Көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын

Loading...


жүктеу 210.73 Kb.
Дата22.01.2017
өлшемі210.73 Kb.
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет
көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру – күнтізбелік 70 (жетпіс) күннен аспайды;
      азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым сертификатының телнұсқасын беру – күнтізбелік 10 (он) күн;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты (сертификат телнұсқасы).
      Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде, берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы порталда азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын электрондық құжат нысанында «жеке кабинеттен» алады.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
      Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері оны қолдану саласы және штат санына байланысты мыналарды құрайды:
      жекелеген типтегі әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету,
      оның ішінде ағымдағы жөндеу, ақауларды жою, агрегаттар мен жиынтықтаушы бұйымдарды ауыстыру:
      10 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 346 айлық есептік көрсеткіш;
      11 адамнан 40 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық көрсеткіш;
      41 адамнан 70 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 382 айлық көрсеткіш;
      71 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 400 айлық көрсеткіш;
      101 адамнан 150 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 419 айлық көрсеткіш;
      151 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық көрсеткіш;
      201 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 455 айлық көрсеткіш;
      2) жекелеген типтегі әуе кемелеріне мерзімдік техникалық қызмет көрсету, оның ішінде авиациялық техниканың авиақозғалтқыштарын ауыстыру, оларды ағымдағы жөндеу, авиациялық техникаға маусымдық және арнайы қызмет көрсету, авиациялық техниканы сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету:
      10 адамға дейін – алым төленетін күні 418 айлық есептік көрсеткіш;
      11 адамнан 40 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 436 айлық есептік көрсеткіш;
      41 адамнан 70 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 454 айлық есептік көрсеткіш;
      71 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 472 айлық есептік көрсеткіш;
      101 адамнан 150 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 491 айлық есептік көрсеткіш;
      151 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 509 айлық есептік көрсеткіш;
      201 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 527 айлық есептік көрсеткіш;
      3) зертханалар жағдайында әуе кемелерінің агрегаттары мен жиынтықтаушы бұйымдарына техникалық қызмет көрсету – алым төленетін күні қолданыстағы 218 айлық есептік көрсеткіш;
      4) әуе кемелері мен олардың агрегаттарының және жиынтықтаушы бұйымдарының жай-күйін бұзбай бақылау әдісін қолдану – алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
      5) күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріне, авиақозғалтқыштары мен авиациялық техниканың жиынтықтаушы бұйымдарына бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары):
      10 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 236 айлық есептік көрсеткіш;
      11 адамнан 40 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 254 айлық есептік көрсеткіш;
      41 адамнан 70 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 272 айлық есептік көрсеткіш;
      71 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 290 айлық есептік көрсеткіш;
      101 адамнан 150 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 309 айлық есептік көрсеткіш;
      151 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 327 айлық есептік көрсеткіш;
      201 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 345 айлық есептік көрсеткіш;
      6) әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау) – алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
      7) әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттары бойынша пысықтауды орындау – алым төленетін күні қолданыстағы 248 айлық есептік көрсеткіш;
      8) әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жиынтықтаушы бұйымдарды (агрегаттарды), оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатып күрделі жөндеу:
      10 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 528 айлық есептік көрсеткіш;
      11 адамнан 40 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 546 айлық есептік көрсеткіш;
      41 адамнан 70 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 564 айлық есептік көрсеткіш;
      71 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 582 айлық есептік көрсеткіш;
      101 адамнан 150 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 601 айлық есептік көрсеткіш;
      151 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 619 айлық есептік көрсеткіш;
      201 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 637 айлық есептік көрсеткіш.
      Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетілген алым бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
      Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) сертификатты алу үшін мынадай құжаттар қоса берілген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжат;
      3) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (АТ ТҚЖ) жөніндегі ұйым жарғысының көшірмесі;
      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      5) АТ ТҚЖ жөніндегі ұйымның қаржы-экономикалық жай-күйі туралы анықтама;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес АТ ТҚЖ жөніндегі ұйым қызметі жөніндегі нұсқаулық;
      7) АТ ТҚЖ жөніндегі ұйымның бекітілген құрылымы;
      8) АТ ТҚЖ жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже;
      9) АТ ТҚЖ жөніндегі ұйымның штаттық кестесі;
      10) АТ ТҚЖ жөніндегі ұйымның командалық-басшы құрамы туралы мәліметтер және білімі туралы тиісті құжаттардың көшірмелері;
      11) АТ ТҚЖ жөніндегі ұйымның командалық-басшы құрамының лауазымдық нұсқаулықтары;
      12) авиациялық техника үлгілері бойынша рұқсат ету түрлері мен жұмыстар түрлері көрсетілген АТ ТҚЖ жөніндегі ұйымның инженерлік-техникалық персоналының тізімі;
      13) инженерлік-техникалық құрамның қозғалтқыштарды жүргізу және сынап көру рұқсаттары туралы ақпарат;
      14) сақтандыру полистерінің және медициналық анықтамалардың қолданылу мерзімдері туралы ақпарат көрсетілген, базадан тыс әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді орындауға арналған экипаждардың құрамында ұшуларды орындауға жіберілген АТ ТҚЖ жөніндегі ұйымның инженерлік-техникалық құрамы адамдарының тізімі;
      15) мәлімделген қызмет саласында қолданылатын АТ ТҚЖ бойынша жұмыс жүзеге асырылатын құжаттардың тізбесі;
      16) шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚЖ жөніндегі ұйым қызметін метрологиялық қамтамасыз етуге арналған шарттардың тізбесі;
      17) шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚЖ жөніндегі ұйымның инженерлік-техникалық құрамына техникалық оқу өткізу мен біліктілігін арттыруға арналған шарттардың тізбесі;
      18) шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген жалға алынатын құрылыстар мен жерде қызмет көрсету құралдарын пайдалануға арналған шарттардың тізбесі;
      19) шарттар бойынша ұйым АТ ТҚЖ жөніндегі қызметтерін көрсететін азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар тізімі;
      20) шарттар бойынша қосалқы мердігер ұйымдардың тізбесі.
      Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым сертификатының телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге негіздеме және бұрын берілген куәлікті (ұрлану (жоғалу) жағдайларынан басқа) және қызметтік тексеру материалдарын қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
      Порталға:
      көрсетілетін қызметті алушы азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым сертификатын (телнұсқасын) алу үшін осы тармақта тізбеленген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Заңды тұлғаның шағымында – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Азаматтық авиацияның авиациялық 
техникасына техникалық қызмет  
көрсету және оны жөндеу жөніндегі
ұйымның сертификатын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына        
1-қосымша             
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететiн
және жөндеу (АТ ТҚЖ) жөніндегі ұйымның сертификатын алуға
арналған өтiнiмнiң
үлгi нысаны
      1. АТ ТҚЖ жөнiндегi ұйымның атауы _____________________________
      2. Ұйымның тiркелген жері және тiркеу нөмiрi (шифры) __________
      3. Өндiрiстiк базаның орналасқан жерi: ________________________
      4. Пошталық мекенжайы _________________________________________
      5. Телефон ____________________________________________________
      6. Телеграф ___________________________________________________
      7. Факс _______________________________________________________
      8. Есепшоты ___________________________________________________
      9. Бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БСН) __________________________
      10. Электрондық мекенжайы _____________________________________
      11. Өтiнiм беру себебi (қажеттісінің астын сызыңыз):
      1) АТ ТҚЖ жөнiндегi ұйымның сертификатын алуға арналған алғашқы өтiнiм;
      2) АТ ТҚЖ бойынша жұмыс түрлерiнiң (кешендерiнiң) тiзбесiн толықтыру;
      3) авиациялық техника типтерінің тiзбесiн толықтыру;
      4) кезектi мерзiмге арналған сертификаттау;
      5) АТ ТҚЖ жөнiндегi ұйымның сертификатын керi қайтарып алғаннан/күшiн жойғаннан кейiнгi сертификаттау;
      6) АТ ТҚЖ жөнiндегi ұйымның негiзгi деректерiн өзгерту;
      7) басқа себептер (көрсету).
      12. Өтiнiмнiң мазмұны
      Мен, төменде қол қойған, ______________________________________
                                    (ұйым басшысының Т.А.Ә.)
      _______________(күнi)__________________ бекiтiлген  (тiркелген)
      Жарғының (Ереженiң) негiзiнде әрекет ететiн техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi ұйымды мынадай авиациялық техникада төменде көрсетiлген қызмет түрiн орындау құқығына сертификаттау жүргiзудi сұраймын:



ӘК, қозғалтқыштың,АТ бұйымының типі

Қызмет нысаны

ТҚ жедел түрлерi (көрсету)

ТҚ кезеңдік түрлерi (көрсету)

Жұмыстардың басқа түрлерi (көрсету)








      13. Өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi саласындағы заңнаманың талаптарын мойындайды және оларды орындауға мiндеттенедi.


      14. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету үшiн жауапты басшылық құрам:



Лауазымы

Т.А.Ә.

Қолы

АТ ТҚЖ жөнiндегi ұйымның басшысы





Сапаны бақылау (кепiлдiк) жөнiндегi бөлiмшенiң басшысы




«Азаматтық авиацияның авиациялық 


техникасына техникалық қызмет  
көрсету және оны жөндеу жөніндегі
ұйымның сертификатын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына        
2-қосымша             
Электрондық құжат нысанындағы өтініш
      1. АТ ТҚЖ жөнiндегi ұйымның атауы _____________________________
      2. Ұйымның тiркелген жері және тiркеу нөмiрi (шифры) __________
      3. Өндiрiстiк базаның орналасқан жерi: ________________________
      4. Пошталық мекенжайы _________________________________________
      5. Телефон ____________________________________________________
      6. Телеграф ___________________________________________________
      7. Факс _______________________________________________________
      8. Есепшоты ___________________________________________________
      9. Бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БСН) __________________________
      10. Электрондық мекенжайы _____________________________________
      11. Өтiнiм беру себебi (қажеттісінің астын сызыңыз):
      1) АТ ТҚЖ жөнiндегi ұйымның сертификатын алуға арналған алғашқы өтiнiм;
      2) АТ ТҚЖ бойынша жұмыс түрлерiнiң (кешендерiнiң) тiзбесiн толықтыру;
      3) авиациялық техника типтерінің тiзбесiн толықтыру;
      4) кезектi мерзiмге арналған сертификаттау;
      5) АТ ТҚЖ жөнiндегi ұйымның сертификатын керi қайтарып алғаннан/күшiн жойғаннан кейiнгi сертификаттау;
      6) АТ ТҚЖ жөнiндегi ұйымның негiзгi деректерiн өзгерту;
      7) басқа себептер (көрсету).
      12. Өтiнiмнiң мазмұны
      Мен, төменде қол қойған, ______________________________________
                                    (ұйым басшысының Т.А.Ә.)
      _______________(күнi)__________________ бекiтiлген  (тiркелген)
      Жарғының (Ереженiң) негiзiнде әрекет ететiн техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi ұйымды мынадай авиациялық техникада төменде көрсетiлген қызмет түрiн орындау құқығына сертификаттау жүргiзудi сұраймын:



ӘК, қозғалтқыштың,АТ бұйымының типі

Қызмет нысаны

ТҚ жедел түрлерi (көрсету)

ТҚ кезеңдік түрлерi (көрсету)

Жұмыстардың басқа түрлерi (көрсету)








      13. Өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi саласындағы заңнама талаптарын мойындайды және оларды орындауға мiндеттенедi.


      14. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету үшiн жауапты басшылық құрам:



Лауазымы

Т.А.Ә.

Қолы

АТ ТҚЖ жөнiндегi ұйымның басшысы





Сапаны бақылау (кепiлдiк) жөнiндегi бөлiмшенiң басшысы




«Азаматтық авиацияның авиациялық 


техникасына техникалық қызмет  
көрсету және оны жөндеу жөніндегі
ұйымның сертификатын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына        
3-қосымша             
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны
жөндеу ұйымының қызметі бойынша нұсқау
      Кіріспе
      1. Мазмұны;
      2) Тақырыбы және саласы;
      3) Қолданыстағы парақ тізбесі;
      4) Ревизиялар/толықтырулар тізбесі;
      5) Тарату парағы;
      6) Пайдаланылатын қысқартулар.
      2. Басқару
      1) Жауапты басшының өтініші;
      2) Қауіпсіздік және сапа саясаты;
      3) Басқару персоналы;
      4) Басқару персоналының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері;
      5) Ұйымды басқару құрылымы;
      6) Рұқсат ететін персонал тізілімі;
      7) Ұйым жұмысшылары құрамының сипаты;
      8) Сертификатта көрсетілген ұйымдар мекенжайларының әрқайсысында орналасқан өндірістік қуаттардың жалпы сипаты;
      9) Техникалық қызмет көрсету бойынша (әуе кемелеріне және құрауыштарына) орындалатын жұмыс көлемі;
      10) Ұйымдағы өзгерістер туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды хабардар ету рәсімі;
      11) Нұсқауға өзгерістер енгізу рәсімдері.
      3. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі рәсімдер
      1) Өнім берушілерді бағалау және қосалқы мердігерді қадағалау рәсімдері;
      2) Сыртқы өнім берушілерден әкелінетін ӘК құрауыштары мен материалдарын қабылдау және тексеру;
      3) АТ техникалық қызмет көрсетуге арналған құрауыштар мен материалдарды сақтау, таңбалау және беру;
      4) Құралдар мен жабдықтарды қабылдау;
      5) Құралдар мен жабдықтарды калибрлеу;
      6) Персоналдың баламалы құралдар мен жабдықтарды қоса алғанда, құралдар мен жабдықтарды пайдалануы;
      7) Техникалық қызмет көрсету объектілерінде тазалық сақтау нормалары;
      8) Техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар және олардың ӘК/ӘК құрауыштарын шығарушылардың нұсқаулықтарына сәйкестігі, жаңартылуын және техникалық персонал үшін олардың болуын қоса алғанда;
      9) Жөндеу бойынша рәсімдер;
      10) Пайдаланушының ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға сәйкес келуі;
      11) Ұшуға жарамдылық директиваларын орындау рәсімдері;
      12) Міндетті емес түрлендіруді орындау рәсімі;
      13) Техникалық қызмет көрсету бойынша пайдаланылатын құжаттар және оларды толтыру;
      14) Техникалық қызмет көрсету жазбаларын бақылау (деректерді есепке алу);
      15) Базалық техникалық қызмет көрсетуді жүргізу барысында анықталған ақауларды жою;
      16) Техникалық қызмет көрсетуден кейін пайдалануға қайта енгізу рәсімі;
      17) Пайдаланушының құжаттамасындағы жазбалар;
      18) Ақаулар жөнінде құзыретті пайдаланушыға/үлгі сертификатын ұстаушыға хабарлау;
      19) ӘК жарамсыз құрауыштарын қоймаға қайтару;
      20) Сыртқы өнім берушілердің ақаулы құрауыштары бойынша іс-қимыл;
      21) Электронды түрде сақталатын есептік деректерді бақылау;
      22) Техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарланған жұмысқа қарасты адам-сағатты жоспарлауды бақылау;
      23) Техникалық қызмет көрсетудегі қиын жұмыстарды бақылау;
      24) Техникалық қызмет көрсету жөніндегі ерекше жұмыстарды жүргізу жөніндегі рәсім бойынша мынадай ақпарат:
      қозғалтқыштарды сынау рәсімдері;
      ӘК герметикасын тексеру рәсімдері;
      ӘК сүйрету рәсімдері;
      ӘК рульдеу бойынша рәсімдер;
      құрауыштар мен материалдарды кәдеге жарату;
      25) Техникалық қызмет көрсету барысында жіберілген қателерді табу және түзету рәсімдері;
      26) Ауысым арасындағы жұмыстарды тапсыру рәсімдері;
      27) Үлгі сертификатын ұстаушыға техникалық қызмет көрсету барысындағы нақты емес және екіұшты деректер жөнінде ақпарат беру рәсімдері;
      28) Өндірісті жоспарлау рәсімдері.
      4. Жедел техникалық қызмет көрсету бойынша қосымша рәсімдер
      1) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі құрал-саймандарды, ӘК құрауыштарын бақылау;
      2) Жерүсті қызмет көрсетуге, отын құюға, мұздануға қарсы арнайы сұйықтықтардың шөгінділерінен тазартылуын тексеруді қоса алғанда, мұздануға қарсы жұмыстарға байланысты жедел техникалық қызмет көрсетуді жүргізу жөніндегі рәсімдер;
      3) Жедел техникалық қызмет көрсету барысында кемшіліктерді және қайталанатын ақауларды бақылау;
      4) Жедел техникалық қызмет көрсету кезінде борттық журналды толтыру рәсімі;
      5) Жедел техникалық қызмет көрсету кезінде келісілген және қарызға алынған қосалқы бөлшектерді жеткізу рәсімі;
      6) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі әуе кемесінен алынған ақаулы қосалқы бөлшектерді қайтару рәсімі;
      7) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі күрделі міндеттерді бақылау рәсімі.
      5. Сапа жүйесінің рәсімдері
      1) Техникалық қызмет көрсету аудитін ұйымдастыру рәсімдері;
      2) ӘК және құрауыштарының аудиті;
      3) Аудит кезінде анықталған кемшіліктерді (ақауларды) жою рәсімі;
      4) Техникалық қызмет көрсету жөнінде куәлік беретін персоналға біліктілік беру және оны оқыту рәсімдері;
      5) Техникалық қызмет көрсету жөнінде куәлік беретін персонал бойынша есептік деректер;
      6) Сапа жүйесінің аудиторлары;
      7) Инспекторлардың (қосалқы тексеруді қажет ететін жұмыстарды тексеретін) біліктілігін бақылау;
      8) Техникалық қызмет көрсету және жөндеу маманының біліктілігін бақылау;
      9) Техникалық қызмет көрсету бойынша көзделген техникалық қызмет көрсету көлемінен ауытқу процесін басқару;
      10) Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру рәсімдерінен ауытқу рұқсаттарын бақылау;
      11) Дәнекерлеу сияқты мамандандырылған жұмыстарға арналған біліктілік рәсімі, ыдыратпайтын бақылау;
      12) Жасап шығарушы зауыттың және басқа да сыртқы орындаушылардың техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыс топтарының жұмысын бақылау;
      13) Адами фактор бойынша оқыту рәсімі;
      14) Персоналдың құзыреттілігін бағалау.
      6. Техникалық қызмет көрсетудің орындалуы
      1) Келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету орындалатын пайдаланушылар тізбесі;
      2) Пайдаланушының рәсімі және оның құжаттарымен жұмыс;
      3) Пайдаланушының техникалық құжаттамасын толтыру.
      7. Қосымша мәліметтер
      1) Құжаттардың үлгілері;
      2) Қосалқы мердігерлердің тізімі;
      3) Жедел техникалық қызмет көрсету станцияларының тізімі;
      4) Келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету орындалатын пайдаланушылар тізімі.

ы.
: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу»
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы № бұйрығына анықтама-негіздеме
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Даму министрінің 2015 жылғы № бұйрығына анықтама-негіздеме
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Анықтама-негіздеме Р/с
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Әуежай қызметіне жататын қызметтер және операциялар тізбесін бекіту туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы № бұйрығына анықтама-негіздеме
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> 2014 жылдың 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...