, 2-ші фаза, «Самұрық-Қазына»» ҰӘҚ» АҚ-тың жарғылық капиталын өсіруі (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, Құрық порты – автомобиль өтпежолы құрылысының екінші фазасын іске асыруға кірісу тапсырылды).

Анықтама:



Жоба шеңберінде пайдалануға беру кезеңінде 172 жаңа жұмыс орындарын құру және жүктердің тоқтап тұруын 4 күнге азайту және жүктерді ауыстырып тиеу көлемін 6 млн. тонна жүкке дейін арттыру қарастырылған.

Жобаның құны - 91,8 млрд теңге, соның ішінде:

- 1-ші фазасы - 30,6 млрд теңге;

- 2-ші фазасы - 61,2 млрд теңге.

2017 жылғы бекітілген бюджет шенберінде 2 млрд теңге кейінге қалдыру шартымен мақұлдау қарастырылған, және республикалық бюджетті нақтылау кезінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға негіздейтін құжаттарды ұсыну бойынша қосымша 48 млрд теңге тағы да кейінге қалдыру шартымен бөлінуін ұсынады (түзетілген техникалық-экономикалық негіздеме, инвестициялық ұсыныс және жобаның қаржы-экономикалық негіздемесі, мамыр айында ұсыну жоспарланып отыр).

2) 1,7 млрд. теңге – Қарағанды және Жамбыл облыстарында 2 жоба бойынша моноқалаларда инженерлік инфрақұрылымды дамытуы;

Анықтама:

1) 1 254 млн. теңге - «Қарағанды облысының Шаһан ауылында қазандық және жылу желілерін салу»;

2) 495 млн. теңге – «Жамбыл облысы Таласс ауданы Қаратау қаласында Ә. Молдағұлова, Д. Қонаев, Б. Момышұлы көшелерін қайта жаңарту»

3) 1,4 млрд. теңге – жаңа 4 зерттеулер жүргізу
(ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес);

Анықтама:

1. «Мемлекеттік басқару жүйесі құжаттарын мониторнгтеуді, әзірлеуді және жүзеге асыруды сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу (2025 жылға дейін Стратегиялық даму жоспары)» - 250,7 млн. теңге (орындаушы: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ)

2. «Алдыңғы бизнес шығындарын азайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін құқықтық тосқауылдарды болдырмау бойынша заңнаманы «тексеру» - 168,0 млн. теңге (орындаушы: орындаушы: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ)

3. «Мемлекеттік бастамаларды тиімді іске асыру бойынша институционалдық инфрақұрылымды құру бойынша тетіктерді әзірлеу (DeliveryUnit)» - 392,0 млн. теңге (орындаушы: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ)

4. «3-ші технологиялық жаңғырту тұрғысынан экономикалық өсудің жаңа моделін әзірлеу бойынша зерттеу» (3.0 Жаңғырту)» - 560,0 млн. теңге (орындаушы: «Атамекен» ҰКП).

4) 1,1 млрд. теңге – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде:

1) «Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы» - 364,9 млн. теңге мүшелік жарнаны төлеу үшін (360,0 млн. теңге2017-2018 жылдарға Еуразиялық бәсекелестік бағдарламасы ЭЫДҰ-мен Көлісім бойынша және
4,9 млн. теңгеМонополияға қарсы органның мүшелігене сәйкес ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне);

2) «ҚР және ЭЫДҰ арасындағы 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық шеңберінде ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық орны зерттеуін жүзеге асыру» - 754,2 млн. теңге (жаңа бюджеттік бағдарлама, ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық орнына шолу жүргізуге бағытталған11 жобаны іске асыру қарастырылуда).

5) 109,5 млн. теңге – Халықаралық жобаларды жүзеге асыру;

Анықтама:

1) Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Ұлттық статистика жүйесін нығайту»– 64,5 млн. теңге (бастапқыда қарыз соммасы мен қаржыландыру үлесі арасындағы салынған қатынас дұрыс болмауына байланысты салықтық алымдар мен баждарды өтеу үшін);

2)БҰҰДБ-мен бірлесіп «Тең құқықтықты жылжыту саласында міндеттемелерді жүзеге асыру және Тұрақты Даму Мақсаттарына жетуге жәрдемдесу»45,0 млн. теңге (ҚР Мемлекеттік хатшысы Әбдіхалықова Г.Н. 2016 жылғы 6 шілдедегі №32-47.2 тапсырмасына сәйкес, гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтарымен мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде БҰҰ құрылымының Көпмемлекетті кеңсесімен бірлесіп зерттеулер жүргізу қажет «БҰҰ-әйелдер»).

6) 296,2млн.теңге – өзгеде шығыстарға, оның ішінде:

- 250,0 млн. теңгеБюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін

әзірлеу немесе түзету сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу (мемлекеттік органдардың өтінімдерінің көбеюіне байланысты);

- 23,3 млн. теңге - Шетелдегі сауда өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз ету (бағам айырмашылығына байланысты (рубльге жаспарланған бағам -
5 теңге, нақты бағам 5
,58 теңге құрады) ғимараттың жалға алу ақысын, техникалық қызметкер еңбекақысын және т.б. ақы төлеу бойынша);

- 22,9 млн. теңге - Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктерімен өзара іс-қимыл (2017-2019 жылдарға Moody's рейтингін тағайындаулары туралы 2016 жылғы 29 қарашадағы № 152 шарт жасалуына байланысты, қосымша төлемдерді ескере отырып).

2.2. Сыртқы қарыздармен гранттар есебінен:

1) 1,2 млрд. теңге - Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету жөнінде
3 жобаны іске асыру (орталық мемлекеттік органдар өтінімдері негізінде қабылданған келісімдер мен қол қойылған келісім-шарттар мен шарттарға сәйкес сыртқы қарыздар мен гранттарға бойынша шығыстарды сәйкес келтіруге байланысты).

Анықтама:

1) Сыртқы қарыздар есебінен 321,3 млн. теңге:

- ҚР ҰЭМ - «ШОБ-тің бәсекелестікке қабілеттілігін және оларды қарлыжандыруға қол жеткізуді арттыру» - 321,3 млн. теңге (2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 431-V ЗРКқарыз туралы келісім, о займе от 2 декабря 2015 года, 2014 жылғы 26 қыркүйектегі СК-нің № И-669 Хаттамасымен қосылған);

2) грант қаражаты есебінен 834, 1 млн. теңге:

- ҚР ҰЭМ - «ҚР шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі ЕРДБ даму бағдарламасын жүзеге асыру» - 814,0 млн. теңге қонсалтингтік қызметтерге , нарықты дамыту жөніндегі іс-шараны өткізуге, салалық даму және жергілікті қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруға ақы төлеу үшін (2014 жылғы 26 қыркүйектегі СК-нің № И-669 Хаттамасымен қосылған);

- ҚР ҰЭМ - «Қазақстандағы жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды жою» - 20,1 млн. теңге (2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 399 грант туралы келісім, 2014 жылғы 26 қыркүйектегі СК-нің № И-669 Хаттамасымен қосылған).

2) 90,6 млн. теңге – халықаралық жобаларды іске асыруға.

Анықтама:

1) Сыртқы қарыздар есебінен Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Ұлттық статистика жүйесін нығайту» – 75,4 млн. теңге (қажеттілікке байланысты оңтайландыру бойынша ДЕСТАТИС консорциумынан қосымша консалтингтік қызметтерді сатып алу, 2017 жылы іске қосу жоспарланған КЖПЖ (компьютерлендірілген жеке пікіртерім жүйесі) және СКТС (телефон-сауалнамасы) жүйесін енгізу және интеграциялау);

2) БҰҰДБ-мен бірлесіп «Тең құқықтықты жылжыту саласында міндеттемелерді жүзеге асыру және Тұрақты Даму Мақсаттарына жетуге жәрдемдесу»15,2 млн. теңге (ҚР Мемлекеттік хатшысы Әбдіхалықова Г.Н. 2016 жылғы 6 шілдедегі №32-47.2 тапсырмасына сәйкес, гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтарымен мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде БҰҰ құрылымының Көпмемлекетті кеңсесімен бірлесіп зерттеулер жүргізу қажет «БҰҰ-әйелдер»).

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет