Курстық жұмыстарды орындау және қорғау бойынша

Loading...


Pdf көрінісі
бет2/6
Дата26.03.2020
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6

 

І кезең. Дайындық кезеңі 

Әдебиеттермен  жұмыс.  Курстық  жұмыс  таңдалған  тақырып 

бойынша  қажетті,  маңызды  әдеби  деректерді  талдап,  әдебиеттерге  шолу 

жасауды, мәселелердің жауаптарын анықтауды, мәселе тарихына қысқаша 

тоқталуды,  ғалымдардың  мәселе  жауаптарын  салыстырмалы  түрде 

талдауды  талап  етеді.  Әдебиеттерде  тақырыпты  ашуға  керекті  маңызды 

материалдар, кейбір мәселелердің шешімдері болады. Таңдалған тақырып 

бойынша әдебиеттерді оқудағы міндет ғалымдардың мәселені шешу әдіс – 

тәсілдерімен,  оның  маңызымен,  жауаптың  дәстүрлі  шешімдерден 

айырмашылығымен,  автордың  дәлелді  және  дәлелдері  аз  пікірлерімен, 

ұсыныстарымен танысу. Тақырып бойынша әдебиеттерді алдын ала талдау 

ғылыми  жұмыстың  міндеттерінің  жобасын  тұжырымдауға  мүмкіндік 

береді.


 

 

 



Тақырыпты  дұрыс  және  өз  бетімен  ашу  үшін  кітаппен  жұмыс  істей 

білу керек.  



Әдебиеттерді іздеу жұмыстары:  

1.  Іздейтін тақырыпты тұжырымдау.  

2.  Тақырыпты ашатын негізгі ұғымдарды анықтау. 

3.  Керекті құжаттардың шамасын белгілеу. 

4. 

Кітапханадағы жүйелі каталогте жұмыс істе



у. 

5.  Библиографиямен жұмыс.  

6.  Соңғы 5 жылда шыққан педагогикалық басылымдарды оқу. 

7.  Карточкалар жасау 

8.  Ұлттық кітапханалардағы басылымдарды қолдану. 

9.  Керекті  әдебиеттер  табылмағанда  кітапханашыдан  ақыл  –  кеңестер 

алу.  

Курстық  жұмыстың  сапасына  тікелей  әсер  ететін  керекті  әдебиетті 



табу  өте  қиын,  маңызды  жұмыс.  Алдымен  студент  өз  кітапханасындағы 

әдебиеттермен,  содан  соң  білім  алып  жатқан  білім  беру  ұйымының 

кітапханасындағы, басқа кітапханадағы әдебиеттерді оқиды. 

Анықтама  беретін  әдебиеттер  бөлімінде  жұмыс  істеуге  уақыт 

бөлген  жөн.  Алдымен  зерттелетін  тақырып  бойынша  қысқаша  мәлімет, 

негізгі  әдебиеттер  көрсетілген  педагогикалық  энциклопедияны  оқыған 

тиімді. Содан соң зерттеу әдістемесі туралы әдебиеттер оқылады. 

Кітапхана  қорларында  бар  кітаптардың  тізімі  жазылған  карточкалар 

жүйемен  беріледі.  Алфавиттік-пән  бойынша  жазылған  кітаптар  тізімі. 



Жүйелі  –  бар,  жаңа  түскен  әдебиеттер  каталогтары.  Тақырыптық 

каталогтер - тақырып бойынша орналастырылған әдебиеттер тізімі. 

Кітапқа тапсырыс беру үшін оның шифрін білу керек. Каталогтерден 

алынған 

әдебиет 


туралы 

мәліметтер 

карточкаларға 

жазылады. 



13 

 

Карточкаларды  алфавит  бойынша  жүйелеп,  әдебиеттер  тізімін  жазуға 



болады. Жазбалар –материалды жинаудың және өңдеудің ең жақсы тәсілі, 

ақыл  –  ой  жұмысын  ұйымдастырудың  міндетті  түрі.Іріктелеген 

материалдарға ескертулер жазылады. Кітапты конспектілегенде ғалымның 

пікірлерін, ұсыныстарын, әдістемесін бөлек карточкаларға жазып, топтап, 

жүйелеуге  болады.  Кітаптағы  мәліметтерді  жеке  парақтарға  немесе 

дәптердің  ортасын  сызып,  бір  жақ  бөлігіне  өз  сөзімен  де,  тырнақшаға 

алып,  беттерін  көрсетіп  сөзбе  –  сөз  көшіріп  те  жазуға  болады.  Студент 

конспектілерін  қолданып,  сын  –  пікірлерін,  қорытындыларын  бір  жүйеге 

келтіреді, курстық жұмыстың жоспарын нақтыландырады. 

Шолуда 


курстық жұмыстың міндеттері және жоспарына сай кітаптың аннотациясы, 

кіріспесі,  соңғы  сөздері,  авторларының  негізгі  ойлары  және  ұсыныстары 

жазылады.  Сонымен  шолуда  әдеби  деректердегі  курстық  жұмыстың 

таңдаған мәселесінің жауаптары анықталады. 

Кітап талдағанда қолданылатын етістіктер: 

Автор 


•  баяндайды; 

•  хабардар етеді; 

•  талдайды;    

•  түсінеді; 

•  қарсы; 

•  келіседі;  

•  мынадай пікір 

айтады;  

•  қосады;  

  

•  ұсынады; 



•  дәлелдейді; 

•  сілтеме жасайды;  

•  сұрақ қояды;  

•  болған 

оқиғаларды 

жазады; 


•  еске салады;  

•  сенеді;  

•  күдіктенеді;     

•  табады;     

•  жауап береді;    

•  атап көрсетеді;  

•  анықтайды;  

•  жазады;   

  

•  қайталайды;  



•  мақұлдайды; 

•  қорытындыға келеді; 

•  мәселені шешеді. 

Мектеп оқулықтарын талдау үлгісі 

1.  Оқулық мұқабасының безендірілуі.  

2.  Оқулықтағы суреттер, оның сапасы.  

3.  Оқулықтағы  білімдердің  қазіргі  талаптарға  сәйкестігі,  жаңалығы, 

ғылымилығы.  

4.  Оқу ақпаратының жүйелілігі және мақсатқа сәйкестігі.  

5.  Ұлттық ерекшеліктерді ескеруі  

6.  Оқулықтағы білімдердің оқушылардың жас мүмкіндіктеріне сәйкестігі  

7.  Пәнішілік және пәнаралық байланыстар 

8.  Оқушыларды қызықтыратын, сезіміне әсер ететін, тартымды ақпараттар  

9.  Оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйенетін ақпараттар.  

10. Оқушылардың өздік жұмыстары  

11. Оқулықпен жұмысқа берілген нұсқаулар.  

12. Дұрыс орындалған тапсырма үлгілері.  

13. Оқушының білім, іскерлік, дағдыларын тексеруге арналған сұрақтар.  

14. Оқулық мазмұнының оқушы қабілетін жан – жақты дамытуға ықпалы.  

15. Мәтіндердегі проблемалық сұрақтар  

16. Сұрақтар мен тапсырмалар  

 

 


14 

 

2 кезең. Тәжірибе жұмыстарын дайындау және жүргізу 

Бұл  кезеңде  құрамына  анықтаушы,  жасампаз,  қалыптастырушы, 

тексеру  эксперименті  енетін  тәжірибе  жұмыстарының  кезеңдері 

анықталады.  Анықтаушы  эксперимент  зерттеу  жұмысының  алғашқы 

кезеңінде  өткізіледі.  Міндеті  зерттелетін  құбылыстың  практикадағы 

жағдайын  білу.  Мысалы  оқыту  процесіндегі  деңгейлік  тапсырмалардың 

тиімділігін  анықтау  үшін  зерттеуші  сабақ  жоспарларын  зерттеп, 

сабақтарды  бақылап,  оқушылармен  және  мұғалімдермен  әңгімелеседі, 

жеке  оқушылармен  сұхбат  жүргізеді,  оқушылардың  өздік  жұмыстарын 

тексереді. 

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Ойын - тәрбие әдісі». Анықтаушы 

эксперимент  тақырыбы:  І-ІІІ  сынып  оқушыларының  үзілісте  жиі 

ойнайтын ойындары. Нәтижесі: 

  үлгерімдеріне қарай бөлінетін оқушылар; 

  дене бітістеріне қарай бөлінген оқушылар;  

  көп балалы отбасыларының балаларының бірігуі;  

  бір балалы отбасылары балаларының топтасып ойнауы;  

  ойынға уақыттың, аптаның әсері; 

  ойын тәртібінің сақталуы;  

  ойын тәртібінің сақталмауы; оған оқушылардың қатынастары; 

  бір немесе бірнеше оқушылрдың мінез – құлқын бақылау.  

Осы  нәтижелерден  студент  мәселелерді  анықтап,  оны  шешу  үшін 

ұсынған  жорамалын  тексеріп,  жаңа  жағдайлардың  оқыту  мен  тәрбие 

тиімділігін  көтеруге  ықпалын  зерттеу  үшін  эксперименттің  негізгі  кезеңі 

болып табылатын қалыптастырушы немесе жасампаз эксперимент өткізеді. 

Оның төрт кезеңі бар:  

 



эксперимент алдындағы кезең;  

 



экспериментке дайындық жұмыстары; 

 



шаралар жүйесінің тиімділігін тексеру;  

 



нәтижелерін шығару; 

 Бұл кезеңде тәжірибе жұмысының барысын және нәтижесін белгілеп 

отырудың,  нәтижелерді  талдау  әдістемесін  білудің,  мәліметтерді  сандық 

тұрғыдан өңдеудің, кесте, график құрастырудың зор маңызы бар.  

Бақылау  эксперименті  қалыптастырушы  эксперимент  нәтижелерін 

нақтыландыруға,  гипотезаның  дұрыс  немесе  қате  жерлерін  көруге 

мүмкіндік береді. Эксперименттен кейін сабақтар, сыныптан тыс тәрбиелік 

іс–шаралар,  өздік  жұмыстар  талданып,  зерттеу  барысындағы  жетістіктер 

мен кемшіліктер қорытындыға жазылады.  

 

3 кезең.  Курстық жұмысты безендіру 

Мәтіндерді безендіруге қойылатын талаптар:

  

Курстық жұмыс стандартты А4 форматтағы парақта орындалады. Сол 



жағынан – 3 см, оң жағынан – 1 см, жоғары және төменгі жағынан – 2 см 

қалдырылады.

  


15 

 

Курстық жұмыстың негізгі мәтінінің көлемі компьютерде терілген 25 



беттен кем болмауы керек.

 

Мәтін Times New Roman шрифтісімен теріледі.  Шрифт размері 12-14 



кегль.  Шрифт    түсі  қара.  Мәтінді  екі  шету  бойынша  туралау,    азат  жол 

(абзацтың  бірінші  жолы)  –  1,25  немесе  1,27  см,  жоларалық  интервал  – 

біржарым, абзац алдында және абзацтан соң интервал салынбайды.  

Бөлім,  тарау  атаулары,  сурет  пен  кестеге  қойылатын  жазбалар  жаңа 

жолда  орналасады.  Бөлім,  тарау  атаулары  бас  әріппен,  қою,  16  –  шы 

шрифтімен  жазылады

Әрбір  тарау  жаңа  беттен  жазылады.



 

Тарау  атауы 

мағынасына сай болуы қажет.

 

Оның атауы парақтың ортасына жазылады. 



Сөйлемнің соңынан нүкте қойылмайды. Егер тақырып бірнеше сөйлемнен 

тұрса  араларына  нүкте  қойылады.  Тақырыптардың  аты  мәтіннің  жоғары 

және төмен жағынан 3 интервалмен бөлінеді

А4(210х297)  форматының  бір  жақ  бөлігіне  баспаға  шығарылады,



 

203х288  мм.  форматты  қолдануға  болады

бір  жолда  60-65  белгі  болады



азат жол 5 белгіден тұрады

бір бетте 28 – 30 қатар болады



Мәтін  беттерінің  рет  саны  төменгі  жақта,  парақтың  ортасында  араб 

санымен  белгіленіп,  3-беттен  басталады

Титулдық  парақ  пен  жоспарға 



реттік  саны  қойылмайды,  бірақ  ағымдағы  түрде  курстық  жұмыстың 

бірінші және екінші парақтарына орналасады. 

  

ЖОСПАР, МАЗМҰН деген сөздер бас әріппен жазылады.    



Кестелер,  суреттер  мен  сызбалар  өздері  бөлек  нөмірленеді.  Суреттер 

мен  сызбалардың  атаулары  нысанның  төменгі  бөлігінде  ортасына 

тураланып жазылады.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

1-сурет. Компьютердің функционалдық сызбасы 



Енгізу 

құрылғылары   

(адамға түсінікті 

сигналды ДК 

түсінікті  сигналға 

айналдырады) 

Ішкі жады 

(орындалатын 

программаны және 

өңделетін берілгендерді 

сақтайды) 

Шығару 

құрылғылары 

(ДК түсінікті 

сигналды адамға 

түсінікті сигналға 

айналдырады) 

Процессор 

(есептеу үрдісін басқарады, 

логикалық-арифметикалық 

амалдарды орындайды) 



Сыртқы жады 

(ақпаратты ұзақ сақтау 

үшін) 

ақпарат қозғалысы 

 

басқару 

сигналдарын 

тарату  


16 

 

Сілтемелер мен ескертулер сол орналасқан парағында көрсетіледі.   



Кесте  бір-  бірнеше  обьектілерді  сандық  және  сөздік  ақпаратты 

баяндау,  көрсеткіштерді  салыстыру  үшін  үшін  қолданылады.  Кестені 

мәтіннен  кейін  орналастыру  қажет.  Барлық  кестелерге  сілтеме  беруі  тиіс. 

Кесте  атауы  кестенің  жоғарғы  жағында  ортасында  орналасады.  Келесі 

жолда  кестенің  жоғарғы  оң  жағында  «кесте»  сөзі  және  реттік  номері 

көрсетіледі.  Кесте  араб  сандарымен  белгіленеді.  Кестені  басқа  бетке 

ауыстырғанда  оның  атауы  бірінші  бетке  түсіріледі,  келесі  бетке  оң 

бұрышына “кестенің жалғасы...” деп көрсетіледі. Мысалы: 

 

Санау жүйелері 



1-кесте  

Позициялық 

Позициялық емес 

2359,407 

МСХХII 

Цифрдың мәні оның орналасқан 



орнына тәуелді  

Цифрдың мәні оның орналасқан 

орнына тәуелді емес   

 

Курстық  жұмыс  көбінесе  келесі  құрылымда  беріледі  (жақша  ішінде 

көлемі үлгі ретінде): 

Титулдық парақ (1 бет)  

Мазмұны (1 бет)  

Кіріспе (2-3 бет) 

1бөлім (10-15 бет) 

 1.1 


 1.2 

2 бөлім (10-20 бет) 

 2.1 


 2.2 

Қорытынды (1-2 бет) 

Әдебиеттер тізімі (1-2 бет) 

Қосымшалар 

 

Кіріспе 

Курстық  жұмысты  безендіру  дайын  мәтіндерді  бөлімдерге  енгізуден 

басталады.  Әр  бөлімнен  соң  қорытынды  жасалады.  Теория  мен  практика 

қорытындылары кіріспеде жазылады.  

Кіріспе  –  ғылыми  жұмыстың  компьтермен  жазылған  2  –  3  парақтан 

тұратын  алғы  сөзі.  Кіріспеде  курстық  жұмыстың  үш  бөліміне  қысқаша 

сипаттама беріледі.  

Автор бірінші сөйлемнен бастап тақырыбының өзектілігін, Қазақстан 

Республикасының  мектептерінің  қажеттіліктеріне  сайлығын,  ірі  зерттеу 

бағдарлама,  тақырыптармен  байланысын,  зерттеу  жұмысының  мақсат, 

міндеттерін,  жұмысының  практикаға  пайдасын,  тәжірибе  жүргізілген 

мектептің,  әдебиеттердің  зерттеу  әдістерінің  қысқаша  сипаттамасын, 

қорғауға ұсынатын пікірлерін, мәселе туындап тұрған жұмыс үлескелерін, 


17 

 

оны  қандай  құралдармен  шешкенін,  зерттеу  жаңалығын,  алынған 



нәтиженің  мектеп  жұмысының  сапасын  көтеруге  қосқан  үлесін,  зерттеу 

жұмысының  құрылымының  дұрыстығын  оқырманды  қызықтыратындай, 

қысқаша етіп жазу керек.  

Кіріспенің  талапқа  сайлығын  тексеру  үшін  В.В.Краевскийдің 

сызбасын пайдалануға болады. 

Зерттелетін 

мәселенің 

өзектілігін 

дәлелдеу  

Тақырыптың 

практика 

сұранысынан 

туындап отырғанын дәлелдеу  

Тақырыптың 

ғылыми 

өзектілігін 



дәлелдеу.  

Педагогикалық 

процесс 

нәтижелеріне 

баға беру  

Педагогикалық  процесс 

сапасына баға беру  

Мәселенің 

маңыздылығы

н көрсету  

Оқушылардың 

білімі мен 

тәрбиесіндегі 

кемшіліктерді 

көрсету  

Оқушылардың білімі 

мен тәрбиесіндегі 

олқылықтарға себепші 

болған педагогикалық 

процестегі 

кемшіліктерді сипаттау.  

Мәселе 


жауаптарын 

көрсетіп, 

шешілмегендер

ін жазу.  

 

Педагогикалық  зерттеулердің  негізгі  сипаттамаларының  дұрыстығын 



төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы білуге болады.  

Мәселе 

→  бұрын зерттелмеген мәселелерден таңдалған мәселе 

Тақырып 

 

мәселенің атауы 



Өзектілігі 

 

бұл мәселені не себепті қазіргі кезде зерттеу керек? 



Зерттеу 

объектісі 

 

шешімін таппаған мәселелер 



Зерттеу пәні 

 

объектідегі мәселені шешуге көмектесетін  



педагогикалық әдіс – тәсілдер немесе объектіден 

бөлініп, зерттеуге алынған бөлік  



Мақсат 

 

зерттеу жұмысының нәтижесі  



Міндеттері 

 

мақсатқа жету үшін атқарылатын жұмыстар 



Гипотеза                                                     

 

мәселе жауабы 



Ұсыныстар 

 

зерттеуге алынған нысанды жетілдіру туралы ойлар 



 

Негізгі бөлім 

Негізгі  бөлімде  тақырып  жоспар  бойынша  баяндалады.  Бұл  бөлім 

бірнеше  бөліктерден  немесе  тараулардан  құрылады,  онда  жұмыста 

қолданылған  әдістер  мен  материалдар,  шешілген  проблемалық  есептер, 

ғылыми-теориялық  (арнайы  әдебиеттерді  талдаудың  қорытындысы)  және 

есептеу-теориялық  нәтижелер  (мамандық  және  тақырыпқа  байланысты) 

енгізіледі.  

Теориялық бөлімге енгізілетін мәліметтер: 

  тақырып бойынша әдебиеттерге шолу, мәселе тарихы;  

  зерттеуші қолданған ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасау;  

  зерттеу керек мәселені негіздеу;  



18 

 

  міндеттерді орындау үшін қолданылған зерттеу әдістері;  



  өткізілген эксперимент; 

  зерттеушінің  өз  зерттеуі,  оның  мәселені  шешуге  қосқан  үлесі, 

жаңалығы;  

  зерттеу  нәтижелерінің  ақиқаттығы,  отандық  және  шетелдік  ғылыми 

зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен салыстыру;  

  зерттеу жұмыстарын жалғастыруды негіздеу;  

  зерттеуді тоқтатуға мәжбүр еткен жағдайларды жазу; 

  қазіргі уақытта шешуге мүмкіндік жоқ мәселені анықтау;  

  әрбір бөлімнен кейін қорытынды жасау;  

  озат тәжірибе.  



Негізгі бөлімнің практикалық бөліміне енгізілетін мәліметтер: 

  гипотезаны тексеріп, мәселені шешу үшін атқарылған жұмыстар

  тәжірибе жұмысына дайындық

  тәжірибе жұмысының сипаттамасы; 

  тәжірибе жұмысының нәтижелерін талдау; 

  сынақтан  өткен  педагогикалық  әдіс  –тәсілдерді,  құралдарды  қолдану 

жөніндегі қорытындылар, ұсыныстар.  

  қолданылған әдіс-тәсілдер: анкета, сұрақтар тізімі; 

  өткізілген сабақтар мен тәрбиелік шаралар; 

  жаттығулар, тренингтер. 



Жұмыс мәтіні сипаттауы қажет: 

 



қарастырылатын  сұрақтар  бойынша  автордың  негізгі  әдебиеттермен 

танысуы;   

 

мәселені анықтай  және он шешу жолдарын анықтай білуі;   



 

қарастырылатын сұрақтардың мәнін тізбекті баян дай білуі;   



 

сәйкес тұжырымдамалық және терминологиялық аппаратты меңгеруі;  



 

тілдік  сауаттылықтың,  функционалдық  ғылыми  баяндау  стилін 



меңгерудің орташа деңгейі. 

  



Қорытынды

  

Қорытынды  бөлімде  жоспарда  қойылған  және  негізгі  бөлімде 

жазылған  сұрақтардың  түйіндері  тұжырымдалады.  Онда  бөлім  бойынша 

түйіндер  сөзбе  –сөз  қайталанбау  керек.  Мақсатқа  жету  деңгейі, 

нәтижелерді практикада қолдану туралы ұсыныстар, жұмысты жалғастыру 

мүмкіндіктері туралы айтылады.   

Студент жауап беретін сұрақтар: 

-  тақырыпты таңдау себебі; 

-  тақырып бойынша атқарылған жұмыстар; 

-  бөлім бойынша және жалпы қорытынды; 

-  зерттеудің теория мен практикаға пайдасы, жаңалығы. 

  

 



 

19 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

Альфавит  бойынша  автордың  ғылыми  жұмысының  аты,  баспадан 

жарық  көрген  жылы,  беттерінің  саны  жазылады.  Пайдаланылған 

әдебиеттер саны 10-15 тен кем болмауы тиіс. Мысалы: А.Құралұлы. Қазақ 

дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. Алматы: Сөздік – словарь, 1998. 128 

б.  

 

Әдебиеттерді безендіруге қойылатын талаптар 



Бір автордың еңбегін безендіру: 

Құрманалина 

Ш.Х. 

Оценка 


качества 

профессиональной 

компетентности учителя. Алматы: Ғалым, 2006.– 144б.  

Бірнеше авторлардың еңбегін безендіру: 

Математиканың  теориялық  негіздері:  оқулық  кәсіптік  бастауыш 

және  орта  білім  беру  ұйымдарына  ұсынады  /  Т.Қ.Оспанов, 

Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина.- Астана: Фолиант, 2007.- 352б. 

Дерек  көшірілген  мәтіннен  соң  бірден  жазылады:  мысал:  Ильясова 

Р.К.,  Нұрашева  Г.С.  Педагогикалық  оқу  орындарында  кәсіби 

құзыреттілікті  қалыптастырудың  жолдары  //  Білім  берудегі  өзгерістер: 

жаңа  межелер  мен  басымдықтар.  Ғыл.ред.А.Қ.Құсайынов.  Алматы, 

Қазақстан ПҒА, 2013. –б.92 – 97.  

Қолданылған  әдебиеттердің  тізімдегі  рет  саны  көрсетіледі:  мысал: 

«Атаның баласы болма, адамның баласы бол» (1). 

Жақшаға әдебиеттер тізіміндегі рет саны, беттері көрсетіледі: мысал:  

(6; -Б. 8-10). 

Мақалаларды  безендіру.

 

Газет  және  журналдардан  алынған 



мақалалар: 

Айтжанова  З.  Құқықтық  тәрбие  беру  арқылы  адамгершілікке 

тәрбиелеу. //Бастауыш мектеп. 2008. -№12. –Б. 2-19. 

Майғаранова Ш. Сабақтың тәрбиелік міндеттері. //Бастауыш мектеп. 

2007.-№4. –Б.3 

Энциклопедиялар мен сөздіктерден алынған мақалалар: 

Бирюков Б. В., Гастев Ю. А. Моделирование // БСЭ. – 3-е изд. – М., 

1974. – Т. 16. – С. 393-395. 

Инновация  //  Cловарь-справочник  по  научно-техническому 

творчеству. – Минск, 1995. – С.50-51. 

Әртүрлі авторлардың мақалалар жинағы: 

Теоретические 

проблемы 

и 

технологии 



инновационного 

менеджмента  в  образовании:  Сб.  научных  статей  /  Сост.  О.  С.  Орлов.  – 

Великий Новгород: РИС, 2000. – 180 с. 

Электрондық ресурс материалдарын безендіру: 

Уроки  английского  языка  Кирилла  и  Мефодия  [Электронный 

ресурс]. –М.: ООО «Кирилл и Мефодий». 2008. – CD-ROM: зв., цв. 

Сайтты жазу: 

Мектеп  клубы  [Электронный  ресурс].  –  М.:  «КМ  Образование», 

2009. – Режим доступа: http://www.school-club.ru/ 


20 

 

Сайтта орналасқан материалдарды жазу : 

Брусков  В.  Аккуратист  [Электронный  ресурс]:  отрывок//Полдень 

XXI 


век: 

альманах. 

-2009. 

– 

4. 



– 

Режим 


доступа: 

htpp://www.vokrugsveta.ru/polden/article/270/ (15.05.09). 



 Википедиядағы мақалалар: 

Абай  Кунанбаев.  Электронный  ресурс]  //Википедия.–  Режим 

доступа: http://ru.wikipedia.org/wiki/ 

 

Қосымшалар 

  Бөлек парақтарға сабақтардың, тәрбиелік шаралардың конспектілері, 

бақылау  хаттамалары,  балалардың  суреттері,  фото,  диаграммалар,  жеке 

беттерде  орындалып,  атаулары  болу  керек.  Мәтінде  әрбір  қосымшаға 

сілтеме жасалу керек.    

 

 



КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ 

 

Аяқталған  және  толық  рәсімделген  жұмыс  электрондық  нұсқасымен 

(диск/дискетада) емтихан сессиясы басталардан 2 апта бұрын жетекшісіне 

тексеруге  және  алдын  ала  бағалауға  ұсынылады.  Сырттай  бөлім 

студенттері  курстық  жұмысты  келесі  сессия  басталғанға  дейін  тапсыруы 

тиіс.   


 Жетекші жұмысты тексереді, оған жазбаша қорытынды (пікір) береді, 

егер  жұмыс  толық  рәсімделген  және  мазмұны  оң  баға  алған  жағдайда 

қорғауға  жіберіледі.  Талаптарға  жауап  бермейтін  жұмыстар  жасалған 

ескертулерді  есепке  ала  отырып  толықтыруға  ұсынылады,  кафедраға 

қорғау  уақытынан  4  күн    бұрын  қайта  тапсырылуы  тиіс.  Дайын  курстық 

жұмыстар  тігілген  түрде  кафедраға  тапсырылады  (жетекші  пікірі  мен 

плагиатқа тексеру нәтижесі тігілмейді, курстық жұмыс ішіне салынады).  

Оқу кабинеттерінде көрме ұйымдастырылады.  

Курстық 

жұмысты 


қорғау 

үшін 


сәйкес 

кафедралардың 

оқытушыларынан комиссия құрылады.  

Курстық  жұмыстарын  кафедра  отырыстарында,  бала  бақшаларда, 

мектептерде, төменгі курс студенттері алдында қорғауға болады.  

Курстық  жұмыс  ережеге  сай  плагиат  пен  көшіріп  алғандығына 

тексерістен өтеді. 

Жұмыс  жетекші  студентті  жұмыстың  рұқсат  етілген  мөлшерде 

көшірулермен  плагиатқа  тексерістен  өтетіндігі  туралы  және  кафедраға 

тапсырғанға  дейін  мәтінді  өзбетімен  тексеру  қажеттігі  ескертуі  қажет, 

жұмыстың соңғы бетінде «Курстық жұмысты өзбетіммен орындағанымды, 

рұқсат  етілген  мөлшерде  көшірмелер  бар  екендігін  растаймын»  деген 

жазумен қолын қоюы тиіс. 


21 

 

Курстық жұмысты қорғау процедурасы:  

1. Жұмыстың мазмұны туралы студенттің хабарламасы (7-10 минут).  

2. Авторға сұрақ және жұмысты талқылау.   

3. Жетекшінің сөзі.  

4. Студенттің қорытынды сөзі.  

5. Қорғауды қорытындылау. 

Студент қорғауға 7 минутқа есептелген ауызша сөз даярлайды.   




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...