Ұлан ауданының 2013 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама



жүктеу 41.87 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі41.87 Kb.


Ұлан ауданының

2013 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

анықтама
2013 жылғы қаңтар-қыркүйектегі облыстық қала және аудан рейтингісінің қорытындысы бойынша аудан 7 орында тұр.

2013 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемі 9245,4 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 97,4 % құрайды (2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары 9495,7 млн.теңгені құрады). Облыстық көлемінде 1,24% құрайды.

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің табиғи көлем индексі 106,2% құрады.

Өндеу өнеркәсібінде шығарылған тауар өнімінің жалпы көлемі 8231,8 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102% құрады, жеке көлем индексі 116,1%. Облыстық көлемінде 1,33% құрайды.

Тау-кен өндірісінде 10,0 млн. теңге сомаға өнім өндірілді (2012 жылы қаңтар-қыркүйекте тау-кен өндірісінің көлемі 714,9 млн. теңгені құраған). Төмендеудің себебі «Белогорстрой» ТКК» ЖШС жұмысының тоқтатылуы болып табылады. Нақты көлемнің индексі 0,9%-ды құрайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі аудан бойынша 13205,9 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас көлемінен 23,5% артық. Жеке көлем индексі – 102,5%. Облыстық көлемінде 7,1% құрады.

20822,4 тоннада тірі салмақтағы ет (өсім 2,3%), сүт – 41986,8 тонна (өсім 1,6%), жұмыртқа – 14560,8 мың дана (3,7% төмен) өндірілді.

Ірі қара мал саны 48190 бас (өсім 2,2%), соның ішінде сиыр саны – 18711 бас (өсім 1,9%), жылқы – 17119 бас (өсім 5,2%), құс – 1413168 бас (өсім 39,7%), қой мен ешкі – 97074 бас (14,7% төмен), шошқа – 7934 бас (4,6% төмен).

Шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындардың саны 110 бірлікті (өсім 5,8%), жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны 68 бірлікті (1,4% төмен), белсенді субъектілерінің саны 57 бірлікті (1,7% төмен) құрады.

Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 3125,6 млн. теңгені құрады. Жеке көлем индексі 126,3% құрады. Облыстық көлемінде 1,7% құрады.

Негізгі капиталға тартылатын жеке инвестициянын жеке көлем индексі 96,5% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2613,4 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен тиісті кезенімен салыстырғанда 1,8 есе артық. Жеке көлем индексі 174,0% құрады. Облыстық көлемінде 3% құрады.

10026 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6 есе артық.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2865,8 млн. теңгені құрады. Жеке көлем индексі 114,6% құрады. Облыстық көлемінде 0,9% құрады.

Қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген халық санының өсу қарқыны 100%-ды құрады. Мониторингтің мәліметі бойынша ауданда орталықтандырылған сумен 21173 адам жабдықталған.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында аудан бойынша орташа айлық еңбекақының мөлшері статистикалық мәліметтерге сәйкес 70279 теңгеге жетті немесе өткен жылдың деңгейінің 100,1% құрады.



Күнкөріс минимумының мөлшері 19707 теңгеге жетті немесе 2012 жылдың желтоқсан айының 113,2% құрады.

Әлеуметтік сала. 2013 жылдың 1 қазанында жұмыссыздар саны 146 адамды құрады. Жыл басынан бері аудан бойынша 535 адамдық жоспармен 723 адам жұмысқа орналастырылды, 535 жұмыс орны жоспарымен 606 жұмыс орны құрылды.

Жыл басынан бері 67 отбасының 250 төлем алушысына 4851,0 мың теңге сомада МӘК төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мен төлеу үшін аз қамтылған отбасылардан 423 отбасы, 1135 баладан өтініш түсті. Оларға 13733,1 мың теңге тағайындалды және төленді.

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 9866,0 мың теңге көлемінде 674 отбасына баспаналық көмек төленді.

Аудан бойынша 37 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Соның ішінде 6 балабақша (2 жеке меншік), 31 шағын орталық. Мектепке дейін біліммен қамту 97,3% құрайды (1570 бала). Мектепке дейінгі тәрбие және оықтумен қамтылған балалар санының өсу қарқыны 108,5% құрады.

Ауданда 57 дене шынықтыру және спорт ұжымы жұмыс істейді. Онда 16000 адам спортпен шұғылданады, бұл аудандағы халықтың жалпы санының 39% құрайды. Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдардың қарқыны 107,4% құрады.

Халықтың жалпы өсім коэффициентінің өзгеруі 7,56 құрады. Ауданаралық келу қарқындылығы коэффициентінің өзгеруі 1000 адамға шаққанда -4,91 құрады. Ауданаралық кету қарқындылығы коэффициентінің өзгеруі 1000 адамға шаққанда 46,9 құрады.

2013 жылы есепті кезеңінде 442 сәби дүниеге келді, бала туудың өзгеру деңгейі 114,8% құрайды. Статистикалық мәлімет бойынша 2012 жылы 270 адам, оның ішінде 9 сәби қайтыс болса, ағымдағы жыл басынан 251 адам, оның ішінде 2 бала қайтыс болды. Өлімнің өзгеру деңгейі 89,5% құрайды.

Үстіміздегі жылдың 9 айында туберкулезбен аурғандардың саны 25 адам (2012 жылы - 27 адам), 3 өлім (2012 жылы – 2 өлім) тіркелді. Туберкулезбен аурғандардың деңгейі 99,9% құрады.

Статистикалық мәліметтер бойынша 2013 жылдың қаңтар-тамызында 330 қылмыс тіркелген, оның ішінде ауыр және аса ауыр – 28, адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу – 1, қарақшылық және тонау – 6, ұрлық – 198, соның ішінде пәтерлерден – 36.

Қылмыстылық деңгейінің өзгеруі (өткен жылғы сондай мерзіммен салыстырғанда оқиғалар санының 10 мың адамға шаққанда азаюы немесе артуы) 116,9% құрады. Қылмысты ашу деңгейінің өзгеруі 113,3% құрады.

2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша бюджеттің табыс бөлігі 102,2%-ға орындалды, соның ішінде меншік табыстардың түсу болжамы 115%-ға орындалды. Болжам 536,3 млн.теңге болғанда, түскені 616,6 млн.теңге немесе болжам 80,3 млн.теңгеге асыра орындалды. Бюджеттің меншік табысының өсу қарқыны 2012 жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 106,8% құрады. Мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер мөлшерінің өсу қарқыны өткен жылғы сондай мерзіммен салыстырғанда 137,5% құрады.

Резервтерді анықтау Алгоритмдерінің іс-шараларынан аудан бюджетіне қосымша 145,6 млн. теңге түсті, немесе жоспарға қарағанда 4,8 есе артық.



2013 жылдың 1 қазанына арналған бюджет шығыны 3925,6 млн. теңге сомасына орындалды, бұл есептік мерзімге қаржыландыру жоспарының 97,9% құрайды немесе 86,0 млн. теңге игерілмеген.


Ұлан ауданының экономика және

қаржы бөлімінің басшысы Р. Манапов




Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет