Конкурс туралы хабарландыру Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 143.36 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі143.36 Kb.
«Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» КММ

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру


Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D -О-4

83 282 тенге

112 431 тенге

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

«Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» КММ, 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85, анықтама үшін телефондар: 272-41-53, факс: 272-40-96, е-mail: almatytourism@list.ru, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Ішкі туризмді және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы (05-02), D-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарманың перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарын дайындайды; Алматы қаласында туризмді дамыту мәселелері бойынша жоғары органдардың шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады; туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм нысандары мен туристік қызметті жүзеге асырушы тұлғалар туралы ақпаратты ұсынады; туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме ұсынады; Алматы қаласында туризмді дамытудың ағымдағы және мақсатты бағдарламалрын әзірлейді және жүзеге асырады; туризм саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру мәселелерін үйлестіреді; Алматы қаласының туристік өнімін ілгерілету бойынша маркетингтік, ақпараттық, жарнама-имидждік қызметті жүзеге асырады; халықаралық, республикалық, өңірлік жәрмеңкелерге, көрмелерге қатысуды қамтамасыз етеді; Алматы қаласының туристік өнімін ішкі нарықта ілгерілету бойынша жарнама-имидждік жұмысты жүргізеді; Алматы агломерациясы аясындағы қызметті жүзеге асырады; мемлекеттік құрылымдармен Қазақстанның басқа өңірлеріндегі туризм бойынша өзара әрекеттеседі; ішкі туризм саласында туристік кластерді дамыту бағдарламалары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынады; Алматы қаласының туристік ұйымдарының қызметіне талдау жасайды; бөлімнің жылдық, жартыжылдық, айлық жоспарларын дайындайды және орындалуларына бақылау жасайды; өңірлік семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптарын және ғылыми-практикалық конференциялар мен басқа да туристік іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді; шет тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика, менеджмент) саласында немесе қызмет көрсету (туризм) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар (мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларында жоғары білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


2. Заңгерлік және ұйымдастыру-жұмысы бөлімінің бас маманы (іс қағаздарды жүргізу) (02-02), D-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарманың іс қағаздарын жүргізеді; құжаттардың қозғалысына бақылау жасайды; кіріс хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді, Басқарма басшылығына қарау үшін береді және алынған хат-хабарды басшылықтың бұрыштамасына сай орындаушыларға бағыттайды; құжаттарды қабылдау, есепке алу және сақтау жұмыстарын атқарады; қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді; бөлімнің іс номенклатурасын жасайды және бөлімдердің индекстерін анықтайды; мемлекеттік сақтауға берілетін құжаттарды іріктеуге, сақтауды ұйымдастыруға және құжаттардың құндылығын сараптауға қатысады; бақылауға алынған хаттардың, азаматтар өтініштерінің және басқа құжаттардың қаралу мерзімдерінің сақталуына бақылау жасайды; тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша құжат айналымы туралы есеп дайындайды; дербес компьютермен жұмыс істеу икемі; ішкі еңбек тәртібі ережесін, ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ заңнамада белгіленген қызметтік этика нормаларын сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар (мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларында жоғары білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


 Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің ертеңінен бастап 7 жұмыс күні ішінде, «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» КММ-ге (Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85, 317 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасына не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берген жағдайда олардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.


«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламасы:

екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20

сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы No 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер. Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.



«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы:

екінші бағдарлама А-4, А-5, B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» КММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған аппарат қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі almatytourism.kz интернет-ресурсында және «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» КММ-нің ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген және kyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.



Анықтама телефондары: 272-41-53 (ішкі 112)

Эл. мекен-жайы: almatytourism@list.ru

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

__________________________


(мемлекеттік орган)   

      
Өтініш


      Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

     

Қоса берілген құжаттар:


__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________


      Мекен жайы және байланыс телефоны

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

________                               ______________________________


  (қолы)                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.


Приложение 3
к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса «Б»
Форма
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________


тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ


1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения






2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)






3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного заведения






4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)/

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)






5.

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками






6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)/

Государственные награды, почетные звания (при наличии)






7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)/

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)






8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/ Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)






ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/

должность, место работы, местонахождение организации



қабылданған/приема

босатылған/ увольнения





























Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет