Kostanay gov kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды



жүктеу 73.33 Kb.
Дата08.02.2017
өлшемі73.33 Kb.
«Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (111200, Лисаков қ., Мир көш., 31, 17-каб., анықтамалар үшін телефон: 8 (71433) 3-84-11, факс: 3-39-08, электрондық мекенжайы: lisakovsk@kostanay.gov.kz), «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшінің санаты Е-R-1. Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты – 142 412 теңгеден 192 382 теңгеге дейін.

«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Е-R-1 санаты (1 бірлік),

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекемені басқару. Қалалық коммуналдық шаруашылық, қалалық жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру, автомобиль жолдарын ұстау мәселелері бойынша басқару функцияларын жүзеге асыру. Мемлекеттік мекеменің қызметі бағытына тиісті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру. Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жылу маусымына дайындау бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды, көркейту жұмыстарының жобаларын, қаланы санитарлық тазалау, көгалдандыру, объектілерді күрделі жөндеу бойынша жоспарларды әзірлеу. Жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу. Тиісті бағдарламалар бойынша қалалық бюджетпен арнайы осы мақсаттарға бөлінген қаржының көлемі шегінде қызметтер мен жұмыстар орындаушыларымен шарттар жасау. Орындаушымен орындалатын жұмыстардың сапасына техникалық қадағалауды іске асыру. Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімімен көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіруді, бақылауды, қолайлығын қамтамасыз етуді және сапасын жүзеге асыру.Әкіммен және жетекшілік ететін мәселелер бойынша әкімнің орынбасарымен өткізілетін комиссиялардың отырыстарына мен кеңестерге қатысу. Бөлімге келіп түсетін өтініштерді қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Бейіні бойынша жоғары білім техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көлік техникасы және технологиялар; жылу энергетикасы; электр энергетикасы; құрылыс; құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау), құқық (заңтану), қызметтер (тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану, логистика (салалар бойынша)).

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi.  Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде конкурс өткізіледі (бұдан әрі – Қағидалар).

Жалпы конкурсқа қатысу қажетті құжаттар:

1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3. Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7. Құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3, 4, 7, 8-тармақтарда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, кадрлармен жұмыс бөлімі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Азаматтар еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазымға жұмыс өтілі талап етілмеген жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.



Құжатардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қарауына бас тарту үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде ұсынуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар құжаттарды Лисаков қ., Мир к-сі, 31, 17-каб. мекенжайы бойынша, анықтамалар үшін телефон: 8 (71433) 3-84-11, «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадрлармен жұмыс бөліміне қолма-қол тәртіппен, почта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық почтаның мекенжайына электрондық түрде, немесе «Е-gov» электрондық Үкімет порталы немесе құжаттарды қабылдау мерзімінде «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.

Мемлекеттік органның электрондық почтасының мекенжайына электрондық түрде немесе «Е-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды ұсыну кезінде олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс бұрын ұсынылады.

Оларды ұсынбаған жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылардың қатысуы рұқсат етіледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Лисаков қаласы әкімі аппаратының кадрлармен жұмыс бөлімінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға Лисаков қаласы әкімі аппаратының кадрлармен жұмыс бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады. 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

07.10.2016 ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет