Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен М. Горький атындағы орта мектебінің, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің, Ақтоған орта мектебінің 11 сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарының жүргізілуін

Loading...


бет1/3
Дата05.03.2017
өлшемі88.03 Kb.
  1   2   3
Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен М.Горький атындағы орта мектебінің, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің, Ақтоған орта мектебінің 11 сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарының жүргізілуін зерттеу, зерделеу қорытындысы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары 2015 жылдың 6 – 8 қазан аралығында білім бөлімінің ағымдағы жылдың 05 қазандағы №762 бұйрығымен зерделенді.

Зерделеу барысында мектеп әкімшілігінің, пән мұғалімдерінің ағымдағы жылғы 11 сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары зерделенді.

Мектеп директорының бұйрығымен «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты ұйымдастыру мақсатында техникалық хатшы болып, оқу ісі жөніндегі орынбасары Ибраимова Эльвира Шымкентбайқызы бекітілген. Техникалық хатшының құжаттары зерделенді. Техникалық хатшыда 7 папка жинақталған. ҰБТ материалдары папкасында іс-шара жоспары,бұйрықтары, қосымша сабақтар кестесі, 11 сынып оқушыларының тізімі, бағыты туралы мәліметтер бар. ҰБТ-ге дайындық іс-шара жоспарында кейбір қаралатын мәселелердің орны, мерзімі нақты көрсетілмеген. 11 сынып оқушылары және ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар папкасында жиналыстың хаттамасы және оқушылар туралы мәліметтер салынған. Ата-аналар жиналысы 09.09.2015ж күні өткізілген. Хаттамасы жазылған.

«Алтын белгі» үміткері Узбек Әділжаннан алынған тест қорытындысы жазылған. 3 тест алынған, соның біреуінде биологиядан «4» алып, ақтамаған. Қалған 2 тест бойынша бәрінен «5» алып, ақтаған.

ҰБТӨП-тен алынған байқау тест жұмыстарына сараптама жүргізген. Қыркүйек айында 17.09.2015ж күні тест алынған. Мектеп бітіруші 48 оқушының 44 оқушысынан тест алынып, талдау нақты жасалынбаған. Әр сыныптың жеке-жеке және әр пән бойынша білім сапасы көрсетілмеген. Пән мұғалімдері бірдей болмағандықтан пән мұғалімдерінің де білім сапасы, орташа балл, үлгерімі нақты көрсетілуі керек. Талдау соңында ұсыныс берілмеген. Мектеп әкімшілігі тарапынан алынған тест жұмыстары, қорытындылары жазылған. Қыркүйек айында 2 рет әкімшілік тест алынған. Алынған тест жұмыстарына талдау-сараптамада жеке сыныптар көрсетілмеген. Ұсыныстар жазылмаған. Тест материалдары пән мұғалімдерінен алынып, тестіленеді. Төмен жинап жүрген оқушы туралы мәлімет және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс мүлдем көрсетілмеген. Хатшыға түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтар педагогикалық кеңесте 3 рет, қарашада, қаңтарда, наурызда, директор алдындағы кеңесте 2 рет, наурызда, мамырда, әдістемелік кеңесте 1 рет қаңтарда қаралу жоспарланған.

Мектеп директоры Б.Абитаева 8 сабаққа, МДҒӘІЖО Дәуренбекова Рахат 9 сабаққа, МДТІЖО Кайпулдаев Ербол 3 сабаққа, Сопабекова Н 9 сабаққа, оқу – ісі жөніндегі орынбасары Ибраимова Э. 15 сабаққа қатысқан. Сабақты тексерушінің талдаулары жазылған. Арнайы кестеге толтырылып, қорытындыланған, Э.Ибраимованың кейбір сабақтарында сабаққа қатысу мақсаты көрсетілмеген, жасалған қорытындылар мен берілген ұсыныстар негізінде мұғалімге өздігінен даму үшін ұсыныстар берілмеген.



Ұсынымдар:

  1. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты ұйымдастыру мақсатында жүйелі іс – шаралар жоспары жасалыну тиіс;

  2. Тест қорытындысын талдап, сараптама жасағанда әр сыныпты бөлек, әр пәннің мұғалімдерінің білім сапасын бөлек сараптау қажет;

  3. Сабаққа қатысқан кезде, қатысу мақсаты және жасалған қорытындылар мен ұсыныстар негізінде мұғалімге өздігінен даму үшін ұсыныстар беріліп отыру қажет.

Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің 11-сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 3 мұғалім сабақ береді:С.Салғараева – еңбек өтілі 14 жыл, ІІ біліктілік санатты мұғалім;А.Құлмағамбетова – еңбек өтілі 15 жыл, ІІ біліктілік санатты мұғалім;А.Абишева – еңбек өтілі 14 жыл, ІІ біліктілік санатты мұғалім;

Зерттеу-зерделеу барысында пән мұғалімдерінің 11 сынып оқушыларымен ҰБТ-ге дайындық барысында алынған байқау тестілерінің қорытындысы, нәтижелеріне сараптамалық талдау жүргізуі, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысы тексерілді.

Пән мұғалімдері бүгінгі уақытқа дейін мектеп түлектерінен 4 рет тақырыптық, тараулық және кешенді тест алған, тест нәтижесіне мониторинг жасап, әр оқушының диагностикалық картасы жасалынған, алайда мәтіндік-сараптамалық талдауы қысқаша жазылған.

Байқау тесті барысында үлгерімі төмен оқушылар анықталып, оқушылардың байқау тестінің нәтижелері бойынша білім-білік деңгейіне қарай топқа бөліп жұмыс жүргізуде.

Тексеру барысында пән мұғалімдерінің 11 сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жүргізілуі зерделенді.

С.Салғараеваның 11 «В» сыныбындағы әдебиет пәнінен М.Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы тақырыбындағы сабағы мұғалімнің сол сабаққа жан-жақты дайындығы мен педагогикалық шеберлігінің және оқушылардың жоғары белсенділігінің нәтижесінде сабақ өте жақсы өтті. Сабақта оқушылар мұғалім тарапынан берілген тапсырмалар мен көрсеткен бағыт бойынша қалыпты жағдайда жұмыс жасап жүргенін көрсете білді. Сондай-ақ, мұғалім деңгейлік курс бағдарламасы бойынша «СТО» технологиясының стратегияларын тиімді пайдалана білді, оқушылар сөйлеуге, сыни тұрғыдан ойлануға, өз ойларын еркін жеткізе білуге төселген.

А.Құлмағамбетованың 11 «Б» сыныбындағы «Шешендік сөзге қойылатын талаптар» тақырыбындағы сабағында оқушылардың қабылдауының, ынталарының, белсенділігінің жоғарылығына қарамастан, мұғалімнің дайындаған тапсырмалары өте жеңіл, қарапайым түрде болды. Оқушылардың білім-білік деңгейлері ескерілмей, барлығына бірдей тапсырмалар орындатумен шектелді.

А.Абишеваның 11 «В» сыныбындағы әдебиет пәнінен М.Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы тақырыбындағы сабағы мұғалімнің тың ақпараттар мен материалдар арқылы дайындығына қарамастан, әлі де болса мұғалімнің әдістемелік тұрғыдан дайындығының аздығына байланысты оқушылардың назарын аудара алмады, оқушыларды сабаққа қызықтыра алмады. Оқушылардың кейбірі сабаққа еш қызығушылық танытпай, біразы селсоқ, немғұрайлы отырды.



Сондай-ақ, зерделеу барысында оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дайындықтарын тексеру мақсатында барлық мектеп түлектерінен байқау тестілері алынды.



Сыны-

бы

Пәні

Оқу. саны

«4»

%

«3»

%

«2»

%

Біл. сапа-сы

Үл-гер-

меуші

Пән мұғалімі


1

11 «А»

қазақ тілі

16

6

37

9

56

1

6

37%

6%

А.Абишева

2

11 «Б»

қазақ тілі

15

5

36

9

64

-

-

36%

-

А.Құлмағамбетова

3

11 «В»

қазақ тілі

14

6

40

9

60

-

-

40%

-

С.Салғараева

4

11 «Б»

қазақ әд.

7


3

42

4

58

-

-

42%

-

А.Құлмағамбетова

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебін тексеру барысында 11 сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінен А.Жақсылықова және Р.Альпейсова сабақ жүргізеді, бірақ тексеру барысында Р.Альпейсова белгілі себеппен болған жоқ. Сондықтан тек қана А.Жақсылықованың жұмыстары қаралды. 11 сынып оқушыларынан мемлекеттік стандарт негізінде тест жұмысы алынды. Тест нәтижесі 11 «А» сыныбында 38 %,11 «Ә» - 40% 11 «Б»- 41 % білім сапасы, үлгермеушілік жоқ. Қалдық білімді тексеру «О»- дік бақылау жұмысымен салыстырғанда 5-8% -ға кем.

Мұғалімнің күнтізбелік жоспары, журналы мен қол жоспарында өзгеріс жоқ. Журнал уақтылы дер кезінде толтырылған, бақылау жұмыстары мен дәптердегі бағалар сәйкес келеді.

Мұғалім әдістемелік бірлестік жетекшісі болып табылады, сол себепті әдістемелік бірлестік құжаттары да тексерілді, тексеру барысындағы кемшіліктер мұғалімге ескертіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Атап айтар болсақ, әдістемелік бірлестік жетекшісін тағайындау бұйрығы және басқа құжаттардың, әдістемелік бірлестік тақырыбының мақсат міндеттерінің нақтылығы, айлық жоспардың дұрыс рәсімделуі, отырыс хаттамаларының түптеліп, тігілуі, осы кезге дейінгі 2 хаттама болуы қажет, бірлестіктің ортақ тілдер мерекесіне жоспары мен талдауы, Бастапқы бақылау жұмысының талдауына байланысты сын ескертпелер айтылды. Кемшіліктер тексеру барысында ретке келтірілді.

Тексеру барысында “Keeping in tоuch with new technology” тақырыбындағы сабағы талданды. Сабақ барысында мұғалім өз іскерлігін көрсете білді. Мұғалім мен оқушы арасында жақсы атмосфера орнатылған, топтық-жұптық, мәтінмен жұмыс жасалды. Көрнекілік ретінде сөздік жұмыстарына телефон арқылы оқытудың жаңа әдісі ретінде қолданды.

Ұсыныс:

1. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін өз сабақтарында қолдансын.

2. Деңгейлік курсты оқыған мұғалімдердің шеберлік сабақтарына қатысып, өз іс- тәжірибесін толықтырсын.
Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларына математика пәнінен 3 мұғалім дәріс береді.




Аты жөні

Мамандығы


Білімі

Бітірген оқу орны

Еңбек өтілі

Санаты

Біліктілігі арттыру курстары

Шығармашылық тақырыбы

Беретін сыныбы

1

Абылбаева Гульнара

Математика және физика пәні мұғалімі

Жо-ғары

Жамбыл пед институт

25 жыл

жоғары

Құлан ауылы оқушы білімдерін бағалауда оқыту үшін бағалаумен оқуды, бағалауды жүргізу әдіс- тәсілдері 2014 ж 24 маусым

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып білім сапасын арттыру

11а

2

Сарсунбаева Эльмира

Математика пәнінің мұғалімі

жоғары

Жамбыл педагогикалық институт

29 жыл

жоғары

Құлан ауылы оқушы білімдерін бағалауда оқыту үшін бағалаумен оқуды, бағалауды жүргізу әдіс- тәсілдері 2014 ж 24 маусым

Үш өлшемді әдістемелік жүйені пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру

11б

1

Қожакеева Арай

Математика пәнінің мұғалімі

жоғары

Тараз Мемлекет-к педагогикалық институт

8 жыл

2

Тараз қаласы 2012 жыл математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Оқушылар-ң іс- әрекетін ұйымдастыру арқылы математикаға қызығушылығын арттыру

11в

ҰБТ –ге дайындық жұмыстары кестеге сай жүргізіледі. 2015 – 2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалған.

Барлық 11 сынып оқушыларынан тест жұмыстары алынып көрсеткіштері төмендегідей болды.

11абарлығы : 18 Мұғалімі: Абылбаева ГТапсырғаны: 17

«5» -0;«4» - 5; «3» - 12

Білім сапасы : 29%, Ең жоғары ұпай - 15 , Ең төменгі ұпай – 5

Мектепішілік тестермен салыстырғанда 1% - ға жоғары

11ббарлығы : 14 Мұғалімі: Сарусунбаева Э; Тапсырғаны: 14

«5» -0; «4» - 4; «3» - 10; Білім сапасы : 28%; Ең жоғары ұпай - 12 ; Ең төменгі ұпай – 4; Мектепішілік тестермен салыстырғанда 2% - ға төмен

11вбарлығы : 16 ;Мұғалімі: Қожакеева А; Тапсырғаны: 15

«5» -0; «4» - 4; «3» - 11; Білім сапасы : 26%; Ең жоғары ұпай - 12 ; Ең төменгі ұпай – 4;Мектепішілік тестермен салыстырғанда 2% - ға төмен



Абылбаева Гүлнардың 11а сыныбындағы геометрия пәнінен «Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері» тақырыбындағы сабағы талданды. Бұл жаңа сабақты меңгерту сабағы болғандықтан, оқушыларды үш топқа бөліп, үлестірмелі тапсырмалар таратып, яғни берілген көп бұрыштардан көпжақтар құрастырып, оларға өздері анықтама берді және интербелсенді тақтаны пайдалана отырып, мұғалім сабақты қорытындылады, оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты . Сабақ өз дәрежесінде қызықты өтті. Тура осы сабақ 11в сыныбында мұғалімі Қожакеева Арай бірақ та мұғалімнің іс – тәжірибесінің аздығы көрініп тұрды.

11б – (қоғамдық – гуманитарлық бағыт) сыныбында мұғалімі Сарусунбаева Эльмираның «Анықталған интеграл Ньютон – Лейбниц формуласына есептер шығару» сабағына, яғни алгебра пәні сабағы талданды. Бекіту сабағы болғандықтан, есептер шығарылып, өзіндік жұмыс алынды және осы өзіндік жұмыс бойынша оқушылардың білімдері бағаланды, бірақ кемшіліктер де болмай қойған жоқ, олар пән мұғалімнің өзіне айтылды.

Мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрықтағы әдістемелік нұсқаулықты басшылыққа ала отырып бағдарламаға сәйкес жасалған, күнтізбелік жоспар мен журналдардың сағат сандары сай. Бағдарламадан артта қалушылық, ауытқушылық жоқ.

Сынып журналдарында түзету орын алмаған, баға қою қоры жеткілікті. Журнал тексеру барысында баға қою нормативі толық сақталынғандығы анықталды, кейбір кемшіліктері пән мұғаліміне аталып көрсетілді

Мұғалімде портфолио жасалынған, жаңартуды қажет етеді. Өздігінен білім көтеру құжаттары да толық.

Ұсыныс:


  1. Өзара сабаққа қатынасу кезінде сабақты талапқа сай талдау жасап, ұсыныс көрсетілсін.

  2. Сабақта электронды оқулықтарды көбірек пайдаланылсын.

  3. Дидактикалық материалдар қорын көбейтсін.

  4. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жандандырылсын.

  5. ҰБТ –ге дайындық жұмыстары жандандырылсын

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде физика пәнінен 11-А,Б,В сыныптарына Сәрсебаева Назгүл дәріс береді.



Аты жөні

Мамандығы


Білімі

Бітірген оқу орны

Еңбек өтілі

Санаты

Біліктілігін

арттыру курстары

Шығармашылық тақырыбы

1

Сарсебаева Назгүл

Физика пәнінің мұғалімі

Жо-ғары

Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институты

25 жыл

І

Алматы қ. Өрлеу 01.09-29.11.2014

(II деңгей)



Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясын қолдану арқылы оқушыларды шығармашы-лыққа баулу.

ҰБТ-ге дайындық жұмыстары кетеге сай жүргізіледі. 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалған. Мұғалімнің күнтізбелік жоспарлары 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрықтағы әдістемелік нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, бағдарламаға сәйкес жасалған, күнтізбелік жоспар мен журналдардың сағат сандары сай. Бағдарламадан артта қалушылық, ауытқушылық жоқ. Сынып журналдарында түзету орын алмаған, баға қою қоры жеткілікті. Журнал тексеру барысында баға қою нормативі толық сақталынғандығы анықталды, кейбір кемшіліктері пән мұғаліміне аталып көрсетілді

Мұғалімде портфолио жасалынған, жаңартуды қажет етеді. Өздігінен білімін көтеру құжаттары да толықтыруды қажет етеді. Пән мұғалімі деңгейлік курстан өткен (15 желтоқсан 2014 жыл), сабақта жаңа «АКТ», «СТО» технологиясын қолдана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Пән мұғалімінің үш сабағына қатысып, талдау жасалды. 11-А,В сыныптарында «Модуляция және детектирлеу. Радиотолқындардың таралуы. Радиолокация», ал 11-Б сыныбында «Электр қозғаушы күші» Оқушылар белсенді, сабаққа дайындықпен келгендері көрініп тұр. Мұғалім уақытты тиімді пайдалана алмады. 2015-2016 оқу жылында алынған Бастапқы бақылау тестпен салыстырғанда, білім сапасы 2 %-ға төмендегені анықталды.Тексеру барысында физика таңдаған 13 оқушы тест жұмысын орындап, білім сапасы 30%-ды көрсетті.

Ұсыныс:


  1. Өзара сабаққа қатысу кезінде сабақты талапқа сай талдау жасап, ұсыныс көрсетілсін.

  2. Бағалауды тиімді, дұрыс қойсын.

  3. Сабақта электронды оқулықтарды көбірек пайдаланылсын.

  4. Дидактикалық материалдар қорын көбейтсін.

  5. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жандандырылсын.

М.Горький атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары 2015 жылдың 6 – 8 қазан аралығында білім бөлімінің ағымдағы жылдың 05 қазандағы №761 бұйрығымен зерделенді.

Зерделеу барысында мектеп әкімшілігінің, пән мұғалімдерінің ағымдағы жылғы 11 сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары зерделенді.

М.Горький атындағы орта мектебінде «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары» бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Қыстаубаева, ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ө. Шымырбекованың жұмыстары зерделеніп, тексерілді.

Р. Қыстаубаева осы лауазымды қызметті атқарып келе жатқанына 6 жыл. Лауазымдық қызметінің бір бағыты – мектеп бітірушілерді ҰБТ – ге дайындау жұмыстарын үйлестіру. Осы бағыттағы атқарылған жұмыстар бойынша төмендегідей іс –әрекеттер жасалынған. ҰБТ – ге дайындық (2015 – 2016 оқу жылы) жоспары бар. Оқушылардың тізімі алынған, таңдау пәндері анықталған. Қосымша сабақтың кестесі жасалынған.

Әкімшілік тарапынан бір рет, ҰБТӨП – тен бір рет тест алынған. Тестің қорытындысы:




Орташа балл

Білім сапасы

Үлгермеуші

Әкімшілік тест

44,3

21,4%




ҰБТӨП алынған тест

45

16,5%

9,1%

Айырым

+0,7

-4,9




Талдаулары толық, анық жазылған. Жалпы 9 сабаққа, оның ішінде 11 - сыныптардың 4 сабағына (алгебра 2 рет, қазақ әдебиеті, физика) қатысқан.

Ата – аналармен, оқушы, мұғалімдермен жиналыс өткізген, хаттамаға жазылған. Хаттама дәптерлері нөмірленген, мөрленген. Мектеп фойэсінде, сынып бөлмелерінде ҰБТ бұрышы бар (орыс сыныптарында жоқ)

Педагогикалық кеңесте ҰБТ – ге дайындық жұмыстары бойынша мәселе 4 рет, директор жанындағы кеңесте 7 рет жоспарланып, көрсетілген.

Мектеп психологы Г.Муленбаева мектеп бітірушілермен ҰБТ жоспарын жасаған. Қыркүйек айы бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізіліп, анықтама – хаттамалары тіркелген.

Директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ө. Шымырбекованың жұмыстары бойынша: ғылыми – әдістемелік жұмыстардың жұмыс жоспарлары жасалған.10 пән бірлестігі жұмыс істейді. Бірлестік бойынша бұйрық шығарылған. Тарих – география пән бірлестігінен басқа бірлестіктердің папкалары (әр түрлі себептермен ) көрсетілмеді.Ө.Шымырбекова жалпы 13 сабаққа (оның ішінде 11 - сыныптардың 4 сабағына) қатысқан. Талдау жасалған (толық емес).

Ұсыныс:


  1. Мектеп бітірушілердің ҰБТ – ге дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында мектеп басшылары 11 – сыныптардың сабақтарына жиі қатысып отыру, толық талдау жасау.

  2. Пән бірлестіктерінің жұмыстарын жүйелеу, нақты жұмыстар атқару.

  3. Білім сапасын аттыру бағытында педагогикалық кадрлармен ғылыми – әдістемелік жұмыстарды жандандыру, әдістемелік жұмыстың мазмұнын жаңарту.

М.Горький атындағы орта мектебінде 11 сыныпқа қазақ тілі пәнінен 3 мғалім дәріс береді. Сұлтанқұлова Сандуғаш оқытатын 11 «А» сыныбынан бақылау жұмысы алынып, нәтижесінде 38,8 % пайыз білім сапасын көрсетсе, мектепішілік бақылауда: б/с.33 % көрсетті. Халбаева Шынар оқытатын 11 «Ә» сыныпта аудандық білім бөлімі тарапынан (7.09.15) алынған тест қорытындысы бойынша 40 %

11 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәні бойынша сынып журналында бастапқы сынама алынбаған, баға жоқ. Үйге тапсырма деген бөлім жалпылама жазылған. Не берілгені нақты көрсетілмеген.Мыс: «жаттау» емес,«Жазғы кеш» өлеңін жаттау.

2015-2016 оқу жылына ҰБТ-ге дайындау жоспары бар. Барлық тарау толық қамтылған. Тарау қорытындысынан соң тақырыптық тестке арнайы сағат бөлінген. Осы күнге дейін пән мұғалімі 2 тест алынып,сараптама жасалған.

Оқушылардың жұмыс дәптерлері бар. Уақытылы тексерілген, баға талапқа сай қойылған.

Халбаева Шынар жетекшілік ететін 11 «Ә» сыныптың сбағына қатыстым. Мұғалім өз сабағын тиянақты түрде өтті. Теориялық білімі жоғары. Сатылай кешенді талдау технологиясын пайдаланды. Оқушылардың ынтасы төмен. Жауапты тез бере алмайды. Жеңіл сұрақтардың өзін ойланып жауап береді. (өзгенің көмегін қажет етеді).Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жұмысы жүйеге келтірілген. Құжаттары жинақталған. Жоспар, апталық жоспар, іс-шара, отырыс жоспарлары бар. Бірінші отырыстың хаттамасы жазылған, талапқа сай.

М.Горький атындағы орта мектебінде 11 сыныптарға орыс тілі пәнінен 3 мұғалім сабақ береді. 11 В (орыс сыныбына) Муканова Айгул , 11 А сыныбына Айтибекова Гульнар, 11 Ә сыныбына Дузбаев Талғат сабақ береді.

Тексеру барысында пән мұғалімдерінін орыс тілі пәнінен ҰБТ-ге дайындық бойынша құжаттары қаралды. Г.Айтибекова және А.Мукановада әр тесттен кейін алынған жүмысқа сараптама толық жазылмаған. Талдауда нақты қай оқушы төмен ұпай жинаған екенін жазбаған,мониторинг жасалмаған. Оқушыларға арналған тараулық тесттерді толықтыру қажет.Төмен ұпай алған оқушылармен қосымша сабақ жоспарланбаған. Т.Дузбаевтың 11 сынып оқушыларына арналған тесттері жоқ.11 Ә сыныбының орыс тілі сабағына талданды, пән мұғалімі Т.Дузбаев ( ІІІ деңгейлік бағдарлама бойынша аяқтаған). Сабақ талапқа сай өткізілмеді.Сабақ барысында оқушыларға берілген тапсырма, қойылған сұрақтар жас ерекшеліктеріне сай емес. Оқушылардың білімі бағаланған жоқ. Қатысқан сабақтарда тек оқулықтағы тапсырмалармен шектелді, жана технология жоқ. Сабақ барысында оқушының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға көңіл бөлінбеді, сабаққа қатысу белсенділігі төмен. Мұғалім өзі сөйледі, оқушы әрекеті аз.

11 сынып оқушыларының орыс тілі пәні бойынша білім сапасын тексеруде тест тапсырмалары алынды.



Сынып

Барлығы

Жазғаны

«5»

«4»

«3»

Бастапқы бақылау

Тексеру қорытындысы

11А

18

18

1

5

12

41 %

33 %

11Ә

10

10




4

6

50 %

40 %

11 В

7

7




1

6

42 %

14 %

Бастапқы бақылаумен салыстырғанда, 11 а сыныбында 8 %, 11 Ә сыныбында 10 %, 11 В орыс сыныбында 28 % айырмашылық бар.

Орыс сыныптары бойынша ең төмен 4 ұпайды Ракулов Артем алды. Қазақ сыныптары бойынша төмен ұпайды алған:Тұрсынбеков Әбдібек, Санакбек Меруерт,Сиқымбек Данияр,Құлмаханбет Самат,Колбай Назгуль (4ұпай), Мырзалы Аслан (5 ұпай). Пән мұғалімдері тарапынан төмен ұпай алған оқушылармен ешқандай қосымша сабақтар жүргізілмеген.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Алгоритмнің анықтамасы Алгоритмнің қасиеттері
2015 -> Атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияның мақсаты
2015 -> Қазақстандағы экологиялық зерттеулер
2015 -> Г нысаны. Жаңа әдісті енгізуге тапсырыс. ЖаңА Әдісті енгізуге арналған қҰжаттардың нысандары мен тізімі «Ғылыми-медициналық экспертизаны өткізу ережелеріне»
2015 -> Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оны жоспарлау
2015 -> 3. «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу,
2015 -> Директордың бейіндік оқыту жұмыс жөніндегі орынбасары
2015 -> Технологиялық коммерцияландыру стратегиясы
2015 -> 1. Инженерлі (кәсіптік) педагогика дегеніміз
2015 -> «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...