Конкурс туралы хабарландыру (төменгі лауазым) Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 75.77 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі75.77 Kb.
«Б» корпусы бос мемлекеттік

әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс



туралы хабарландыру (төменгі лауазым)
Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 санаты үшін: жоғары білімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар №12 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескерумен) жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. **

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

D-O-4


83282,08

112430,81

**Ескерту: Мемлекеттік мекемесінің штат кестесінде бас маман лауазымы D-О-4 санаты төменгі болып табылады.
«Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ 140000, Павлодар қ., Қайырбаев көш. 32, 307-кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7182) 320766, 325826,

электрондық мекенжайы: isakaeva.df@pavlodar.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мониторинг және мемлекеттік сатып алу есептілігі бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4 (лауазым индексі 07-01-03). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Облыстағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мониторингісі бойынша жұмысты іске асыру, облыста өткізіліп отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша қажетті есептілікті жүргізу және ұсыну. Облыстық бағдарламалар әкімшілері, қалалар мен аудандар әкімдері ұсынған деректер негізінде: конкурс және аукцион тәсілімен облыс бойынша өткізілген және жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жинақтайды, талдайды және құрастырады. Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу мәселелері бойынша есептілік құрастыру және ұсыну тәртібі бойынша мемлекеттік органдарға, мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарға кеңес беру. Басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын, бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік сатып алу саласында өзге іс-шаралар өткізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында келесі мамандықтар бойынша: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика; құқық саласында келесі мамандықтар бойынша: құқықтану, халықаралық құқық, технология ғылымдар және технология саласында келесі мамандық бойынша: ақпараттық жүйе.



Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
«Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мониторинг және мемлекеттік сатып алу есептілігі бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4 (лауазым индексі 07-01-04). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Облыстағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мониторингісі бойынша жұмысты іске асыру, облыста өткізіліп отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша қажетті есептілікті жүргізу және ұсыну. Облыстық бағдарламалар әкімшілері, қалалар мен аудандар әкімдері ұсынған деректер негізінде: конкурс және аукцион тәсілімен облыс бойынша өткізілген және жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жинақтайды, талдайды және құрастырады. Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу мәселелері бойынша есептілік құрастыру және ұсыну тәртібі бойынша мемлекеттік органдарға, мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарға кеңес беру. Басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын, бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік сатып алу саласында өзге іс-шаралар өткізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында келесі мамандықтар бойынша: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика; құқық саласында келесі мамандықтар бойынша: құқықтану, халықаралық құқық, технология ғылымдар және технология саласында келесі мамандық бойынша: ақпараттық жүйе.



Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi (немесе көшірмесі салыстыру үшін тұпнұсқасын ұсынумен); 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi (немесе көшірмесі салыстыру үшін тұпнұсқасын ұсынумен); 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі, немесе көшірмесі салыстыру үшін тұпнұсқасын ұсынумен); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі, немесе көшірмесі салыстыру үшін тұпнұсқасын ұсынумен).



Құжаттардың толық емес ұсынылуы конкурстық комиссияның қараудан бас тартудың негізі болып есептеледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күнтізбелік күн бұрын кешіктірілмей береді. Құжаттарды қабылдау конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.

Әңгімелесуге жіберілгендер туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған тест өткізу бағдарламасы:

D-O-4 санатына арналған:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары D-O-4 санатына арналған келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



**Ескерту: Мемлекеттік мекемесінің штат кестесінде бас маман лауазымы D-О-4 санаты төменгі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет