"Көшбасшы: ол қандай болу керек? " тaқырыбындaғы үйірме сабағының жоспары Абдурасулова Мухаббат Асаповна



жүктеу 49.7 Kb.
Дата08.02.2017
өлшемі49.7 Kb.
"Көшбасшы: ол қандай болу керек? "

тaқырыбындaғы үйірме сабағының жоспары

Абдурасулова Мухаббат Асаповна
ОҚО, Сайрам ауданы, Ақбастау ауылы, №33 Н.Шойынбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі


Коучинг тақырыбы:

" Көшбасшы:ол қандай болу керек? "

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық 17-21 бет

Интербелсенді әдістемені қолданып сабақты жоспарлау және басқару /Ж.А.Жартынова/

Тренингтік ойындар мен жаттығулар (Әдістемелік құрал)

/ Қ.З.Жақсылықова/



Мақсаты

ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ, ЖОҒАРЫ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ

Нәтиже

-Әрбір оқушының көшбасшылық қабілетін жетілдіруге талпынуы;

-Оқушылардың шығармашылығына көп көңіл бөлу;

-Сын тұрғысынан терең ойлай білуі;

-Ынтымақтастықта бірлесе орындаған жұмыстың маңыздылығын түсіну.



Сабақта қолданылатын ресурстар:

Интерактивті тақта, флипчарт, маркер,қалам, А-4 түсті парақтарына жазылған сөздер, бейнефильмдер

Оқыту әдістері

Оқыту мен оқудағы жаңа

тәсілдер


СТО

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Оқытуды басқару мен көшбасшылық



Бірлескен оқу

Топтық жұмыс

Диалогтық жұмыс

Жеке жұмыс



Тапсырмалар

Топтық,жұптық және жеке жұмыстар;сұрақтарға жауап беру, салыстыру. Бейнефильмдерді талдау. Постер жасау,қорғау, эссе жазу, сурет салу, рефлексия.

Кіріспе

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Психологиялық ахуал туғызу


Оқушылардың көңіл-күйін көтеру, оқу белсендігін арттыру, жұмыс жылдамдығын жақсарту мақсатында "Қазақстан" әнін айтқызу.

Оқушылар "Қазақ елі" туралы патриоттық әнді айтады.

Ұйымдастыру кезеңі


Уақытты үнемдеп, жоспарлаған жұмыстарды сәтті өткізу үшін оқушыларды топтастыру.

Оқушылар фишкада жазылған сандар арқылы топтарға бөлінеді.

1- Ой қозғау үшін

тапсырма

(Бейнефилм арқылы беріледі)



Тапсырма: " Көшбасшы" сөзін қалай ассоциялауға болады?
Ассоциация сөздерін пайдаланып,"көшбасшы" ұғымына анықтама беріңіз.

Оқушылар Көшбасшы сөзін қалай ассоциялауға болады? деген сұраққа жауап дайындайды. (постер құрастыру)

Ассоциация сөздерін пайдаланып,"көшбасшы" ұғымына анықтама береді..



2-тапсырма

"Аяқталмаған сөйлем" жаттығуы



Тапсырма: "Аяқталмаған сөйлем" жаттығуын түсіндіреді.

Сөйлемді аяқтаңыз:

Көшбасшы-..........

Көшбасшы болу үшін..........

Көшбасшы,ең алдымен........

Көшбасшыға тән қасиеттер........

Көшбасшы болып тумайды, қалыптасады, өйткені..............


Оқушылар тапсырманы орындау барысында постерлер дайындайды.

Сөйлемдерді аяқтайды.



Рефлексия бөлімі

"Бір сурет, бес сөз"



Бүгінгі сабақтан алған білімі, білігі, үйренген дағдылары, алған әсерлері бойынша бір сурет салу және бес сөз жазу арқылы ойын білдіру керек екенін айтамын.
"Көшбасшы" сөзін қалай ассоциялауға болады? деген сұраққа мұғалім тарапынан жасаған ассоциясы мен салыстыру арқылы қортынды жасау.



Оқушылар сурет салады,бес сөз жазу арқылы сабақты қортындылайды.

Өздері жасаған ассоцияны мұғалім жасаған ассоциямен салыстырады.




Оқу стилдері

1. Аудиалдар ақпаратты есту арқылы

қабылдайтын оқушылар. Материалды меңгеру немесе түсіну үшін

аудиалдарға ақпаратты тыңдап немесе қайталап айтып өту керек.

Оқу стилдері

2. Визуалдар идеялар, тұжырымдамалар және ақпаратты визуалды бейнелермен ұқсастыру арқылы қабылдайтын оқушылар. Демек бұл оқушылар ақпаратты көру органдары арқылы қабылдайды.



Оқу стилдері
3. Кинестетиктер ақпараттың көптеген бөлігін дене арқылы сезіну жолымен жанасу арқылы қабылдайтын оқушылар.

SWOT талдау



STRENGTHS

Күшті жақтары


WEAKNESSES

Әлсіз тұстары

OPPORTUNITIES

Мүмкіндіктер


THREATS

Қауіптер

Менің жеміс ағашым

Діні-


Бұтағы-

Жапырағы-



Жемісі-

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет