Конкурс туралы хабарлама

Loading...


жүктеу 129.99 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі129.99 Kb.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі санатты лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, Қостанай облысы, Қарасу кенті, Исаков көшесі 73, анықтама телефоны (71452) 22-1-71, электрондық мекенжайы T.Mamaeva@kgd.gov.kz:, бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Ұйымдастыру-құқықтық жұмысы және өндіріп алу бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288,23 теңгеден 99 105,68 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері: Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді аудару және түсіруін есептеу, салық төлеушілердің дербес шоттарын дұрыс жүргізуін бақылау, салық төлеуші-берешек бойынша ақпаратты уақтылы ұсыну. Салықты аудару және түсіру анализі, бюджетке артық төленген сомманы есептеу және қайтару. Салық төлеушілердің анықтама және теңестіру актілерін беру. ОСД және басшысының тапсырмаларын орындау. Қызметтік міндеттемелерді орындау кезінде салық төлеушілер туралы алынған мәліметтің құпиясын сақтау. Салық басқарма қызметшілеріне бекітілген еңбектік және қызметтік тәртіптің шамасын сақтану. Бөлім басшысы болмаған уақытта міндетің атқарады.

Салық бақылауын жүзеге асыру кезінде салық басқармасының құқықтық қызметін қамтамасыздандыру, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша өндіріс және салық басқарма басқа да салалардағы қызметі, салық басқармасынің қызығушылығын сотта сонымен қатар басқа да мекемелерде ұсыну. Салық тексеріс актілерінің заңды түрде тексеру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерінің хаттамалары, құқық қорғау органдарынан, прокуратура және сот органдарынан келіп түскен нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер, сот істері, әкімшілдік мәліметтер есепке алу және сақтауын қамтамасыздандыру. САЭБ АЖ әкімшілік құқық бұзушылар туралы хаттамаларды құрастыру. Салық төлеушінің мүддесін қорғау, мемлекеттің қызығушылығын қорғау. Облыстық мемлекеттік кіріс департаментіне бақылау тапсырыстарын уақтылы орындауын қамтамасыздандыру. Бөлім қызметіне қатысы бар нормативті базаның жаңартуы бойынша заңнаманы қолдану және ұсыныстарды өңдеуде сараптама жасау. Салық Кодексінің ережесіне сәйкес салық құпиясын ұстану. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақтылы әлеуметтік аударымдарды бақылауын қамтамасыздандыру, сонымен қатар міндетті зейнетақы қорының зейнетақыны жинақтау қорына уақтылы ұстау және аударуын бақылау. САЭБ міндетті зейнетақы қорының зейнетақыны жинақтау қорына уақтылы ұстау және аударуын бақылау. САЭБ АЖ әкімшілік құқық бұзушылар туралы хаттамаларды құрастыру. ОСД және төрағаның бақылау тапсырыстарын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану, кеден ісі).

Орта білімнен кейін немесе техникалық және кәсіби білімі, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда облыста бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда құқық (құқықтану), қаржы (банк ісі, қаржы менеджменті,қаржы бақылауы және аудит, салық және салық салу,салық менеджменті), есеп және аудит (есепші, есепші-ревизор, (аудитор),бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызмет бойынша экономист) жіберіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білімі бар жұмысын тәжірибе қажет емес.



Қазақстан Республикасының заңнамасын және мемлекеттік тілін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін кандидаттарды тестілеу бағдарламалары. С-R-4 санаты үшін екінші бағдарлама өзіне қосады: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Этикалық Кодексі (мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этикасы Ережелері) Заңдарын білу тестілері.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының» негізінде өткізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Ережелерінің 2 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) осы Ережелерінің 3 қосымшасына сәйкес 3х4 үлгідегі түсті суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізім;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімді) қолдану аясына жататын «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білім туралы құжаттарға - Қазақстан Республикасының азаматтарына оқу орындары, ғылыми орталықтар мен лабораторияларымен.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білім туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқытуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттын нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).


Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну немесе жалған мәліметтерін беру конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар интернет-ресурстар мен уәкілетті органның жалпы конкурсты өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде «Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не құжаттарды: Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, индекс 111000, Қостанай облысы, Қарасу кенті, Исаков көшесі 73, анықтама телефоны (71452) 22-1-71, электрондық мекенжайы T.Mamaeva@kgd.gov.kz: электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады арқылы ұсынады.

Егер мемлекеттік органның электрондық поштаға немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды электрондық түрде ұсынылса, олардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірмей береді.


Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Кандидаттармен әңгімелесу «Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нде Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу кенті, Исаков көшесі, 73 үй мекен жайы бойынша әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.



04.09.2017

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2 қосымша

___________________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені________________________________________________________

_____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________

_____________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 3 қосымша

___________________________________

(мемлекеттік орган)
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»



___________________________________________________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

___________________________________________________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категори

р/н

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1

Туған күні және жері/

Дата и место рождения




2

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)




3

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения




4

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдай-

да) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками




6

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағ-

дайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при нали-

чии)




8

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, да-

та и основания его наложения (при наличии)




9

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі

бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние

три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за факти-

чески отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата



қызметі, жұмыс орны, мекеменің

орналасқан жері/должность, место

работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема


босатылған/

увольнения















_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_______________

күні/дата

: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...