Коучинг жоспары Өткізілетін уақыты



жүктеу 47.7 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі47.7 Kb.
Шормантаева Лиза Нұрмахановна

Алматы қаласы.

Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия

Математика пәнінің мұғалімі.



Коучинг жоспары

Өткізілетін уақыты




Коучинг тақырыбы:

Оқушылардың ойлау жолдарын дамыту арқылы белсенділігін арттыру.

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру және кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында оқушылардың ойлау жолдарын дамыту арқылы белсенділігін арттыру бойынша теориялық және практикалық жағынан кәсіби қолдау көрсету.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 68-69 бет

Күтілетін нәтижесі:

Мұғалімдердің коучингтегі алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдана алуды үйренеді.

Түйінді идеялары:

Оқушылардың ойлау жолдарын дамыту арқылы белсенділігін арттыру арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Қолданылатынжабдықтар мен материалдар:

А2 парақтары,стикер,А4 парақтары, маркер, қалам, компьютер, интерактивтітақта.

Әдіс - тәсілдері:

Таныстырылым, қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ДЖИГСО әдісі,

топтық жұмыс.




Коучинг барысы


Жұмыс кезеңдері:


Кезеңнің мазмұны


Мұғалімдердің іс-әрекеті

І. Кіріспе бөлім:
Психологиялық ахуал:қатысушылардың жедел жұмысқа кірісе алуын қамтамасыз ету.

(2 минут)




Құрметті тыңдаушылар,бүгін міне тағы бір сәті түсіп біз сіздермен қауышып отырмыз. Бүгін бізсіздердің барынша белсенді,өз ойларыңызбен шынайы бөлісулеріңізді сұраймыз!





Ұйымдастыру кезеңі:

(2 минут)



Түсті таяқшалармен топтарға бөлу.


Үстел үстіндегі әр түрлі таяқшаларды таңдайды, сол арқылы топқа бөлінеді.



«Ой қозғау»:

(5 минут)



.


«4 фото, 1 сөз» ойынын жүргізу.

Ойын мақсаты: Коучинг мақсатына назарларын аудару.

Төменгі сұрақтарды ұсыну:



  1. «Интерактивті оқыту» дегенді қалай түсінесіз?

  2. Сабақта оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?


Коучинг тақырыбын анықтау үшін суреттер таратылады. Берілген төрт суреттің мағынасына қарай «Интерактивті оқыту» сөзін құрастырады.


ІІ. Теориялық бөлім:

(15 минут)




Коучинг тақырыбы, мақсаты көрсетіледі.«Интерактивті оқыту»туралы ақпарат, оқушылар белсенділігін арттыратын ойындардың мәтіні таратылады.
Power point арқылы,кеспе парақшалар арқылы мәтіндер таратылып, топтарда ДЖИГСО әдісімен әріптестер өзара оқып, үйренеді.

Белгіленген уақыт ішінде А-2 парағына теорялық түсініктерін топтастырып,

әр топ мүшелері «қонаққа бару » тәсілімен қорғайды



ІІІ. Негізгі бөлім: тәжірибелік кезең
(15 минут)

Оқушылардың ойлау жолдарын дамыту арқылы белсенділігін арттыруда қолданылатын ойындарды орындау.

Әр топ үлестірілген тақырыпқа сәйкес бір ойын түрін ойнатады.

І топ: тыңдайтын үшбұрыштар

ІІ топ: ойлан-жұптас-бөліс

ІІІ топ: крестиктер-нөлдіктер



Қорытынды:

Рефлексия

( 5минут)


Бүгінгі жетістіктеріміз бен іс әрекетімізді талдайық.Ол үшін сіздерге

Аяқталмаған ой”

1. Бүгін мен білдім…

2. Қиындық туғызды

3. Енді мен …

4. Мен үйрендім …

5. Маған маңызды болыпкөрінді…


Топ мүшелерінің ой пікірі,талдауы тыңдалады,

керібайланыс

орнатылады.




Қосымша материалдар:

1.Ойлан, Бірік, Бөліс

Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).



2.Крестиктер-нөлдіктер

1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа нөлдік қояды.

4. Жауапдұрысболмағанжағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққажауапберугежәнесолквадратқа крестик қоюғамүмкіндікалады.

3.Тақырыптың түйінді сөздері

Оқушынышатастыруүшінтақырыпқақатысы бар сөздерді оған қатысыжоқсөздерменараластырыпорналастырыңдар.Тақырыптың түйінді сөздерін таңдап алынады.



4.Сұрақтары бар қорап

Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.



5.Он сұрақ!

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.



6.Тыңдайтын үшбұрыштар

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).

ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

(Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады)



7.Әліпби желісі

Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша негізгі сөздерді дауыстап айтады



8.Артығы қайсы?

1. Жұпқа бөлініңіздер.

2. 3 тұжырым жазыңыз, оның біреуі “жалған” болуы керек.

3. Өз тұжырымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.



4. Екінші жұп тұжырымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.
КТ Р І В Т Е И Н А И Т УОЫТҚ . . . . . . . .

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет