Конкурс туралы хабарландыру Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

Loading...


жүктеу 90.78 Kb.
Дата15.02.2017
өлшемі90.78 Kb.
«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-4 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе
C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-4

77 451

99 848

«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050067, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Таусамалы шағынауданы, Рысқұлов көшесі №129, анықтама үшін телефондар: 297-06-50, 297-04-76 e-mail: nau.org.otdel@mail.ru , әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: ПИК, ҮИК, аудан қызметтері жұмысын үйлестiру; аудан аумағындағы көпқабатты үйлерді көрiктендiру және санитарлық тазалау жөнiндегi жүргiзiлетiн жұмыстарды бақылауды iске асыру; ауданның тұрғын үй-коммуналды шаруашылығын дамыту, оларды көркейту үшiн көмек көрсету, құрылыс салуға бөлiнген күрделi салымдарды пайдалану және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық объектiлерiн пайдалануға берудiң тиiмдiлiгiн арттыру; Наурызбай ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй қорын күтіп-ұстау және оны қысқы маусымға жылу жүйесіне қосуды, сонымен қатар көріктендіру, санитария және коммуналдық қызметтердің жұмысы жөніндегі комиссия отырысына материалдар әзірлеу; аудан тұрғындарын қабылдау, хаттар мен шағымдарды қарау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық немесе экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет көрсету немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдар саласындағы жоғары білім.


  1. Көріктендіру бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Бақылау-қадағалау қызметін атқаратын бөлімдермен бірігіп жұмыс істеу; аудан аумағында жер телімін өз бетімен басып алып, заңсыз құрылыс салып жатқан нысандарды анықтау, заңға қайшы келетін іс-әрекеттерді болдырмау; Алматы қаласы Наурызбай ауданының құрылыс жұмыстары және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттар дайындау; Төтенше жағдайлар, табиғи апатдың зардабтарын жоюы бойынша жұмыстар ұйымдастыру; мәліметтерді компьютерлік базада сақтап отыру керек, сонымен қатар оларды электрондық түрде сақтап отыру; орындау мерзімін қатаң сақтай отырып заңды және жеке тұлғалардың арыздарымен, өтініштерінен, заңда белгіленген тәртіппен қарастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық немесе экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет көрсету немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдар саласындағы жоғары білім.

  1. Қаржы шаруашылық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Мемлекеттік мекемелер, балабақша мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындарын қаржыландыратын жеке жоспарын құрастыру және орындау, мемлекеттік сатып алу жоспарын құру және бөлім басшысымен келісу; мемлекеттік сатып алу жоспарында (конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, тікелей келісімарт жасасу әдісі) келісілген мерзімде мемлекеттік сатып алудың электронды порталында жариялау үшін құжаттаманы дайындау; Балапан бағдарламасы бойынша балалар балабақшасын ашу үшін қаржы құралдарын бөлуге бақылау жасау, келісімшарттар жасасу, жасасқан келісімшарттардың толық және тиесілі орындалуын тексеру, балабақшалардың уақытылы қаржыландырылуын бақылау; барлық іске асырылған шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуін бақылауды, әкім аппаратының қаржы жағдайы туралы ақпарат беруді, белгіленген мерзім ішінде бухгалтерлік есеп жасауды және әкім аппаратының қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуді қамтамасыз ету, банк арқылы операциялар жүргізу, тапсырыстарды ресімдеу, жасалған келісімшарт бойынша міндеттемелерді тіркеу, салықтық есептерді құру, өнім берушімен салыстыру актісін жасасу;штаттық кестені тексеруді бақылау, банкпен, қазынашылықпен өзара байланысу, ТМҚ кіріс және шығыстарын бақылау. Бөлім өкілеттігіне жататын қызметтік корреспонденциялар, өтініштер хаттар, арыздарды қарастыру және орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық саласы немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.

  1. Азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Тууды, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке (ана) болуды белгілеуді тіркейді; азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, түзетеді және жояды; азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, өтініштерді есепке алу электронды түрде «Азаматтық хал актілері жазбалары» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «АХАЖ» АЖ) арқылы жүргізеді; электронды ақпараттық қорларды және ақпараттық жүйелерді қорғау және құпияны сақтау мақсатында, меншіктенуші және ақпараттық жүйелердің иесімен АХАЖ АЖ-не тіркеуші органдармен қол жеткізуі қолдану құқығын беру туралы өтінімдер жасауға бөлім басшысына ұсыныс жасайды; аумақтардағы облыстық (республикалық маңызы бар қала) әділет органдары құзыреті шегінде жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер қорының орталық серверінде орналасқан, актілік жазбалардың электронды нұсқасын пайдаланады; Қазақстан Республикасының заңнамаларын зерделеп жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, мәслихат пен қала әкімдігінің, қала және аудан әкімдерінің актілерін сақтайды; азаматтық хал актілерді тіркеу кітабын сақтайды, азаматтық хал актілерді тіркеу туралы қайталап анықтама береді, азаматтық хал актілер жазбасын есепке алады; ай сайын белгіленген мерзімде Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне және Алматы қаласы азаматтық хал актілерді тіркеу және аппостилдеу департаментіне тіркелген азамататтық хал актілер туралы есептер тапсырады; белгіленген уақытта статистика органдарына статистикалық есептілік бойынша ақпараттар береді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе гуманитарлық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдар немесе білім беру немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім.

  1. Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Аудан әкімінің тұғындармен кездесуін ұйымдастыру және өткізу; жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша іс жүргізу және ұйымдастыру; жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша орындалу мерзімін қадағалауды жүзеге асыру; жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалуы бойынша есеп, ақпарат, дайындау; жеке тұлғалардың жазбаша өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу; жеке тұлғалардың өтініштерін басшылар мен орындаушылардың қарастыруына уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету; арнайы бағдарламаға қызметтік жеке тұлғалардың өтініштерінің есебі, өтуі және орындалуы жөнінде мәліметтер енгізу; азаматтармен алдын ала әңгімелесуді қамтамасыз ету, туындаған мәселелерді шешу тәртібін түсіндіру; әкім аппаратының бөлімдерінде жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімін қадағалау; аралық жауап берілетін жеке тұлғалардың өтініштеріне мәселенің шешілуіне дейін қосымша бақылауды жүзеге асыру; жеке тұлғалардың өтініштерін жүйелі түрде талдап, жинақтап отыру, олардың сипаты мен саны жөнінде басшылыққа мәлімдеп отыру; жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жөніндегі есепті қала әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне уақытылы тапсыру; «Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртiбi туралы» 1-ОЛ нұсқадағы статистикалық есептерді дайындау; қабылданған үлгіге сәйкес келмейтін хат-хабарларды бөлімдерге қайтару; «Lotus notes», «Айқын», «ОРД», «Алматы қаласы әкімінің НПА» бағдарламасында жұмыс жасау; Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына статистикалық есеп және Алматы қаласы әкімі аппаратына құжат айналымы бойынша есепті ұсыну; ЕУОЛ АИС бағдарламасында жұмыс жүргізу; кестеге сәйкес аудан әкімі орынбасарларының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру; аудан әкімі аппаратының бөлімдеріне жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізуде тәжірбиелік және әдістемелік көмек көрсету; аудан әкімінің аппараты бөлімдерінің басшыларын жеке тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімі жөнінде жазбаша және ауызша түрде уақытылы хабардар ету; сенім телефонына келіп түскен хабарларды тіркеу және дер кезінде аппарат басшысы мен бөлім басшысына жеткізу; өзінің құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе гуманитарлық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдар немесе білім беру немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім.

  1. Мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: келіп түскен материалдарды алдын ала қарастырып, оны комиссия төрағасы немесе оның орынбасарына танысуға береді. Белгіген уакытта материалдарды комиссия қарауына ұсынады. Комиссия шешімдерінің орындалу барысын бақылайды; аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әрекет етуші заңның талаптарына сәйкес басқа да құжаттардың дұрыс жасалуына, шешімдер мен өкімдерге бұрыштама соғылуына әрекет жасайды; жаңадан қабылданған заңдарды оқып үйрену бойынша жұмыстар жүргізеді, әрекет етуші заңдарға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде олардың қызметіне қатысты аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне ақпарат береді; Алматы қалалық және сотқа Алқабилердің жаңа тізімдерін қалыптастырады; аудан әкімі аппаратының сотта және басқа да органдарда құқықтық сұрақтарға қатысты мүддесін қорғайды; бөлім жұмысына қатысты құжаттар дайындайды, ісқағаздарының жедел және дұрыс жүргізуді қамтамасыз етеді; азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген тәртіппен және мерзіммен қамтамасыз етеді; аудан әкімі аппаратының басшыларының құзіреті шегінде және тапсырмаларына сәйкес басқа жұмыстарды атқарады; мемлекеттік тілді үйренуді жетілдіреді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары білім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларғаның 1) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі). 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Таусамалы шағынауданы, Рысқұлов көшесі №129, Мәжіліс залында) әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылар шақырылады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Құжаттарды қабылдау 2016 жылғы 11 тамыздан 19 тамыз аралығында жүргізіледі.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...