Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-о-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім



жүктеу 114.15 Kb.
Дата26.04.2017
өлшемі114.15 Kb.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-6 санаты үшін:

жоғары немесе ортадан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


С-R-5 санаты үшін:

жоғары немесе ортадан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-R-4** санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-О-6

106 601

144 078

C-R-4

73 288

99 106


C-R-5

64 960

88 279

** Ескерту: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті , 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, нақты орналасқан мекен-жайы: Пойменная көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі taxwest@mgd.kz, kadri@taxwest.mgd.kz, Sa.Nurgalieva@kgd.gov.kz, t.bisalieva@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:


«Орал-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің жетекші маманы, (C-О-6 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес тауарлар мен көлік құралдарына кедендік декларациялауды жүргізу, гуманитарлық, өтеусіз қаржылық және техникалық көмек ретінде шетел өкілдіктері, елшіліктер, халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларымен Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік декларациялауды жүргізу, арыз және тауарларға арналған декларацияларды қолданумен, ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 27-тобының тауарларын қоспағанда, заңды және жеке тұлғалармен Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік декларациялауды жүргізу, тауарларды кедендік тазалау мен кедендік декларациялаумен, сонымен қатар, тәуекелдерді басқару жүйесін, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолданумен кедендік бақылауды жүргізумен байланысты кедендік операцияларды жүргізу, тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру, сонымен қатар, олардың аяқталуына бақылаудың шарттарын сақтаумен кедендік бақылауды жүргізу, кедендік бақылаудың объектілері мен нысандарын анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолданумен кедендік бақылауды жүргізу, 27 топ тауарларын, 3403, 3811 тобының тауарларын және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін отын-энергетика кешені кәсіпорынына (ұйымына) бағытталған тауарларды, сонымен қатар, КО БКТ Сыртқы экономиқалық қызметінің Тауарлар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) 27 тобының іс айналымына сәйкес жанама тауарлардың, жер асты қазбаларын пайдаланудың инвестициялық шарты шеңберінде Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлардың кедендік ресімдеуі жүзеге асыру, ресімделген ТД бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуі мен толық түсуіне бақылауды жүзеге асыру, барлық кедендік рәсімдер бойынша орналастырылған тауарлар, ТД бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың түсуіне бақылауды жүргізу, ТД ЭК деректер базасына ресімделген КҚТ уақытылы енгізу және олар бойынша есеп беру, кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе оратадан кейінгі білім - құқық: құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе педагогикалық: денешынықтыру және спорт немесе техникалық ғылымдар және технологиялар. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Құжаттарды қабылдау мына мекен жайы бойынша 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Пойменная көшесі 2/2 үй, анықтама телефоны: (87112) 53-84-40, 53-84-22, факс 53-84-40, электрондық мекенжайы:taxwest@mgd.kz,kadri@taxwest.mgd.kz, Sa.Nurgalieva@kgd.gov.kz, t.bisalieva@kgd.gov.kz. жүзеге асырылады.

ІІ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, 24-28-85, факс 51-24-34, электрондық мекенжайы: uralsk@taxwest.mgd.kz, gihsanova@taxwest.mgd.kz, sbuketova@taxwest.mgd.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

Мәжбүрлеп өндіру және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы (C-R-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: салық міндеттемесін орындату әдісі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және салық төлеушілерден мәжбүрлеп өндіріп алу, толық және уақытылы міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдардың есептеліп, ұсталуына бақылау жасау, салық берешектерін мәжбүрлеп өндіру жөніндегі заңмен белгіленген барлық шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, салық берешегіне талдау және оны азайту шараларын анықтау, барлық шараларды қолданғаннан соң ҚР «Банкрот және оңалту туралы» Заңына сәйкес салық заңдылығына сәйкес талап жұмыстарын жүргізу, салық заңдылығын, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік шараларының қолданылуын қамтамасыз ету, салық төлеушілерді банкрот деп тану бойынша істің сотта қаралуына қатысу, салық және басқа да міндетті төлемдердің есептелу және ұсталу заңдылығы, нормативтік-құқықтық актілері бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе оратадан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану немесе техникалық ғылымдар және технологиялар: автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.



Құжаттарды қабылдау мына мекен жайы бойынша 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, 24-28-85, факс 51-24-34, электрондық мекенжайы: uralsk@taxwest.mgd.kz, gihsanova@taxwest.mgd.kz, sbuketova@taxwest.mgd.kz бойынша жүзеге асырылады.
ІІІ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақжайық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаево ауылы, Әбілхайыр хан көшесі, 57 үй, анықтама телефоны: (871136) 91-1-66, 91-6-34, факс 91-6-34, электрондық мекенжайы: bkartabaev@taxwest.mgd.kz, zko_akzhaik@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

«Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің жетекші маманы (C-R-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік қызметтер көрсету, салық есептіліктері мен өтініштерді қабылдау, ақпараттық жүйеге салық есептіліктерін уақтылы енгізуді бақылау және салық төлеушілердің дербес шоттарына есептелген салық сомаларын тарату, салық төлеушілердің дербес шоттарын дұрыс жүргізу, берілген өтініштерге сәйкес салық төлеушілерге дербес шоттардың, салыстыру актілерінің көшірмелерін, бюджетке берешегінің бар немесе жоқтығы туралы анықтамалар беру, Мемлекеттік кірістер басқармасының қорытындысына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кеден төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару бойынша төлем тапсырмаларын дайындау, салық төлеушілерден келіп түскен бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдерді дербес шоттар бойынша тарату, 1-Н есептілігін дайындау, салықтар бойынша түсімдерді талдау, қатаң есептілік бланкілері бойынша есеп жүргізу, жергілікті салықтардың есептелуін қамтамасыз ету, оларды ақпараттық бағдарламада есептеу, хабарламалар шығару және жергілікті салықтарды жинау, Кеден одағы шеңберіңде есептіліктерді қабылдау және өңдеу, бақылау-касса машиналарын есепке қою және есептен шығару, өндірістік емес төлемдерді, соның ішінде, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша әкімшілендіру, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар дайындау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе оратадан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық ғылымдар және технологиялар: ақпараттық жүйелер. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Құжаттарды қабылдау мына мекен-жай 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаево ауылы, Әбілхайыр хан көшесі, 57 үй, анықтама телефоны: (871136) 91-1-66, 91-6-34, факс 91-6-34, электрондық мекенжайы: bkartabaev@taxwest.mgd.kz, zko_akzhaik@kgd.gov.kz бойынша жүзеге асырылады.
ІV. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бөкейордасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090200, Батыс Қазақстан облысы, Бөкейордасы ауданы, Сайқын ауылы, Ы.Бергалиев көшесі, 1 үй, анықтама үшін телефондар: 8(71140) 21-1-61, 21-2-32, факс 8(71140) 21-2-32, электрондық адресі urda@taxwest.mgd.kz, a.uteshkalieva@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

«Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы (C-R-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік қызметтер көрсету, салық есептіліктері мен өтініштерді қабылдау, ақпараттық жүйеге салық есептіліктерін уақтылы енгізуді бақылау және салық төлеушілердің дербес шоттарына есептелген салық сомаларын тарату, салық төлеушілердің дербес шоттарын дұрыс жүргізу, берілген өтініштерге сәйкес салық төлеушілерге дербес шоттардың, салыстыру актілерінің көшірмелерін, бюджетке берешегінің бар немесе жоқтығы туралы анықтаманы беру, Мемлекеттік кірістер басқармасының қорытындысына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кеден төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару бойынша төлем тапсырмаларын дайындау, салық төлеушілерден келіп түскен бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдерді дербес шоттар бойынша тарату, 1-Н есептілігін дайындау, салықтар бойынша түсімдерді талдау, қатаң есептілік бланкілері бойынша есеп жүргізу, кеден одағы шеңберіңде есептіліктерді қабылдау және өңдеу, бақылау-касса машиналарын есепке қою және есептен шығару, болжам көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, камералдық бақылауды жүзеге асыру, автоматтандырылған камералдық бақылау хабарламаларын жіберу және олардың орындалуын бақылау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, басқарма басшысының және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару. Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Құжаттарды қабылдау мына мекен-жай 090200, Батыс Қазақстан облысы, Бокейордасы ауданы, Сайқын ауылы, Ы.Бергалиев көшесі, 1 үй, анықтама телефоны: (871140) 21-1-61, факс (871140) 21-2-32, электрондық мекенжайы: urda@taxwest.mgd.kz, a.uteshkalieva@kgd.gov.kz бойынша жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш

  2. 3х4 үлгідегі суретпен қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      6) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
      7) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Құжаттарды қабылдау жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде С-О-6 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Пойменная көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша, C-R-5 санаты бойынша Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй және Ақжайық ауданы, Чапаево ауылы, Әбілхайыр хан көшесі, 57 үй, C-R-4 санаты бойынша БҚО, Бокейордасы ауданы, Сайқын ауылы, Ы.Бергалиев көшесі, 1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет