Конкурс туралы хабарландыру Атырау қаласы әкімінің аппараты, 060011, Атырау қаласы Әйтеке би көшесі, 77



жүктеу 172.18 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі172.18 Kb.


15.04.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



Атырау қалалық әкімдігінің мемлекеттік қызметшілер арасында

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі

конкурс туралы хабарландыру
Атырау қаласы әкімінің аппараты, 060011, Атырау қаласы Әйтеке би көшесі, 77«А»,

анықтама үшін телефондары/факс: (8-7122) 27-09-47, 27-10-16, e-mail:

akimat_kadr2013@maiI.ru, Атырау қалалық әкімдігінің мемлекеттік қызметшілер

арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды


  1. Қала әкімі аппараты төтенше жағдай және әскери жұмылдыру жұмысы бөлімінің басшысы, санаты Е-3, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 102936 теңгеден 138248 теңгеге дейін;

  2. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары, санаты Е-R-2, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 127421 теңгеден 172394 теңгеге дейін;

  3. Қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы, санаты E-R–4, 3 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін;

  4. Қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы (уақытша), санаты Е-R-4, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін;

  5. Қалалық ветеринария бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 3 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін;

  6. Балықшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін;

  7. Геолог ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (уақытша), санаты Е-G-3, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін;

  8. Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (уақытша), санаты Е-G-3, 2 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері:

қала әкімі аппараты төтенше жағдай және әскери жұмылдыру жұмысы бөлімінің басшысы үшін

бөлімнің жұмысын жоспарлап, ұйымдастыру; төтенше жағдай аймағындағы авария, апат, зілзала салдарын жою, қоғамдық тәртіпті сақтау мен объектілерді қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру; қала аумағындағы экология мәселелерін қадағалау және зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру; төтенше жағдайды ескерту, алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi жұмысын жоспарлау, орындалуын қамтамасыз ету; төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша өткізілетін оқу жаттығудың іс-шараларын жасақтау, өткізілуін ұйымдастыру; төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша құрылған консультациялық-кеңесшi органның жұмысын ұйымдастыру; құқыққорғау органдарымен біріккен жұмыс ұйымдастыру; бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша актілер жобаларын, ақпараттар, мәліметтер дайындау; бөлімге түскен актілердің және басқа да құжаттардың орындалуына бақылау жүргізу; заңды және жеке тұлғалардың хаттары және өтініштері бойынша жұмыс ұйымдастыру;



қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары үшін –

бөлім бойынша сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласын реттейтін заңнамалардың, жоғарғы орган актілерінің орындалуын қадағалау; қала аумағын дамыту және қалақұрылыстық жоспарының орындалуын қамтамасыз ету, құрылыс нысандарының бас жоспарға сәйкестендіріп салынуына қадағалау жүргізу; елді мекендердің сәулет келбетін жақсартуға бағытталған мемлекеттік сәулет және қалақұрылысы саясатын жүргізу және қалақұрылысы бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету; бас жоспарға сәйкес қала құрылысы құрылыс салу жобаларын жүзеге асыру; қала құрылысы мақсатында жер телімдерін таңдау, ұсыну және қайтарып алу жұмысын ұйымдастыру; қала аумағында геодезиялық жұмыстардың жүргізілуін реттеу; сыртқы жарнама нысандары құжаттарының заңдылыққа сәйкес және уақтылы рәсімделуін қамтамасыз ету; келісілуге ұсынылған құрылыс нысандарының нобайлық жобаларын нормативтік талаптарға сәйкестігін қарау; жер учаскелеріне және құрылыс нысандарына қатысты құжаттарға келісім беру және рұқсат беруін қамтамасыз ету; құрылыстың сәулет-жоспарлау тапсырмаларын уақытында берілуін қамтамасыз ету; мекен-жай және т.б. бөлімге қатысты анықтамаларды уақытында берілуін қамтамасыз ету; аумақтық әкімшілік шекараларды жасақтау және бекітуге ұсыну; қалақұрылыстық жоспарлау жөніндегі тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету; арыз-хаттармен жұмысты ұйымдастыру;



қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі өндірістік-техникалық секторының бас маманы үшін –

қала аумағында автокөлік жолдарын және с.с. объектілерді жөндеуге, қайта құрастыруға және күрделi жөндеуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру, күтіп ұстау және жөндеу жұмысы бойынша тапсырыс техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыру; табиғи апат және авариялық жағдайлар зардаптарын жою бойынша нормативтік және сметалық-жобалау құжаттарын жасақтау; қала аумағын көріктендіру жұмыстарын үйлестіру; жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдарды күтіп ұстау бойынша қадағалау қызметін жүзеге асыру; қала аумағындағы жолдар мен тротуарлардың, жол тұрбаларының, арықтық жүйелерінің құрылысы мен қайта құрылуына, жол жабындыларын ауыстыру, көшелік магистралды түзеу, ретке келтіру, жолаушылар көлік аялдамасын, такси тұрақтарын, автокөлік жиналатын орындардың жұмыстарына тапсырыс берушінің техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыру; сметаның жобалау құжаттарының сапасы мен жинақтылығын тексеру; құрылысы аяқталған жұмыстардың сапалық жағдайын тексеріп, қабылдау; бөлімге түскен арыз, хаттармен жұмыс ұйымдастыру;



қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мемлекеттік сатып алу және іс жүргізу секторының бас маманы үшін –

мемлекеттік сатып алу жұмысын ұйымдастыру (заңды тұлғалар мен азаматтардың өтініштерін қарау, құжаттарды дайындау), конкурс отырысының қажетті құжаттарын жасақтап, уақтылы өткізілуін ұйымдастыру; бөлімнің құжаттарын, бағдарлама, бұйрық жобаларын дайындау; бөлім жанындағы комиссиялар жұмысын дайындау, құжаттарының заңдылыққа сәйкестігін тексеру; бөлімнің жұмыс бағытына сәйкес келісім-шарттар жасақтау, кадр және іс жүргізу құжаттарын қадағалау; бөлім ережесін жасақтап, бекіту жұмысын ұйымдастыру; бөлім мәселесі бойынша тиісті ақпарат, мәлімет, сараптама дайындау; мемлекеттік сатып алу «Веб-портал» бағдарламасымен жұмыс жүргізу; бөлімнің қызметкерлерінің қызмет өткеруіне байланысты құжаттарды рәсімдеу, жұмыстарын ұйымдастыру; жоғарғы орган, облыс, қала әкімдерінің актілерінің орындалуына бақылау жүргізу; бөлім құжаттарымен жұмыс жүргізу, мерзімінде орындалуын бақылауға алу, құжаттардың орындалу тәртібі жағдайы бойынша сараптама жасақтап, тиісті мәлімет жасақтау; сектор мәселесі бойынша түскен арыз, хаттармен жұмыс ұйымдастыру;



қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы – есепші үшін –

бөлімнің іс қимылын қаржы-шаруашылық және материалды-техникалық қамтамасыз ету; бюджеттік бағдарламаға сәйкес бөлімнің әкімгері болуына байланысты қажетті құжаттарды дайындап, жұмысты ұйымдастыру; бюджеттік сұраныстар мен тапсырыстардың бағдарламасы бойынша есеп жасау, қаржыландыру және бюджеттік бағдарламаның жобасын жасау; негізгі заттарды есепке алу, қаржылық, статистикалық есеп дайындау; мердігер кәсіпорындарымен жұмыс ақысын төлеу, мемлекеттік сатып алу бойынша есеп жүргізу, құжаттарын реттеу, кәсіпорындармен салыстыру - актісін жасақтау; қызметкерлердің еңбек ақысын және басқа да есептерді жүргізу, ақша аудару үшін тапсырыс қағаздарын дайындау; мемлекеттік сатып алу бағдарламасымен жұмыс ұйымдастыру;



қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы үшін –

арнайы жер қорын жасақтау, жер қорын тізімге алу. Қала бойынша жер иеленушілермен жер пайдаланушыларға жерді санаттарға бөле отырып, жылдық жер баланстық есебін жүргізу. Жеке меншікке сатылатын немесе мемлекеттік жер пайдаланушыларға берілетін жер телімдерін бағалау. Жерді пайдалану мақсатында егін шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін бөлу құжаттарын рәсімдеу. Жерді пайдаланылуына және оны игерілуіне үнемі бақылау жүргізу. Жер учаскесіне қатысты келісім-шарттарды, меншіктік құқықты куәландыратын құжаттарды тіркеу жүргізу. Өз міндеттеріне сәйкес қажетті құжаттарды, анықтамаларды және мәліметтерді дайындау. Заңдылық талабын бұзып пайдаланған және пайдаланылмаған жерлерді анықтау. Жер қатынастары жөнінде мемлекеттің мүддесін қорғау;



қалалық ветеринария бөлімінің бас мамандары үшін –

а) ветеринария бөлімінің іс қимылын, сала бойынша жүзеге асырылатын жұмыстың Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкестігін қадағалау; ветеринарлық құжаттамаларды жүргізуді ұйымдастыру; ветеринарлық мәселелер бойынша тиісті органдарда бөлім атынан өкілеттік атқару, бөлім мүддесін қорғау; Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс және қала әкімдерінің бөлім құзіретіне қатысты мәселе бойынша актілерінің орындалуына бақылау жүргізу; атқарып отырған міндеттеріне сәйкес қажетті ақпарат, құжаттар, анықтамалар, мәліметтер дайындау; бөлімнің қызметкерлерінің қызмет өткеруіне байланысты хаттамаларды дайындау, кадрлық жұмыстарды ұйымдастыру, іс қағаздарын жүргізу; заңды және жеке тұлғалардан түскен арыз - хаттармен жұмысты ұйымдастыру;

б) қала аумағындағы ішкі сауда объектілерінде ветеринарлық бақылау жүргізу іс шараларын жүзеге асыру; қозғалыстағы (тасымалданатын) бақылаудағы нысандардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау; жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың пайдалану режимін, зарарсыздандыру (залалсыздандыру) немесе жануарларды жоюды анықтау; үй жануарлары арасында ветеринарлық профилактикалық іс шараларды жүргізіп, жұқпалы ауруларды болдырмау бағытында жұмыстарды іске асыру, талдау жасау; жұқпалы ауыруларға қарсы егу, малды бірдейлендіруді ұйымдастыру және дерекқорды жүргізуді ұйымдастыру; қала тұрғындарының денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау; өз жұмысы аясында кеңестер, жиналыстар, басқа да шараларды дайындап, өткізуін ұйымдастыру; атқарып отырған міндеттеріне сәйкес қажетті ақпараттарды, анықтамаларды, есептіліктерді жасақтау; бөлімге түскен арыз - хаттармен жұмысты ұйымдастыру;

қалалық ветеринария бөлімінің бас маманы - есепші үшін –

бөлінген лимитке сәйкес үзіліссіз қаржыландыруды ұйымдастыру, қаражаттардың смета бойынша жұмсалуын қадағалау, есебін жүргізу; бюджеттік сұраныстар мен тапсырыстардың бағдарламасы бойынша есеп жасау, қаржыландыру және бюджеттік бағдарламаның жобасын жасау; қаржыландыру және мердігер кәсіпорындарға ақы төлеу, мемлекеттік сатып алу бойынша есеп жүргізу, құжаттарын реттеу; қызметкерлердің еңбек ақысын және басқа да есептерді жүргізу, негізгі заттарды есепке алу; дебиторлық және кредиторлық төлем – қарыздардың мезгілінде өтелуін бақылау, төлем тәртібінің сақталуын қадағалау; қаржылық және статистикалық есеп дайындау;



Балықшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы үшін

ауылдық округ көлемінде ауыл шаруашылығының өркендеуін дамыту жұмысын ұйымдастыру; жеке тұрғындардың қосалқы шаруашылығын жүргізуіне жағдай жасау, шаруа (фермер) қожалықтарын құруды ұйымдастыру; округ көлемінде кәсіпкерлік қызметті дамыту, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерді мақсатты пайдалануы және жеке тұлғалардың бау-бақша мақсатында алған жерлерін игеруін ұйымдастыру; ауыл шаруашылығы мақсатында несиелер алуды, лизингімен ауыл шаруашылық техникаларын алуды, ветеринарлық шаралардың уақтылы жүргізілуін ұйымдастыру; ауылдық округ әкім аппаратының шаруашылық кітабын жүргізу, округ аумағындағы заңды және жеке тұлғалардағы мал, құс бастарының есебін алып, әкімшіліктің шаруашылық кітабына өзгеріс енгізіп отыру; мал басы туралы анықтамалар беру; ай сайын жеке және заңды тұлғаларға көрсетіліп отырылған мемлекеттік қызметтер және арыз-шағымдармен жұмыс жөніндегі есеп жасақтау; ауылдық округ бойынша жеке және заңды тұлғаларға сұраныстарына қарай жеке қожалықтарындағы малдары және шаруа қожалығы туралы анықтама беру; статистикалық есеп жасақтау; қажетті құжаттар, ақпараттар дайындау, жиналыстар, басқа да шараларды ұйымдастыру, хаттамалар дайындау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдарын, хаттарын қарап, мерзімінде жауабын дайындау;



Геолог ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы үшін –

округ көлемінде ауыл шаруашылығын дамыту жұмысын ұйымдастыру; жеке тұрғындардың қосалқы шаруашылығын жүргізуіне жағдай жасау, шаруа (фермер) қожалықтарын құруды ұйымдастыру; округ көлемінде кәсіпкерлік қызметті дамыту, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерді мақсатты пайдалануы және жеке тұлғалардың бау-бақша мақсатында алған жерлерін игеруін ұйымдастыру; ауыл шаруашылығы мақсатында несиелер алуды, лизингімен ауыл шаруашылық техникаларын алуды, ветеринарлық шаралардың уақтылы жүргізілуін ұйымдастыру; ауылдық округ әкім аппаратының шаруашылық кітабын жүргізу, округ аумағындағы заңды және жеке тұлғалардағы мал, құс бастарының есебін алып, әкімшіліктің шаруашылық кітабына 1 қаңтар және 1 шілдедегі жағдай бойынша өзгеріс енгізіп отыру; мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес тұрғындарға мал басы туралы анықтамалар беру; ай сайын жеке және заңды тұлғаларға көрсетіліп отырылған мемлекеттік қызметтер және арыз-шағымдармен жұмыс жөніндегі есеп жасақтау; ауылдық округ бойынша жеке және заңды тұлғаларға сұраныстарына қарай жеке қожалықтарындағы малдары және шаруа қожалығы туралы анықтама беру; облыстық статистика департаментінің сұранысы бойынша статистикалық есеп жасақтау; жұмыс бағытында қажетті құжаттар, ақпараттар дайындау, жиналыстар, басқа да шараларды ұйымдастыру, түскен арыз- хаттармен жұмыс ұйымдастыру;



Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары үшін –

а) аппараттың іс-қимылын қаржы-шаруашылық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру; негізгі қорлар тізімін жасақтау, жыл сайын тозуы бойынша есептілік жүргізу, тозығы жеткен мүліктердің есептен шығару жұмысын ұйымдастыру; әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды дайындау; бухгалтерлік құжаттарды заңдылыққа сәйкес жүргізу, қаржылық, статистикалық есептер дайындау; бюджеттік сұраныстар мен тапсырыстардың бағдарламасы бойынша есеп жасау; қызметкерлердің еңбек ақысын және басқа да есептерді жүргізу, негізгі заттарды есепке алу; бухгалтерлік құжаттарды дұрыс сақтау, статистика басқармасына, салық комитетіне есеп беру; ақша аудару үшін тапсырыс қағаздарын дайындау; заңдылыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмысын жоспарлап, орындалуын қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алу бойынша есеп жүргізу, құжаттарын реттеу; жұмыс бағытына сәйкес мәлімет, анықтамалар дайындау;

б) округтағы елді мекендерде санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу; елді мекендердегі жұмыссыздарды анықтап, есебін жүргізу, кәсіби қайта оқытуға, қоғамдық жұмысқа бағыттау, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру; шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру; еңбек ұжымдарының ұсынысы бойынша, басқа да жағдайда азаматтарды наградтауға ұсыну жұмысын, келген наградамен марапаттау рәсімін өткізуді ұйымдастыру; сайлаушылар тізімін жасақтап, толықтыру; ауылдық округ аумағындағы мәдени, спорттық – көпшілік шаралар өткізу; жұмыс бағытында қажетті құжаттар, мәлімет дайындау; өз қызметі аясында кездесулер, басқа да шараларды ұйымдастыру, хаттамалар дайындау; түскен арыз- хаттармен жұмыс ұйымдастыру.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

қала әкімі аппараты төтенше жағдай және әскери жұмылдыру жұмысы бөлімінің басшысы үшін – жоғары білім; құқық, техникалық, жаратылыстану ғылымы (эколог), экономикалық (мемлекеттік жергілікті басқару);

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, С-О-5, С-R-3, D-5, D-О-5, Е-4, Е-R-3 cанаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарында екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын білуі.

қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары үшін - жоғары білім; сәулетші, инженер-құрылысшы;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, С-О- 5, С-R-3, Д-5, Д-О-5, Е-4, Е-R-3 cанаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарында екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын білуі.

қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас мамандары үшін жоғары білім; инженерлік, техникалық, заңгерлік, экономикалық, қызмет көрсету, қаржыгер, экономикалық;

қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы үшін - жоғары білім; техникалық ғылымдар және технологиялар (архитектор, құрылысшы), қызмет көрсету (жерге орналастырушы);

қалалық ветеринария бөлімінің бас мамандары үшін – жоғары білім; заңгер, малдәрігері, веттехник, ветеринария маманы, қаржыгер, экономикалық;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе С-R-5, Е-R-5, E-G-2 cанаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарында бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



Балықшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы үшін - жоғары білім; агроном, экономикалық, ауылшаруашылық, мал дәрігері;

Геолог ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары үшін - жоғары білім; агроном, ауылшараушылық, мал дәрігері, экономикалық;

Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары үшін - жоғары білім; заңгерлік, ауылшаруашылық, техникалық, гуманитарлық, педагогикалық қаржыгер, экономикалық.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Атырау қаласы әкімінің аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет