Конкурсқа қатысатын үміткерлерге жалпы біліктілік талаптар: d-о-1 санатына



жүктеу 143.52 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі143.52 Kb.

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру


Конкурсқа қатысатын үміткерлерге жалпы біліктілік талаптар:

D-О-1 санатына: жоғары білім; Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;  мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.

Е-4 санатына: жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, немесе осы санаттағы нақты лауазымының функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-R-1 санатына: жоғары білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; ғылыми дәрежесінің болуы; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Е-R-4, E-G-3 санаттарына: жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-O-1

140298

189627

Е-4

59579

80719

E-R-1

109548

147986

Е-R-4

56375

76235

E-G-3

53813

72391


І. Ордабасы ауданы әкімінің аппараты

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін тел: 8 /72530/2-12-41, эл. почта Personal_ordabasy@mail.ru

1. Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы (E-R-1 санатына) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімдігі мен әкімнің қызметтерін ішкі саясат және жастар саясаты салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен қажетті жағдайларды жасау бойынша ұйымдық-құқықтық жағынан және ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етеді. Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған республикалық, облыстық, аудандық іс-шараларды ұйымдастыруды және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясының басымдықтарын, ауданның ішкі саяси тұрақтылығы мен қоғамдық процесстерді демократияландыру және жастар саясаты мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік саясатты насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады. Ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіреді, аймақтағы қоғамдық – саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мен түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүзеге асырады. Аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыруын үйлестіреді. Қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен бұқаралық ақпарат құралдармен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте жұмыс жасайды. Бөлімнің құзіретіне кіретін жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттарды жинау мен талдауды, ақпараттық-сараптау материалдарын дайындауды қамтамасыз етеді және «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Саясаттану, әлеуметтану, аймақтану, журналистика, экономика, филология, дінтану, теология, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары.

ІІ. Түркістан қаласы әкімінің аппараты

161200, Түркістан қ., Есім хан алаңы, №3 ғимарат, 208 бөлме. Анықтама үшін телефон: 4-27-66, тел/факс 4-27-66, эл. пошта personal_Turkestan@mail.ru

1.Түркістан қаласы әкімдігінің Оранғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, (E-G-3 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Салық төлеушілері мен салық заңдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жеке тұлғалардан жер, мүлік және көлік салықтары мен патентін өз уақытысында жинауды қамтамасыз етеді, салықтан түскен қаржыны дер кезінде бюджетке түсіріп отырады, ауыл округінің әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерінің статистикалық мәліметтерін жинақтап тиісті мекемелерге уақытылы тапсырады, шаруашылық кітапқа мәліметтердің толық енгізілуін қамтамасыз етеді, әскери міндеттілер жөнінде талдау мен есептеулер жүргізеді, ауыл жастарының әскер қатарына шақырылуы бойынша жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, қаржы,есеп және аудит, заңтану, агроинженерия, мемлекеттік және жергілікті басқару, техникалық мамандықтар бойынша.

2.Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қоғамдық бірлестіктермен, діни конфессиялар мен байланыс жүргізеді, аумақта діни жағдайларды зерттейді және сараптама жасайды, діни оқуларын жүргізетін, тарататын және аз мөлшердегі діни топтарын және шетел азаматтарын есепке алып отырады, қоғамдық саяси сала және ішкі саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республика заңнамасын, діни тұрақтылығы және экстремизмнің алдын алуды насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді, жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіреді, өз құзыры шегінде аумақтық деңгейінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізеді, жастардың дінисауаттылық деңгейін көтеру мақсатында жоғары, орта арнаулы оқу орындарымен және қоғамдық жастар ұйымдарымен, олардың мүшелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:.Философия, тарих, дінтану, теология, халық аралық қатынас, педагогика және психология, құқық, журналистика, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша.

3.Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы ( Е-R-4 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнамалардың сақталуын бақылайды, қала аумағындағы құрылыс, жабдықтау, коммуникациялық жүйелерді, қала көшелерін көріктендіру жұмыстарын үйлестіреді, қала және, қала маңы аймағының қала аймағының қала құрылысы жобаларын егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту бойынша ұсыныстар енгізу, қала және елді мекендерде сыртқы жарнама объектілерін орналастыру ережесіне сәйкес жұмыс атқарады, заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік қажетіне алып қою жөніндегі шешімдер қабылдайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Сәулет, құрылыс, заңтану мамандықтары бойынша.

ІІІ. Мақтарал ауданы әкімінің аппараты

160500 Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі 20 үй, 2-қабат, 7-кабинет, анықтама үшін телефондар: (8234) 6-28-91,эл.почта. personal_maktaral@mail.ru

1.Мақтарал ауданының білім бөлімінің басшысы (Е-R-1 санаты №2-01) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Білім беруді дамыту бағдарламаларын іске асырады, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді, оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын,мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды,оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады. Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады, таратады және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, ведомствалық басшылық жасайды, істің жайына жауапты болады. Білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады. Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді, мектеп олимпиадаларын өткізуді ұйымдастырады, балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді. ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық көмек көрсетуді, олардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады. Бөлімдегі еңбек және орындаушылық тәртіптің сақталуына, іс-қағаздарының дұрыс жүргізілуіне жауап береді. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасайды және орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлімдегі істің жайына тікелей жауапты болады. Бөлім қызметшілерін марапаттайды және оларға тәртіптік жазалар береді. Бөлімге түскен өтініш, шағымдардың, құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Негізгі міндеттерінің орындалысы жөнінде аудан әкіміне тоқсан сайын жазбаша мәлімет береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім саласы мамандықтары.

ІV. Отырар ауданы әкімінің аппараты

160700, Шәуілдір ауылы, Жібек-жолы даңғылы №25 үй. Анықтама үшін телефондар: тел/факс (8-725-44) 21-4-71, 21-2-45, эл.почта Personal-Otrar@mail.ru

1.Отырар ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Заңгерлік саладағы комиссиялардың жұмысын жүргізу. Заңгерлік жұмысын ұйымдастыру, халықтың құқықтық тәртібі мен заңдылықты нығайту, аудан әкімінің қол қоюға ұсынылатын қаулы, шешімдер мен өкімдер, құқықтық сипаттағы өзгеде құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу және қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда оларға виза қою. Аудан әкімі және ауыл әкімі аппараттарының қызметкерлері мен мемлекеттік органдарға құқықтық мәселелер жөнінде тиісті кеңестер беріп отыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгер мамандығы бойынша.

V. Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

161300, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй, 28 және 27 бөлмелерге. Анықтама үшін телефон:(8725-38) 51-813, 51-363, тел/факс (8725-38) 52-132, эл.почта Personal_tulkubas@mail.ru


1.Түлкібас ауданы әкімдігінің Арыс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (бала күтімі бойынша демалыс мерзіміне) (Е-G-3 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау, елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру. Ауыл округі аумағында ветеринария саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жетілдіруді іске асыру; Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринарлық пункттерді қызметтік үй жайлармен қамтамасыз ету. Ай сайын аудандық статистика және ауылшаруашылық бөлімдеріне есеп беру, олардан түскен құжаттарға жауаптар әзірлеу. Ауыл округ аумағында кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; шаруашылық кітабын жүргізу. Статистикалық есеп нысандарын жинақтауда әдістемелік нұсқаулықтардың орындалуын және статистикалық ақпараттардың мерзімінде тапсырылуын жүзеге асыру;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ветеринария, ауыл шаруашылық ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, құқықтану мамандықтары бойынша.

VI. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты

160023, Шымкент қ., Нұрсәт ш/а, Астана даңғылы, ӘІО ғимараты «В» корпусы, 118 бөлме. Анықтама үшін сымтетік: 24-71-72, 24-71-74, эл. почта Personal_UKO@mail.ru


1.Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы D-О-1 санаты:

Функционалдық міндеттері: Облыстық бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асырылуын қамтамасыз ету. Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әзірлеуді және құрастыруын қамтамасыз ету. Облыстық коммуналдық меншікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету. Бағыныстағы қызметкерлердің жұмысын болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және негіздеу қабілетінің болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалдық көшiрмесi).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Осы Қағидалардың мемлекеттiк органның басшысымен (жауапты хатшы) конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

D-О-1 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi
Е-R-1 cанаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма);  Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

E-4, E-R-4, E-G-3, cанаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет