Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

Loading...


Дата26.04.2017
өлшемі75 Kb.


05.03.2016



Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

БСН 970240000979, 060600,Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі, Сатпаев көшесі,18/1, анықтама телефоны:(871239) 3-04-17, электрондық мекенжайы:makat@taxatyrau.mgd.kz, A.Bainiazova@kgd.gov.kz

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық есептілігін қабылдау және өндеу бөлімінің жетекші маманы (1 бірлік) С-R-5 санаты (№ 02-4) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 64960 тенгеден 88279 тенгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық, экономикалық, немесе ортадан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен
заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест;


Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.


Қызметтік міндеттері: Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, қаржылық жылға бюджетке түсім резервтерін анықтау; бюджетке түсетін салық және төлемдер бойынша талдау жасау, бюджетке түсетін түсімдерін, болжамын қадағалау; кеден одағы шенберінде жанама және акциз салықтарды әкімішіліктендіру; әрекетсіз салық төлеушілер бойынша жұмыстар жүргізу; Ақпараттарды қабылдау және өндеу орталығының жұмысын ережеге сай жүргізу; салықтық есептілікке қатысты камералдық бақылау жүргізу; салықтық есептілікке қатысты камералдық бақылау жүргізу; автоматтандырылған камералдық бақылау нәтижелері бойынша уақтылы және толық жұмыстарды жүргізу; Басқарманың жылға пайдалану үшін өз ерекшеліктері бойынша қаражатты игеру сұраныстарға жауап беру; Басқарма қызметкерлерінің қызметке қатысы жөнінде табель жүргізу; Басқарманың барлық қажетті жағынан келісім-шарттарын дайындау, шот-фактураларды, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының есебін уақытылы облыстық департаментке тапсыру; өндірістік емес төлемдер бойынша уәкілетті органдарға жоспарға сай тексерулер жүргізу; артық төленген салық сомаларына талдау жасау; өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету; ҚҚС бойынша қайтарылуға тиісті соманы растау бойынша жұмыстар жүргізу; анықталған құқық бұзушылық әрекеттер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғауға; бөлімнің құзіретіне кіретін азаматтардың тұлғалардың хаттарын қарастыру; лауазымдық нұсқауға сәйкес басқа да міндеттерді атқару.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жоғарыдағы 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 060600, Мақат ауданы,Мақат поселкесі, Сатпаев көшесі,18/1 үй.
Құжаттарды қабылдау жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде.

2016 жылғы маусымның 21-нен бастап шілденің 2-ін қоса алғанда.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілігілін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады. Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған Басқарманың қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

___________________________


(мемлекеттік орган)  

Өтініш


      Мені ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар: ________________________________________________________________


__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________

________                      _______________________________


   (қолы)                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.





«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 3-қосымша 

Фотосурет орны


(4х6)

САУАЛНАМА
(Өз қолымен толтырылады)

      1. Тегі________________________________________________________


      Аты __________________________________________________________
      Әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________________
      2. Азаматтығы__________________________________________________
      Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз____________________________
      3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ______________
      4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз _______________
      Болған елiңiз _________________________________________________
      Болған уақытыңыз ______________________________________________
      Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ___________________________
      5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе
шектелген деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін _____________________
      6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн __________________________________
      7. Сіз мынадай:
      1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
      2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысындағы лауазымдарды
атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы,
бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және
ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі,
немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба _________________.
      8. Тілдерді білуі: ____________________________________________
      9. Мекенжайы және байланыс телефоны ___________________________
                                                _____________(жеке қолы)
                                             «___»_____________ 20 ж.
                                                 (толтыру күні)
: sites -> default -> files -> u1357
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау
u1357 -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
u1357 -> Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...