Конкурсқа қатысатын барлық үміткерлерге қойылатын жалпы біліктілік талаптары

Loading...


жүктеу 79.58 Kb.
Дата31.01.2017
өлшемі79.58 Kb.
түріКонкурс

БАҚ-ң жариялану күні:

«Ақ жол» 15.08.2015 жыл




«Знамя труда» 15.08.2015 жыл


Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жарияланатын конкурстық хабарландыру.

Конкурсқа қатысатын барлық үміткерлерге қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«E-R-2» санаты үшін: жоғары - білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтiлi екі жылдан кем емес; 2) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 3)осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; 4) ғылыми дәрежесінің болуы.

«Е-R-4» санаты үшін: жоғары - білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-2

98 017

132 611

E-R-4

56 376

76 235

Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімінің аппараты (080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі 3, 3-қабат, 314, 315 кабинет, анықтама үшін телефондар: (7262) 43-46-66, 43-47-23 (тел/факс), бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: taraz-kadr@mail.ru

1) Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, санаты Е-R-2, (№01-2), 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Бөлімдегі секторлар, құрылымдық бөлімшелер және Тараз қалалық белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығының мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес жұмыс жүргізілуін ұйымдастыру және қадағалау.

Жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмыс жүргізілуін қадағалау, Тараз қаласы әкімдігінің отырысына қарасты сұрақтар бойынша мәліметтер дайындау.

Халыққа және құрылымдық бөлімшелерге қабылдау жүргізу және өз құзыреті бойынша кеңес беру, секторлар мен бөлімшелердің жұмысын бақылайды, жергілікті атқару органдарымен бірлесе жұмыс істеп, кәсіпорындар мен мекемелермен бөлімге қатысты сұрақтар бойынша жұмыс жүргізу, бөлімге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды орындалуын бақылауға алу, жетекшілік ететін секторлар мен бөлімшелерге анықтама-ақпараттық материалдарды, халықты әлеуметтік қорғаудағы нормативтік-құқықтық актілер жобасын әзірлеу, бекітілген бюджетті қадағалау және өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасау, бөлімнің бюджет жобасына анықтау және өзгеріс енгізу туралы ұсыныс беру, «ИИС-ЦОН», «Е-собес», «ЦБДИ», «Айқын» бағдарламаларының енгізілуін қадағалау, қажетті есептердің сенімдігін ұсынуды қамтамасыз ету, басшы тапсырмасын, бағдарламалық іс-құжаттың орындалуын қадағалау, бөлімшелердің жұмыс жоспарларының орындалуын қадағалайды, олардың орындалуына талдау жасау, өтініштер, шағымдар мен арыздарды жетекшілік ететін секторлар мен бөлімшелердің уақытылы қарауын қадағалау, жеке азаматтарды қабылдау, түсініктемелер беру және арыздары мен өтініштерін қарастыру, секторлардың өз уақытында атқарылған жұмыстары жөнінде нақтылы және сапалы есеп беру ақпаратын дайындауды қадағалау, мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарын бекітуге ұсыну және өзгеріс пен толықтыру енгізу, өз құзыры шегінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу және бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында. Мамандығы - экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек және Бюджеттік кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актiлерiн бiлу.



2) Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалпы секторының бас маманы, санаты Е-R-4, (№06-2), 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуын рәсімдеу, кадрлар бойынша бұйрықтар дайындау, қызмет өткерген жылдары бойынша комиссия мәліметтерін, тәртіптік, аттестациялық комиссия мәліметтерін дайындау және қызметкерлерді ынталандыру мен марапаттауларға бұйрықтар дайындау, жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу және оны есеп бөліміне уақытылы өткізу, қызметкерлердің еңбек және ішкі тәртіп ережелерін орындауын қамтамасыз ету, еңбек тәртібін бұзу есебін жүргізу және сәйкес шаралардың уақытылы қабылдауын қадағалау, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру, бөлімнің іс жинағын құрастыруға, мұрағаттық құжаттарды қабылдауға жауапты және сұраныстарға жауап беру, қала әкімінің, орынбасарларының және аппарат басшысының өткізген кеңестерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша ақпарат дайындау, бөлімнің атқарған жұмыстарының айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерін жинақтау жүргізу, бөлім басшысы және оның орынбасарының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат дайындау, сектор меңгерушісі тапсырған басқадай жұмыстарды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында. Мамандығы - экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек және Бюджеттік кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актiлерiн білу.



3) Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің құрылыс және құрылыс материалдар өндірісі секторының бас маманы, санаты E-R-4, (№01-21-4-2) , 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Бөлім басшысының тапсырмаларын уақтылы орындау. Инженерлік - техникалық сұрақтардың орындау барысын өңдеу және реттеу, жобалау сметалық құжаттамаларымен мердігерлік ұйымдарды қамтамасыз ету. Жобалау – сметалық құжаттамасының өңдеуі үшін бастапқы деректермен жобалау тапсырмасын береді, толықтықты және көрсетуші сапасын жоба – сметалық құжаттамасымен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік экспертизадан уақтылы ЖСҚ тұжырымдамасын алу. Бекітілген құрылысы бітпеген нысандарға техникалық қадағалау жұмысын, материалдық – техникалық жабдықтаудың құрылысқа қамтамасыз етілуін және өндірістік жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуын үйлестіру. Жобалау институттарынан жоба – сметалық құжаттамаларды алып, әрі қарай мердігерлерге беру (жұмыс жасауға мөр қоюмен). Заңды және жеке тұлғалармен хат алысу. Бұйрыққа сәйкес бекітілген объектілердің құрылысына бақылау жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы - құрылыс немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», Заңдарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік басқару саласындағы қатынасты ретке келтірудегі Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерін білу.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі - Қағида);

2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерінің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).



Конкурсқа қатысуға құқық беретен сертификат алу үшін келесі тестілеу бағдарламалары қарастырылған:

екінші бағдарлама E-R-2 санатына арналған және келесіні қамтиды: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

үшінші бағдарлама E-R-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен - жай бойынша орналасқан Тараз қаласы әкімі аппаратына тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясына қарау құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Сүлеймен көшесі, 3 үй (3-қабат) мекен – жайында орналасқан Тараз қаласы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.



Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.   

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
: userfiles -> files
files -> Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-v «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына
files -> «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы»
files -> Халықаралық білім беру корпорациясына (хбк) оқуға Қабылдау ережелері
files -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
files -> Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын
files -> Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдарды
files -> Ананы қорғау туралы 1952 жылғы (қайта қаралған) конвенцияны қайта қарау туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Регламенттерін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...