Көрсетілетін қызмет стандарты. Жалпы ережелер



жүктеу 100.08 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі100.08 Kb.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 233 бұйрығына
4-қосымша

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ


акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері
жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты.

1. Жалпы ережелер

1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну:


1) Министрлік кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
1) Орталыққа және Министрлікке:
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) түпнұсқасын беру қосымша қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті тапсырған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
Қабылдау күнінде Орталыққа жүгіну кезі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
2) порталда - үш жұмыс күні ішінде.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай – ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) түпнұсқасын қағаз жеткізгіште ұсыну;
Порталға «жеке кабинетке» жүгіну кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы орны және электронды формада оны алған уақытын көртесумен, көрсетілетін қызметті берушінің электронды цифрлық қолымен ( бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған хабарлама жіберіледі.
Тізім бойынша қызметті алушыға толық құжаттар пакеті берілмеген жағдайда, осы стандарттың 9-тармағында қарастырылған орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызметтің стандартының 2-қосымшасына сәйкес формада құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушыға) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші:
Министрлікте және мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.
2) орталықтарда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібінде, көрсетілетін қызмет алушының тіркелген орны бойынша портал арқылы алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету бойынша жүзеге асырылады;
3) порталда – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты, техникалық үзілісті қоспағанда (көрсетілетін қызмет алушының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақытысының аяқталғаннан кейін, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүргізіледі ).
9. Орталықта және Министрлікте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) жарғының (ереженiң) түпнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен (болған жағдайда)бекітілген шешiмi не шешімінен үзiндi көшірме;
3) жарғы (ереже) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат.
10. Орталық арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тийсті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжат (немесе сенімхат) ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.
Орталық нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Орталықтың сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызмет алушыға беру үшін Орталыққа жолдайды.
Порталда:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) жарғының (ереженiң) түпнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен (болған жағдайда) бекітілген шешiмiнің электронды көшірмесі не шешімінен үзiндi көшірме;
3) жарғы (ереже) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжаттың электронды көшірмесі.
4) Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтенді көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тийсі мемлекеттік ақпараттық жүйсінен алады.
Порталға «жеке кабинетке» жүгіну кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы орны және электронды формада оны алған уақытын көрсетумен сұрау усалудың қабылданғаны туралы көрсетілетін қызметті берушінің электронды цифрлық қолымен куәландырылған хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, Қазақстан Республикасының зандарында қарастырылмаған басқалары болса, ақпараттық жүйелерде қамтылған бар заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді қолдануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйеден алынатын құжаттарды талап етіне жол берілмейді.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін


қызметті берушілер және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының
халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың
қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне)
шағымдану тәртiбi

12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, орталық және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:


1) шағым осы стандарттың 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің басшысының атына беріледі.
Қызмет алушының өтінішінде оның аты-жөні, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық адресі, заңды тұлғаның атауы оның пошталық адресі, шығыс номірі және күні корсетіледі. Өтінішке өтініш берушінің қолы қойылуы керек.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымның жауабын алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (штамп, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
2) орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым осы стандарттың 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы орталық басшысына немесе 1414 бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның орталық кеңсесінде қабылдануын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының поштасына жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы алу ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қолжетімділігі болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу туралы белгі жасау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі-Агенттік) шағыммен жүгінуге алады.
Агенттік мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық


нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын
өзге де талаптар

14. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өздерінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін кызмет үшін қажетті құжаттарды қабылдауды, орталық қызметкерлер көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғылықты жері бойынша барып көрсетеді.


15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайы интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) қызмет беруші - www.adilet.gov. kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) орталық - www.con.gov.kz.
16. Қызмет алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.
17. Қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын


заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік
қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері
жарғысының (ережесінің) төлнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

нысан


____________________________
тіркеу органының атауы

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың,


сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары мен өкілдіктеріне
жарғының (ереженің) телнұсқасын беру туралы өтiнiш

1. Ұйым нысаны (тиiстi ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)


1) заңды тұлға _____________________ 2) филиал ______________________
3) өкiлдiк __________________________________________________________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы _____________________
_____________________________________________________________________
3. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) БСН нөмiрi ________________
4. Заңды тұлғаның (филиалдың және өкілдіктің) құрылтай құжаттарының
телнұсқасын беру үшiн негiз _________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Телнұсқаны алуға арналған үшін шешімнің нөмірі және оны қабылдау
күні:
_____________________________________________________________________
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның,
сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары мен өкілдіктері
жарғысының (ережесінің) төлнұсқасының жоғалғандығы туралы
хабарландыру жарияланған баспа органының атауы, нөмірі мен
жарияланған күні ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы М.О.
20__ жылғы «___» ___________
Өтiнiшке: ___________________________________________________________
______________________________________________________ қоса берiледі

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын


заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік
қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері
жарғысының (ережесінің) төлнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

нысан


(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты
(бұдан әрі - Т.А.Ә.) не ұйымының атауы)
_______________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат



«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың
топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________;
толық тапсырмауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін
қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
(ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә. (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________________________________
Телефон _______________________________________________________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./___________________/қолы
20__ жылғы «___» _______________

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет