Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

Loading...


жүктеу 142.09 Kb.
Дата15.02.2017
өлшемі142.09 Kb.
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
Е-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.


Санат

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты




min

max

Е-4


77 452

104 935

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74 А үй, анықтама үшін телефондар: 272-74-67, e-mail: site.almaly@a-a.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:


1. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, және Үкіметінің қаулыларының мен Алматы қалалық Маслихатының сессиясының шешімдерінің, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Жоғарғы тұрған мекемелердің, аудан әкімінің, жетекшілік ететін әкімнің орынбасарының тапсырмаларын, шараларды орындау бойынша талдамалық мәліметтерді, анықтамаларын және өзге де қажетті материалдарды дайындайды. Аудандағы барлық ТПИК, ТҚК, ТК төлқұжаттарын жаңарту бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Тұрғын үй қоры бойынша ақпараттық материалдар, анықтамалар дайындайды. Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармаларымен, «Алматы Су» холдингі КМК, «Алматы Жылу» холдингі КМК, «АлТС» ЖШС, «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Каз Транс Газ» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЭС-1, АЭС-2) өзара әрекет етеді. Жылу, су-кәріз құбырлары, газ және электр желілерін күрделі жөндеу және тұрғын үйлердің және тұрғын үйлерге жанама құрылыстардың жертөлелері, шатырларын жөндеу жоспарларын орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады. Апаттық жағдайларды жою мақсатында апаттан құтқару қызметтерінің жұмысын үйлестіреді. «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықты модернизациялау» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Тұрғын үй қорының инженерлік желілерін ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша талдау жүргізеді. Жеке және көпқабатты тұрғын үйлерді, жанама, шаруашылық құрылыстарды салу және пайдалануға енгізу мәселелерін үйлестіреді. Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының ордері негізінде ескі аппаттық құрылыстарды бұзу жүргізілгеннен кейін, жеке және заңды тұлғалардың ұсынған құқықтарын куәландыратын және құқықтарын белгілейтін құжаттары негізінде бұзу актілерін дайындайды және қол қояды. Құқығын белгілейтін құжаттары жоқ уақытша үлгідегі темір көлікжайларды түгендеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді. 2001 жылғы 8 мамырдағы «Тұтынушылар кооперативі туралы» №197, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынсатары туралы» №94 Қазақстан Республикасының заңдарына және басқа да Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамаларына, нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес пәтер иелерінің кооперативтерімен өзара әрекет етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды уақытылы қаралуына жауапты. Қызметтік міндеттеріне сәйкес іс жүргізу, бөлімнің істер тізбесіне сәйкес істерді құрастыруға жауапты, істердің сақталуын және ведомствалық мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтереді. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының бұзылуына соқтыратын іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет көрсету немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы жоғары білім. Аудан әкімі аппаратының шаттық кестесінде осы лауазым төменгі болуына байланысты жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Келесі құзыреттер болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



2. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, және Үкіметінің қаулыларының мен Алматы қалалық Маслихатының сессиясының шешімдерінің, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Жоғарғы тұрған мекемелердің, аудан әкімінің, жетекшілік ететін әкімнің орынбасарының тапсырмаларын, шараларды орындау бойынша талдамалық мәліметтерді, анықтамаларын және өзге де қажетті материалдарды дайындайды. Аула ішіндегі орнатылған көлікжайларды түгендеу және заңсыз орнатылған көлікжайларды бұзу жұмыстарын үйлестіреді. Кондоминиум объектілерін басқару органдарымен бірлесіп аула ішіндегі санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында апта сайын сенбіліктер ұйымдастырады. Қоқыс шығарушы мекемелердің тұрмыстық қалдықтарын шығару бойынша көрсетілген қызметтердің, орындалу жұмыстарының сапасы мен мерзімі бойынша бақылауды жүзеге асырады. Көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерге салынған жапсарлас құрылыстарына, сонымен қатар аула ішіндегі заңсыз қоршалған жерлерге мониторинг жүргізеді. Тұрғын үйлердің қасбетін, жертөлелері мен шатырларына жөндеу жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Жер асты паркингі мен көлікжай кооперативінің жұмыстарын үйлестіреді. Кондоминиум объектілерін басқару органдарымен бірге көппәтерлі тұрғын үйлердің аула ішіндегі орналасқан апаттық ағаштар мен бұтақтарды санитарлық қырқу жұмыстарын үйлестіреді. Бөлімнің тоқсандық және жылдық жоспарын құрастыруына қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды уақытылы қаралуына жауапты. Қызметтік міндеттеріне сәйкес іс жүргізу, бөлімнің істер тізбесіне сәйкес істерді құрастыруға жауапты, істердің сақталуын және ведомствалық мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтереді.Ішкі еңбек тәртібі ережесінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының бұзылуына соқтыратын іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет көрсету немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары білім. Аудан әкімі аппаратының шаттық кестесінде осы лауазым төменгі болуына байланысты жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Келесі құзыреттер болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

3. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, Үкіметінің қаулылары мен Алматы қалалық Маслихатының сессиясының шешімдерінің, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Аудандық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту мен қолдаудың бағдарламасын әзірлейді. Кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың қалалық бағдарламаларының жобасына ұсыныстар даярлауға, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен аудан әкімінің жиналысы мен конференцияларын ұйымдастыру мен өткізуге қатысады. Ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына талдау дайындайды. Аудан өнеркәсібінің физикалық индекс көлеміне талдау және мониторинг жүргізеді. Банктермен, лизинг серіктестіктерімен несиелеу мәселелері, шығарылатын өнім түрлері бойынша жұмыс, оларды топтастыру, тізімдерін дайындау, импорталмастыру бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізеді. Сапа белгілері, дипломдар, сертификаттар, өнім сапасының Халықаралық стандарттарын енгізу. Өндірісті дамытуға салынған инвестициялар көлемін талдау. Көлік және байланыс кәсіпорындарының мәліметтерін, яғни жолаушылар, жүк тасу, байланыс кәсіпорындарының тізімін, қызмет көрсету көлемін, жұмыс істейтіндердің саны, жаңа жұмыс орнын ашу, қаржылық жағдайын анықтау және т.б. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бойынша жүйелі мониторинг істерін жүзеге асырады, жаңа кәсіпорындар, өндіріс, жұмыс орындарының құрылуына көмек береді. Бөлімнің құзыры шегінде нормативтік-құқықтық актілердің, басқарушы құжаттардың іс-шаралардың, аудан әкімінің, жетекшілік етуші әкімнің орынбасарының тапсырмаларының орындалуы бойынша талдамалық анықтамалар, мәліметтер және басқа да материалдар дайындайды. Басшылармен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен қызметтік хат-хабарлардың уақтылы қаралуына жауапты. Қызметтік міндеттеріне сәйкес іс жүргізу, істер тізбесіне сәйкес істерді құрастыруға жауапты, істердің сақталуын және ведомствалық мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтереді. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының бұзылуына соқтыратын іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет көрсету немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғарғы білім. Аудан әкімі аппаратының шаттық кестесінде осы лауазым төменгі болуына байланысты жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Келесі құзыреттер болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуҚағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратына (Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74А үй, 214 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін тестілеу бағдарламасы:

C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жеке қасиетін бағалайтын тестілеу бағдарламасы:

B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4санаттарына арналған және келесіні қамтиды:



бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Кандидаттармен әңгімелесу Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуге шақырған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде өтеді.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратына (214 бөлме) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...