Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін



жүктеу 51.78 Kb.
Дата08.02.2017
өлшемі51.78 Kb.
«Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 4 аудармашы, 25 үй, анықтама телефоны: (871433) 3-47-33, 3-23-47, электрондық мекенжайы: nk3918@taxkost.mgd.kz, l.beseda@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

1.    Есептеу және талдау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс уақытына 26.12.2018 жылға дейін), С-R-4 санаты, 1-бірлік.

         Функционалдық міндеттері: Жеке тұлғалардың жергіліктік салықтар бойынша дербес шоттарды жүргізу. Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша төлемдерді аудару немесе қайтару, жеке тұлғаларға салық берешегі бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар, салыстыра тексеру актілер, дербес шоттың көшірмелерін беру, жеке тұлғалардың салықтар мен төлемдердің бюджетке дұрыс түсуін қадағалау, уәкілетті органдардың ақпараты негізінде жеке тұлғалардың есептелген сомалардың дербес шоттарға таратуын тексеру. Жыл сайын 1 тамызға дейін есептеленген сомалар туралы хабарламаларды жасау. ХҚМ АЖде сапалық жұмыс істеу, әділет басқармасы, жер комитеті, ІІҚБ жеке тұлғалардың есептеленген сомаларын дәлелдеу мақсатында сұрауларды жіберу, бюджетке төленетін салықтардың төмен түсуін талдау, асыра төлеудердің бақылау.  Бөлім іс қағаздарын жүргізу бойынша жауапты, орындаушылық үкіметінің жергілік органдармен, құқық қорғау органдармен, қаржы полициясы органдармен бірлесіп әрекет жасау. Ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Әлеуметтану ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

2.                      Ұйымдастыру – құқықтық жұмыстар және өндіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1-бірлік



 

Функционалдық міндеттері: Қадр жұмысын жүргізу. “Ведомственные кадры” АЖ ақпаратты жөнелту. Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасы кызметкерлердің жұмыс уақытының есебін жүргізу. Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының іс қағаздарын жүргізуін ұйымдастыру және басқармасының бөлімдерде іс қағаздарын жүргізуін бақылау. Мұрағатты жүргізу. Бухгалтерлік бастапқы құжаттарды жинау. Тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу. Бухгалтерлік есебін дайындау және уақытында тапсыру. Акциздық күзет орындардың жұмыс кестесін жасау. Ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, бухгалтерлік есеп, талдау және аудит), құқық (құқықтану).



Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға


үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен
заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест;


Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:



1)      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш

2)      3х4 үлгідегі суретпен нысанда толтырылған сауалнама;

3)      бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 

4)      еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама

6)      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)      құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)      конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн «Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-сіне 10 жұмыс күні ішінде құжаттарын қолма-қол тәртіпте, 111200 индексі, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 4 аудармашы, 25 үй мекен-жайы арқылы не nk3918@taxkost.mgd.kz, l.beseda@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Анықтама телефоны: (871433) 3-47-33, 3-23-47.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны үміткерлерді әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде «Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-сіне Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 4 аудармашы, 25 үй мекенжайы бойынша өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет