Курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар



жүктеу 378.83 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі378.83 Kb.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК



0111000 Негізгі орта білім беру

0105000 Бастауыш білім беру

01010000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

мамандықтарының студенттеріне арналған
курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар

Саран-2017

Аталмыш әдістемелік ұсыныстар Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің күндізгі оқу бөлімі студенттерінің ҚР МЖМБС (ҚР КД 2016 жылдың 13 тамыз күнігі № 292 өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 2012 жылдың 23 тамыз күнгі № 1080) талаптарына сәйкес курстық жұмыстар орындау жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған.
Құрастырушылар: Мазур-Соцкая Т.В., ОӘК жетекшісі

Горбатова Ю.В., педагогика пәнінің оқытушысы

Аударма: Аханова Г.М., сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі

Әдістемелік ұсыныс Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің әдістемелік кеңесінде бекітілді, 2016 жылдың 26 тамыз күнгі № 1 хаттама.


Әдістемелік кеңестің шешімі бойынша басылымға шығарылады

101102, Саран қ.,

Ленин көшесі, 14

Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі



мазмұны




Жалпы ережелер

4



Жұмыстың негізгі кезеңдері және курстық жұмысқа қойылатын талаптар


8



Курстық жұмыс жетекшісінің пікірі

14



Курстықты жұмысты қорғау рәсімдері

17



Курстық жұмыстарды бағалау критериялары

17



Қосымша

20


Жалпы ережелер
Аталмыш әдістемелік ұсынысты ҚР әділет министрлігінде 2001 жылдың 10 тамыз күні № 1621 тіркелген, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2001 жылдың 4 шілде күнгі №539 бұйрығымен бекітілген орта кәсіптік білім беру оқу орындарының ережесіне сәйкес әзірленген.

Әдістемелік ұсыныстар орта кәсіптік оқу орындары үшін әзірленіп, педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартына сәйкес курстық жұмыс орындау қарастырылған.

Әдістемелік ұсыныстар орта кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың курстық жұмыстарын орындау және қорғауын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

Курстық жұмысты орындау білім алушының жалпы білім беретін және арнайы пәндер бойынша оқу бағдарламаларын орындаудың өзіндік шығармашылық жұмысын аралық бақылаудың бір формасы болып табылады.



Курстық жұмыстарды орындаудың мақсаты:

  • Мамандық бойынша алған теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдысын жүйелеу және бекіту, оларды қойылған мәселені шешу барысында қолдану

  • Білім алушылардың бойында өздік шығармашылық жұмысқа деген дағды, теориялық білімді өндірістік-техникалық сипаттағы мәселелерді шешу үшін тәжірибелік қолдану қабілетін дамыту.

Курстық жұмыстың саны, олар қарастырылатын пән атауы, оны орындауға арналған оқу сағаттарының саны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен бекітіледі. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында курстық жұмысты орындау қарастырылмаған жағдайда, курстық жұмыстың саны, пән атауы және оны орындауға арналған оқу сағатының көлемі білім ұйымымен бекітіледі. Барлық оқу мерзімінде жалпы білім беру және арнайы циклдағы пәндер бойынша үштен аспайтын курстық жұмыс орындауға рұқсат етіледі.

Курстық жұмыс болашақ дипломдық жұмыстың құрамдық бөлімі болуы мүмкін.

Курстық жұмыстар білім беру ұйымының мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарымен бекітілген мерзімде орындалады.

Курстық жұмыстардың тақырыбы тиісті пәндік комиссиясымен әзірленіп, қарастырады, қорытынды тақырыбының тізімін бекітеді және білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітіледі. Курстық жұмыстардық тақырыбы үлгілік оқу бағдарламасымен ұсынылады. Білім алушыларға курстық жұмыс тақырыбын таңдауға құқық беріледі.

Білім беру ұйымының директорымен курстық жұмыстық тақырыбы, студентер тізі мен курстық жұмыс жетекшілері бекітіледі.

Курстық жұмыстың жетекшісі білім алушылармен түсіндіру және консультациялық жұмыстар жүргізеді:



    • Орындау жоспарын әзірлеу және курстық жұмыстың түсінік хатының мазсұнын белгілеу бойынша.

    • Курстық жұмыстың графикалық бөліміне қойылатын талаптарды орындау бойынша.

    • Курстық жұмыстың жекелеген бөлімдерін орындауға арналған уақытты тиімді үйлестіру бойынша.

Консультация кестесі курстық жұмысты орындау кезеңінде оқу жоспары бойынша консультацияға бөлінген оқу уақыты көлемінің есебінен құрылады (1 қосымша).
Курстық жұмысты жазу үлкен мәнге ие:

- ол студенттерді ғылыми әдебиетпен дербес шығармашылық жұмысқа араластырып, таңдалған мәселеге қатысты негізгі жағдайлар табуға, зерттелетін ғылыми және практикалық материалды іріктеу, жүйелеу, талдау және сыный тұрғыдан бағалауға, жеке әзірлемелерді жобалаға және жүзеге асыруға, өндірістік міндеттерді шешу барысында жұмысының нәтижелерін апробациялауға, қорытындылар жасап, нәтижелердің тиімділігі бағалауға үйретеді;

- студент теориялық және практикалық мәселелерді талдау кезінде өз ойларын айқын, жүйелі және сауатты баяндауға бейімделеді, теорияны творчестволық тұрғыдан қолдануға, оны тәжірибемен ұластыру үйренеді;

- жұмыс студенттердің білімдерін бекітеді және тереңдетеді.


Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:

  1. Пән бойынша студенттердің теориялық білімдерін тереңдету және бекіту.

  2. Студенттерді оқу, ғылыми және әдістемелік әдебиет материалдарын іздеу, іріктеу, жалпылау, сонымен қатар сын тұрғысынан мазмұндау жолымен ғылыми - зерттеу жұмысына тарту.

  3. Таңдаған тақырып бойынша дербес және практикалық жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

  4. Өткізілген зерттеулер нәтижелері бойынша ұсыныстар жасау және оларды нақты ұйымда апробациядан өткізу.

Таңдалған тақырып бойынша теориялық зерттеу ғылыми жаңалықпен қамтылып, аз зерделенген немесе талқыланған мәселе (немесе оның жеке аспектісі) бойынша орындалуы тиіс. Тақырыпты ашу барысында тарихтық приципті, жүйелік талдау әдісін, зерделеудің дербес әдістерін (жүйелеу, талдау, салыстыру) қолдану қажет.

Курстық жұмыс логикалық тұрғыдан дәйекті, ғылыми стильдегі әдеби тілде мазмұндалуы тиіс. Материал жалпылама және қысқаша, жекелеген түпдеректерді толық қайталаусыз баяндалу қажеттілігі есте сақтау қажет. Курстық жұмысты жазу үшін тек мүддесін ұсынатын және оның мақсатымен байланысты аспектілерді ерекшелейтіндігін есте сақтау қажет. Сол себепті, тұжырымдар қысқа, айқын және нақты, дәлелдеме – сенімді болуы тиіс.

Курстық жұмыс оқытушыға, студенттің теориялық курсты қаншалықты меңгергендігін бағдарлауға мүмкіндік береді.

Куррстық жұмысқа алғашқы өздік зерттеу жұмысы ретінде келесі талаптар қойылады:


    • курстық жұмыс тиісті жоғарғы теориялық деңгейде жазылуы тиіс;

    • жұмыс өздігімен орындалуы тиіс;

    • жұмыс нақты және сауатты тілде жазылып, дұрыс рәсімделуі тиіс;

    • жұмыс, оқу жоспарымен бекітілген мерзімде орындалады.


Куртық жұмысты дайындау келесі кезеңдерді қамтиды:

  • тақырып таңдау;

  • курстық жұмысты жазу сипатын таңдау;

  • таңдаған тақырып бойынша әдебиетті таңдау және онымен танысу;

  • жоспардың алдын ала нұсқасын құрастыру;

  • іріктелген әдеби мәліметтерді зерделеу;

  • жоспардың нақты нұсқасын құрастыру;

  • нақты мәліметтерді, арнайы әдебиеттердегі мақалаларды жинау және өңдеу, сонымен қатар жүйелеу және қорытындылау;

  • курстық жұмыстың мәтінін жазу;

  • курстық жұмысты қорғау.

Курстық жұмысты жазуға кіріскен студенттерде жазу әдісі, рәсімдеу ережесі, жұмысты қорғау амалдарына байланысты көптеген сұрақтар туындайды.

Аталмыш оқу-әдістемелік ұсыныстың мақсаты – студенттердің курстық жұмысты жазу барысында туындайтын барлық мәселелерді табысты шешуге көмек көрсету. Аталмыш кітапшада студенттің курстық жұмыстың таңдаған тақырыбына, жұмыстың мазмұндамалық бөлімін шешу, жалпы форманы сақтауда, курстық жұмысты жазу және рәсімдеу тәртібіне немқұрайлық танытпай, шығармашылық таныту қажеттігін көрсетеді.

Курстық жұмысын мерзімінде орындамаған студент оқудың ағымдық жылының нәтижесі бойынша академиялық қарыз болады.

Курстық жұмыс студентке қайтарылмайды және істер номенклатурасының негізінде жыл бойында колледжде сақталады.

курстық жұмысты орындау Циклограммасы




Кезеңдері

Мерзімі

1.

Тақырып таңдау, библиография, жұмыс жоспарын құру, әдебиетті зерделеу

Қыркүйек

2.

Курстық жұмыстың тақырыбын директордың бұйрығымен бекіту

Қазан

3.

Материал жинау және жинақтаған материалды ұғыну. Практикалық бөлімін диплом алдындағы тәжірибеде апробациядан өткізу. Курстық жұмысты жазу.

Қазан-ақпан

4.

Жұмысты рәсімдеу және аяқталған жұмысты ғылыми жетекшіге ұсыну

Наурыз

5.

Ашық баяндауға және зерттеу тақырыбы бойынша тұсаукесер дайындау. Жетекшінің сын-пікірді дайындауы

Сәйуір

6.

Курстық жұмысты қорғау

Мамыр

7.

Курстық жұмысты бөлім меңгерушісіне тапсыру

Маусым


Жұмыстың негізгі кезеңдері және курстық жұмысқа қойылатын талаптар
Құрылымы бойынша курстық жұмыстар:


  • рефераттық сипатта;

  • практикалық сипатта;

  • сынақ-эксперименталдық сипатта болуы мүмкін.


Рефераттық сипаттағы курстық жұмыс: теориялық бөлімде сұрақтың тарихы, зерделенген әдебиеттің салыстырмалы талдамана негізінде мәселенің теориялық және практикалық өңделу деңгейі көрсетіледі.

Практикалық сипаттағы курстық жұмыс: негізгі бөлім 2 бөлімнен тұрады. 1 бөлімде қарастырылған тақырыптың теориялық негізін қамтиды. екінші бөлім практикалық болып табылады.

Сынақ-эксперименталдық сипаттағы курстық жұмыс эксперимент немесе оның фрагментін өткізуді, оның нәтижесін талдауды және практикалық қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Курстық жұмыстың құрылымы:

- титул беті;

- мазмұны;

- кіріспе;

- 1-2 бөлімдер;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.


Титул бетін рәсімдеуге талап қойылады (2 Қосымша). Титулдық бетте еш жазба қалың қаріппен жазылмайды.

Мазмұнында рет-ретімен кіріспе, курстық жұмыс бөлімдерінің атауы, қорытынды, қолданылған әдебиеттердің тізімі, қосымшалардың тізімі. Барлық бөлімдер мен жоспардың тарауларының атауы жұмыс мазмұнының логикасына дәл сәйкес, қысқа және нақты болуы тиіс.

Міндетті түрде мазмұнның барлық пунктері басталатын беттер көрсетіледі (3 қосымша).



КІРІСПЕ – жұмыстың кіріспе бөлімі. Көлемі 3 бетен кем түспейтін басылған мәтінді қамтиды. тақырыптың өзектілігін қамтып, практикалық мәнін ашуы тиіс.

Кіріспеде зерттеу аппараты анықталып, қалың қаріппен белгіленеді:



  • зерттеу тақырыбы

  • зерттеу проблемасы

  • зерттеу проблемасының өзектілігі

  • зерттеу нысаны

  • зерттеу пәні

  • зерттеудің мақсаты мен міндеттері

  • зерттеу гипотезасы

  • зерттеу әдістері


Зерттеу тақырыбы – проблема қарастырылатын ракурс. Ол зерттеу нысанын аталмыш жұмысына тән нақты аспектіде көрсетеді. Тақырып жұмыстың мазмұнын, ықшамды мазмұнды қамтып тиіс.

Тақырып келесі жәйттарға сәйкес таңдалуы мүмкін:

  • студенттің мүддесі мен қажеттілігіне;

  • оқытушының мүддесі м ен қажеттілігіне;

  • қандай да бір мектептен тыс ұйымдар мен қызметтердің қажеттіліктеріне.

Тақырыпты таңдауға курстық жұмыс жетекшісімен өткізілген консультация, түрлі деңгейдегі алдыңғы ғылыми-тәжірибелік конференциялардағы жұмыс тақырыптарымен танысу, зерттеу принципін ғылымның шектес салаларында қолданылуы, ғылыми мәселені айтарлықтай тиімді шешу мүмкіндігі және т.б. ықпал етуі мүмкін.

Студенттің дайын тақырыпты алмай, өзінің болашақ зерттеуінің тақырыбын таңдау және дәйектеу процесіне қатысқаны дұрыс.

Тақырыпты таңдау критериясына оның «жеңіл» немесе «қиын» болу мүмкіндігі ықпал етпеуі тиіс.

Зерттеу тақырыбы аса кең болмауы тиіс.

Айтарлықтай тар, аз зерделенген тақырып ғылыми тұрғыдан үлкен қызығушылық туғызып, автордың зерттеу қабілетін танытуына үлкен мүмкіндік береді.

Тақырып студенттің қабілеті мен мүмкіндіктеріне сәйкес келуі өте маңызды. Егер, жетекші студентті өз зерттеулерін өткізуге тартқан жағдайдын өзінде де, оған, ол өздігімен орындай алатын жеке бөлім тапсыру қажет.

Тақырып ерте таңдалғаны ұтымды. Студенттермен алдыңғы жылдарда орындаған жұмыс тақырыптарды жалғастырып, дамытуы аса нәтижелі болуы мүмкін.

Проблеманың зерттеудің аталмыш саласында болуы курстық жұмыс тақырыбының өзектілігінің айқын көрсеткіші болып табылады.



Зерттеу проблемасын айқындау – айтарлықтай күрделі мәселе. Егер, біз проблеманы нақты тұжырымдай алсақ, онда оның шешімі де тез табылмақ.

Ғылыми проблеманы тұжырымдау – басты тақырыпты қосалқы тақырыптан айыра білу, зерттеу пәні туралы айқындалған және әліде айқындалмаған белгісін анықтау қабілетін көрсету деген сөз.

Өзектілік – кез-келген зерттеу жұмысының бастапқы және міндетті кезеңі. Сондықтанда, кіріспе зерттеудің таңдап алынған тақырыбының өзектілігін дәйектеуден басталуы тиіс.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі –ол, осы сәтте және осы жағдайда нақты проблеманы шешу үшін оның маңыздылық деңгейі.Өзектілікті айқындау көпсөзді болмауы тиіс.

Зерттеу тақырыбының өзектілігін ашу себептері:

  • таңдалған тақырыптың зерделенбегендігі. Осы жағдайда зерттеу өзекті, себебі тақырыптың нақты аспектілері толық деңгейде зерделенбеген және жүргізілген зерттеулер осы олқылықтарды жоюға бағытталған.

  • Зерттеу барысында алынған мәліметтер негізінде нақты практикалық мақсаттарды шешу мүмкіндігі.

Ұсынылған зерттеу тақырыбының өзектілігі белгілі мәеге ие.

Зерттеудің нысаны мен пәні проблемамен тығыз байланысты. Зерттеудің нысаны мен пәні өзара жалпы (нысан) және жеке (пән) болады.

Нысанда зерттеу пәні қызметін атқаратын бөлігі айқындалады. Зерттеу пәні жұмыс тақырыбын айқындайды. Зерттеу «пәні» ұғымы айтарлықтай тар және нысанға қарағанда нақты. Бір нысан түрлі позициядан зерделеніп, зерттеу пәнін айқындай алады.

Зерттеу пәнінен, оның мақсаты мен міндеттері туындайды.



Мақсат – зерттеуді орындау кезінде алуды көздейтін қорытынды нәтиженің жалпы тұжырымдамасы. Зерттеуде тек бір мақсат болуы ықтимал екенін де атап өту қажет.

Пән мен мақсатқа сәйкес зерттеу міндеттері айқындалады. Міндеттер – қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін дәйекті қадамдар және оны нақтылайды. Міндеттер өзара байланысты болуы және мақсаттқа жетудің ортақ жолын көрсетуі тиіс.

Міндеттерді аса тиянақты тұжырымдау қажет, себебі, оларды шешу жолдары өз кезегінде бөлімдердің мазмұнын құрайды. Бөлімдердің атауы міндеттерді тұжырымдаудан туындайды. Міндеттерді, мақсатқа қол жеткізу үшін орындауға қажеттіні бекіту түрінде тұжырымдаған аса ұтымды.

Зерттеу міндеттері, студенттің атқаратын ісін, оны зерттеудің қойған мақсатына қалай қолжеткізгісі келетіндігін көрсетеді.

Зерттеу бойынша атқарылатын жұмыстың келесі маңызды кезеңі – зерттеу гипотезасын шығару. Ол зерттеу пәнін нақтылауға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында ол расталуы немесе теріске шығаруы мүмкін.

Гипотезаны тұжырымдау кезінде «егер...., онда»; «... себебіне сәйке»; «... жағдайда» сынды сөз құрылымдары қолданылады.

Гипотеза бірқатар талаптарқа сәйкес келуі тиіс:


  • тексерілетіндей болуы;

  • жорамалды болуы;

  • логикалық тұрғыдан қарамай-қайшы болмауы;

  • фактілерге сәйкес.

Гипотезаны тұжырымдағаннан кейін зерттеу әдістерін айқындау қажет. Әдіс - зерттеу мақсатына қолжеткізу тәсілі. Әдісті таңдаудан зерттеуді жүзеге асыру – оны өткізу және нақты нәтижені алу мүмкіндігінің өзі тәуелді. Әдістер зерделенетін құбылыспен үйлесіп, оған сәйкес болуы тиіс.

Зерттеудің тақырып таңдалып, мақсаттары мен міндеттері айқындалғаннан кейін жұмыстың алдын ала жоспарын құру қажет. Ол қандай мәселелер бойынша материал жинау керектігін білу үшін қажет.

Жоспардың кейбір пунктері параллельді орындалуы мүмкін.
курстық жұмыстың негізгі бөлімі теориялық және практикалық тараудан құрылады.

Теориялық тарауда зерттелетін проблеманың тарихы мен теориясы айқындалып, әдебиеттің сынамалық талдауы беріледі.

Практикалық тарауда дердес зерттеудің әдістері, барысы мен нәтижелері баяндалады.
қорытындыда жұмыстың қорытындысы, автордың жасаған қорытындысы және ұсынысы көрсетіледі. Қорытынды қысқа, нақты және қойылған міндеттерге сәйкес болуы тиіс.
қолданылған әдебиеттердің тізімі – студенттің курстық жұмысты жазу барысында қолданылған ақпарат көзінің тізімі. Осындай тізім курстық жұмыстың маңызды бөлігінің бірін қамтиды, сондықтан да жүргізілген зерттеудің түбегейлік деңгейі жөнінде пікір жасауға мүмкіндік береді.

Тізімге жұмыстың негізгі мәтінінде сілтеме жасалмаған және нақты қолданылмаған ақпарат көздері енгізілмейді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі қорытындыдан кейін рәсімделеді. Ол түрлі тәсілдермен топтастырылуы мүмкін:


  • әліпбилік (алфавиттік),

  • тақырыптық,

  • басылым түрлері бойынша ( ресми, мемлекеттік, анықтамалық),

  • аралас,

  • ақпарат көзін мәтінде қолданылған тәртіпте орналастыру.

Қолданылған әдебиеттер тізімі нөмірленген тізімде рәсімделіп, рәсімдеу кезінде көрсету қажет:

  • автордың аты-жөні,

  • ақпарат көзінің атауы, томы, беті (егер ақпарат іріктеліп алынса),

  • қала,

  • баспа атауы,

  • басылым жылы.

Курстық жұмысты жазу барысында қолданылған заңнамалық және нормативтік актлер қолданылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу кезінде бірінші қатарға шығарылып, соңынан барлық тізім әліпбилік тәртіпте көрсетіледі.,

Ақпарат көзінің саны 20-дан кем болмауы тиіс (4 қосымша).

Курстық жұмыстың ҚОСЫМШАСЫ жекелеген беттерде рәсімделеді. Әр қосымшаның өз тақырыптық атауы мен нөмірі болуы тиіс және нөмірі жоғарғы оң бұрышта жазылады, мысалы, 1 қосымша.

Қосымшаға енетіндер:


  • түпнұсқалық құжаттың көшірмесі,

  • көшірме жазба,

  • бағдарламалық құжаттар және т.б.

Форма бойынша олар келесі түрде ұсынылуы мүмкін:

  • мәтін,

  • графика,

  • кесте,

  • карталар.

Қосымша курстық жұмыстың жалғасы ретінде соңғы беттерде рәсімделеді.



Әр қосымша жаңа беттен басталып, оң жақ бұрышта – Қосымша сөзі көрсетіліп, тақырыптық атуы жазылуы тиіс. Егер жұмыс бірден артық қосымшадан тұрса, олар № белгісіз араб санымен нөмірленеді – 1 қосымша (қосымшаға беттерінің нөмірі қойылмайды) (5 қосымша).
Курстық жұмысты рәсімдеу:

  • Мәтіннің беттері араб санымен жоғарғы оң жақ бұрышта нөмірленеді.

  • Титулдық бет және жұмыстың мазмұны орналасқан беттер нөмірленбейді, алайда бірінші және екінші бет ретінде есептелінеді (кіріспе – 3).

  • Курстық жұмыстарда цитаталарға сілтеме жаса қажет. Сілтемелер ақпарат көзінің қолданылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген нөмірі мен бетін көрсету арқылы рәсімделеді [3,65].

  • Жұмыс қарпінің (шрифтісі) көлемі – 14

  • Жоларалық арақашықтық – бір жарым

  • Қаріп (шрифт) - Тimes New Roman

  • Абзац – 1,5 см

  • Тақырып атауы мәтіннен жоғарғы және төменгі жағынан екі интервалмен бөлек жазылады

  • Бөлім жаңа беттен басталады

  • Бөлім мен тармақтардың атауы қалың қаріппен белгіленеді

  • Беттердің параметрі – жоғарғы шегі -2 см, төменгі шегі – 2 см, оң шегі – 1 см, сол шегі – 3 см

  • Мазмұны, кіріспе, қорытынды және әдебиеттер тізімі сөздерінен кейін қос нүкте қойылмайды

  • Курстық жұмыстың беті 25-тен кем және 30-дан артық болмауы тиіс

  • Парактар қаусырмаға келесі тәртіпте салынады:

  • титулдық бет – жеке файлға

  • мазмұны – жеке файлға

  • кіріспе жеке файлдарға, бір файлға екі парақтан

  • әр бөлім жеке файлдан басталып, бір файлға екі парақтан

  • қорытынды – жеке файлға, бір файлға екі парақтан

  • қолданылған әдебиеттер тізімі - жеке файлға, бір файлға екі парақтан

  • қосымша - жеке файлға, бір файлға екі парақтан салынады.

Курстық жұмыс жетекшісінің СЫН-пікірі
Сын-пікірді рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Қарастырылып отырған салада мағлұматты болуы:

  • Қарастырылған мәселенің өзектілігі.

  • Мәселенің қазіргі күймен таныс болу дәрежесі.

  • Белгілі нәтижелер мен ғылыми айғақтарды қолдануы.

  • Қолданған ақпарат көздерінің толықтығы.

Автордың жеке табыстары:

  • Бағдарламадан тыс білімдерді қолдануы

  • Жаңашылдық дәрежесі

  • Мәселенің ғылыми маңыздылығы

  • Ғылыми және арнайы аппаратты қолдана білуі

Жұмыстың сипаттамасы:

  • Материалды мазмұндаудың сауаттылығы, қисындылығы

  • Жұмыстың құрылымы (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша)

  • Ресімдеудің курстық жұмыстардың стандартына сәйкестігі.



Курстық жұмыстарды бағалау:
Орындалған жұмыстың ең үлкен баллы – 100 балл. Жұмысты бағалау келесі критериялар негізінде жүзеге асырылады:




Жұмыстың сапалық сипаттамасы

Макс. балл

I.

Жұмысты формалды критериялар бойынша бағалау

30

1

Жұмысты жазу кезеңдері бойынша тапсыру мерзімін сақтауы

4

2

Жұмыстың сыртқы түрі мен титулдық беттің дұрыс рәсімделуі

2

3

Жоспардың дұрыс рәсімделуі

2

4

Бөлімдер мен тараулардың ішкі рубрикациясының болуы

2

5

Жұмыс жоспарында беттердің көрсетілуі және олардың мәтіндегі нөмірге сәйкес келуі

2

6

Мәтінде сілтемелер мен гиперсілтеменің болуы

3

7

Дәйексөздің дұрыстығы

2

8

Көрнекі материал ретіндегі көрнекілік

3

9

Қосымшалардың болуы және сапасы

3

10

Әдебиеттер тізімінің дұрыс рәсімделуі

5

11

Жұмыс мәтінінде және әдебиеттер тізімінде шетелдік әдебиеттерді қолдану

2

II.

Жұмысты мазмұны бойынша бағалау

70

1

Мәселенің өзектілігін тұжырымдау

4

2

Жұмыстың логикалық құрылымы мен оның жоспарда көрсетілуі

2

3

Рубрикацияның тереңдігі және бөлімдердің тепе-теңдігі

2

4

Кіріспе сапасы

5

5

Ғылыми зерттеу міндеттерінің қолданылуы

4

6

Ғылыми зерттеу әдісінің көрсету

3

7

Жұмыс мазмұнының алынған тақырыпқа сәйкестігі

3

8

Бөлім мазмұнының оның атауына сәйкестігі

2

9

Бөлімдер арасындағы логикалық байланыс

3

10

Автордың жеке көзқарасының болуы

15

12

Ғылыми жаңалық элементтерінің болуы

3

13

Жұмыстың практикалық құндылығы

4

14

Қорытындының тұжырымдай білуі

10

15

Қорытынды мен ұсыныстардың сапасы

5

16

Жаңа әдебиеттерді білуі

5

17

Маңызды сипаттағы қателіктеродің болуы*

-35


*Курстық жұмыстың қорытынды балын төмендететін маңызды сипаттағы өте типті қателіктер:

  • жұмыста ескі мәліметтерді және ескі оқу және нормативтік материалдарды қолдану;

  • тарау мазмұнының атауына сәйкес келмеуі;

  • жұмыстың екінші бөлімі бойынша талдаудың болмауы;

  • ескі немесе үш жылдан кем кезеңдегі мәліметтер бойынша талдау жасау;

  • зерттеу тақырыбы бойынша практикалық ұсыныстардың болмауы;

  • жұмыста өзге адамның еңбегін көп қолдану (плагиат).

Жетекшімен зерттеу сапасын төмендететін басқада қателіктер анықталуы мүмкін.

Сын-пікірмен жұмыс кезінде студент көрсетілген кемшіліктердің талдауына, оқытушының оларды жою бойынша әдістемелік кеңесіне ерекше көңіл бөліп, жетекшінің әр бет бойынша жасалған ескертулеріне назар аударуы тиіс. (7 қосымша)


Жетекші бағаны жұмысты тексеру нәтижесі бойынша келесі баллдар шегі бойынша қояды:


55 баллдан кем

Қанағаттанарлықсыз

55-65 балл

Қанағаттанарлық

66-80 балл

Жақсы

81-100 балл

Өте жақсы

Курстық жұмыстың сын-пікірінде алды ала бағасы қорытын формасында көрсетіледі: «Жұмыс ... бағамен қорғауға рұқсат етіледі» немесе «Жұмысты қорғауға рұқсат етілмейді». Қорытынды баға курстыцқ жұмыс қорғалғаннан кейін қойылады. Егер жұмыс қорғауға рұқсат етілмесе, студент сын-пікірге сәйкес қайта қарастырып, жетекшіге тапсыруы тиіс. Курстық жұмысты дайындау, рәсімдеу және орындау ұсынысында көрсетілген талаптар сақталмай әзірленген курстық жұмыстарды қорғауға рұқсат етілмейді.


Курстықты жұмысты қорғау тәртібі
Курстық жұмысты қорғау барысында студенттің міндеті – нақты тақырыптың мәселелерін терең түсінетінін, тақырып бойынша материалды жақсы меңгергендігін көрсету.

Қорғау рәсімдері келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. студенттің жұмыстың негізгі мазмұны туралы хабарламасы;

  2. студенттің сауалнамаға жауаптары.

Студент курстық жұмысын қорғауға тиянақты дайындалуы тиіс. Баяндаманың жалпы сызбасы (5-7 минутқа):

  • тақырыптың қысқаша негіздемесін беріп, оның өзектілігін айқындау;

  • жұмыстың мақсатын көрсету;

  • зерттеу барысында қандай нәтижеге қол жеткізгендігін және студенттің жеке өзі не істегенін нақтылап көрсету;

  • өткізілген зерттеуден туындайтын негізгі қорытындыларды баяндау.

Баяндаманы алдын алаын дайындалған тұсаукесермен: графика, кестелер, сызбалар көркемдеу қажет.

Тұсаукесер 10-ға дейінгі слайдты қамтуы тиіс. (6 қасымша).



Курстық жұмыстарды бағалау критериялары
Курстық жұмысты қорғау ашық түрде жүргізіледі. Курстық жұмысты қорғау бағасы, жұмысты қорғауға қатысқан комиссия құрамымен ұжыммен қабылданады. Бағалау кезінде тақырыптың ерекшелігі, ғылыми-практикалық мәні, жұмысты орындау және рәсімдеу сапасы, сонымен қатар баяндаманың мазмұндылығы мен сұрақтардың жауабы ескеріледі.

Баға, топтағы барлық курстық жоба қорғалғаннан кейін хабарланады. Курстық жұмыстың қорытынды бағасы жетекшінің пікірі, курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптарына сәйкестігі, комиссия мүшелерінің қойған сауалына берген жауабын ескеру арқылы қойылады.



Курстық жұмыстың бағасы студенттің сынақ кітапшасына және мәліметке жеке жолды жазылады.

Курстық жұмыс 4 баллдық жүйеде (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз) бағаланады.



«ӨТЕ ЖАҚСЫ» бағасы келесі жағдай қойылады:


  • жұмыстың мазмұны таңдалған мамандыққа және жұмыс тақырыбына сәйкес болғанда;

  • жұмыс өзекті, өздігімен орындалып, шығармашылық сипатқа ие болса, белгілі жаңашылдығымен ерекшеленсе;

  • проблеманың теориялық зерттелу дәрежесіне, оны шешудің түрлі тәсілдеріне нақты талдау жасалғанда;

  • ақпараттық/нормативтік база білімі көрсетіліп, өзекті мәліметтер қолданылғанда;

  • проблема терең және жан-жақты ашылып, материал логикалық тұрғыдан қисынды баяндалғанда;

  • проблема талдауынан туындаған практикалық ұсыныстар берілгенде;

  • автордың қорытындысымен нақтыланған сандық талдау жүргізіліп, автордың зерттеу нәтижесін дәйектейтін өзекті жағдайды көрсетілсе, салыстыру кестелері, графикалар, диграмолар мен формулалар берілсе;

  • жұмыстың тақырыбы бойынша библиография кеңінен ұсынылып, сонымен қатар шетелдік ақпарат көзіде көрсетілсе;

  • Жұмыстың қосымшасы автордың жетістігін көрсетіп, ол қорытындылар негіздесе;

  • Жұмыстың мазмұны мен формасы аталмыш әдістемелік ұсыныста көрсетілген барлық талаптарға толық сәйкес болғанда.



«ЖАҚСЫ» бағасы

  • тақырып мамандыққа сәйкес келгенде;

  • жұмыс мазмұны жұмыстың тақырыбына тұтас алғанда сәйкес келгенде;

  • жұмыс өзекті, өзігімен жазылса;

  • мәселенің теориялық зерттеулу дәрежесіне талдау берілсе;

  • жұмыстың негізгі жағдайлары жеткілікті теориялық және әдістемелік деңгейде ашылса;

  • теориялық жағдайлар тәжірибемен ұштасса;

  • проблемалық жағдайды сипаттайтын сандық көрсеткіштер көрсетілсе;

  • практикалық ұсыныстан негізделсе;

  • қосымшалар сауаттылық әзірленіп, курстық жұмыс жағдайларымен байланыс болғанда;

  • қолданған әдебиеттер тізім жұмыс тақырып бойынша жасалып, бірақ курстық жұмысқа қойылатын талаптарға жекелеген сәйкессіздіктер және жұмысты ресімдеуде дәлсіздіктер болса, сонымен қатар курстық жұмыстың тақырыбын баяндауда қажетті дәрежедегі шығармашылық болмаған жағдайда.


«ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ» бағасы

  • тақырып мамандыққа сәйкес келгенде;

  • жұмыс мазмұнының таңдалған тақырыбына жекелеген сәйкессіздігі болғанда;

  • зерттелген проблема негізінен ашылған, бірақ жаңалықпен, теориялық тереңдігімен және дәйектілігімен ерекшеленбеген;

  • материалды баяндау логикасы бұзылған, міндеттер толық шешілмеген;

  • жұмыста тақырыпты ашу үшін қажетті ғылыми әдебиет, мәліметтердің ақпараттық базасы, сонымен қатар зерттеу материалдары толық қолданылмаған;

  • теориялық жағдайлар практикамен байланысы әлсіз, практикалық ұсыныстар формалды дәйексіз сипатқа ие;

  • қосымшаның мазмұны қойылған міндеттердің шешімін көрсетпейді;

  • жұмысты рәсімдеуде көптеген кемшіліктер болса.


«ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ» баға

  • тақырып мамандыққа сәйкес келмегенде;

  • жұмыс мазмұны тақырыпқа сәйкес келмегенде;

  • жұмыс айтарлықтай теоретикалық-әдістемелік қателіктерді қамтып, негізгі жағдай үстіртін дәйектелсе;

  • курстық жұмыс құрастырылған сипатты қамтыса;

  • автордың ұсынысы нақты дәйектелмесе.

Курстық жұмысты қорғау аяқталғаннан кейін «Курстық жұмысты қорғау хаттамасы» рәсімделеді (8 қосымша).

Курстық жұмыс қанағаттанарлықсыз бағаға бағаланған жағдайда, студент жұмысын қайта қарастырып, өзгертулер енгізгеннен кейін комиссия бекіткен уақытта қайта қорғауға құқылы.

Аяқталған және білім алушылардан қабылданған курстық жұмыстар оқу орнының мұрағатында істер номенклатурасы бойынша бір жыл сақталады. Аталмыш уақыт өткенен кейін барлық курстық жұмыстар акт бойынша тізімнен шығарылып, жойылады.

1 қосымша
Курстық жұмыс бойынша консультацияның

жеке кестесі
Тобы ___________________________________________________________

Жетекшісі ________________________________________________________



(Аты-жөні)
Студент ___________________________________________________________

(Аты-жөні)
Курстық жұмыстың тақырыбы ________________________________________

__________________________________________________________________


Пән атауы __________________________________________________________

__________________________________________________________________





п.п.

Күні

Атқарылған жұмыс түрлері

Орындау нәтижесі

Қолы

1











2











3











4











5










Студенттің қолы ________________


Жетекшінің қолы ________________

2 қосымша




16 шрифт

2,0 см
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі



8.0 см (12 абзац, 16 шрифт)



1.0 см




3.0 см



22 шрифт
Мектептің отбасымен

атқрылатын жұмыстформалары


18 шрифт

1 см (1 абзац 16 шрифт)

Педагогика пәні бойынша курстық жұмыс




4.0 см (5 абзац, 16 шрифт)




8.0 см

16 шрифт

Орындаушы: ШР-9-11 тобының

студенті Е.Баутина

Жетекшісі: Шаповалова Н.П.

Курстық жұмыстың бағасы

_______________________________

20___ жылдың «____» ____________ № _____ хаттама


4.5 см (7 абзац, 16 шриф)




2.0 см
Саран 2016

3 қосымша

Мазмұны

бір интервал



Кіріспе ………………………………………………………………………

3

1 бөлім. Кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық белсенділігін ғылыми-педагогикалық проблема ретінде дамыту…….…….…….…….…

8


    1. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттегі танымдық белсенділікті дамыту проблемалары …………………………………………..…….…….

8


1.2. Көне кезеңдегі танымдық белсенділікті дамыту проблемалары……..

10

2 бөлім. Мектепте кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту ……………………………….….….….….….….….….

14


2.1 Баланың мектепке бейімделуі және оның дамуы………………………..

14

2.2 Психикалық процестердің баланың танымдық белсенділігіне ықпалы..

15

2.3 Кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық қызығушылығын дамыту процесінде ойынның рөлі …………………………..….….….….….

19


3 бөлім. Танымдық белсенділікті дамытуға ықпал ететін педагогикалық жағдайлар ….….….….….….….….….……………………………………….

25


Қорытынды …………………………………………………………………….

28

Қолданылған әдебиеттер тізімі…. …………………………………………...

30

Қосымша (қосымша беті нөмірі көрсетілмейді және қосымша берілген беттер нөмірленбейді))


4 қосымша
Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Послание Президента Республика Казахстан Н.А.Назарбаева «Казахстанский путь-2050: единая цель, единые интересы, единое будущее»

  2. Концепция 12 – летнего среднего общего образования в Республике Казахстан // 12-летнее образование.- 2007.- №11.- 10-17 с.

  1. Бекиш М.А. Приемы, используемые на уроках и во внеурочной деятельности Начальная школа. – 2011. - № 11. С.43-45.

  1. Букеева Г.А. Развитие познавательной способности в условиях уровневой дифференциации. Білім әлемі 2007 – 15 марта - 6 с.

  1. Вавилова Л.Н., Кузина Т.С.. Методические рекомендации//под общей редакцией Паниной В.М. – Кемерово. Издательство ГОУ «Крирпо»2007 – 97с.

  2. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М. 1991

  3. Выготский Л.С.. игра и ее роль в психическом развитии ребенка. Вопросы психологии, 1966 - №6

  4. Геронимус Ю.В. Игра, модель, экономика. М. «Знание», 1989 - 18 с.

  5. Гликман И. Педагогическая технология – это одно из области средств педагогической методики. Директор школы – 2004 - №7.С. 46-49.

  6. Даулетова С.С. Дидактические основы развития обученности учащихся в условиях применения педагогических технологий. Білім. Образование 2007 - №2

  7. Дубина О.В. Игровые технологии ознакомления дошкольников с предметным миром. Практико-ориентированная монография – М.: Педагогическое общество России. 2008 - 128 с.

  8. Каптерев П.Ф. «Дидактические очерки. Теория образования» М.: 1982

  9. Караев Ж.А. Педагогические технологии как средство повышения качеств обучения. Творческая педагогика-2007 - №1. С. 29-37.

  10. Козлова О.А. Роль современных дидактических игр в развитии познавательных интересов и способностей младших школьников. Начальная школа. - 2004. – № 11. – С. 49-52.

  11. Кудиярбекова Г.К. Игровые технологии в учебном процессе. Бастауыш мектеп – 2007 - №4. С. 35-36.

  12. Кукушин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. Ростов н/д 2004 - №2

  13. Кунантаева Д. «Проблема определения детского игрового пространства. Воспитание школьника». – 2005 - №6. С. 21-23.

  14. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. Издательство "Советская энциклопедия", Москва, 1964 - №6.

  15. Рахимжанова М.К., Мукашева А.Д. Игра в педагогическом процессе. 12-летнее образование. - 2008.- №2. С. 75-77.

  16. Самоукина Н.В. Игры в которые играют. Психологический практикум. Феникс 2002 - 128 с.

  17. Сухомлинский В.А. Игра, как средство умственного развития: Методическое пособие. – М.: 2003 – 128с.

  18. Триполеева Н.В. «Обобщение опыта «Дидактическая игра, как средство развития познавательного интереса младших школьников на уроках математики». Волгоградская обл. г.Дубовка 2012г.

  19. Ушинский К.Д. «Игра как предмет воспитания» Т. - К.Д.Ушинский Соч.Т.8.М., 1950.


5 қосымша
1 қосымша

Тест, сызықшаларды нақты бір сурет шығатында етіп жалғастыр.
http://topref.ru/main/images/121522/2edc8bac.png

2 қосымша

Тапсырма «Көңіл-күйді ойлап-тап»
http://cs607117.vk.me/v607117543/5e42/qp4sjht065w.jpg

6 қосымша
Мультимедиялық тұсаукесерлерді рәсімдеу

талаптары

Стиль

  1. Безендірудің бір стилін сақтаңыз.

  2. Адам назарын тұсаукесерден ауытқытатын стильдерден бастартыңыз.

  3. Қосымша ақпарат (басқару тетігі) негізгі ақпараттардан (мәтін, суреттерден) артық болмауы тиіс


Фон

  1. Фонға барынша суық түстер (көк, жасыл) таңдаңыз.

  2. Бір слайдта үш түстен аспайтын түс қолдану ұсынылады:

  • Біріншісі фон үшін,

  • Екіншісі – тақырып атауына,

  • Үшіншісі – мәтін үшін.


Түстерді қолдану

  1. Слайдтың фоны мен мәтіні үшін контрасты түстер таңдаңыз.


Анимациялық эффекттер

  1. Ақпаратты слайдта ұсыну үшін компьютерлік анимация мүмкіндіктерін қолданыңыз.

  2. Түрлі аннимациялық эффекттерді шамадан тыс қолданудың қажеті жоқ, олар, адам көңілін слайдтың мазмұнынан өзіне аудармауы тиіс.


Ақпаратты ұсыну
Ақпараттық мазмұны

  1. Қысқа сөздер мен сөйлемдер қолданыңыз

  2. Көмекші сөздер, үстеулер, сын есімдер санын шектеңіздер

3. Тақырып атауы аудиторияның көңілін аударатындай болуы тиіс
Ақпараттың бетте орналасуы

  1. Ақпараттың көлденең орналасқаны ұтымды.

  2. Аса маңызды ақпарат экранның ортасында орналасқаны дұрыс.

  3. Егер, слайдта сурет пайдаланылса, жазбасы суреттің төменгі жағында орналасуы тиіс


Қаріптер (шрифтілер)

1. Тақырып атауы үшін – 24 кем емес.

2. Ақпарат үшін –18 кем емес.

3. Кертігі жоқ қаріптерді (шрифтерді) қашықтан оқуға жеңіл.

4. Бір тұсаукесерде түрлі шрифт типтерін қолдануға болмайды.

5. Ақпаратты ерекшелеу үшін қалың, жатыңқы және астын сызу белгілерін қолданған жөн.


Ақпаратты ерекшелеу тәсілі

1. жЖиектемелер, шектемелер, бояу.

2. Түрлі-түсті шрифттер, штрихтау, бояу.

3. Аса маңызды факторларды белгілеу үшін суреттер, диаграммалар, сызбалар қолдану.


Ақпарат көлемі

1. Бір слайдты көлемді ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ: адамдар үш факт, қорытынды, анықтаманы есте сақтап ұала алады.

2. Маңызды пунктер бір-бірден әрбір слайдта көрсету аса тиімді болып табылады.
Слайд түрлері

Тұсаукесердің әртүрлі болуын қамтамасыз ету үшін әртүрлі слайд түрлерін қолданған жөн:

1. мәтінмен;

2. кестемен;

3. диаграммамен.


7 қосымша
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі
СЫН-ПІКІР

Пән атауы:___________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

Студенттің аты-жөні___________________________________________________

____________________________________________________________________

Тобы:_____________________________________________________________

Курстық жұмыстың тақырыбы: _________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Алдын-ала қойылған баға:______________________________________________

Қорытынды баға:_____________________________________________________

Курстық жұмыстың жетекшісі: _________________________________________

Қорғалған күні:_______________________________________________________


8 қосымша
Курстық жұмысты қорғау

хаттамасы
Пән атауы___________________________________________________________

____________________________________________________________________

Тақырыбы ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

Студент _____________________________________________________________

Тобы _____________________________________________________________

Қорғауға қатысқандар:_____________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Тыңдалды:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Шешім:


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Күні: _____________________ Жетекшісінің қолы: ____________________

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет