Криминалисткалық болжаудағы криминалистикалық тактика арқылы тергеуді жоспарлаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері серікқали Айжан Ардаққызы

Loading...


жүктеу 118.05 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі118.05 Kb.
КРИМИНАЛИСТКАЛЫҚ БОЛЖАУДАҒЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТАКТИКА АРҚЫЛЫ ТЕРГЕУДІ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Серікқали Айжан Ардаққызы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Ғылыми жетекші: М. Таймерденов

a.serikkalieva@mail.ru
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықтық жүйесі толық өзгерістерге ұшырағанда қылмыстық іс жүргізу құқығындағы тергеуді жоспарлаудың құқықтық аспектілері де өзгеруге мәлім болды. Тергеуді жоспарлау кезінде қолданылатын криминалистикалық тактикалардың бірі криминалистикалық болжау болып саналады. Қазіргі уақытта криминлаитсикалық болжау тактикасымен қоса басқа да криминалистикалық тактикалар қолданылуда. Бұл мақалада криминалистикалық болжауда тергеуді жоспарлау тактикасының негізгі құқықтық негіздері зерттелінеді.

Жалпы мағынасы бойынша тактика деп белгіленген мақсатқа жету үшін кажет әдістер мен тәсілдер жиынтығын айтады.

Криминалистика тарауы ретінде криминалистік тактика маз-мұны:

- криминалистік болжау және тергеуді жоспарлау туралы ілімді;

- кейбір тергеу әрекетгерін жүргізудің тактикалык тәсілдерін;

- тергеу барысында арнайы бөлімдер мен мамандар көмегімен пайдалану туралы ұсынымдарды камтиды.

Бірінші бөлімде тактикалық тәсіл, тактикалық операция, тергеу жағдайы, тактикалық шешім және тактикалық тәуекел сияқгы криминалистік категориялардың аныктамалары беріл-ген. Олар криминалистік тактиканың категориялары. Тактикалық тәсіл — оның негізгі түсініктерінің бірі.

Тактикалық тәсілдің зандылығы мен рұксат берілгендігі сияқгы шарттардан басқа оларды қолданудың мақсатқа лайықтылығы да манызы.

Мақсатқа лайықтылык деп керекті күш, уақыт пен құралдарды жұмсауды ескере отырып, керек нәтижеге жету мүмкін-шіліктерін негізге ала отырып тәсідці қолданудың тәжірибелік негізділігін айтамыз.

Мақсатқа лайықтылық кағидасының маңызы, заң бойынша кез келген жағдайда қолдануға болатын тәсілдердін. ішінен біреуін тандауында. Демек, зандылық пен мақсатқа лайықты-лык арасында қайшылық болмайды, ейткені занды нәрсе ғана мақсатқа лайыкты.

Кылмысты тергеу оқиға орнының, уақытының, коршаған ортасының нақты жағдайларында, қылмыстык сот ісін жүргізуге катысушы тұлғалардың тәртібі мен накты өмірдің басқа да процестерімен езара байланыста жүзеге асырылады. Тергеудің нәтижелілігіне тергеушіге белгісіз басқа да факторлар өз әсерін тигізеді. Акырында Бұл күрделі жүйе тергеуші әрекет жасай-тын накты жағдайды кұрайды [1, 190].

Бұл жағдай криминалистік тергеу жағдайы деп аталады, яғни сол жағдайда тергеуші әрекет жасайтын объективтік нактылық болып табылады.

Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жургізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін колайлы, ұтымды тергеу әрекетінін нәтижелілігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.

Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстын ашылуына кедергі жасау үшін колданып отырған айла-әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша объективті дәлелдемелер жинау.

Криминалистика ғылымының тергеу үстінде әркилы ситуациялық жағдайларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді колдану және тергеуді ұйымдасқан түрде, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір бөлімін криминалистикалық тактика дейді.

Сонымен, криминалистикалық тактика дегеніміз - тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы

Криминалистикалық тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция ұстауы, ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау.

Кейбір оқулықтарда криминалистиканың бұл бөлімін тергеу тактикасы деп те атайды [2, 88].

Криминалистикалық тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистикалық құрал-саймандарды тергеу үстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистикалық құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін жүргізгенде колдану әдістері криминалистикалық тактикада қаралады. Сонымен катар, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде колданылатын тәсілдер тергеліп жатқан кылмыстын түріне байланысты.

Криминалистикалық тактика бөліміне тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың түрлері, тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сұрақтар да кіреді.

Криминалистикалық тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі — ол тактикалық әдіс.

Жоғарыда айтқандай, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына коятын негізгі мақсаты — тергеуді жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру. Қойылған максатқа жету үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап түрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттер колдану арқылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалық әдіс дейміз. Әрине, ақылға салмайтындай кез келген әдістерді қолдана беруге болмайды. Сондықтан қолданатын тактикалық әдістер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Тактикалық әдістерге қойылатын негізгі талаптар:

- оның заңға кайшы келмеуі, жеке адамның не заңды түлғалардын құқығын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы;

- тактикалық әдістің объективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденгендігі, оның ғылымның бір саласына немесе логика, психология, педагогика т.б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі (тактикалық әдістің ғылымилық кағидасы).

Осы ай-тылғанды тұжырымдайтын болсак, тактикалық әдіс дегеніміз ол - заңға, этикалық талаптарға кайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері. Тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық әдістердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты тиімді және ыңғайлы әдіс колданылады.

Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір тұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі арнайы кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді.

Тактикалық әдістердің, олардың комбинациясының колданылуы тергеу ситуациясына байланысты. ондықтан тергеу ситуациясы деген криминалистикалқ санаттың ұғымына, түсінігіне тоқталайық.

Тергеу ситуациясы дегеніміз — тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмыстық іс жүргізу заңында керсетілген, сондықтан оларды тактикалық әдістер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, ол заңда көрсетілген ережелердің көбі тергеу тәжірибесінде пайда болып, алғашқыда тактикалық әдіс есебінде колданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттерінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Атап айтқанда: объектілерді Криминалистикалық болжау, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау деген тергеу әрекеттері алғашқыда тергеу тәжірибесінде жауап алудың тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды.

Өзінің шешетін тактикалық міндетіне байланысты тактикалық тәсілдер: танымдық, басқарушы, ұйымдық-техникалық деп үш түрге бөлінеді.

Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалистикалық, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолданылатын әдіс-айлаларды танымдық тактикалық әдістер дейміз.

Тергеу әрекетін жүргізу барысын дұрыс басқарып отыруға, оның нәтижелілігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған тәсілдерді басқарушы тактикалық әдістер дейді [3].

Мысалы, беттестіріп жауап алғанда, беттестіріп отырған адамдар айтысып, сөз жарыстырып, тергеу әрекетін жанжалға айналдырып жібермеу үшін, оларды белгілі бір кезекпен сөйлетіп, жауап алу тактикасы колданылады.

Тергеудің бастапқы, кей жағдайда соңғы кезендерінде туындаған ситуациялық жағдайларға байланысты тергеу және жедел-іздестіру әрекеттерін белгілі бір кезектілікпен жүргізу тактикалық жағынан алып қарағанда тиімді. Сондықтан тергеу жоспары жасалғанда тергеудің ұтымдылығын камтамасыз ететін тактикалық әдістер негізге алынады.

Мұнымен катар тергеу әрекеттерін жүргізгенде, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде алынған мәліметтерді орынды және белгілі бір әдіспен пайдалану да тергеудің нәтижелілігін арттырады. Айтылған жұмыстарды бәрін бірімен-бірі жалғасып жатқан бүтін процесс деп есептеп, осы жұмыстардың жиынтығын тұжырымдап, оны бір ұғыммен тактикалық комбинация (операция) деп атаймыз. Ал кейінгі айтылғанды кейбір авторлар тактикалық не криминалистикалық операция дейді. Былайша карағанда, осы екі ұғымға да қолданылатын сөздер бірімен-бірі тепе-тең де емес, біріне-бірі қайшы да келмейді. Комбинация дегеніміз қиыстыру, кисындастыру, немесе қиыстырудың айласы. Операция дегеніміз күрделі әрекет. Біздіңше тергеу үстінде жүргізілетін жүмыстарға келетін болсақ, оларды белгілі айламен қиыстырып жүргізу керек. Сондықтан бұл жұмыстарды тұжырымдап, оған толық сипат беретін болсақ, оны тактикалық комбинациялық операция деп атағанымыз дұрыс болар еді. Сонымен тактикалық комбинациялық операция дегеніміз тергеу үстінде ситуацияға байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау ұшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі [4, 85].

Тактикалық комбинациялық операцияның түсінігін анықтап, айқындайтын болсақ, ол негізінен екі түрлі жүмыстардың жүргізілуімен сипатталады — тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары. Сондықтан тергеу үстінде жүргізілетін мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі операцияны жүзеге асырушы мен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың арасында калыптасатын қарым-қатынастардың іскерлігіне тікелей байланысты.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы әр козғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын аныктап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірак тергеуші өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың кызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау женінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда керсетіліп, бекітілген. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіндіктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырган кылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы кылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай кылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет - ол қылмыстың алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану.

Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасыныц түсінігі - қылмыстық істі тергегенде бір-біріне әкімшілік түрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жүмыстары.

Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас қылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметгер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабыддауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ кұрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нактылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы қажет. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады.

Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның кызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді [5, 61].

Қорыта келгенде, ҚР-ның криминалистикалық және қылмыстық іс-жүргізу жүйелеріне жеке ретінде де жаәне де бір құқықтық сала ретінде дамытудың негізі бар. Криминалистика өз кезегінде, сол саланың криминалистикалық тактикалары қолданған кезде қылмыстық іс жүргізу кезіндегі барлық құқықтық іс әрекеттерге үлкен көмек көрсетіп тұр. Сол себептен тергеуді жоспарлау кезінде біздің елдің криминалистка саласының криминалистикалық болжаудың құқықтық негізін арттыру керек. Ол үшін:

1. Криминалистика саласы дамыған елдердің тәжірибесін алып және де кәсіби мамандарын шақыртып өзіміздің мамандарды даярлау және бар мамандардың кісіптілігін арттыру.

2. Тергеуді жоспарлау кезінде криминалистикалық болжаудың криминалистикалық тактика ретінде рөлін арттыру қазіргі таңда негіз болып табылады.

Сонымен қатар, криминалистика саласында криминалистикалық болжаудың тактика ретіндегі құқықтық рөлі қазіргі таңда енді ғана өз күшін арттырып тұр, бірақ криминалистикалық болжаудың пайдасын көрі үшін сол саланы зерттеп оған тиісті ғылыми тұжырымдамалар мен көптеген ғылыми ізденістер жасау керек, тек сол кезде ғана криминалистикалық болжау криминалистика слаласының ірі салалардың бірі бола алады.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. С.Е. Еркенов, С.И. Сұлтанов. «Тергеу әрекеттерінің тактикасы». – Алматы: «Дәнекер». - 2002. - 127 б.

  2. Криминалистика: Оқулық / Жәкішев Е.Ғ., Исаев Ә.А., Найманова Г.Х. ж. т. б.- Алматы: «Жетi жарғы», 2006. – 520 б.

  3. Юридический энциклопедический словарь. – М:,1984. – 212 с.

  4. В.С.Бурдакова, И.Е.Быковский. Предъявление для опознания на предварительном следствии. М:, 1975-3 б.

  5. Криминалистика / Под ред. В.А.Образцова. –М:, 1997 - 479 б.

: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Білім беру жүйесінде Maсromedia Flash технологиясын қолдану Манас Махпал
2016-04 -> Публицистикалық жанрлардың Қазақ баспасөзіндегі орны
2016-04 -> Ұлттық идея тәуелсіздік тұҒыры
2016-04 -> Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна
2016-04 -> Моральдық зиянды өтеу жолдарының Қиын тұстары сыдықбек Д. Ж
2016-04 -> Криминалистикалық болжау криминалистиканың жеке ілімі ретінде серікқали Айжан Ардаққызы
2016-04 -> Бастауыш мектеп оқушыларына ұлттық ҚҰндылықтар негізінде эстетикалық ТӘрбие беру
2016-04 -> КӘсіби күйзелістің алдын алу жолдары әбілақат А. М
2016-04 -> Жасөспірімдік шақТАҒы эмоцияның даму ерекшеліктері а. Х. Уразбекова
2016-04 -> Жер үшін төленетін төлемдер жексенова Арай Қадылбекқызы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...