Курстық жұмыс Тақырыбы

Loading...


Дата26.03.2020
өлшемі210.39 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


География және табиғатты пайдалану факультеті

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы




Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Желдету жүйесін жобалау және есептеу» (Мысты бөлімшесі БМҚЗ металлургиялық цех)

Орындаған: Сабырбаева Н. Қ.

Ғылыми жетекші: Исаханова А. Б.

Норма бақылаушы: Исаханова А. Б.

Алматы 2020



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 1.ӘДЕБИ ШОЛУ………………..………………………………………………… 1.1 Желдеткіш қондырғылары және олардың жіктелуі…………….………... 2.САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛЕР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР……………………… 2.1 Желдету жүйесіне қойылатын талаптар…………………………………… 2.2 Желдету жүйесіне қойылатын жалпы ережелер………………………….
3. ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ………………..………………………….……………… 3.1 Кәсіпорынның қысқаша мінездемесі…………………….…….………….. 3.2 Объектідегі конвертерлердің жеке газ соруының жұмысы…………….. 3.3 Қауіпті өндірістік факторлар анализі…………………….….……………. 4. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ……….……………………..……………………….. 4.1 Цехтағы жылу бөлінуді есептеу…………………….……………..……….. 4.2 Цехтағы ылғал бөлінуді есептеу……………………………..…….………. 4.3 Цехтағы газдар мен зиянды заттардың бөлінуін есептеу………..…….…. 4.4 Цехтағы ауа алмасуды есептеу………………………………..…………..... 4.5 Цехтың желдету жүйесінің аэродинамикалық есебі…………….………... 4.6 Ауа өткізгіштердің схемасын таңдау және диаметрлер есебі……....……. 4.7 Жергілікті тартпа-қалқанды зонтты есептеу……………….……………… ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………….……………… ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………….………………….

КІРІСПЕ

1931 сәуір айында Цветметзолото басқармасы Балқаш көлі аумағында пирометаллургиялық зауыт салу туралы шешім қабылдады. 1938 жылы Балқашта ең бірінші отандық қара мыс өндіріліп, сол жылы анодты мыс құйылды. Ай сайын БМЗ 19-20 мың тонна қара мыс балқытады. 1938 жылдың 10-ақпанында шыққан №50 бұйрықта жаңа зауыт құрылысына тездетіп кірісу туралы тапсырма берілді. Онда Жезқазған комбинатының жаңа шахталары, байыту фабрикалары, жаңа қалашық пен мыс балқыту зауытын жобалау және салу мәселелері қамтылды. Комбинат, ең алғашқы 5 шахта мен карьерлер 1943 жылы-ақ жұмысқа кірісіп кетті. Ал, құрылыс 1958 жылы толықтай аяқталды. Ал қазіргі таңда өндірісте өнімді тек өндіріп қана қоймай, онымен қоса санитарлық – эпидемиялық талаптарды, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын толықтай орындалуы қажет. Сол себепті де микроклимат параметрлерін оңтайландыру үшін күшті өнеркәсіптік желдету жүйесін қолдану керек.



Тақырыптың өзектілігі:Қазақмыс Қазақстан Республикасы бойынша ең үлкен мыс байыту өнеркәсібі болып табылады. Оның бірнеше филиалдары, зауыттары, цехтары жұмыс істейді. Сонымен қатар мыс өндіріп өңдеу кезінде түрлі зиянды шығарындылар қоршаған ортаға бөледі. Сол себепті осы объектінің желдету жүйесін бағалау маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өнеркәсіп объектілері үшін өндірістік микроклиматқа, жарықтандыруға, медициналық қамтамасыз етуге, физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып желдету жүйесін бағалау және металлургиялық цехты желдету жүйелерін есептеу
Курстық жұмыстың міндеті: * Өнеркәсіп объектісімен толықтай танысу; * Өнеркәсіп объектісіндегі микроклимат параметрлерін бұзатын факторларды анықтап, сандық мәнге келтіу;
* Сандық мәліметтерге сүйене отырып желдету жүйесін тексеру.
Зерттеу нысаны: Мысты бөлімшесі БМҚЗ металлургиялық цехты желдету жүйелерін болжау және есептеу.

Әдеби шолу

1.1 Желдеткіш қондырғылары және олардың жіктелуі. Желдеткіштер ең үлкен шамасы 15000 Па аспайтын салыстырмалы үлкен емес қысыммен өнеркәсіптік кәсіпорындарда әртүрлі газдардың үлкен мөлшерін айдау үшін пайдаланатын үлкен машиналар тобы болып саналады.
Желдеткіштер жасайтын қысымы бойынша төмен қысымды (қысымы Р = 1000Па дейін), орташа қысымды (қысымы Р = 1000 – 3000Па) және жоғары қысымды (қысымы Р = 3000 – 15000Па) болып бөлінеді. Сору шарты бойынша желдеткіштер бір жақты және екі жақты соратын, ал ауаны қысымдау құбырына айдау шарты бойынша – диффузорлы және диффузорсыз болып бөлінеді. Кейбір желдеткіштерде, әсіресе жұмыстық доңғалаққа кірер алдында үлкен өнімділік жасайтындарда, желдеткіштің қысымы мен өнімділігін реттеуге арналған бұрылмалы қалақтары бар бағыттаушы аппаратты орнату қарастырылған.
Желдеткіштер жетекпен қатаң муфта, гидро муфта арқылы және ременді беріліс арқылы қосылған. Гидро муфта арқылы қосылған жетек желдеткіштің жұмсақ (бірқалыпты) іске қосылуын, сол сияқты сатылаусыз қосылуын, айналу жиілігінің өзгеруін, өнімділікті және қысымды реттеуді қамтамасыз етеді.
Өнеркәсіпте желдеткіштердің қолдану аймағы өте кең, атап айтсақ санитарлық техникалық салада – өнеркәсіп ғимараттарын желдету үшін; ауаны қыздыратын қондырғылармен (калориферлермен) бірлесіп ауалық жылыту жүйесіндегі ғимараттарды жылыту үшін; ауаны кондиционерлеу үшін; технологиялық салада – технологиялық қажеттіліктерге үлкен мөлшерде ауаны жылжыту үшін, реакторларға ауа беру үшін, аппараттарда ауасыздықты жасау үшін, түтіндік газдарды сору үшін, электр жетектерін суытуға ауа беру үшін, жарылыс қауіптілігі бар цехтарда электр қозғалтқыштардың роторы мен статоры арасында артық қысым жасау үшін өте жиі қолданылады. Желдеткіштер қолдану жағдайларына сәйкес жай (қарапайым) және жарылыс қауіпсіздігімен орындалады.

Желдеткіш қондырғыларының жіктелуі. Желдеткіш қондырғылары бірқатар белгілері бойынша былай жіктеледі.
1. Арналуы бойынша – бас желдеткіштер бұлар шахтаны желдетуге арналған барлық ауа мөлшерін беруді қамтамасыз етеді; қосалқы желдеткіштер – бұлар айдама – сормалы желдету тәсілі кезінде тау-кен қазбаларының бір бөлігін немесе барлығын желдету үшін бас желдеткішпен тізбектесіп жұмыс істейді; учаскелік, секциялық, блоктық желдеткіштер – бұлар жеке қанаттарды немесе учаскелерді өз бетінше оқшауланып желдету үшін қызмет атқарады; жергілікті немесе жартылай желдету желдеткіштері – бұлар берілген қазбаны желдету үшін жалпы ағымнан ауаның бір бөлігін алып жұмыс істейді;
2. Орналасу бойынша – жер бетінде және жер астында орналасқан желдеткіштер. Бас желдеткіш қондырғылары әрқашан жер бетінде орналасады, ал жергілікті желдету қондырғылары – жер астында орнатылады;
3. Желдету тәсәлі бойынша – сорумен және айдаумен жұмыс істейтін желдеткіштері бар қондырғылар. Сорма желдеткіштері забойлардан және тау-кен қазбаларынан зиянды қоспалары, газдары және шаңы бар ауаны сорып қазбаларда олардың мөлшерін сұйытып отырады.
Газ және шаң қауіптілігі бар шахталарда сорма желдеткіштері қолданылуы керек. Айдама режимінде жұмыс істейтін желдеткіштері бар бас желдету қондырғылары тау- кен қазбаларында атмосфералық қысымнан артық қысым жасайды.
Айдама желдету тәсілі газ қауіптілігі жоқ шахталарда ғана рұқсат етіледі. Жіктелуі. Осьтік желдеткіштер жұмысшы сатылар саны (жұмысшы доңғалақтар саны) бойынша бір сатылы жəне көп сатылы болып жіктеледі. Біріншілері жергілікті желдету үшін, ал екіншілері басты желдету үшін пайдаланылады.
Өнімділігі бір сатылы 79 желдеткішпен бірдей көп сатылы желдеткіштердің жасайтын қысымы үлкен болады. Қазіргі уақыттағы бас желдетудің осьтік желдеткіштерінің сатылар саны екіге тең етіп қабылданады. Желдету қондырғысы шахта атмосферасын 20% кем емес оттегімен, 80% кем емес ылғалдылықпен, ауаның забойдағы қозғалу жылдамдығы 4мс аспауын және ауаның шаңдылығы 10мгм3 аспауын қамтамасыз етуі қажет. 
Желдеткіш қондырғылардың жіктелуі:
Желдету қондырғылары тағайындалуы бойынша бөлінеді:
oo басты желдету – шахтаның немесе кеніштің барлық өндірулерін желдетуге арналған,
oo жергілікті желдету – тұйық забойларды желдетуге арналған,
oo көмекші желдету – шахталардың құрылысы кезінде уақытша қолданылады. 
орналасуы бойынша – жер бетінде және жерасты. Басты желдеткіш қондырғылар әрқашан жер бетінде орналасады.
Желдету тәсілдері бойынша басты желдету қондырғылары 1) сору бойынша; 2) айдау бойынша; 3) құрамдастырылған сұлбалар бойынша жұмыс істейтін болып бөлінеді. 
Сору (РК = РА РН, мұндағы РК – соңғы қысым; РА – атмосфералық қысым, РН – бастапқы қысым;) бойынша желдету – жұмыс істеп тұрған желдеткіштің кіреберіс аузында ауа сиретіліп, соның арқасында ауа атмосфералық қысым арқылы шахта оқпанына кіреді, өндірулер арқылы өтіп желдеткішпен сыртқы атмосфераға шығарылады. 
Сорғыш желдеткіштер, забойдан және тау-кен өндірулерінен зиянды қоспалары, шаң және газдары бар ауаны сорып, тау-кен өндірулерінде ауаны сиретеді. Газ немесе шаң бойынша қауіпті шахталарда сорғыш желдету қолдану қажет.
Айдау бойынша (РК РА = РН) жұмыс істейтін желдеткіштер тау-кен өндірулерінде атмосфералық қысымнан артық қысым өндіреді. Айдау бойынша желдету тек газсыз шахталарда және бірінші категориялы газды терең емес шахталарда қолданылады.
Басты желдету желдеткіш қондырғысының құрамына: электрқозғалқышы және басқару, автоматтандыру және бақылау аппаратураларынан тұратын екі желдеткіш агрегаты; ауа ағынын қосуға және кері қайтаруға арналған қосымша жабдық; әр желдеткіштің тура және кері жұмысын қамтамасыз ететін желдету каналдарының жүйесі; дыбысты ақырындатқыш. кіреді.
Қосымша жабдықтың құрамына: желдеткіш каналдарды жабатын лядтар; лядтарды ашатын және жабатын механизмдер; лядтарды нығыздайтын құрылғылар; каналдарға жол ашатын люктар кіреді.
Желдеткіш қондырғысының құрастыру желдеткіш түрімен және оның құрылымдық ерекшеліктерімен, яғни осьтік немесе ортадантепкіш, бір немесе екіжақты сорумен, кері қайтымды немесе жоқ анықталады.
Желдеткіш қондырғысының құрастырылуы желдеткіш түрімен және оның құрылымдық ерекшеліктерімен: яғни осьтік немесе ортадантепкіш, бір немесе екіжақты сорумен, кері қайтымды немесе жоқ анықталады.
Басты осьтік желдеткіштер терең емес, ортақ шахталық депрессиясы 4000Па аспайтын шахталар мен кеніштерді желдетуге арналған. Шахталар мен кеніштерде ВОД, ВОК, ВОКД, ВОКР осьтік желдеткіштері және кейбір жағдайларда ескірген В-УП, В-УПД (В – желдеткіш; О – осьтік; К – бұратылған қалақшалы, Д – көпсатылы, Р – реверсивті, П – пневможетекті, УП – күшейтілген мойынтіректі және ұзартылған диффузормен) желдеткіштер пайдаланылады. Қазіргі кезде желдеткіштердің бір сериясы ғана шығарылады, ол ВОД (ВОД-11, ВОД-16, ВОД-21, ВОД-30, ВОД-40, ВОД-50). Желдеткіштің маркасындағы сан – қалақшаларының шетімен өлшенетін жұмыс дөңгелегінің диаметрі дециметрмен.
ВОД-11 басқа ВОД сериялы желдеткіштер кері қайтымды болып жасалған. ВОД желдеткіштері екісатылы. Дыбысты кемітуге арналған кіретін бағыттаушы аппараттары жоқ және екі шартты сұлбалар РК+РК (ВОД-11 және ВОД-16, және де ВОД-16 желдеткішінің басқа желдеткіштерден айырмашылығы оның жұмыс дөңгелектері бір-біріне қарама-қарсы айналады) және РК+НА+РК+СА (қалған ВОД желдеткіштері), (мұндағы РК – жұмыс дөңгелегі, НА – бағыттаушы аппарат, СА – түзетуші аппарат) бойынша жинақталған.
Ортадантепкіш желдеткіштері кері қайтымды емес. Сондықтан ортадантепкіш желдеткіштері бар желдету қондырғылары желдеткіштің кері қайтымды жұмысы кезінде шахтаға ауаны сығып енгізуге арналған қоршау каналдарымен жабдықталған. Бұл қондырғыларды құрастыру үшін екі желдеткішке ортақ бір диффузор қарастырылған, ол қандай да бір биіктікте тарылатын құрылымға (конфузорға) ауысады.
Басты желдетудің ортадантепкіш желдеткіштерінің құрылымдық ерекшеліктері оның сору жақтарының санымен және жұмыс дөңгелегінің мойынтіректі тіректеріне қатысты орналасуымен (орналасуы консольді – кіші типтікөлшемді біржақты сору желдеткіштерінде және орталық – үлкен типтікөлшемді бір- және екіжақты сору желдеткіштерінде болуы мүмкін) белгіленген.
Ортантепкіш желдеткіш білікте 3 бекітілген қалақшалы 2 жұмыс дөңгелегінен 1, жеткізуші құрылғыдан (подводящего устройства) 4, спиральды улитка тәрізді бұрып жіберуші құрылғыдан (отводящего устройства) 5 және диффузордан 6 тұрады. 
Жұмыс дөңгелегіне ауа ағыны осьтік бағытпен келеді, ал дөңгелек жанында радиалды бағыт алады. Жұмыс дөңгелегі айналғанда ауа ағынында әрбір қалақшаның екі жағында қысымдар әртүрлі болады. Қалақшалардың қысымынан пайда болған ауа ағынына түсетін күш оның қысымы мен жылдамдығын арттырып ауаның мәжбүрлі айналмалы және ілгерілмелі қозғалысын жасайды. Диффузорда 6 ағымдағы ағынның кинематикалық энергиясы потенциалдық энергияға айналады.
Ортадантепкіш желдеткіш осьтік желдеткішпен салыстырғанда едәуір көп қысымды дамытады, бұл әсіресе терең шахталар үшін маңызды. Басты желдету қондырғылары үшін ВЦД-16, ВЦ-25, ВЦ-32, ВЦД-32М, ВЦД-47 (сандар – қалақшаларының шетімен өлшенетін жұмыс дөңгелегінің диаметрі дециметрмен) желдеткіштері қолданылады. Осьтік желдеткіштер: Құндылықтары: -ауа ағымын өте қарапайым кері қайтарады (без отводящих каналов), -реттеуге үлкен мүмкіншіліктер (дөңгелек қалақшаларын және бағыттаушы аппараттарды орнату бұрышын өзгерту арқылы), – Q үлкен болса да, габариті (ортадантепкіш желдеткіштермен салыстырғанда) және массасы аз, -ПӘК үлкен (0,76 — 0,77) , -тізбектей жалғауға ыңғайлы. 
Кемшіліктері: -сипаттамалары егізбасты формасы (тұрақсыз жұмыс зонасы үлкен), -қатты шу, -трансмиссионы жетекші білігінің ұзындығы үлкен, -мойынтірек түйіндерін қарауға мүмкіндік жоқ, бұл қондырғының сенімділігін кемітеді, -дайындау дәлдігіне жоғарғы талаптар. 
Ортадантепкіш желдеткіштер: Құндылықтары: -осьтік желдеткіштердің кемшіліктері жоқ, -үлкен арындар. 
Кемшіліктері: -көлденең қимасының габариті үлкен; -тиімді реттеудің кемдігі; -үлкен қысымда аз беру (шығын)

2. САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР

2.1. Желдету жүйесіне қойылатын талаптар.

Желдету жүйелерін жобалау ережелері нормативтік актілермен және стандарттармен регламенттеледі. Әдетте бұл санитарлық нормалар мен ережелер-ҚНжЕ. Бұдан басқа, желдету жүйелеріне қойылатын талаптар нормативтік құжаттаманың басқа да түрлерімен ұсынылады, оның ішінде: Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтер (СанЕжН)ережелер жинағы (БК) Мемлекеттік Стандарт (ГОСТ)ведомстволық құрылыс нормалары (ВСН)жобалаудың салалық нормалары (ЖҰЖ)құрылыстағы әдістемелік құжаттама (МДС)өрт қауіпсіздігінің нормалары (НПБ)Мәскеу қалалық санитарлық нормалары (МГСН)аумақтық құрылыс нормалары (ТСН). Желдету жүйесі ауа алмасудың нормативтік шамасын қамтамасыз етуі тиіс, бірақ бұл ретте жылу генераторларынан түтін шығару жұмысына теріс әсер ететін үй ішінде сиретуге жол берілмейді. Сыртқы ауаның есептік параметрлерін желдету және ауаны баптау жүйелерін жобалау үшін ҚНжЕ 2.04.05 және ҚНжЕ 23-01 бойынша қабылдау керек. Микроклиматының параметрлерін қамтамасыз ету сенімділігіне қойылатын жоғары талаптар кезінде сыртқы климаттың есептік параметрлері жергілікті гидрометеорологиялық орталықтарда нақтылануы мүмкін.

Желдету жүйесі бойынша басты нормативтік акт "жылыту, желдету және кондиционерлеу" ҚНжЕ 41-01-2003 болып табылады. Бұл құжат терминологияны, желдету жүйелерін жобалау мен құрастырудың негізгі ережелерін, оларды есептеу мен монтаждаудың ерекшеліктерін қамтиды. Кейбір пайдалы анықтамалар Атап айтқанда, ҚНжЕ 41-01-2003 келесі желдету анықтамасы беріледі: Желдету — орташа қамтамасыз етілмеу жағдайында қызмет көрсетілетін немесе жұмыс аймағындағы рұқсат етілген метеорологиялық жағдайлар мен ауа тазалығын қамтамасыз ету мақсатында жылудың, ылғалдың, зиянды және басқа заттардың артығын кетіруге арналған үй — жайлардағы ауаның алмасуы 400 с/г-тәулік бойы жұмыс істегенде және 300 С/г-күндізгі уақытта бір ауысымды жұмыс істегенде. Желдету жүйелерін жобалау кезінде басқа да ерекше ұғымдарды білу маңызды, мысалы: Желдету жүйелерін жоғарғы аймағы-қызмет көрсетілетін немесе жұмыс аймағынан жоғары орналасқан. Желдету жүйесіне берілетін және жасанды іске қосылатын желдету, ауаны кондиционерлеу және Ауа жылыту жүйелерімен одан шығарылатын ауа шығыстарының айырмасы. Тыныс алу аймағы-жұмыс істеушінің атынан 0,5 м радиусы бар кеңістік. Тұрақты жұмыс орны - адамдар 2 сағаттан астам үздіксіз немесе жұмыс уақытының 50% астам жұмыс істейтін орын. Тұрақты емес жұмыс орны — адамдар ауысымында 2 сағаттан кем үздіксіз немесе жұмыс уақытының 50% кем жұмыс істейтін орын.

2.2. Желдету жүйесіне қойылатын ережелер.

ҚНжЕ 2.04.05-91 N желдету және кондиционерлеу. 2.04.05-91 ҚНжЕ*

1.1. Ауаны желдету және кондиционерлеу жүйелерін монтаждау бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, бас мердігер ұйыммен келісілген жұмыс өндірісінің жобасына сәйкес және ҚНжЕ - нің тиісті тарауларына, ведомстволық нормативтік құжаттарға, стандарттарға, жабдықты дайындаушы зауыттардың техникалық шарттары мен нұсқаулықтарына сәйкес келетін талаптарды сақтай отырып жүргізілуі тиіс. 1.2. Желдету және ауаны баптау жүйелерін монтаждау жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстары қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелері мен осы құралдың бөлімдерінде айтылған ережелер сақтала отырып орындалуы тиіс. 1.3.Желдету жүйесі ауа алмасудың нормативтік шамасын қамтамасыз етуі тиіс, бірақ бұл ретте жылу генераторларынан түтін шығару жұмысына теріс әсер ететін үй ішінде сиретуге жол берілмейді. 1.4. Сыртқы ауаның есептік параметрлерін желдету және ауаны баптау жүйелерін жобалау үшін ҚНжЕ 2.04.05 және ҚНжЕ 23-01 бойынша қабылдау керек. Микроклиматының параметрлерін қамтамасыз ету сенімділігіне қойылатын жоғары талаптар кезінде сыртқы климаттың есептік параметрлері жергілікті гидрометеорологиялық орталықтарда нақтылануы мүмкін. 1.5. Механикалық желдету жүйесі қолмен немесе автоматты реттеуді көздеуі тиіс. 1.6. Механикалық желдету кезінде реттелетін ауа бөлгіштерді, мысалы, реттелетін бағыттаушы торларды немесе плафондарды қолданған жөн. 1.7. Кіретін желдеткіштің ауа қабылдағыш саңылауларынан үйдің терезелеріне, есіктеріне және люктеріне дейінгі қашықтық кемінде 900 мм болуытиіс. 1.8. Ауа жинағыш құрылғыларға арналған тесіктің төменгі жағын тұрақты қар жамылғысының деңгейінен 0,5 м-ден астам биіктікте, бірақ жер деңгейінен 1,5 м-ден төмен емес орналастыру керек. 1.9. Желдету жабдығы тексеру, жөндеу және тазалау үшін қолжетімді болуы тиіс. 1.10. Жылыту, желдету және кондиционерлеу жобаларында жылу беруді қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді қарастыру қажет. : а) кәсіпорындардың тұрғын, Қоғамдық, сондай-ақ әкімшілік - тұрмыстық ғимараттары (бұдан әрі-әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар) қызмет көрсетілетін аймағындағы нормаланатын метеорологиялық жағдайлар мен ауа тазалығы); б) кез келген мақсаттағы ғимараттардағы өндірістік, зертханалық және қойма (бұдан әрі - өндірістік) үй-жайларының Жұмыс аймағындағы нормаланатын метеорологиялық жағдайлар мен ауа тазалығы; г)желдету және кондиционерлеу жүйелерінің жөндеуге жарамдылығы; д) желдету және ауа баптау жүйелерінің жарылыс-өрт қауіпсіздігі. Жобаларда желдету және ауа баптау жүйелерін пайдалану жөніндегі персоналдың санын қарастыру қажет. 1.11. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, қоғамдық және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру жобаларында, егер олар нормалар талаптарына сай келсе, қолданыстағы желдету және кондиционерлеу жүйелерін техникалық-экономикалық негіздеу кезінде пайдалану керек. 1.12. Агрессивті ортасы бар ауаны жоюға арналған желдету жабдығын, құбырлар мен ауа өткізгіштерді коррозияға қарсы материалдардан немесе коррозиядан қорғайтын жабындармен қарастыру керек. 1.13. Барлық шектеулердің ішінде санитарлық бағыт, сондай-ақ желдету жүйелеріне қойылатын өртке қарсы талаптар аса маңызды. Оларды сақтамау өте қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін және белгіленген параметрлерге сәйкестігі қатаң бақыланады. 1.14. Желдеткіштің жекелеген элементтері үшін нақты жағдайлар қалыптасады. Негізгі қағидаттар: - сору жүйелеріне түсетін ауадағы зиянды заттардың концентрациясының рұқсат етілген деңгейін ұстап тұру және ластанған массаларды алып тастау; - сору желдеткішінің жергілікті көздері үшін ‒ өндірістік (газ, күйдіргіш булар және т. б.) және тұрмыстық сипаттағы зиянды кейіннен жою арқылы тиімді ұстау. 1.15.Желдету жүйелеріне санитарлық-гигиеналық талаптар Тиісті инстанциялармен ұсынылады, ал инспекция, құйылатын массалардың көлемі тартылатындардан 10-15 артық%; ауа ең аз ластануы бар нүктелерге берілді, ең алдымен ең көп ластануы бар жерлерден шығарылды; адамдардың қызып кетуі немесе тоңазуы болған жоқ; микроклимат көрсеткіштері (ылғалдылық, аэромасс қозғалысының жылдамдығы, температура) норма деңгейінде болды. 1.16. объектілерді желдету талаптары өртке қарсы қауіпсіздіктің сәйкестік деңгейін ұстап тұратын жағдайларды ескереді. Ол үшін клапандарға қызмет көрсетеді, жүйені шаңнан, кірден, тұтануы мүмкін жиналған шөгінділерден тазартады, бекітпелерді тексереді. Вентсистема өрттің көшкін тәрізді таралуына себеп болмауы үшін оны дұрыс құрастыру және пайдалану керек.

ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ

3.1. Кәсіпорынның қысқаша мінездемесі.

Мысты штейндерді конвертірлеу бөлімшесі БМҚЗ металлургиялық цехы құрамына кіреді. Бөлімде мысты штейндерді көлденең конвертерлерде конвертрлеу сызбасы таңдалып алынған. Бұл шикізатты пайдалану кешенділігі ұсыныстарымен, шығарылған өнім сапасымен, үздіксіз технологиялық үрдіспен қамтамасыз етумен негізделеді. Жобаланушы бөлім аудан қорларының ойынша тұрмыста орналасқан комбинат құрамына енуіне байланысты, қара мыс бойынша 80 тонна сыйымдылығы бар қалыпты көлденең конвертер таңдалып алынған. 


Жұмыскерлердің жалпы саны және кәсіптік – квалификациялы құралы.
Жұмыскерлердің сұраныстары мен біліктілігін ЖОО, техникумдар және лицейлер қамтамасыз етеді.
Инженерлі – техникалық жұмыскерлер, қызметшілер және кіші қызмет көрсетуші персоналдар саны адам анықталды.
Норма бойынша қызмет көрсетуші ауысымда жұмыс істейтін жұмыскерлер саны алты адам. Бөлімде жұмыс істейтін жұмыскерлердің жалпы саны – 150 адам. Олар негізінде 5 – 6 санатты тәжірибелі жұмыскерлер.
Бас жоспар бойынша негізгі шешімдер
Металлургиялық цехтың мысты штейндерін конвертірлеуші жобаланған бөлімі БМҚЗ құрамына енеді.
Құрылыс орны тағайындауда шикізаттың мөлшеріне, энерго және су ресурстары, көлік, еңбек ресурстары, көмекші кәсіпорындар және т.б. назар аударылған.
Цех және бөлім мен өндіру алаңдары орталықта орналасқан Цехтың алаңда орналасуы Гипротүстіметпен қарастырылған. Цех ғимараты әрқайсысы он екі метрден, ұзындығы 288 метрден тұратын төрт бөліктен тұрады, колонналар аралығы 12 метр. Цех басқа ғимараттармен бірге орналасқан. Жобада алаңды көлік және адамдар жүретін аяқжолмен жабдықтау қарастырылған.
Цехтардың жұмыс тәртібі:
Мысты штейндерді конвертірлеу үрдісі үздіксіз екенін еске ала отырып, үздіксіз жұмыс тәртібін белгілейміз. Цехта 5 бригада жұмыс жасайды, оның екеуі үнемі демалыста болып отырады.
Қорғасын мен мырыш қышқылдары конвертірленген кезде жартылай ұшып кетеді, бір бөлігі кремний қышқылымен байланысады да конвертірлі қожда қалады.
Кремний қышқылы жеткіліксіз болған кезде темір тотыққанша қышқылданады, ол өз кезегінде МеО + Ғе2О3 металдары ферриттерінен құралатын қож негіздерін жасайды. Темір, мырыш және қорғасын сульфидтерін қышқылдау кезіндегі үрдіс конвертірлеудің алғашқы кезеңі болып табылады.
Конвертірлеудің алғашқы кезеңіндегі өнімі болып Сu2S ақ штейні немесе фонштейн болып табылады.
Темір, мырыш және қорғасын сульфидтерін қышқылдаған соң мыс сульфидін оттегімен реакциясы басталады.
Сu2S + 112 O2 = Cu2O + SO2 + 92760 кал.
Алынған мыс тотығы теңдік бойынша қалған жартылай мыспен араласады: Сu2S + 2Cu2O = 6Cu + SO2.
Соңғы реакцияның 1051,5 оС-тағы SО2 қаттылығы 6,46 атмосфераны құрайды. Конвертерден үздіксіз SО2 алып тастап отырған кезде Сu2S және Сu2О арасындағы өзара әсер жағымды.

3.2. Объектідегі конвертерлердің жеке газ соруының жұмысы.

Конвертерден жеке газ сору комплексі мыс қорыту цехында атмесфераның газдануын төмендету үшін сонымен қатар күкірт қышқыл өндірісінің SO₂ бойынша кондициялық газбен қамтамасыз етілуі келесі негізгі агрегат байланысынан құралады: ауа жүргізілетін салқындатқаш тежеуішпен және жіберу жүйесі, су ағызғышы, қатар бойынша қосылған төрт циклонды су салқындатқыш шаңдатқышы: екі ВГД-20 сүзгіш аппараттарымен, шығыс газ өткізгіштер және күшті газдар газ өткізгіші.


Барлық комплекс шаң камерасында тарауды автомат түрде реттеу жүйесімен және түтін сорғыштың температурасын КИП құралдарымен жабдықталған.
Аса жауапкершілік байланыстар: су салқындататын шаңдатқыш және ВГД-20 түтін сорғыштар.
Шаң камерасында қуатсыздандырылу автоматты түрде реттеу жүйесінің берілген режимінде ұсталады. Конвертерге үрлеу көлемі өзгергенде автоматты түрде (шаң камерасында қуатсыздандырудың мөлшерінен) ВГД-20 түтін сорғыштардың өсьтік көрсеткіш аппараттың жағдайы өзгереді, ол шаң камерасында берілген қуатсыздықты қолдау үшін.

3.3. Қауіпті өндірістік факторлар анализі.

Конвертірлеу цехы ыстық цехтар сатысына жатады. Ыстық операциялар жиі жүргізілетіндіктен цехта микроклимат тұрақсыз жиі өзгеретін параметрлермен, әр түрлі ауа температурасы бар зоналар құралады. 


Ауа температурасының тез арада өзгеруі организімнің жылу реттігіне жаман әсер етеді. Цехта әрқашанда потенциалды жарылыс қаупы бар. Жарылыс ерітілген металл және шлак суға тигенде болуы мүмкін. Цехтағы барлық агрегат электр сымдармен жұмыс істейді, сондықтан электр тоғына түсу қаупы бар.
Цехта өндіріс ерекшелігі болып, құрамында мырыш, қорғасын бар шикі затты қайта өндіру болып табылады. Конвертерлеуде қорғасын және мырыш аэрозольдері құралады, сұрғылт ангидрит бөліне бастайды. Бөлінудің негізгі бастамасы болып мыналар саналады: транспортердегі көтеріліп – түсу орындары, пештер және қойғыштардағы ерітіндінің шығарылуы, конвертерлеу операциясы, қабыршықты бұзу байланысы, қара мысты құю.
Жұмыс аумағында зиянды зыттар концентрациясы, берілген концентрация нормасынан аспауы керек, ГОСТ 12.1.005-76 ССБТ бекітілген. Күкірт ангидриді – өткір иісті, көздің шырышты қабығына және жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді. SO₂ ауада болғанда жөтел, тұншығу және жалпы әлсміздік туғызады. SO₂ концентрациясы бар ауамен тыныс алу гастрит, бронхит, лорингит сияқты ауыруларға шалдықтырады. Қорғасын – уы, нерв жүйесінде, қанда және сосудта өзгерушілік болады. Өндірістік талаптарда қорғасын аэрозольдерімен улану созылмалы ауыру түрі ретенде көрсетіледі.
Мырыш – химиялы таза, тәжірибелі зиянсыз, бірақ мырыш қышқыл аэрозолі айнытушы түрлеріне ие. Мыс – организмге бу және шаң түрінде түседі. Бу, шаңмен дем алу жоғарғы тыныс алу жолдарын инфекциялық қатар сырқауына әкеп соқтыруы мүмкін.
Шаң шикі затты үгітуде, тиегенде, қайта төккенде пайда болады. Әртүрлі өндірістік шаңдармен ұзақ уақыт тыныс алу силикоз, қорғасыннан улану сияқты қызметтік сырқау тудыруы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...