Лекциялар курсы Мамандықтар: «050507 Менеджмент», «050509 Қаржы»



жүктеу 0.97 Mb.
бет1/11
Дата15.04.2017
өлшемі0.97 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Ш. Ш. УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Экономика және ақпараттық технологиялар факультеті

Менеджмент және маркетинг кафедрасы
Сыздыкова С.А., Азмаганова Қ.Ж.

«Экономикалық теория» пәні бойынша лекциялар курсы

Мамандықтар: «050507 Менеджмент»,

« 050509 Қаржы», «050508 Есеп және аудит»



Курс 1

Семестр 2

КӨКШЕТАУ 2007


Учебник по Экономической теории
кредит лекция
1 тақырып
2 таќырып Ќоѓамдыќ
3 таќырып
4 таќырып
5 тақырып
6 таќырып
7 таќырып
8 тақырып
9 таќырып
10 таќырып
11 таќырып
12 таќырып
13 таќырып
14 таќырып
15 таќырып
Пєн бойынша емтихан с
1 тақырып Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен ролі.

Лекция жоспары (1 кр.сағ)

1. Экономикалық теория курсінің құрылымы мен қисыны. Экономикалық теория және басқа экономикалық ғылымдар.

2. Экономикалық үрдістерді тану әдістері, экономикалық теория пәні және қызметі.

3. Экономикалық саясат және оның мақсаттары


"Экономика" термині грек сөзінен "ойкономия" – үй шаруашылығын жүргізу өнері деген мағынаны білдіреді. Бірақта, қазіргі кезеңде "экономика" термині үш негізгі мағына мен анықталады:

Біріншіден, экономика – бұл адамдардың шаруашылық іс-әрекетімен және өндіріспен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы. Қатынастардың сипаттамасы,меншік формалары және шаруашылықты жүргізу мен өнімнің бөліну принциптері бойынша экономика бөлінеді: құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік, нарықтық және әкімшілік-әміршілік типтеріне.

Екіншіден, экономика – бұл жеке шаруашылық немесе өндірістік жүйе (жеке қаланың, облыстың, аймақтың, мемлекеттің немесе мемлекет топтарының экономикасы). Мысалы, басқаша айтқанда, Көкшетау қаласының экономикасы, Солтүстік-Қазақстан аймағының халық шаруашылығы, Қазақстан экономикасы және т.б.

Үшіншіден, экономика – бұл қоғамның шаруашылық өмірінің белгілі бір саласын зерттейтін ғылыми және оқыту пәні. Мысалы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, еңбек экономикасы және т.б.

Келтірілген үш мағынаның негізі бойынша осы терминнің нақты анықтамасын беруге болады. Экономика – бұл адамдардың өз өмірлерін материалдық жағдаймен қамтамасыз етуінің іс-әрекеті.

Экономикалық ғылымдар жүйесі құралады экономикалық теориядан және басқада экономикалық ғылымдардан.

Экономикалық теория барлық экономикалық ғылымдардың жалпы теориялық және методологиялық негізі болып табылады, себебі экономикалық теорияда экономиканы зерттеу әдістері, олардың жалпы бағыттары, негізгі терминдер мен түсініктер анықталады.

Нақты экономикалық ғылымдар қоғам өмірінде жеке салалардың шаруашылық іс-әрекетін зерттейді (Ұлттық шаруашылықтың белгілі бір сала экономикасын, мемлекет экономикасы тарихын, экономикалық ілімдер тарихын және т.б.).

Сонымен, егер, экономикалық теория қоғамның шаруашылық негізін және экономиканың жалпы қағидаларын зерттесе, ал басқада экономикалық ғылымдарда жеке салалардың нақты шаруашылық іс-әрекетінде осы теориялық негіздер мен қағидалар көрініс табады (өнеркәсіпте немесе ауыл шаруашылығында және т.б. салаларда)

.

2. Экономикалық теория пәні, қызметтері және зерттеу әдістері


Қандай да болсын ғылымның өз пәні болады, яғни зерттеудің өзіндік маңызды тақырыбы болуы қажет. Эконоимикалық теорияның зерттеу көзі – ол қоғамның шаруашылық, өндірістік өмірі, игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде туындайтын адамдар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастар. Экономикалық теорияның нақты мағынасы мынадай сұрақтардан құралады: өндіріске қандай ресурстар қажет; шаруашылық процесс қалай жүргізіледі; экономикаға ақша не үшін қажет; көптеген адамдардың экономикалық іс-әрекетін қалай үйлестіру қажет; нарық механизмі дегеніміз не және ол еркінсіз баға мен бәсекесіз қоғамда пайда бола ала ма; дағдарыс, жұмыссыздық, инфляция қандай себептерден пайда болады және олармен қалай күресу керек?

Бірақ ғылым - бұл міндетті түрде іздену. Шаруашылық аясында – бұл әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің ең жоғары деңгейіне жету жолдарын іздестіру. Адамдар өзідерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндіріспен айналысады. Бірақ та, қажеттіліктер де халық саны өскен сайын оларда жаңарады және адамдардың сұранысы да өседі. Өндірістің ресурстары шектеулі болғандықтан, оларды қолдануда өзіндік қиындықтар мен өзекті мәселелер туындайды.

Сонымен, әлеуметтік- экономикалық тиімділіктің мағынысы - бұл қоғамның ең аз ресурстар шығынымен қажетті өмір сүру игіліктерді өндірудің ең жоғары деңгейіне жету.

Содықтан, экономикалық теория пәні - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін барынша қанағаттандыру үшін материалдық игіліктерді өндіруде қолданылатын шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды зерттеу.

Кез келген ғылым сияқты экономикалық теория бір қатар қызметтер атқарады, олардың ең маңыздылары:

1. Танып білу.

2. Методологиялық.

3. Сыншыл.

4. Практикалық.

Танып-білу қызметін қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең әрі жан- жақты зерттеп білуі және түсіндіруі тиіс.

Методологиялық қызмет – ол экономиканың ғылым жүйесі үшін методологиялық тұрғыдан негіз болып табылады. Оларға салалық экономика(өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылық экономикасы, құрылыс экономикасы, көлік экономикасы және т.б.), қызметтік ғылымдар(қаржы мен несие, ақша айналымы, бухгалтерлік есеп, еңбек экономикасы, статистика және т.б.), әртүрлі білім салалары тоғысатын ғылымдар (экономикалық тарих, экономикалық география, табиғатты падалану экономикасы, тұрғындар экономикасы және т.б.) және қолданбалы ғылымдар (маркетинг, менеджмент, жаруашылық қызметін талдау, жоспарлау, болжамдау және т.б.).

Сыншыл қызметінде – құбылыстарды сын тұрғысынан қарастырып, олардың жетістігі мен артықшылығын, күнделікті өмірде қолдану мақсатында және кемшілігін көрсетеді.

Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен , сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеуімен түсіндіреді.

Экономикалық теория ғылыми танып-білудің әр түрлі әдістерін қолданады. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген, жинақталған

(статистикалық) материалдарды анализ(талдау) және синтез , индукция, жүйе(система)түрінде қарау, болжамдар жасау және оларды тексеру, эксперимент жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.

Экономикалық теорияның зерттеу әдістерінің ең маңыздысы- ғылыми абстракция. "Абстракция" термині "жекеше тыс ойлау" деген ұғымды білдіреді. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

Экономикалық зерттеуде анализ(талдау) және синтез тәсілі де қолданылады. Қоғамда зерттелінетін құбылыстар мен процестер өзііндік белгілер, қасиеттер және сипаттар жиынтығына ие болады. Осы жағдайларды дұрыс түсіну үшін оларды, яғни зерттелінетін құбылыстар мен процестеді өздерінің құрамдас бөліктері мен жақтарына жіктеу қажет. Осы бөліктер мен жақтардың әрқайсысын нақтылап зерттеп, тұтас құбылыстың қажетті бір бөлігі ретінде қарастыруды анализ(талдау) дейміз.

Зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жұптастыру және оларды тұтас құбылыс ретінде танып-білуді синтез дейміз.

Индукция және дедукция тәсілдері - бұл бір біріне қарама қарсы, бірақ та, өзара байланыстағы ойлау тәсілі. Жеке фактілерден жалпы қорытынды шығарып ойлау- бұл индукция, ал керісінше, жалпыдан жекеге, бүтіннен бөлшекке көшіп ойлау арқылы тұжырымдамаға келу - бұл дедукция әдісі болып табылады.

Кез келген процесті зерттеуде экономикалық теория тарихи және логикалық әдістердің бірлігін қолданады, яғни экономикалық қатынастарды тарихи көз қараспен зерттей отырып, олардың тенденциялық дамуын айқындау үшін логикалық әдіс арқылы кездейсоқ факторлардың әсерінен құбылыс пен процестің пайда болуын, кері , немесе ілгері жылжуын, сонымен қатар, олардың өсу жолдарын көрсету қажет.

Экономиканы зерттеу төрт деңгейде жүргізіледі: макро-, мезо(медиум)-, микро- және мега экономика деңгейінде.

Макроэкономикалық талдау жалпы қоғамның экономикасын, немесе оның негізгі құрамдарын (жалпы мемлекет,жалпы үй шаруашылығы секторы және жалпы жеке сектор) қамтиды.

Медиум, немесе мезо-бұл макро- және микроэкономиканың аралығы: аймақ, облыс, қала, аудан және т.б.

Микроэкономикалық талдауда жеке бірліктер (фирма, жеке сала, немесе жеке отбасы) зерттелінеді.

Мегаэкономикалық талдау- бұл экономиканы әлемдік масштаб бойынша зерттеу.

3.Экономикалық саясат және оның мақсаттары


Экономикалық саясатты жасауда экономикалық теория әр қашанда қолданылады. Экономикалық саясат - бұл экономикалық мәселелерді шешуде және олардың құралдарын жүзеге асыруда жүргізетін мемлекеттің іс-әрекеті. Экономикалық теорияның зерттеулері мен тұжырымдары экономикалық саясатты жүзеге асыруға бағытталған, стратегиялық экономикалық болжау және әртүрлі бағдарламаларды жасап шығару үшін қолданылады. Экономикалық саясаттың міндеттерінің жүзеге асырылуы экономикалық жүйенің өзгеруіне, оның жетілдірілуіне әкеледі де, ал ол өз кезегінде экономикалық теорияның дамуында, жаңа ғылыми білімнің нақты қосылуында көрініс табады.

Позитивті экономикалық теория субъективті бағалау пікірлерден тәуелсіз болады. Ол адамның билігі мен ой-санасынан тәуелсіз адамдардың экономикалық мінез-құлықтарындағы ғылыми ой-пікілерін қалыптастырады. Керісінше, белгілі бір экономикалық қатынастарға немесе белгілі бір экономикалық теорияға сүйене отырып нормативті экономикалық теория экономиканың қандай болуы туралы немесе қандай нақты саяси ұсыныстар беру керек екендігі туралы адамдардың бағалау ой-пікірлеріне жүгінеді.

Экономикалық саясат мынадай мақсаттарға жетуге бағытталады:


  • Еңбекке кажеттілігі және қабілеті бар адамдарды толық жұмыспен қамтамасыз ету.

  • Бағалар деңгейінің тұрақтылығын сақтау.

  • Экономикалық тиімділік: ең аз шығын мен өнімділіктің ең жоғары деңгейіне жету.

  • Адамдардың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық өсуге жету.

  • Экономикалық еркіндік: кәсіпкерлер, еңбеккерлер мен тұтынушылар өздерінің экономикалық іс-әрекетін жоғары деңгейдегі еркінділікпен жүргізуі қажет.

  • Табыстардың әділ бөлінуі: адамдар абыройлы өмір сүру үшін өздерінің еңбегіне лайықты еңбек ақы алуы қажет.

  • Әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету: мемлекет еңбекке жарамсыз, қабілеті жоқ, ауру, қартаң, жетім адамдардың өмір сүруін қамтамасыз етуі қажет.


2 таќырып Ќоѓамдыќ µндіріс негіздері

Лекция жоспары (1кр.саѓ)

1. Экономикалыќ ресурстар: т‰сінігі, т‰рлері, шектеулілігі жєне оларды ќолданудыњ альтернативті тањдауы.

2. ¦дайы µндіріс: фазалары, т‰рлері, типтері.

3. Экономикалыќ ж‰йе жєне оныњ элементтері.

4.Экономикалыќ ж‰йелердіњ типтерініњ жіктемесі.

5.. Мемлекеттіњ экономикадаѓы ролі.



Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.

  1. Өндіріс – материалдық игіліктерді, пайдалы өнімді өндіру процесі.

  2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімдегі үлесін анықтау.

  3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.

  4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.

1.2. кесте.

Қоғамдық өндірістің құрылымы


Материалдық өндіріс

Материалдық емес өндіріс

Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б.

Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

Үнемі қайталап, жаңғырып отыратын өндірісті ұдайы өндіріс деп атайды.

Ұдайы өндірістің түрлері:



жай өндіріс ұлғаймалы өндіріс.
Ұлғаймалы өндірістің типтері:

  1. Экстенсивті - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

  2. Интенсивті - өндіріс техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

  3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

Өндіріс ресурстары - бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар:

  1. Табиғи ресурстар - өндіріс процесінде қолданылатын қоршаған ортадағы табиғат жағдайлары жиынтығының бір бөлігі (жер, қазба байлықтары, су ресурстары, т.б.)

  2. Еңбек ресурстары – еңбек ету қабілеті бар жұмыс жасындағы белсенді халық саны.

  3. Капитал - өндіріс процесінде қолданылатын құрал - саймандар үшін қажетті ақша қаражаты (машиналар, станоктар т.б.)

  4. Ақпараттық ресурстар - автоматтық өндірістің шаруашылығына компьютерлік техниканың көмегімен басқару үшін қажетті мәліметтер.

  5. Кәсіпкерлік қабілет – шектеулі ресурстарды өндірісте тиімді пайдалану мен дұрыс бағытта ұйымдастырудағы жоғары бағаланатын іскерлік дарын.

Нақты өндірісте әрекет жасауға жұмсалған ресурстарды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі экономикалық теорияда төрт өндіріс факторлары белгіленген: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Өндіріс процесі өндіргіш күштер арқылы жүзеге асады. Өндіргіш күштер дегеніміз - бұл өндірісті ұйымдастыру үшін пайдаланатын жұмыс күші мен өндіріс құралдарының жиынтығы.

Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:



  1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.

  2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.

Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыруда тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады. Мысалы: экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Х және У.

1 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы.




А – барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар В -Х тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар

С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану

Е – ресурстарды толық пайдаланбау

Д – осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс

1


Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы. Экономикалық жүйені топтау кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі.

1. Экономиканы ұйымдастыру бойынша:

    1. Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шет елдермен қатынас болмайды.

    2. Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

  1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

    1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

    2. Әкімшілік - әміршілік экономика - орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

    3. Нарықтық экономика - жеке меншікке, бәсекеге негізделеді.

    4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

  2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

    1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы, натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

    2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске, дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

    3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Дәстүрлі экономиканың сипаттамасы:

  1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

  2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

  3. Техникалық прогресс шектеулі.

  4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

  5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

  6. Мемлекет пен қарулы күштердің рөлі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың сипаттамасы:

  1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

  2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

  3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

  4. Орталықталынған ресурстар қоры.

  5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталылығының болмауы.


Нарықтық экономиканың сипаттамасы:

  1. Өндіріс факторларына жекеменшік.

  2. Кәсіпкерлік пен таңдау еркіндігі.

  3. Тәуекелге бел байлаған шаруашылық субъектілердің өзіндігі.

  4. Еңбек нәтижесіне қатысушылардың жеке ынталылығы – мотивациясы.

  5. Өндірушілер, тұтынушылар арасындағы бәсеке, сондықтан ешкім нақты (экономикалық) билікке ие емес.


3 таќырып. Меншік ќатынастары жєне оныњ экономикадаѓы ролі
Лекция жоспары (1 кр.саѓ)

1. Экономикалыќ ж‰йеде меншіктік ќатынастардыњ орны. Меншіктіњ экономикалыќ жєне ќ‰±ќыќтыќ мазм±ны.



2. Меншіктіњ ќ±ќыќтыќ ќатынастары.

3. Нарыќтыќ экономикадаѓы меншіктіњ кµпт‰рлі формасы.

4. Ќазаќстан Республикасындаѓы мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру.
Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.


Меншік субъектісі меншік объектісі



Адам, отбасы,әлеу- Жер,ғимараттар, табиғи ресурстар

меттік топтар, ұжым, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік

халық, мемлекет, басқару ақша, асыл заттар, ақпарат, органдары. жұмыс күші, білім, бағалы қағаздар
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

  1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

  2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару.

  3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

  4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

  5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

  6. Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады.

(Оноре тізімі бойынша):



  1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш - қуаттылық) бақылау құқығы.

  2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

  3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануда кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

  4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

  5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

  6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы.

8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.



9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға тйым салу құқығы.

10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Олардың ең бастылары: жалпы және жеке меншік болып саналады.

Осы белгілер бойынша, яғни еңбек бөлінісінің даму деңгейіне байланысты меншік әр түрлі иемдену формаларына бөлінеді:



  1. Жеке иемдену формасы.

  2. Ұжымдық иемдену формасы.

  3. Қоғамдық иемдену формасы.

Осы келтірілген меншіктің формалары өз кезегінде бірнеше түрлерге бөлінеді:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет