Криминалистикалық болжау криминалистиканың жеке ілімі ретінде серікқали Айжан Ардаққызы

Loading...


Дата22.01.2017
өлшемі86 Kb.
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ БОЛЖАУ КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ЖЕКЕ ІЛІМІ РЕТІНДЕ
Серікқали Айжан Ардаққызы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Ғылыми жетекші: М. Таймерденов

a.serikkalieva@mail.ru
Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы,тергеушінің істі тегеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымдасқан түрде жүргізілуі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын айқындап белгілейді.

Сұрақтар  тергеп отрыған қылмыстың  мән- жайын  анықтауға байланысты болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сұрақтар осы қылмыс жөнінде тергеушінің ойнша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай жағдайда болғанын тергеуші, әрине өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қылмысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай болғанын ойша болса да, болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек.Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде қылмыстың қандай жағдайда болғандығы,қылмысқа қатысқан адамдар және де қылмыстық оқиғаның басқа да мән жайлары жөнінде белгілі бір божаулар пайда болады. Тергеушінің бұл ойша талдау арқылы жүргізілетін шығармашылық белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу божауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаның бір түріне – жұмыс гипотезасына жатады.

Болжаудың  мазмұны мен мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау – ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жерде мәйіт табылған жағдайда тергеуші осы оқиға жөнінде мына төмендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда мұндай жалпы божауда қандай қылмыс жасағандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап,  олар жөнінде жеке болжаулар жасалынады. Мысалы, қылмыс белгілі бір адамның жасағандығы, қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандығы жөніндегі, т.б сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан туындаған тергеу болжауларының барлығы бірдей тексерілуі керек. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың  бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сәтте шындыққа жатады деп  тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол болжау қате боған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктірп алады.

Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған  жағдайларға, жиналған заттай дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі.

Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарастырсақ, ол  негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екендігі айқын көрінеді. Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі – тергеу болжаулары. Тергеу болжауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу жоспарының жалпы бір шығармашылық жұмыстың бірімен- бірі байланысты екі сатысы екендігі, міне, осымен сипатталады.Тергеушінің шығармашылық ой-пікірі, осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп, жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады. 

Тергеу жоспарын жасау белгілі бір қағидаларға негізделеді. Жоспады жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты қағидалары бар. Олар: жоспардың жекелігі, нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған шаралардың іске асу айқындығы, заңдылығы және қолайлылығы.

Жоспадың жекелігі дегеніміз ол жоспардың тіке осы қылмысты ашуға, іске керектігі не осы іске байланысты сұрақтарды анықтауға бағытталуы және қылмыстық істі жүргізу үстінде жиналған дәлелдемелерге негізделуі. Анықталған сұрақтарды, жүргізетін тергеу әрекеттерін және басқа да ұйымдық жұмыстарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағыттағы жұмысын шығармашылық арнаға түсіреді, сонымен қатар тергеушінің жауапкершілігін  арттырады.

Тергеу жоспарының нақтылығы дегеніміз -  ол нақтылауға жататын сұрақтардың түсінікті және анық болуы. Осы сұрақтарды шешу жолдарының нақтыланып көрсетілуі. Жоспарда жалпы және декларативті сипатта көрсетілген тармақтардың болмауы шарт. Егер де іс бойынша анықталуға жататын жалпы сұрақтар болса, олар нақтыланып, анықталып көрсетілуі тиіс. Сұрақтардың көрсетілуі оларды тез арада шешіп, анықтауды жеңілдетеді.

Жоспадың серпінділігі (динамикалық қағидасы) ол тергеудің әр кезеңінде әрқилы тергеу ситуациясына сай өзгеріп тұруы. Тергеу процесі құбылмалы, әр уақытта өзгеріп отыратын процестердің қатарына жатады.Тергеу үстінде, әрине, бұрын жоспады құрғанда белгілі болмаған мәселелердің, сұрақтардың туындауы мүмкін. Осылардың бәрін дер кезінде жоспарға кіргізіп жасалған тергеу жоспары толықтырылып, өзгертіліп отырылады. Сондықтан болған  өзгерістерді дер кезінде енгізіп, қосып отыруға тергеу жоспары бейімді болу керек. Тергеу жоспарын құғанда оған іс жүзінде анықтауға болатын сұрақтарды және белгілі мерзімде нақтылы орындауға мүмкін жұмыстарды, тергеу шараларын кіргізу қажет. Бұл жоспардың нақты орындалуын қамтамасыз етеді.

Анықталуы жоспарланған сұрақтар іс бойынша жасалған тергеу болжауларынан туындайды. Осы тергеу жоспарында көрсетілген сұрақтарды анықтау үшін өткізілуі тиіс  жұмыс әрекеттері заңға қайшы келмеуі керек.Мұны тергеуді жоспарлаудың заңдылық қағидасы деп атайды. Тергеу әрекеттерінің жедел іздестіру және басқа ұйымдық жұмыстардың дәлелдеме алуға нәтижелігін және өткізуге қолайлығын арттыру үшін оларды ұтымды кезекпен өткізетіндей етіп жоспарлау қажет.Бірінші кезекте кідіртпей өкізуді қажет ететін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары жоспарлануы тиіс.Бұл тергеудің ықшамды және үйлесімді түрде өтуін қамтамасыз етеді.

Тергеу жоспары белгілі бір элементтерден құралады, осы қылмыс бойынша жалған тергеу болжауларына негізделеді және сол болжауларды тексеруге бағытталады. Сондықтан жоспардың бірінші элементі – осы іс бойынша жасалған тергеу болжаулары. Бұл тергеу болжауларын тексеру үшін  белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді анықтауға тура келеді. Сондықтан тергеу жоспарын құрғанда болжаудан туындаған және соған байланысты тексеруді қажет ететін сұрақтардың тізбегі  жоспардың екінші элементі болып саналады. Жоспарға кірген сұрақтар  тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да жұмыстарды жүргізу арқылы анықталып, шешілетін болғандықтан, орындалатын тергеу шаралары жоспардың үшінші элементі болады.

Жоспарланған жұмыстарды кім және қай мерзімде өткізу керек екендігі де жоспарда көрсетіледі. Бұл жоспардың төртінші элементі болады. Кей жағдайларда тергеу шараларын орындайтын лауазымды адамның  аты- жөні өзінше жеке жазылады. Мұндай жағдайда жоспар бес элементтен құралады.

 Енді тергеу жоспарын кесте түрінде көрсетсек,  ол төрт кейде бес бағаннан тұратындығы байқалады. Әр бағандағы жоспар тікелей бір бірімен байланысып, бірінен- бірі туындайды. Осындай жоспар бойынша тергеушінің қылмысты тергеуге байланысты жүргізетін жұмыстары кесте түрінде  қағаз бетіне түсіріліп көрсетіледі.

Тергеу жоспары ойша және жазбаша түрде жасалады. Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыстық іс бойынша мәліметтердің аз мезгілінде тергеуші өз жұмысын ойша жоспарлайды. Кейбір кідіртпей жүргізуді қажет ететін тергеу әрекеттері жоспарсыз да жүргізіледі. Айталық,  қылмыс жөнінде хабар алысымен тергеуші оқиға болған жерге барып қарайды және қараудың қорытындысынан туындаған тергеу әрекеттерін өткізеді. Осы тергеу шараларын жүргізіп,  орындаудан жиналған дәлелдеме деректерді талдап, оларды айқындап,  анықтау арқылы тергеу болжауларын жасап, болжауларды тексеруді жоспарлайды.

Тергеу тәжірбиесінде тергеу жоспарының бірнеше түрі бар. Жұмыстың дұрыс жүргізілуі үшін жоғарыда көрсетілген элементтердің барлығы да жоспарда көрсетілуі керек. Жоспар бағандық және кестелік түрде жасалады.

Кестеде көрсетілген әр болжау бойынша жеке жоспар жасауға болады. Кейбір көп көріністі істерде әр көрініске жеке жеке жоспарлард да жасалады.

Жалпы тергеу жоспарына қосымша, оны толықтыруға бағытталған,  жиналған айғақ мәлеметтерін бір жүйеге келтіру үшін жоспарлаудың басқа да түрлері қолданылады. Мысал, көп жоспарлаудың басқа да түрлері қолданылады. Мысалы, көп көріністі істер бойынша тергеп отырған қылмысқа  қатынасы бар әр айыпкерге « жеке есеп»  карточкесі толтырылады. Онда әр айыпкерге инкриминацияланған қылмыстық әрекеттер және оның  осы қылмысқа қатысқандығын дәлелдейтін деректер келтіріледі. Жауапқа тартылған қылмыскерлердің саны көп, күрделі және көп көріністі істерді жоспарлаудың «шахматы ведомость»  деген түрі де жиі қолданылады.

Мұнадай жағдайда бірінші бағанға әр іс бойынша жауапқа тартылған айыпкерледің аты-жөні жазылады да, одан кейінгі бағандарға қылмыстың жеке-жеке көріністері жазылады. Айыпкер қай қылмысты көрініске қатынасы болса сол бағанға «х» деген белгі қойылады. Бұл жоспарлау тәсілін төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.

Кейбір өте үлкен істер бойынша күрделі, бірнеше торлы басқару жоспары да жасалады. Мұндай  көп торлы басқару жоспары да жасалады. Мұндай көп торлы кестеде тергеушінің бірнеше бағытта істейтін жұмыстары көрсетіледі. Оның ішіндегі неғұрлым маңызды жұмыстарды, қай бағытта және қандай тергеу шараларын орындау үстінде қандай кедергілердің, қиындықтардың кездесетіндігін алдын ала белгілеп алуға болады.

Тергеудің әр кезеңінде істелетін жұмыстарды жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Тергеудің бастапқы кезеңінде кідіртілмейтін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстарының жүргізілуі  жоспарланады. Тегеудің кейінгі кезеңдерінде жоспарға кіретін тергеу әрекеттері және жедел- іздестіру жұмыстарының жүргізілуі жоспарланады. Тергеудің кейінгі кезеңдерінде жоспарға кіретін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары негізінен айыпкедің жауабынан туындайтын мәселелерді тексеруге бағытталады. Ол үшін айталық, сот-сараптамасын тағайындау, тергеу экспериментін жүргізу, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тағы басқа да тергеу әрекеттерін өткізу жоспарланады.

Жалпы қылмыстық іс бойынша жасалатын тергеу жоспарымен қатар  кейбір күрделі тергеу әрекеттерін, атап айтқанда, жауап алу, тергеу экспериментін жүргізу де жоспарланады. Мұндай жоспарда тергеу әрекетін жүргізгенде анықталатын сұрақтар, оны жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық тәсілдер, сонымен қатар тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру үшін өткізілетін басқа да ұйымдық жұмыстар көрсетіліп, белгіленеді. Мұндай  тергеу әрекеттерінің жоспары жалпы тергеу жоспарының бір элементі есебінде саналып, осы жоспардағы мәселелерді шешуге бағытталады. 

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін өткізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән- жайын анықтап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші тек заңда көрсетілген әрекеттерді жүргізу арқылы, өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды.Сондықтан  тергеушінің жедел – іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп, бекітілген. Тек жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында анықталған мәлеметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті заттай дәлелдемелерді толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет -  ол қылмысты  алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.


ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Абуов, А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы / А.Ғ. Абуов.- Алматы: Жетi жарғы, 2004.- 256 б.

2. Ағдарбеков, Т. Құқық негіздері. Оқу құралы / Т. Ағдарбеков, А. Әлайдар, А. Алайдаров.- Алматы: Заң әдебиеті, 2009.- 260 б.

3. Ағыбаев, А. Н. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсіндірме / А. Н. Ағыбаев.- Алматы: Жеті жарғы, 2010.- 808б.



4. Беисов, Е.Ж. Қылмыстық істерді тергеу процесінде криминалистиккалық маңызды ақпаратты бекіту үшін компьютерлік технологияларды қолдану: Монография / Е.Ж. Беисов.- Талдықорған: ЖМУ, 2012.- 140б.
: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Білім беру жүйесінде Maсromedia Flash технологиясын қолдану Манас Махпал
2016-04 -> Криминалисткалық болжаудағы криминалистикалық тактика арқылы тергеуді жоспарлаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері серікқали Айжан Ардаққызы
2016-04 -> Публицистикалық жанрлардың Қазақ баспасөзіндегі орны
2016-04 -> Ұлттық идея тәуелсіздік тұҒыры
2016-04 -> Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна
2016-04 -> Моральдық зиянды өтеу жолдарының Қиын тұстары сыдықбек Д. Ж
2016-04 -> Бастауыш мектеп оқушыларына ұлттық ҚҰндылықтар негізінде эстетикалық ТӘрбие беру
2016-04 -> КӘсіби күйзелістің алдын алу жолдары әбілақат А. М
2016-04 -> Жасөспірімдік шақТАҒы эмоцияның даму ерекшеліктері а. Х. Уразбекова
2016-04 -> Жер үшін төленетін төлемдер жексенова Арай Қадылбекқызы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...