Лекция 2 сағ. Практикалық сабақтар: 28 сағ. СӨЖ. 30 сағ. ОбсөЖ. 30сағ. Барлық сағат 90 сағ



жүктеу 451.02 Kb.
бет2/4
Дата09.09.2017
өлшемі451.02 Kb.
1   2   3   4

4. Оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны.

Жалпы сағат саны.

Оның ішінде.

Семестр.


Қортын

ды бақылау.



Лек.

Практ.

СӨЖ

ОБ

СӨЖ


2

90



















№1кредит

15

2

13

15

15







№2кредит

15




15

15

15

1 семестр.


Емтихан.


5. Оқу сабақтарының құрылымы.
Лекция.- студентке тақырыпты игеруге неге назар аударуына бағыт

береді.Пәндітолық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттерді

барлығымен жұмыс істеуі қажет.

Семинар сабақтарында- студент талдау,салыстыру,тұжырымдау,

Проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді

Ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек.

СӨЖ- студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды,өз бетімен меңгереді.

ОБСӨЖ-оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып

меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін

тексереді ,бақылайды.


6.Студентке арналған ережелер.
1.Сабаққа кешікпеу керек.
2.Сабақ кезінде әңгімелеспеу,газет оқымау,сағыз шайнамау,ұялы телефонды өшіріп қою керек.
3.Сабаққа іскер киіммен келу керек.
4.Сабақтан қалмау,науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
5.Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтіленеді.
6.Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
7.Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша

бөліну кестесі.

1-кредит.



Тақырыптың аты.

Лек.

Прак.

СӨЖ


ОБ

СӨЖ

1

Кіріспе

Сурет тарихы.



1










2

Сурет пен композицияның көркемдік тәсілдері мен заңдылықтары.

1





3


3


3

Жарық пен көлеңке.




4

4

4

6


Геометриялық денелерден құралған натюрморт.



4

4

4

7

Тұрмыстық бұйымдардан құрастырылған натюрморт.




5

4

4





Барлығы.

2

13

15

15

2-кредит





Тақырыптың аты.

Лекция

Практика

СӨЖ

ОБСӨЖ

2

Тірі адам құрылымы.




7

7

7

3

Әйел адамның басы.




8

8

8





Барлығы




15


15


15

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі.


«Сырдария » университеті.


«Мәдениет және спорт» факулътеті.

«Бейнелеу өнері және дизайн»кафедрасы.

«Сурет - I» пәні

бойынша 050421 «Дизайн »

мамандығының студенттері үшін.



Лекцияның Қысқаша курсы.

Жетісай-2006ж.




Лекция №1.

Кіріспе

Сурет тарихы.

Жоспар:

1. Сурет немесе бейнелеу өнері.

2. Сурет тарихы.

3. Ертедегі өнер туындылары.

Сурет – болмысты зерттеудің және бейнелеудің аса маңызды құралы, бүкіл реалистік бейнелеу өнерінің түп қазығы. Барлық мамандықтағы суретшілерге: графиктерге, живопистшілерге, мүсіншілерге, архитекторларға, безендірушілерге, қолданбалы өнер шеберлеріне сурет салуды игеру қажет. Кейде тіпті өзіне де онша айқын емес алғашқы идеяларын суретші шапшаң да шамамен салынатын нобай суреттерге түсіріп алады, содан кейін ол қажетті бақылауларын этюд суреттерге жинақтайды және ақырында, шығарманың болашақ композициясын эскиз суретте іздестіріп табады. Өткен заманның аса ұлы суретшілерінің бірі – бір мезгілде әрі живописьші, әрі мүсінші, әрі архитектор болған Микеланджело: «сурет... живописьтің де, скульптураның да, архитектураның да жоғарғы нүктесі, сурет – барлық ғылымның қайнар көзі мен тамыры» деген болатын.

Сурет сала білу тек суретшілерге ғана қажет емес. Ол кез келген кәсіптегі маманға – инженерге, геологқа, геогрофқа, дәрігерге... қажет. Ал суретші үшін сурет – оны көре білуге, яғни айналадағы дүниеге жіті көз тастап, көргендерін салыстыруға, талдауға, тереңірек қабылдап, сезіне білуге үйрететін ең жақсы мектеп. Бейнелеу шеберлілігінің асқаралы биігіне жету, көркем көре білуді дамыту және көргендерін өз шығармаларында бере білу нақ осы суреттен басталады.

Сурет немесе бейнелеу өнері – бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы емес, бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған бүкіл бейнелеу өнерінің атасы.

Сурет тарихы – бұл адамзат тарихы; оның айналасындағы ортаны тануына, сана сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.

Сурет – бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден – бір куәгер. Біз осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын, адамзаттың әдет – ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы мұңы мен таңдай қақтырар, тамсантар, дәуірлеп гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпыртар бояуын, жан – жануарлар дүниесінің алуан – түрлілігін танып білеміз.

Сонау ерте дүние заманында адам айнала қоршаған ортасын, қызықтырған табиғат құбылыстарын топыраққа, балшыққа, тасқа түсіріп бейнеледі, сол арқылы табиғат сұлулығын ұқты, жан – жануарлардың әрекетін, мінезін зерттеді. Атам заманда жартастарға, үңгірлерге қашап салынған суреттер өздерінің шыншылдығымен, әсерлілігімен көрерменді тамсандырады, тіпті кейде композициялық құрылымының әсерлі де анық кескінделуі соншалық, суретке қарап өнер иесіне, оның шеберлілігіне қайран қаласыз.

Сондай суреттің бірі – Камбаралье үңгіріндегі мамонттың бейнесі.

Мұндай ертедегі тіршіліктің табиғатынан сыр шертетін суреттер әлемнің түкпір – түкпірінен табылып отыр.

Соның бірі археолог Марселино Саутуоланың Альтамира үңгірінен тапқан ертедегі өнер туындысы. Осы үңгірде бейнеленген түрлі хайуанат суреттері мұнан 40 мың жыл бұрын салынған екен, сондықтан олар қазіргі заманға жеткен ең ескі сурет болып табылады. Бірақ, мұнан да ескі өнер туындылары бар екеніне күмән жоқ. Кейінгі кездегі дүние жүзілік археология ғылымының қарыштап алға басуы бұл үміттен құр алақан қалдырмайды деп сенеміз.

Соңғы кезде осындай суреттер Сахарада, Мексикада, Амазонка өзенінің айналасында, өзіміздің елімізде: Кавказ тауларында, Сібірде, Қазақстанда – Маңғыстау аймағында, Қапшағай маңайында, Шығыс Қазақстан таулы аймақтарында, тағы басқа жерлерде кездесіп жүр.

Өзіміздің туған республикамыздан табылып отырған ежелгі дүние өнері ғалымға көп жаңалық әкелді. Қола, темір дәуірлерінде осы аймақты мекендеген біздің ата – бабаларымыздың қолынан шыққан өнер шығармалары өзінің бейнелілігімен айтар ойының тереңдігімен ғалымдар мен археолог суретшілердің назарын аударып отыр.

Осындай шығарманың бірі қола дәуірінің шебері өмірге келтірген Қарашаш өзенінің бойындағы Бұғытас жартасынан ( Шығыс Қазақстан облысы ) табылған сурет. Бұл сурет өзінің көлемінің үлкендігімен, өте шебер, әдемі салынуымен көзге түседі. Бұғының жалпы келбетін, оның дене мүшелерінің салыстырмалы ( пропорциялық ) өлшемдерін дәл бере білген. Әсіресе, бағзы замандағы осындай суреттердің бір ерекшілігі, олардың стильденген пішінде салынуында. Бұл ертедегі адамдардың айналадағы құбылыстарды жақсы бағдарлай, дәл көре білуінде және жан – жануарлардың қимыл - әрекетін, сыртқы пішінін зейін қоя зерттеу нәтижесінде туған шеберлік. Суретшінің шеберлігі соншалық, жануарлардың кейбір мінез – құлқын көрсететін дене мүшелерін салмай – ақ ( көз, мұрын, ауыз, құлақ т. б.) , оның сыртқы дене пішінінен – ақ хайуанның көңіл – күйін көрерменге жеткізе білген. Белгілі Американ ғалымы, эстетик – психолог, өнер зерттеушісі Р. Арнхеим былай дейді: «Ерте дүние адамында шыншылдық пен байқампаздық қасиеті цивилизациясы жоғары елдердің адамдарына қарағанда әлдеқайда күшті дамыған».

Сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоқтықтан туған деп қарамай, оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз қажет, тіпті солардан үйренуіміз керек. Өйткені, бүл - өнердің бастау – бұлағы, содан сусындап, содан нәр алып қарыштадық.

Келе – келе сурет өнерінің дамуы арқасында сәулет (архитектура), мүсін (скульптура), живопись өмірге келді. Енді адамдар сәулетті сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құралдарын салды, ғажайып мүсіндер тұрғызды, жартастан адам таңғаларлық өнер кереметтерін туғызды. Бұл, әсіресе, біздің эрамызға дейінгі I – VI ғасырларда кеңінен дамыды. Осы кезеңдерде адам жасаған ұлы өнер туындылары бірінен кейін бірі өмірге келіп жатты. Фараондар салдырған Египет пирамидалары, Греция еліндегі әйгілі «Зевс» және «Радос» мүсіндері, ұлы Қытай қорғаны және Есік «Алтын адамы» т. б., бұлардың бәрі бейнелеу өнерінің құдіретін өмірге паш еткен қайталанбас асыл мұралар еді.

Әлем өнерін айтқанда оған өзінің үлесін қосқан, тамаша өнер туындыларын қалдырған ата – бабаларымыздың өнерін қалыс қалдыруға әсте болмайды.

Мыңдаған жылдар бұрын да қазіргі қазақ жерінде гүлденген қалалар, әсем сарай ансамбльдері болған. Өнері мен мәдениеті жағынан сол кездегі Еуропадан бірде– бір кем емес еді. Оның айғағы - әлемді тамсандырған Есік «алтын адамы». Бұл өнер туындысы біздің жыл санауымыздан бұрын бесінші ғасырда дүниеге келген.

Кейінгі кезге дейін кейбір ғалымдар, өнер зерттеушілері көшпелі халықта (сақ, қыпшақ, үйсін, Орта Азия түрік тайпаларында ) мәдениет, әсіресе, қолтума сурет өнері дамымаған деген сыңаржақ пікір айтып келген еді, енді міне, соның бәрі шындыққа жанаспайтыны белгілі болды. Кейінгі археологиялық қазбалардан табылған өнер туындылары осының айғағы. Есік «алтын адамынан» кейін бертін келе қазақ жерінде мәдениет әлденеше рет дамып, гүлденіп отырған. Әсіресе, IX – XII ғасырлар мәдени өрлеу заманы болды. Осы кезде бедерлеп, ойып жасау – бедерлеме өнері қатты дамыды. Арнайы шеберханаларда талай талантты суретшілер жұмыс істеді.

Әлемдегі тіршілік етіп жатқан әр халықтың өз мәдениетінің, өнерінің, ғылымының ғасырлар бойы бірде өрлеу - өркендеу, бірде тоқырау дәуірі болған. Осы сияқты біздің халықта да орта ғасырларда мәдени өрлеу дәуірі болып, өнер әлеміне өлмес мұралар қалдырған.

IX – XIV ғасырларда ғажайып архитектурамыз өмірге келді. Атап айтқанда Айша бибі; Бабаша хатун, Ахмет Ясауи т.б. көптеген мавзолей сарайлар салынды. Өзіндік шеберлікпен Айша бибі мазары бүкіл қазақ халқының өнер тарихы музейі десек артық айтпаған болар едік. Мұнда қазақ нақышты ою - өрнегі түгелімен топтасқан, сондықтан ол қазақ өнерінің символы болып ғасырдан – ғасырға жасай бермек.

Міне, бұлар мәңгі өлмес өнер туындылары – сурет өнерінің ғажайып туындылары. Бертін келе, сурет өнері мұсылман діні күшіне енген кезде Орта Азияда, Қазақстанда біраз дағдарысқа ұшырады. Бірақ, адам, жан – жануарлар бейнесін салуға тиым салынғанымен өнердің екінші түрі өркендеді. Енді стилизация – абстрактілі бейнелеу – ою - өрнекпен бейнелеу дамыды. Айнала ортаны, тіршілікті, табиғат құбылыстарын, ұшқан құспен жортқан аңды, дала мен тауды, тіпті адамға дейін оюға айналдырып, ғаламат ертегі өнер шығарды.

Адам бар қуанышын да, қайғысын да , ою - өрнек арқылы білдіріп отырды. Бар сырын ішіне бүгіп, сиқырлы күйге көшкен бұл өнер ғасырлар бойы халықтың еңсесін көтеріп, рухани сергітті, қуанышқа бөледі. Сондықтан да бұл өнерді халық әлі күнге дейін қастерлейді, әр үйдің төрінен орын алатын ең асыл байлығы болып есептелінеді.

Өнер біздің қоғамда адамдарды, оның ішінде әсіресе, жастарды рухани, эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құрал болып табылады. Жастарды көркемөнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді.

Лекция №2.

Сурет пен композицияның көркемдік тәсілдері мен заңдылықтары.

Жоспар:

1. Суреттің түрлері.

2. Көркемдік тәсілдері.

3. Заңдылықтары.

4. Песпектива.

Өзінің сипаты жағынан суреттер сан алуан болып келеді. Бұл сырт көзге жәй ғана шимай – шатпақ болып көрінуі мүмкін, шиыршық атқан, тіпті қас – қағым сәтте дерлік жасала салған нобай сызықтар; Бұл сызықтар арқылы суретші өзі үшін бір сәттік әсерді немесе ойды ұстап қалуға тырысады. Бұл мұқият жасалған, толық аяқталған өңдік бейнелер. Айтпақшы, аяқталған деген ұғымның да бұл арада өзіндік ерекшелігі бар: өте шапшаң, жүгірте жасалған сурет көркемдік жағынан өзінше әсерлі, жетілдірілген, демек, аяқталған да болуы мүмкін.

Суретті қабылдаудың осы бір ерекшеліктері біздің көруіміздің белгілі бір психо – физиологиялық сапалармен байланысты. Көзбен көру арқылы алған информацияның негізгі бөлігі айналадағы дүниенің заттарын танып білу процесінде негізгі роль атқаратын сызбаларды, контурлы сызықтарды қабылдауға негізделеді. Бейнелеудің нақ осы алғашқы элементі – сызық суретте ерекше айқын көрінеді.

Живопись пен скульптураның әдетте көлемі жағынан үлкен және көбірек тер төгуді талап ететін шығармалары өзін жасау үшін де көп уақытты талап етеді. Бұл уақыттың ішнде суретшінің көңіл – күйі мен түпкі ойы көп жағдайда сан құбылып, кейде өте ауқымды өзгерістерге ұшырайды. Алғашқы, мейілінше айқын ой кейде көмескіленеді немесе ұмытылады. Бұл тұрғыдан алғанда суреттің артықшылығы бар – кейде бірнеше минут ішінде жасалған ол ізденістің , көркем образдың қалыптасуының бейне бір тұрып қалған процесін өз бойында сақтап қалады. Суреттерді суретші көбінесе өзі үшін салады, сондықтан да оның ішкі жан дүниесін, оның қуаныш – күйзелісін, толғаныс тебіренісін, армандары мен естеліктерін мейілінше ашық та әсерлі ашып береді.

Сурет - бейнелеу өнерінің ең қарапайым, қолайлы да жедел техникасы.

Сурет салу үшін суретшілер өте көп аспаптар мен материалдарды пайдаланады. Олардың ішіндегі бірінші және неғұрлым кең тарағаны – кәдімгі графит қарындаш.

Графит қарындаштың «кәдімгі», кеңінен тараған, әркімге сәби жастан таныс қарындашқа айналғанына онша көп бола қойған жоқ. Ежелгі римдіктердің өзіне қарындаш белгілі болған, бірақ олар тек қана күміс немесе қорғасын қарындаш болатын. Орта ғасырда оларға қалайыдан және қалайы мен қорғасынның қорытпасынан жасалған қарындаштар қосылды. Мұндай қарындаштардың өзі пергаментте нашар сақталатын, сондықтан олар дербес жұмыстар үшін пайдалануға жарамсыз болды – олар тек алдын –ала нобайлар сызып алуға ғана пайдаланылып, кейін ол нобайлар қаламұшпен немесе қылқаламмен дұрыстап жасалды.

XIII ғасырдың аяғында Еуропада қағаз пайда болды да мұның өзі металл қарындаштардың мүмкіндігін ұлғайтты. Бірақ олар қағаз бетінде де өте бозғылт сызықтар берді, сондықтан үлкен тиімділікке жету үшін қағазды кейде алдын-ала грунттеп отырды. Күміс қарындаштың штрихтары біршама уақыт өткеннен кейін тотығып, қызыл-қоңыр түске ие болып, бұрынғыдан айқынырақ көзге түсетін болды. Күміс қарындаш өте жіңішке штрих жасауға, форманы мұқият бейнелеп шығуға мүмкіндік берді. Ренессанстың ұлы шеберлері – Боттичелли, Гольбейн, Рафаэль және басқалар күміс қарындашты пайдаланды.

Мұндай қарындаштар кең тарай алмады. ХVI ғасырдың II жартысында Англияда графиттің табылуы бұл істе революция жасады. Металл қарындаштардың орнына неғұрлым қара түсті әрі неғұрлым арзанырақ графит қарындаштар келді. Бірақ олардың да ірі кемшілігі бар еді – ластағыш болды, қағаз бетінде онша жақсы ұсталмайтын, оп- оңай сынып қалатын. Тек XVIII ғасырдың аяғында ғана француз механигі Гонте, графит ұнтағын тиімді пропорцияда сазбалшықпен араластыра отырып, біз қазірде пайдаланып жүрген қарындашты принципінде ойлап тапты. Графит қарындаштың өзіне тән ерекшелігі – оның штрихтарының металл түстес жеңіл реңкте болуы.

Графит қарындаштан басқа, суретшілер итальян қарындаштары деп аталатын қарындаштарды да пайдаланады. Ол қарындаштар Ренессанс дәуірінен мәлім болған, кейде қара бор деп аталатын ерекше итальян тақтасынан (сланец) жасалған. XVIII- XIX ғасырларда орыстың Көркемсурет академиясында итальян қарындашымен сурет салу міндетті, живопиське көшуден бұрын салынатын сурет деп қаралды – оны кейде түсті қағаз бетінде жасады, ал ақ дақтарды бормен немесе ақ бояумен белгілеп отырды.

XIX ғасырда итальян қарындашының орнын басқа қарындаштар басты. Мұндай қарындаштар бізде де «ретущь», «негро», және басқа аттармен шығарылады; оларда итальян қарындаштары сияқты жылтырамайтындығымен және неғұрлым қою қара өң беретіндігімен ерекшеленеді. Бұл қарындаштарда бірнеше қаттылық дәрежеге ие (үшке дейін). Олардағы бояушы заттар қызметін күйдірілген сүйек немесе газ күйесі атқарады.

Сурет салуда көмірде кеңінен қолданылады. Оны ерекше жолмен – талдың немесе қайыңның аршылған және жақсылап кептірілген бұтақтарын құмда, ауа кірмейтін етіп жабылған ыдыста жаға отырып дайындайды. Көмір – бай, әдемі материал, оның мүмкіндіктері қарындаштарға қарағанда кең: онымен кішкентай нобай суреттер де, үлкен полотно жасауға да, жіңішке сызық жүргізуге де, көзді ашып жұмғанша дерлік уақытта көп жерді бір өңмен бояп шығып, содан кейін көмірді қылқаламның қылшығымен немесе шүбірекпен сүрте отырып, қажетті жерлерін ағартуға болады.

Қарындаш пен көмірден басқа, суретшілер сурет салу үшін сангина, престелген көмір, соус сияқты материялдарды да қолданады. Сангинаның қызыл- қоңыр таяқшалары мен жұмыс істеу техникасы көмірге біршама жақын. Престелген көмір мен соус – майлы , қап-қара тонды материялдар. Соустың ерекшелігі, оны жаға отырып және оны қылқаламмен суға еріте отырып , онымен құрғақ та, дымқыл да жұмыс істеуге болады.

Мұның бәрі сурет салудың «құрғақ» әдістері. енді сурет салудың «дымқыл» әдістерімен, яғни қаламұшпен және фломастермен сурет салумен танысамыз. Егер жоғарыда сипатталған техниканың кез- келгенінде суретші штрихпен де, тональдық дақпен де әрекет жасай алса, ал қаламұш техникасында оның билігінде тек штрихтар ғана қалады. Алайда шебер штрихтардың бір өзімен тек абрис (сыртқы тұрпат) пен форманы ғана емес, сонымен бірге, белгілі дәрежеде түсті де, дәлірек айтқанда, заттардың алуан түрлі бояуын бере алады.

Құралдардың әдеттен тыс қатаңдығы мен аздығы арқасында қаламұш техникасы суретшіні модельді өте мұқият талдап, ондағы ең басты және елеулі нәрсені ұстап қалуға үйретеді. Сондықтан қаламұш техникасын жаңа бастаған суретшіге ұсынуға болады – ол әрбір штрих үшін жауапкершілік сезімін бойға сіңіреді.Фломастер – қаламұш орнына фетр немесе бамбук білтілері бар өзгеше автоқаламдар. Қаламұшпен және фломастер мен жұмыс істеу үшін тегіс тығыз қағаз көбірек жарамды.

Қауырсындармен сурет салу сендердің алдарыңда өте қызықты мүмкіндіктер ашады. Мұндай қауырсынды өздерің – ақ дайындап алуларыңа болады. Бағзы замандардан бері адамдарға қызмет еткен, атап айтқанда қамыс және құс (негізінен қаздың) қауырсыны туралы болып отыр. Осындай қауырсындармен өткен заманның аса ұлы суретшілері – Микеланджело, Рафаэль, Рембрант сурет салды, ол кезде болат қаламұштар жоқ болатын. Бұл қауырсындардың болат қаламұштардың алдында бірқатар артықшылықтары бар: Қамыс пен қаз қаламұшы беретін сызық са жіңішке де, өте жуан да бола алады, қаламұш қағаз бетінде, оның кедір – бұдырына жұмсақ жылжиды. Қамыс қаламұштар деп тек қамыстан жасалған қаламұштарды ғана емес, сонымен бірге басқа да жеткілікті дәрежеде мықты және зақымданбаған қуыс сабақтардан, мысалы, қатты, жақсы кептірілген қара бидай мен бидайдың сабынан жасалған қаламұштарды атайды.

Қаламұшпен немесе фломастермен сурет салғанда мольберттің қажеті жоқ. Қағазды стол үстіне аздап қиғаш қойылған тақтаға түйрейді. Тушьті төгіп алмас үшін құтыны тиісті тесік жасалған шағын қағаз қорапқа салып қою ұсынылады.

Табиғи көрініс сезімін тудыратындай етіп салынған кескіндері бойынша құрылыстың қандай болатынын, ғимараттардың әсемдік тұрғысынан дұрыс орналасуын алдын ала көруге болады. Мұндай кескіндерді перспективалық проекциялар немесе перспектива деп атайды.

Перспектива сөзі « латынша perspiceze сөзінен алынған» арғы – бергі жақты көруді білдіреді. Перспектива – бақылаушыдан түрлі қашықтықтағы заттарды бейнелеудегі сызықтық құру заңдарын зерттейтін ғылым . Ол нәрселердің табиғаттағы кеңістіктік пішіндерін көрініп тұрған қалпында бейнелеу заңдылықтарын қарастырады. Перспектива центрлік проекциялау әдісі бойынша орындалады. Кескіндер жазықтыққа, цилиндрлік немесе сфералық, беттерге де салынады. Перспектива цилиндрлік бетке салынса панорамалық, ал сфералық бетке салынса күмбездік перспектива деп аталады. Жазықтыққа салынған перспективаны сызықтық перспектива дейді.

Перспективаның негізгі екі түрі бар: сызықтық және әуелік. Сызықтық перспектива нәрселердің орналасуына байланысты сызықтық (көлемдік ) өзгеруін сипаттап жазықтыққа кескіндеуді қарастырады. Әуелік перспектива ара қашықтықтың өзгеруіне байланысты ауа қабатының әсерінен нәрселердің түсінің өзгеруін зәрттейді.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

  1. Щипанов. А.С. Әуесқой жас суретшілермен мүсіншілерге. Алматы «Мектеп», 1989.

  2. Төлебиев. Ә. Сурет сала білесің бе? Алматы «Өнер», 1990.

  3. Әлмұхамбетов. Б. Балкенов. Ж. Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері. Алматы «Мектеп», 1987.

  4. Каменева. Е. Кемпірқосақтың түсі қандай. Алматы «Өнер», 1981.

  5. Коралева. П. А. басшылығымен. Учебный ресунок. М. «Изобразительное искусство», 1981.

  6. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. Зарубежная школа рисунка. – М. : Просвещение, 1981.

  7. Шорохов Е.В. Композиция. – М., Просвешение, 1979.

  8. Одноралов Н.В. Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном исскустве. М. : 1988.

  9. Б. Ыбырайымқұлов. Көркемдік көкжиегі. Алматы, «Жазушы», 1981.

10.Селютин И.В. Как нарисовать натюрморт.

11.Рей кэмпбелл Смит. Перспектива. Издательский Дом «Кристина – новый век», 2004.

12. Джовании Чиварди. Пластическая анатомия человеческого тела. Москва, «Эксмо», 2005.

13. Е. Каменева. Твоя палитра. Москва, Издательство «Детская литература», 1967.

14. Издательская группа Паррамон Эдисионес. Полный курс живописи и рисунка. Барселона, Испания, 1992.

15. Грег Альберт, Рейчел Вульф. Основы рисования. Минск, «Попурри», 2001.

16. Виффен Валери. Натюрморт. Москва, «Эксмо», 2001.

17. Виффен Валери. Портрет. Москва, «Эксмо», 2001.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті



«Мәдениет және спорт» факультеті


«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы

«Cурет 1 » пәні бойынша

050421 «Дизайн» мамандығының студенттері үшін



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет