Ұлы тұЛҒАҒа хат қуандық Жанайым Сүйіндікқызы



жүктеу 19.21 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі19.21 Kb.
ҰЛЫ ТҰЛҒАҒА ХАТ



Қуандық Жанайым Сүйіндікқызы

67 гимназияның 11 сынып оқушысы



Ғылыми жетекшісі

Абдыкаимова Ақылгүл Сарсенқызы

Астана қаласы

Міржақып ата, сіздің өміріңіз бен шығармашылығыңызға тәнті болып, ризашылығымды білдіруге қолыма қара сиямды алып, хат жазуға бел будым. Сіздің тәуелсіз қазақ елін көрсем деген арманыңыз орындалды. Мен сол сіз аңсаған тәуелсіз елдің ұрпағымын. Қазақ үшін, қазақтың діні, тілі, жері үшін шырылдаған сіздей өр тұлға ешкім тең келмес. Сіз мен үшін ерекше тұлғалы жансыз. Сіздің өмірлік жолыңызбен танысқанымда, сол кеңес заманының қатып қалған стратегияларына қарамастан, елдің, жердің, келер ұрпақтың қамын ойлап, ащы шындықты бетке айтып, көп зардап шектіңіз. Сіздің бұл ісіңіз біріншіден, ерлік болса, екіншіден, ұлтын шын сүйген елжандылығыңыз деп білемін. Сіз қараңғы қазақтың көзін аштыңыз, әрбір өлеңіңізді оқығанымда сол кездегі тарихқа көз жүгірткендей болдым.

«ОЯН, ҚАЗАҚ!» ­- бұл сөзіңіздің құдіреті де қасиеті де қаншама десеңізші. Осы отты өлеңіңіздің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қан тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы мені қатты толғандырады. Бүгінде қазақ халқын індеттей жайлаған бойкүйездік,  жалқаулық, еріншектік - ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отыр. Өкінішке орай, сіздің «Оян, қазақ!» деген ұраныңыз әлі де қазіргі кейбір жастарымыздың санасына жете алмай жүргені көңілімді қалдырады. Өлеңдеріңіздің әрбір сөзі ата - аналарының санасына жеткенде, неліктен біздің қатарластарымыздың жүректерінің түгіне жетпейді екен?! Сол мәңгілік ұйқыда жүрген, бір күндігін ғана ойлайтын жастарымыз қаншама.... Дегенмен де, сіз бар ақылыңызды халыққа жеткізе білдіңіз, барша кесапаттарды дөп басып айттыңыз, содан арылуға үндеу салдыңыз, намысқа шақырдыңыз. «Құдай бала бер, бала берсең, сана бер» демекші, әр адамға Алла тағала сана берсін. Жүрегінің түгі бар саналы азаматтарымыз сіздің әрбір сөзіңізді ой елегінен өткізе біліп, жадында сақтай алады деген үмітпен тағы да «Оян, қазақ!» демекпін.

Сіздің қазақ тарихында да, қазақ әдебиетінде де ойып алар орныңыз ерекше. Шығармаларыңыздың тілі жеңіл, көркемдік мазмұны оқырман жете түсінетіндей анық, шынайы өмірмен байланыстырылып жазылған. Әсіресе, қазақ қыз - келіншектері, жастары сіздің шығармаларыңызды оқи отырып, шексіз ризашылығын білдіретіндігін сеніммен айта аламын. Себебі, сіздің шығармаларыңыз арқылы қазақтың қыз -келіншектері өз теңсіздіктерін алды, өз теңін таба білді, өз еркімен жүрегі қалаған адаммен отбасын құрай алды.



Сөзімді аяқтай келе, өз атымнан және қазақ жастарының атынан сізге деген алғысымыз шексіз. Жаныңыз жәннәттан болып, рухыңыз биік болсын, Міржақып ата!

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет