Курсы: 1 Мамандығы: 5В110400 Медицина-профилактикалық ісі



жүктеу 0.79 Mb.
бет2/5
Дата10.04.2017
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: Азаматтық – құқықтық жауапкершілікті қолдану тәртібі мен түсінігі.

Сағат саны: 2

Курсы: 1


Мамандығы: 5В110400 - Медицина-профилактикалық ісі

Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова

Астана, 2012 ж.
1.Тақырыбы: Азаматтық – құқықтық жауапкершілікті қолдану тәртібі мен түсінігі.

2.Мақсаты: бұл тақырыпты зерделеу азаматтық –құқықтық жауапкершілік ұғымын кеңінен ашуға мүмкіндік береді. Өмірдегі кездесетін кейбір жағдайларда азаматтық – құқықтық жауапкершілікті анықтау, жауапқа тартудың негізімен шарттарын және азаматтық – құқықтық жауапкершіліктен босату негіздерін анықтай білуді үйрету.

3.Оқыту мақсаттары: Студенттерге азаматтық – құқықтық жауапкершілік және оның қолданылу шарттары туралы толық түсінік қалыптастырып, алған білімдерін тәжірибелік сабақтарда қолдана білуді үйрету. Жұптасып жұмыс жасауға дағдыландыру. Жұптасып жұмыс жасау барысында белгіленген уақытқа сәйкес берілген тапсырмаларға талдау жасап, жұптағы екінші адамды толықтыра отырып негізгі жауап дайындауға үйрету.

4.Өткізілу түрі: жұптасып жұмыс жасау.

5.Тақырып бойынша тапсырма:

1 жұп


  1. Заңды жауапкершілік түсінігі.

  2. ҚР Конституциясының 6,26 баптарына талдау жасау.

2 жұп

1. Азаматтық – құқықтық жауапкершілік түсінігі.

2. Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктері

3 жұп

«Кез келген шығынды зиян келтіруші толықтай орнына келтіруі қажет».



4 жұп

1. «Азаматтық құқықтық жауапкершщілік негіздері» тақырыбына кесте (схема) құру.



  1. Үлес, пікірлестік, субсидиялық жауаптылыққа түсінік беру;

  2. «Азаматтық – құқықтық жауапкершілік» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құру

6 жұп

1. Жағдайлық есептің шешімін табыңыз:

Тігінші Малышев Климентьевке кысқы пальто тігіп беру туралы келіскен болатын. Климентьев тігін матасын ғана әкеледі де, ал қара каракуль жағасымен басқа керек жарақтарын тігінші Малышев өзі қосатын болып келіскен. Малышевтің айтуы бойынша Кллиментьев пішініне қарап жағасының құнын 10 000 теңгеге бағалайды. Тігіннің аяқталу мерзімі 1 ай. Климентьев пальтосын екінші рет өлшеуге келген кезде тігінші Малышев пальтоның жағасы қымбаттап кеткендігі туралы хабарлайды, яғни 35 000 теңге қоса төлеуін сұрайды. Климентьев жағаның қымбаттау салдары менің есебімнен болмауы керек деп қарсылық білдіреді.

Климентьев пальтосын алып кетуге келгенде, пальтосына тағылған каракуль жағаның ауқымы кішкентай екенін көріп екеуінің арасында дау туады. Климентьев келіскен баға бойынша пальтоға тиісті жағаны тігіп беруін талап етеді. Ал Малышев болса қосымша ақы төленбегеннен кейін осы кішкентай жағаны таққан. Климентьев ең біріншіден келісім бойынша пальтоны ала алмайды. Дау мәселесі сотқа жіберіледі.



7 жұп

Мына ұғымдарға тиісті сөздерді қойыңыз:

Азаматтық-........ жауаптылық құқық бұзушының мүлкінен айыру, не алу, немесе кәсіпкерлікпен .............тыйым салумен, заңды тұлғаны мәжбүрлікпен жою, не қайта құрумен байланысты, жағымсыз нәтижелі, құқықтық жауаптылықтың бір түрі.

7. Әдебиет

Негізгі

1. Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері».Оқулық, 2-ші басылым. Алматы 2004 . -

248 бет. IV- бөлімі. 54-102 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы. 2007. - 304 бет. IV- бөлімі. 93-112 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. Азаматтық кодексі жалпы бөлімі 1994 ж.

6. Азаматтық кодексі ерекше бөлімі 1999 ж.

Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.



8.Бақылау : «Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен шарттары» тақырыбы бойынша 10 терминнен глоссарий құру

№1 нұсқа.

Халық қолданатын тауарларды тасымалдау және сақтау үшін кәсіпорын нотариалдық куәландырудан өтпеген, салықтарды төлемеген, мемлекеттік тіркеу тәртібінде келісімі жоқ, акционерлік қоғаммен келісімге отырады. Бір айдан кейін осы заңды тұлғаларға заңсыз келісімде отырғаны үшін шағым түседі. Әділет органы бұл шағымды орынды деп қабылдайды. Келісім шартты жасау барысында қандай бұзушылық болды?

№2 нұсқа.

Азамат Р.С. өзінің төлеу ақысыз демалысында кәсіпкерлік қызметпен айналысты. Екі айдан кейін бұл қызметін есірткіні қиянат жасағаны үшін тоқтатты. Бұл арада ол жұмыс орнынан ақшалай көмек алуды керек еді. Азамат Р.С. әрекеті заңды ма?

№3 нұсқа.

15 жасар азамат Л.П. өзі қамқорлықта бола тұра, коммерциялық заңды тұлғаға автокөлікті сатып алу - сату туралы ұсыныс жасады. Заңды тұлға бұл мәміледен бас тартты. Бұл іс- әрекет заңды ма?

№4 нұсқа.

Қол жазба машина жасайтын зауытта шарт бойынша екі жұмыскер шрифт пен клавишке күнін қоймаған, ақырында зауыт қарапайым құралға бола біраз шығынға ұшырады. Зауыт шрифт жасайтын жұмыскерлерден шығынға ұшыраған құралдарды өтеуді талап етті. Соңғысы қарсылық көрсетті. Зауыттың іс-әрекеті дұрыс па?

№5 нұсқа.

Азамат Р.С. өзінің төлеу ақысыз демалысында кәсіпкерлік қызметпен айналысты. Екі айдан кейін бұл қызметін есірткіні қиянат жасағаны үшін тоқтатты. Бұл арада ол жұмыс орнынан ақшалай көмек алуды керек еді. Азамат Р.С. әрекеті заңды ма?

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: "Неке келісіміне тұру тәртібі және түсінігі"

Сағат саны: 2

Курсы: 1


Мамандығы: 5В110400 - Медицина-профилактикалық ісі

Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова

Астана, 2012 ж.

1.Тақырыбы: Неке келісіміне тұру тәртібі және түсінігі

2.Мақсаты: Бұл саланы зерделеу жалпы құқық жүйесіндегі алатын орнын түсіну үшін қажет. Әкімшілік жауапкершілік, оны қолдану шарттарын зерделеу заңды жауапкершіліктің түрлері жайлы ұғымдарын толық қалыптастырады.

3.Оқыту мақсаты:

- тақырыпқа дайындалу барысында оқулық бойынша негізгі ережелерді ажырата білу.

-Конституция баптарымен жұмыс істеу барысында төмендегі аталған мына құқықтық терминдерге сипаттама беру: мемлекеттік басқару, мелекеттік қызмет, әкімшілік жауапкершілік.

- ауызша бақылау жұмысы барысында нақты мысал арқылы дұрыс сұрақ қоя білу.

- қосымша әдебиеттерді қолдана білу



4.Өткізілу түрі: презентация.

5. Тақырып бойынша тапсырма:

-презентацияны тақырыпқа сай жазу.

Презентация төмендегі талаптарға сай болуы керек:.



-презентацияның жоспары тақырыпқа сай құрылуы керек

- тақырыптық кестені қолдану керек.

-терминдердің аздаған түсінікиемелері.

-POWER POINT бағдарламасымен жазу керек.

-презентацияны дәрісханада қорғау қажет.

Презентацияның сұрақтары:

1.Отбасы құқықтық қатынасындағы неке келісімінің түсінігі мен маңызы.

2.Неке келісімінің құрылу шарты.

3.Неке келісіміндегі ерлі зайыптылардың, балаларының мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттері.

4. Неке келісімін өзгерту және тоқтату тәртібі.

5. Неке келісімі шартын бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылу.

6. Неке келісіміндегі ерлі – зайыптылардың құқықтарының жүзеге асырылуы және қорғалуы.

7. Неке келісімінің жарамсыздық негіздемесі.

8. Неке келісімі бойынша құнды қағаздар меншік құқығын беру туралы мәселенің жоба – шешімін құру.

9.Неке келісіміне тұру барысында мемлекеттік органдардың қатысуы.

10. Разрешение имущественных споров по брачному договору в суде.

6.Таратылатын материал: жағдайлық есептер.

7. Әдебиет

Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері». Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004.

- 248 бет. V- бөлім 107-111 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет.IV бөлім 113-140 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II бөлімі Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. Неке және отбасы туралы 1998 ж.



Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

8.Бақылау : «Неке келісіміне тұру тәртібі және түсінігі» тақырыбы бойынша кестені толтыру



Неке келісімінің міндетті шарттары

Ерлі-зайыптылардың неке келісімі бойынша құқықтары мен міндеттері





















ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: "Еңбекті қорғау құқықтық негіздері"

Сағат саны: 2

Курсы: 1


Мамандығы: 5В110400 - Медицина-профилактикалық ісі

Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова

Астана, 2012 ж.

1.Тақырыбы: Еңбекті қорғау құқықтық негіздері.

2.Мақсаты: тақырыпты зерделеу барысында еңбек қызметінің ұйымдастырылуы, құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдастырушылық – техникалық, санитарлық - гигиеналық, емдеу – алдын алу іс шаралары, реабилитация және басқа да шаралармен қатар қызметкердің жұмыс процесіндегі өмірі мен денсаулығын қорғау жүйесі ретіндегі еңбек қорғау құқығының негіздері бойынша негізгі ұғымдарды кеңінен ашу қажет.

3.Оқытудың мақсаты: Дидактикалық қосымша құралдарды қолдана отырып тапсырмаларды өзі орындау.

- тақырыптқа дайындалу барысында қосымша әдебиеттерді пайдалану

- өздігінше немесе топтасып жұмыс істеу барысында өзінің жеке ойын айтуға дағдыландыру

-тақырыпты зерделеу барысында жұмыс істеу уақытын, демалу уақытын, еңбек қорғау туралы, еңбек шартын құруға қойылатын жалпы талаптарды үйрену. Еңбек құқықтық қатынастарындағы түрлі қатысушылардың құқықтық әрекеттерін анықтап талдай білуге үйрету.

- еңбек заңдылығын талдауға дағдыландырып, оны тәжірибеде қолдана білуге бейімдеу.



4. Өткізілу түрі: шағын топтар

5. Тақырып бойынша тапсырма: шағын топтардағы жұмыс жасау мысалын қолдана отырып осы топтармен жасалатын жұмыстың түрлерін дайындау. Топтар тақырып бойынша берілген сұрақтарға толық сипаттама жасаулары керек. Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

1 топ


  1. Еңбек қорғау мағынасында не түсінесіз?

  2. Еңбек қорғау жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары қандай?

2 топ.

  1. Еңбек қорғаудың талаптарын анықтаңыз.

  2. Еңбек қорғау бойынша негізгі нормативтік актілерді атаңыз.

3 топ.

  1. Жұмысшының еңбек қорғау құқығына, сондай-ақ осы құқық кепілдігінің жүзеге асырылуы бойынша қандай құқықтары бар?

  2. Жұмыс берушінің жұмысшыны жұмыс қауіпсіздігі жағдайларымен қамтамасыз ету міндеттері қандай?

4 топ.

  1. Әйел адамдар, кәмелет жасқа толмағандар және төмен қабілетті тұлғалардың (мүгедектер) еңбек қорғау бойынша арнайы нормалары қандай?

  2. Еңбек қорғау ережесін сақтауды бақылаудың тәртіптері қандай?

5 топ.

  1. Еңбек қорғау заңдылығының тәртібін бұзған жұмыс берушіге тағайындалатын жауапкершіліктің түрлері қандай?

  2. Зиян келтіретін жұмыстармен айналысатын жұмысшыларға еңбек қорғау бойынша қойылатын негізгі талаптар қандай?

6. Таратылатын материал: жағдайлық есептерді шешу

7.Әдебиет:

Негізгі

1.Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері» Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004 .-

248 бет.IX- бөлімі 137-149 беттер.

2.Оспанов Қ.И.«Құқық негіздері» 2- бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет.VIII бөлім 238-272 беттер..

3. Қ. Р. Конституциясы.II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. Қ.Р Еңбек туралы заңы 1999 ж.



Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж

8. Бақылау: Таратылатын материал: жағдайлық есептер

1 есеп


Шағын көтермелеп сату дүкені азаматша Лыськоны қоймашы лауазымына жұмықа алып еңбек шартына отырады. Жұмысқа қабылдау бұйрығына сәйкес оған бір ай сынақ мерзімі бекітіледі. Жұмысқа тұрғаннан кейінгі үш аптадан кейін дүкен директоры қоймаларды тексереді, тексеру барысында Лыськоның жұмыс орнында бей – берекеттілік байқалады, яғни тауарлармен азық – түліктер ұқыпсыз жиналған, , сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылып қоқыстар бөгет болып жиналып қалған. Бұл ескертулерге Лысько жинайтын адамдар жоқ және бірнеше рет жинайтын адам сұрағанын, ал қораптарды тасу оның қызметтік міндетіне кірмейтінін, сонымен қатар өзінің жүкті екенін айтады. Екі күннен кейін кадр бөлімінің инспекторы Лыськоны шақырып алып сынақ мерзіміне шыдай алмағаны үшін оны лауазымынан босату туралы бұйрықты қолына береді де қолхат жаздырып алады.

Әкімшіліктің әрекеттеріне баға беріңіз?

2 есеп

Химик – сараптамашы Свиридова реактив зертханасына жаңадан жұмысқа келушілермен бірге жұмыс ережесі бойынша нұсқаулықтан өтуге екі рет міндеттеледі. Себепсіз жағдайлармен нұсқаулықтан өтуге келмей қалғаны үшін әкімшілік оған сөгіс жариялайды. Сөгістен кейін екінші күні Свиридова реактивтерді араластырып тұрғанда қолындағы құты жарылып кетеді де ол қатты күйіп қалады.



Әкімшілік бұл болған жағдайға жауап береді ме?

3 есеп


Еңбек қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор кәсіпорында еңбек қорғау ережесінің өрескел бұзылып, нәтижесінде бақытсыз жағадайлардың орын алғанын анықтайды. Инспектор келесі шешімдерді қабылдайды:

а) жөндеу жұмыстарына келмейтін механизм құралдарына пломба салу;

б) ауаның газдалынуы тиісті мөлшерден 1,5 есе асып кеткен ыстық құйылым учаскелерінің жұмыс істеуіне тиым салу;

в) сақтандыру жабдықтары және бөліп тұратын торлары жоқ құралдармен жұмыс істейтін цехтың жұмысын тоқтату;

г) техникалық қауіпсіздік жөіндегі инженердің лауазымына сәйкес келмеуі себебі бойынша жұмыстан шығарылуын әкімшіліктен талап ету;

д) цех бастығына айыппұл салу.

Еңбек қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың іс-әрекеті дұрыс па? Жоғарыда көрсетілген нұсқалардың дұрыс жауабын анықтаңыздар.

4 есеп


Темір бетондар бұйымдарын шығаратын зауыттағы еңбек қорғау заңдылығы ережелерінің сақталуын тексеру барысында мемлекеттік инспектор өндіріске қатысты бірнеше оқыс оқиғалардың болғанын анықтайды. Негізгі себептері: 1) еңбек қауіпсіздігі ережелерін үйрету жүйесінің жоқтығы; 2) жұмысқа қабылдау барысында да, сондай-ақ өндірістік жұмыс барысында да нұсқаулықтың жүргізілмегендігі. Зауыттың бас инженері жұмысқа тек қана білікті жұмысшылар қабылданғанын, сондықтан да аталған іс – шараларға қажеттілік туындамағанын айтады. Әкімшіліктерге еңбек қауіпсіздігін үйрету бойынша қандай міндеттер бекітілген? Еңбек қорғау жөніндегі инспектор айыптыларға қандай шара қолдана алады?

5 есеп


Орта кәсіби – техникалық училищені бітірген 17 жастағы Сергей Панков жұмыс істеуге кәсіпорынға жіберіледі. Кадрлар бөлімі училищеден берілген жолдамасына сәйкес 3 разрядтағы дәнекерлеуші жұмысына тағайындайтындарын айтады. Дегенменде, техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер ауыр және зиянды жұмыстар өндірісінің тізіміне сәйкес 18 жасқа жетпей кәмелет жасқа толмағандарға жұмыс істеуге тиым салынатынын айтып баланы бұл жұмысқа алуға қарсы болады. Сондықтанда, инженер Панковты 18 жасқа толғанға дейін темір ұстасы жұмысына алуға ұсыныс жасайды. Кадрлар бөлімі бастығының орынбасары инженердің ұсынысына келіспейді. Сіздің айтып тұрған «тиым салу» егер біз өзіміз тікелей жұмысқа қабылдаған жағдайда ғана іске асады, ал училищеден жолдама алып келген түлектерді өздерінің кәсібі мен разрядына сәйкес жұмысқа қабылдауға міндеттіміз және олардың мамандығын, разрядын өзгертуге не болмаса жұмысқа қабылдаудан бас тартуға біздің құқығымыз жоқ дейді. Осыған байланысты Панковты дәнекерлеуші жұмысына қабылдауымыз қажет дейді.

Техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженердің және кадрлар бөлімі бастығының орынбасарының пікірлерінің негіздемелеріне құқықтық баға беріңіздер.

6 есеп

Химиялық зауыттағы ауысым бастығы Болатовтың кінәсінен өрескел технологиялық ереже бұзушылық болады. Бұны сезген цех бастығы «Біз сізбен қаншама жұмыс істеп келе жатырмыз бірақ мән-мағына жоқ. Ауысым бастығы болғаныңызға үш жыл болды, әлі де қателіктер жасайсыз. Бұрын жұмыс дағдыларыңыз аз болды, үйреттік, біліктілікті жоғарылату курсына да жібердік. Ал соңғы бір жарым жыл? Технология ережесі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаныңыз үшін бұйрықпен екі жаза берілді. Міне тағы да қателік жасадыңыз. Сіз басшы болуға жарамайсыз. Түсініктеме жазыңыз. Сізді аппаратшы жұмысына ауыстыруға тура келеді»,-дейді. Өзінің жазған түсніктемесінде Болатов кінәсін толық мойындайды, бірақ аппаратшы жұмысына ауысуға қарсылық білдіреді. Цех бастығы зауыттың директорына Болатов ауысым бастығының лауазымына сәйкес еместігін және оның жұмыстағы барлық кемшіліктеріне толық сипаттама беріп, аппаратшы жұмысына ауысудан бас тартқаны жөнінде баяндама хат жазып зауыт директорынан Болатовты тиісті лауазымынан босатуын өтінеді.



Әкімшіліктің іс-әрекеттері дұрыс па?

7 есеп Темір жолда екі адам оқыс оқиғаға душар болады. Профкомның еңбек қорғау жөніндегі уәкілі әкімшіліктің өтініші бойынша бар кінәні зардап шегушілерге артып жалған акт жазады. Бұл дерек еңбек қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға мәлім болып, ол жиналған барлық материалдарды прокуратураға жібереді.

Прокурор жіберілген материалдар бойынша қандай шешім қабылдауы қажет?

8 есеп


Кәсіпорынның кінәсінен болған апатқа байланысты краншы Степанов мертігеді. Ол кәсіби жұмысқа қабілеттілігінен толық айырылып 1-ші топ мүгедегі болып танылады. Степановқа мүгедектігі бойынша 18 000 теңге зейнетақы тағайындалады. Ал оның мертіккенге дейінгі орташа айлық жалақысы 56 000 теңге болған.

Осы жағдайда залалды өтеу бойынша ай сайынғы төлем қанша болуы керек екендігін анықтаңыздар.Степановтың денсаулығына келтірілген залалды өтеу жөніндегі шешімді қандай орган және қандай тәртіппен шығарады?

9 есеп

Кәсіпорын жұмысшысы түскі үзілісте кәсіпорыннан тыс жердегі асханаға бет алады. Асхананың жаныда оны жеңіл авто көлік қағып кетеді, көлік иесі табылмайды. Өндіріске байланысты бақытсыздық жағдайы актісін беру барысында зардап шеккен жұмысшыға басшылық тарапынан наразылық білдіріледі. Әкімшілік өкілі наразылықты негіздей отырып, бұл оқиға кәсіпорын аумағында емес, яғни тыс жерде болғанын және оның қызметтік міндеттеріне де өндіріске де қатысы жоқ екенін мәлімдейді. Зардап шегуші бұл наразылыққа келіспей кәсіпорынның профсоюз органына шағымданады. Шағымда кәсіпорын оларды түскі ас ішетін асханамен қамтамасыз етпегенін, сондықтан да тыс жерге барып түстенуге мәжбүр болғандығын, яғни өндіріске қатысты деп тануларын көрсетеді.



Жұмысшының залалды өтеу жөніндегі талабына құқықтық баға беріңіздер?

10 есеп


Металл жонушы Меньшовтың кәмелет жасқа толмаған шәкірті екінші жұмыс күні оқыс оқиға нәтижесінде көзінен айырылады. Әкімшілік Меньшовтың кінәсінен болды деп есептейді, себебі өткізілген нұсқаулыққа қарамастан көзілдіріксіз жұмыс істеген (басқалары да көзілдіріксіз жұмыс істеген). Еңбек қорғаудың негізгі шарттарын атаңыздар?

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: "Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негіздері"

Сағат саны: 2

Курсы: 1


Мамандығы: 5В110400 - Медицина-профилактикалық ісі

Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова

Астана, 2012 ж.

1. Тақырып: "Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негіздері"

2.Мақсаты: бұл тақырыпты зерделеу барысында студенттер сақтандыру негіздері, эконмикалық мәнін және сақтандырудың функциялары, міндетті әлеуметтік сақтандыру құқығының мемлекеттік қаржы жүйесінде алатын орны мен атқаратын ролі және қоғамдық өндірісте оның қолданылу аясымен, сондай -ақ апат жағдайларында материалдық өтеуін, әлеуметтік және жеке сақтандыруда - картаюдың салдарынан, сырқаттану, бақытсыз жағдайларда ғы сақтандырулармен толық таныса алады.

3.Оқытудың мақсаты:

- Конституция баптарымен жұмыс істеу барысында құқықтық терминдерге сипаттама беруді үйрету.

- Тақырып бойынша дайындалу барысында сақтандырудың түрлері бойынша іскерлік ойынның жоспарын дайындау.

- Ауызша бақылау жұмысы барысында тақырыпты нақты мысал келтіре отырып дұрыс мазмұндауға үйрету.

4. Өткізілу түрі: іскерлік ойын.

Іскерлік ойын — оқытудың белсенді әдістерінің бірі.
Оқытудың белсенді әдісі ретіндегі іскерлік ойынның талабы: ойынға қатысушылардың арасында ролдердің бөлінуі; ойын бойынша бірлесіп шешім қабылдау үшін екі тараптың сөйлесу әрекеті; уақыт өлшемін пайдалану; ойын жарысы барысында кәсіби білім мен ойынның нәтижесін бағалау жүйесін қолдана; ойын барысында шынайы өмірді көрсете білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет