«Көркем сөздің зергері»



жүктеу 29.49 Kb.
Дата06.06.2017
өлшемі29.49 Kb.
«Көркем сөздің зергері»

Наурыз айының 17 күні №46 ЖОББ мектептің кітапханасында 8«в» сынып оқушыларының қатысуымен Ғабит Мүсіреповтың 115 - жылдық мерей тойына арналған «Көркем сөздің зергері» атты әдеби кеш өтті. Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – жазушы, әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері. Сөз зергері Ғ.Мүсірепов жайлы алты алашқа аты ардақты Зейнолла Қабдолов: «Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек» деген екен. Ғабит Мүсірепов – қазақ драмматургиясында өзіндік қолтаңбасымен дараланған үлкен драмматург.Қазақ эпостарынан інжу-маржандарынан бүгінгі күнге,қазақ халқына, жас ұрпаққа үш арудың бейнесін қалдырды. Олар – Баян сұлу, Ақтоқты және Қыз Жібек ―Махаббат туралы дастан‖, ―Қыз Жібек‖ фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар. Ұлы жазушы Қыз Жібек арқылы қазақтың бостандығын,еркіндігін, сұлулығын, және ақсүйектікті сахнаға да, экранға да шығарып кетті. Осы дүниелерді драмматургияға алып келіп, Шекспир драмматургиясының деңгейіне көтеру тек Ғабеңнің қолынан келді.

Маржан сөздің зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов түнде де жарқырайтын жақұттай жаухар шығармаларымен ғана емес,ұлт үшін жасаған ұлы ерлігімен де ел сүйіспеншілігіне бөленгені бәрімізге белгілі. Соның біріншісі: 1937-1938 жылдарда қара дауылдай соғып тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат салысқан С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров т.б. бастаған ақын жазушылар нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қырлып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас қайғыға душар етті. Дәл осы кездеде өз басына қауіп-қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі- Ғабит Мүсірепов еді. Оның жазушы Бейімбет Майлинді қаралаушылар дүрмегіне қосылмай, «Беймбет халық жауы болса, мен де халық жауымын», деп сөйлегені бүкіл елге мәлім болған.

Үмітпен, күреспен, сеніммен өткізген ұзақ ғұмырымды қорыта қарасам, қуанышым да ренішім де мол екен. Жас қазақ мемлектінің биік туы менің көз алдымда көтерілді. Бүгінде күллі әлем назары ауған іргелі елге айналдық. Бірақ әдебиет пен өнер ұлы болмаған жағдайда ұлт ұлы боп есептелмейтінін ұмытпайықшы. Жан сүйінтер бірлік жоқ жерде саналы тірлік те жоқ. Үлкен өнердің үлкен, таза мінезі болуы керек. Өзім іргетасын қаласқан қазақтың ата буын әдебиетінің атынан мені соңғы сапарға шығарып саларда осы ақтық тілегімді еске алыңдаршы.

Саған сәлем кең далаңнан –жанарынан жас тамған,

Саған сәлем жас буыннан жазылмаған дастаннан.

Қай кезде де туған елге деген ұлы махаббат,

Өз ұлтының даналарын қадірлеуден басталған.

Ғасырына қуат қосқан даңқыңды ешкім бөгемес,

Қазақтың сөз өнерінен бой көтерген Эверест.

Қадірлім-ау, ескерткіш қып сенің ұлы тұлғаңа

Көк тіреген Алатаудың өзін қойса көп емес.


«Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен сан қилы күрделі тағдыры Мүсіреповтің құдыретті қаламы арқылы өзінің көркемдік бейнесін тапты. Оның әдебиеттегі зор еңбегі көзі тірісінде өзінің жоғарғы бағасын алды» -деп ұлы жазушының ерен еңбегіне еліміздің Президенті Н.Назарбаев зор баға берген болатын Үш мәрте Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен,көптеген медальдармен марапатталды.

Ғабит Мүсіреповтің соңына қалдырған мол әдеби мұрасы, терең ойлы, ғұламалық сөздері Тәуелсіз Қазақ елімен бірге жасап, өркениет биігіне ұмтылған халқымыздың игіліне қызмет ете бермек.

Әдеби кешіміздің барысында ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, әрі қарай оқушылар Ғ.Мүсіреповке арналған Зейнолла Әкімжановтың «Заңғар» өлеңін жатқа оқыды. Кешіміздің соңында оқушылардың назарына кітап көрмесі ұсынылды.

БҚО Достық үйінің

кітапханашысы

Шукирова Б.С.



87076943550

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет