Конкурс тәсілімен «Қазтеңізкөлікфлоты»

Loading...


Дата05.06.2017
өлшемі66.51 Kb.
түріКонкурс
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

Активтерді сату комиссиясының

2014 жылғы [][] шешімімен

«БЕКІТІЛГЕН»

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй мекенжайындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Сатушы», «Меншік иесі», «ҚМГ» немесе «Сауда-саттықты ұйымдастырушы») осымен «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС (бұдан әрі – «Компания», «Қатысу үлесі» немесе «Актив») 49% қатысу үлесін (бұдан әрі – «Қатысу үлесі») сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурс (бұдан әрі – «Сауда-саттық» немесе «Конкурс») өткізетіні туралы хабарлайды.

Қатысу үлесін сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде елу проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді сатуының бірыңғай қағидасына (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама, бұдан әрі – «Қордың Бірыңғай Қағидасы») сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін Сауда-саттық туралы ақпараты орналастырылған веб-сайттың электрондық адресі: www.kmg.kz, www.skc.kz.

Өткізілетін Сауда-саттыққа байланысты өтініш берушілердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың жүгінуі үшін электрондық почтаның адресі мен телефон нөмірлері:

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ активтерді басқару департаментінің сарапшысы

Аманжол

Нұрболат Аманжолұлы



N.Amanzhol@kmg.kz;

жұмыс тел.: 8 (7172) 976126



«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ активтерді басқару департаментінің сарапшысы

Досанова Камила Серикбекқызы

k.dossanova@kmg.kz;

жұмыс тел.: 8 (7172) 976495



Сатылатын Активтің атауы мен деректемелері: «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы №1239 қаулысымен акционерлік қоғам нысанында құрылды. 2013 жылғы 21 қазанда «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің 2013ж.20.06 №9/2013 шешіміне сәйкес «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС болып қайта құрылды. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы № 172-1943-01-ЖШС куәлік. Салық салушының (СТН) тіркеу нөмірі –031400154823. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) - 981240000488.

Қызметтің түрі: ҚТКФ Жарғысына сәйкес жүктердің барлық түрлерін, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, негізгі жүктерді, контейнерлерді, жолаушыларды, жануарларды тасымалдау; кемелердің барлық түрлерін, баржаларды жасау, жүзбелі доктарды және олар секілді доктарды салу, олардың қозғалтқыштары мен бөлшектерін, қосалқы құрылғылар мен жабдықты, олардың барлық бөлшектерін жасау, пайдалану, жөндеу, сатып алу, делдалдық қызметтерді көрсету, жалға беру (кеме жалдау, оның ішінде экипажсыз кеме жалдау), сондай-ақ кемелер мен басқаларының лизингі («Компания қызметі бейінінің сипаттамасы» 1-қосымша).

Орналасқан жері: Республика Казахстан, Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 13-шағын аудан, «Бизнес-орталық» үйі, №55 офис, почтовалық индекс 130000,

Компанияның меншік иесі мен Сауда-саттықты ұйымдастырушы: «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй.

Байланыс телефондары: +77172979219, +77172976126, +77172976495

Сауда-саттықты өткізудің барлық кезеңдерінде Активті сатуға байланысты шешімдерді қабылдайтын Компанияның меншік иесінің уәкілетті органы: ҚМГ Активтерді сату комиссиясы.

Өндірістік-экономикалық ерекшелік және сипаттамалар: осы хабарламаға «Компанияның өндірістік-экономикалық ерекшелігі және сипаттамалары» туралы 1-қосымшаны қараңыз.

Қызметтің бейіні: («Компания қызметі бейінінің сипаттамасы» 2-қосымшаны қараңыз.

Компанияның негізгі өндірістік құралдарымен танысу: «Активпен танысу тәртібі» туралы 3-қосымшаны қараңыз.;

Бастапқы баға: 9 408 374 000 (тоғыз миллиард төрт жүз сегіз миллион үш жүз жетпіс төрт мың) теңге.

Базалық төлем шарттары: Қатысу үлесі конкурстың жеңімпазы болып танылған және Қатысу үлесін сатып алу бағасын толық көлемде төлегеннен кейін ғана Сатушымен Сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаға беріледі.

Бірыңғай оператор – «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС.

Компанияға қатысты құжаттардың электрондық базасы: Компанияға қатысты құжаттардың электрондық базасына қол жеткізу рұқсатын хабарламада көрсетілген электрондық адрес бойынша ҚМГ-ге тиісті сұрау жіберіп, сондай-ақ 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құпиялылық туралы келісімге қол қойып, https://www.idealsvdr.com/rooms/49KMGKMTF/ сілтемеге өтіп алуға болады.

Актив бойынша хабарламаның толық нұсқасын алу тәсілі: Актив бойынша құжаттама пакетін мына сайттарда алуға болады: www.kmg.kz, www.skc.kz.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі: осы хабарлама мерзімді баспасөз басылымдарында және ҚМГ мен Бірыңғай оператордың корпоративтік веб-сайттарында жарияланған сәттен бастап 20 жұмыс күні. Конкурсқа қатысуға арналған өтініштер бар конверттерді ашу Конкурсқа қатысуға арналған өтініштер беру мерзімі аяқталған күні жүргізіледі.

Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі: осы хабарлама мерзімді баспасөз басылымдарында және ҚМГ мен Бірыңғай оператор корпоративтік веб-сайттарында жарияланған сәттен бастап 60 жұмыс күні.

Сауда-саттықты өткізу күні: 2015 жылғы 26 қаңтарда 15 сағат 00 минутта (Астана уақыты).

Сауда-саттықты өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй, А блогы.

Сауда-саттыққа қатысу тәртібі: осы хабарламаға «Сауда-саттыққа қатысу тәртібі» туралы 4-қосымшаны, сондай-ақ Қағиданы қараңыз.

Сауда-саттыққа қатысу үшін берілетін құжаттар: Қордың Бірыңғай қағидасының 148-тармағына сәйкес соңғы 3 жылдағы аудиттелген қаржы есептілігі, сондай-ақ Қордың Бірыңғай қағидасына сәйкес өзге де құжаттар.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді берудің түпкілікті мерзімі: 2015 жылғы 26 қаңтарда 13 сағат 00 минут.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштер мен конкурстық ұсыныстарды беру және тіркеу мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй, А блогы, 1104 кабинет.

Сауда-саттыққа қатысуды қамтамасыз ету: «Сауда-саттыққа қатысуды қамтамасыз ету» туралы 5-қосымшаны қараңыз.

Сауда-саттықты өткізу тәртібі: «Сауда-саттықты өткізу тәртібі» туралы 6-қосымшаны, сондай-ақ Қағиданы қараңыз.

Қатысу үлесін сатудың ерекше шарттары: «Қатысу үлесін сатудың ерекше шарттары» туралы 7-қосымшаны қараңыз.

Қатысу үлесін сатудың өзге де шарттары: «Сатып алу-сату шарты» туралы 11-қосымшаны қараңыз.

Сауда-саттықтың жеңімпазымен Активті сатып алу-сату шартына қол қою мерзімі: ҚМГ Активтерді сату комиссиясының тиісті шешімі қабылданған күннен бастап көп дегенде 20 жұмыс күні.

Қосымша ақпарат және анықтама: осы Сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаны жариялаумен қатар ҚМГ мен Жалғыз оператордың корпоративтік веб-сайттарында Актив бойынша Құжаттама пакеті, Сауда-саттықты өткізу тәртібі, оның ішінде Сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу тәртібі, Сауда-саттықтың жеңімпазын белгілеу шарттары жазылған Қордың Бірыңғай қағидасы орналастырылған. Сауда-саттық туралы қосымша ақпаратты ҚМГ-де мынадай телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 976495.

Осы Хабарламаға қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.



Астана қ., 2014 жыл

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

1-қосымша

Компания қызметі бейінінің сипаттамасы

ҚТКФ қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

• жүктердің барлық түрлерін, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, негізгі жүктерді, контейнерлерді, жолаушыларды, жануарларды тасымалдау;

• кемелердің барлық түрлерін, баржаларды жасау, жүзбелі доктарды және олар секілді доктарды салу, олардың қозғалтқыштары мен бөлшектерін, қосалқы құрылғылар мен жабдықты, олардың барлық бөлшектерін жасау, пайдалану, жөндеу, сатып алу, делдалдық қызметтерді көрсету;

• жалға беру (кеме жалдау, оның ішінде экипажсыз кеме жалдау), сондай-ақ кемелер лизингі;

• қоймалардың, сақтау орындарының барлық түрлерін, тоңазытқыш қондырғыларын, ангарларды, жүк түсіру жағалаулық және басқа да жабдықты салу, пайдалану және сатып алу;

• отынның барлық түрлерін, жағын майды, көмірді, газолин мен отын мен материалдардың барлық түрлерін сату, сатып алу;

• кеме верфін (кеме жасау және кеме жөндеу базаларын) салу, кемелерді жасау және жөндеу;

• буксирлеу жұмыстары;

• теңізде агент қызметін көрсету;

• теңіз брокерінің қызметтері;

• стивидорлық және экспедиторлық қызметтер;

• кеден, салық заңнамасы, теңіз тасымалдау бойынша экспорттық-импорттық операциялар бойынша кәсіби консалтинг;

• кемелер жасау, кеме жөндеу базасын, жағалаулық құрылыстарды салу бойынша жобалаық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

• кәсіби мамандар мен басқаларды даярлау;

• Заңнамалық актілермен тыйым салынбаған, ҚТКФ Жарғысында көзделген ҚТКФ мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру.



Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

2-қосымша

Компанияның өндірістік-экономикалық ерекшелігі және сипаттамалары

р.с.

Баптардың атауы

Іс жүзіндегі көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж. 6 айы

1

Кірістер, барлығы

21 463 654

18 189 642

10 359 526

2

Шығыстар, барлығы

22 025 487

18 898 635

9 223 101

3

Кірісі салығы

260 545

(97 498)

228 993

4

Қорытынды пайда

(822 379)

(611 495)

907 432

5

ҚМГ пайдасына дивидендтер

219 939

 






Баптардың атауы

Мынадай уақыттағы негізгі баланстық көрсеткіштер

2013 ж.

2014 жылдың 6 айы

есепті кезеңнің басында

баланс валютасына %-пен

есепті кезеңнің аяғында

баланс валютасына %-пен

есепті кезеңнің аяғында

баланс валютасына %-пен

АКТИВТЕР, барлығы

39 058 204

100%

37 878 196

100%

42 657 309

100%

Ұзақ мерзімді активтер

34 208 154

88%

32 742 891

86%

35 933 259

86%

Қысқа мерзімді активтер

4 850 049

12%

5 135 305

14%

6 724 050

14%

МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ЖЕКЕ КАПИТАЛ, барлығы

39 058 204

100%

37 878 196

100%

42 657 309

100%

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

16 624 085

43%

16 766 082

44%

19 630 709

44%

Қысқа мерзімді міндеттемелер

3 415 903

9%

2 834 673

7%

4 621 720

7%

Жеке капитал

19 018 216

49%

18 277 441

48%

18 404 880

48%

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

3-қосымша

Активпен танысу тәртібі

Бірыңғай қағиданың ережелерін ескере отырып, Сауда-саттыққа қатысқысы келетін тұлға Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті бергенге дейін және бергеннен кейін сатылатын активті алдын ала қарауға құқылы.

Компаниямен танысқысы келетін тұлға ҚМГ атына тиісті өтініш береді. Компания 2 жұмыс күні ішінде ҚМГ-ден тиісті тапсырманы алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде Компаниямен танысқысы келетін тұлғаға өзінің өндірістік негізгі құралдарымен келіп қарау мүмкіндігін береді. Өтініш берушілердің Активпен танысуы Компанияның қызметкері болып табылатын және оның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға тағайындаған тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.

Компанияға келетін тұлғалар өздеріне құпиялылық бойынша міндеттемелерді қабылдауы тиіс (тиісті шартқа қол қою арқылы) және Сауда-саттыққа қатысуды есептемегенде, олардың алынған мәліметтерді және/немесе ақпаратты қандай да бір болмасын мақсаттарда қолдануға сондай-ақ оны үшінші тұлғаларға беруге құқылы жоқ. Компанияның бірінші басшысының шешімі бойынша Активтің өндірістік қуаттарының немесе үй-жайларының бір бөлігі өндірістік қауіпсіздік немесе коммерциялық құпия мақсатында келушілер үшін жабық болуы мүмкін.



Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

4-қосымша

Сауда-саттыққа қатысу тәртібі

  1. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш беру

Жеке және заңды тұлғалар (консорциумдар, одақтар), оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар (консорциумдар, одақтар) Сауда-саттыққа қатысуға жіберіледі.

Сауда-саттыққа қатысу үшін ҚМГ мен Жалғыз акционердің корпоративтік веб-сайттарында орналастырылған, Қордың Бірыңғай қағидасының талаптарына сәйкес келуі тиіс нысан бойынша Өтінішті беру керек.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштер 2014 жылғы 26 қаңтарда 13 сағат 00 минутқа дейін Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй, А блогы, 1104-кабинет мекенжайында берілуі және Қағидада және осы хабарламада көзделген ақпаратты қамтуы тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:



  1. заңды тұлғалар үшін:

    1. барлық өзгерістермен және толықтырулармен Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

    2. заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

    3. банк шотының болуын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

    4. байланыс деректері (почталық адрес, телефон, факс, e-mail);

  2. Сауда-саттыққа қатысуды қамтамасыз етудің төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

  3. жеке тұлғаны және Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішке қол қоюшының өкілеттіктерін куәландыратын құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері;

  4. Акционерлік қоғамдар үшін – осы Хабарлама жарияланған күннен ерте емес күнгі жағдай бойынша Сауда-саттыққа қатысуға талаптанатын тұлғаға қатысты акционерлердің тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасы;

  5. шетелдік заңды тұлғалар үшін – осы Хабарлама жарияланған күнге дейін 2 айдан ерте емес берілуі тиіс құрылтайшы және тіркеу құжаттарының нотариаттық куәландырылған және апостильденген көшірмелері;

  6. осы 10-қосымшада аталған талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар;

  7. Сауда-саттыққа ықтимал қатысушының қаржылық, техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері, оның ішінде персоналдың біліктілігі туралы деректерді қамтитын құжаттар (оның ішінде, бірақ олармен ғана шектелмей: Сауда-саттыққа ықтимал қатысушы – заңды тұлғаның соңғы 3 жылдағы аудиттелген қаржы есептілігі, салық берешегінің болмауы туралы анықтама және өзгелері);

  8. қолданыстағы заңнамада және оның құрылтайшы құжаттарында көзделген Конкурсқа ықтимал қатысушының барлық қажетті корпоративтік шешімдері, Конкурсқа ықтимал қатысушының енгізуі үшін қажетті қамтамасыз ету, оның ішінде ірі мәмілелерді немесе жасалуына мүдделілік бар мәмілені мақұлдау туралы және/немесе жасасу туралы шешім (егер қолданылса);

  9. Сауда-саттық өткізу туралы осы Хабарламаға сәйкес өзге де құжаттар мен мәліметтер.

  10. Қатысу үлестерін сатудың ерекше шарттарының орындалуын қамтамасыз ететін құжаттар:

    1. қатысу үлесін сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап 5 жыл ішінде ҚТКФ компаниялары тобы қызметінің бейіні сақтау туралы жазбаша міндеттеме;

    2. Қатысу үлесін сатып алу-сату шарты жасалғаннан 5 жыл ішінде ҚТКФ персоналының ағымдағы штат санын азайтпау, ұлттық кадрлардың үлесін ұлғайту және жүзу құрамы мен өзге де мамандардың оқуы, ҚТКФ қызметкерлерінің ағымдағы жалақысының ағымдағы деңгейін және оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер пакетін азайтпау жағына өзгертпеу, сондай-ақ ҚТКФ әлеуметтік саясатының өзгермеуі туралы жазбаша міндеттеме;

    3. Компанияның қызметтерді көрсету туралы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шарттары бойынша міндеттемелерді орындау туралы жазбаша міндеттеме;

    4. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы органының қажетті келісуі алы туралы жазбаша міндеттеме;

    5. ҚТКФ кредиторлары алдындағы және, бірінші кезекте, ҚМГ алдындағы ҚТКФ пен оның еншілес ұйымдарының қазіргі бар қаржы берешегін қайта құрылымдауға қатысу туралы жазбаша міндеттеме;

    6. теңіз сауда флотында кем дегенде 20 жыл жұмыс өтілінің болуын не қаржы ұйымдары қатысқан жағдайда – Standard&Poor’s жіктемесі бойынша «BBB-» төмен болмайтын кредиттік рейтингісінің немесе басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктердің осы секілді рейтингісінің болуын жазбаша растау;

    7. Қатысу үлесін сатып алу-сату шартын жасасу сәтінде Каспий өңірінде бар ҚТКФ кемелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеуін сақтау туралы жазбаша міндеттеме;

    8. қатысу үлесін сатып алу-сату шартын жасасу күнінен бастап 5 (бес) жыл ішінде ҚТКФ қызметіне қатысу туралы жазбаша міндеттеме және жарғылық капиталындағы қатысу үлесін иеліктен шығаруға тыйым салу;

    9. мынадай бағыттарға сәйкес кемінде 120 млн. АҚШ доллары сомасына ҚТКФ дамуына (оның ішінде 2022 жылға дейінгі кезеңде кемелер мен жаңа технологияларды сатып алуға) инвестицияларды беру туралы жазбаша міндеттеме:

  • паромдық тасымал;

  • техникалық флотты дамыту;

  • теңіз мұнай операцияларын қолдау кемелерін сатып алу;

  • FPSO (мұнай өндірудің, сақтау мен түсірудің жүзбелі жүйесі) және FSO (жүзбелі мұнай құю қоймасы).

    1. ҚТКФ-ты барлық заманауи әлемдік талаптарға сәйкес келетін халықаралық кеме қатынасы компаниясы ретінде дамытуға қатысу туралы жазбаша міндеттеме және халықаралық стандарттарға сәйкес флотты, жабдық пен технологияларды пайдалану;

    2. Қазақстан Республикасының теңіз сауда флотты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатын және заңнамасын сақтау туралы жазбаша міндеттеме және әлемдік қауымдастықта Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;

    3. Кеме жасау және жөндеу кезінде, кемелерге агенттік қызметтер көрсетуде, жүк жөнелтуде, өздерінің жеке кемелеріне қосалқы бөлшектер мен құрылғыларды сатып алуда және жарақтандыруда, кадрларды оқытуда, ғылыми және жобалық-конструкторлық және өзге де қызметтерде қазақстандық тауар өндірушілер және сервистік ұйымдар жасайтын/көрсететін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді басымдық сатып алу;

Жоғарыда аталған мәліметтер мен құжаттарға қосымша, Сауда-саттыққа ықтимал қатысушы Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішпен бірге, осы хабарламада көрсетілген алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сәйкес ҚМГ-ге алдын ала ұсынысты береді.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын шетелдік заңды тұлғалары мен жеке тұлғалары жоғарыда аталған құжаттарды не осы секілді мәліметтерді қамтитын құжаттарды береді.

Шетелдік заңды тұлғалар беретін барлық құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес нотариаттық куәландырылуы және апостильденуі тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш осы хабарламаға және Қағидаға сәйкес келуі тиіс, қолмен және, болған жағдайда, өтініш берушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш, Конкурстық ұсыныс, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтер жабылған конвертте Конкурсты өткізу туралы осы хабарламаның тілінде берілуі тиіс не осындай тілге нотариаттық куәландырылып аударылуы тиіс.

Жеке немесе заңды тұлғалар тобы (консорциум, одақ және т.б.) Сауда-саттыққа қатысушы ретінде қатысқысы келген жағдайда осындай тұлғалар Сауда-саттыққа қатысуға арналған бірыңғай өтініш береді. Жалғыз данада берілетін Қамтамасыз етудің берілгенін растайтын құжаттың түпнұсқасын есептемегенде, осындай топ шеңберінде әрбір тұлға Қағидада және осы хабарламада көзделген құжаттарды береді. Аталған тұлғалар тобының әрбір қатысушысы осы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келуі және тиісті растайтын құжаттарды беруі тиіс. Жеке немесе заңды тұлғалар тобы (консорциум, одақ және т.б.) беретін Сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішке осындай тұлғалардың бірлескен қызметін реттейтін келісім, сондай-ақ осындай тұлғалардың біреуіне аталған тұлғалар тобының қалған қатысушыларын білдіруге уәкілеттік беретін құжат қоса беріледі.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қабылдау және тіркеу осы хабарлама мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған күннен бастап 2015 жылғы 26 қаңтарда 13 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.



  1. Сауда-саттыққа қатысуға шектеулер

Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген тұлғалар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  1. Активті сатып алу туралы шарт жасасу үшін жеке тұлғаның іс-әрекет қабілеттілігі және заңды тұлғаның азаматтық құқықтық қабілеттілігі болуы тиіс. Осы талапқа сәйкес келетінін растау ретінде өтініш беруші заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың түпнұсқасын немесе тиісті түрде куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ жарғының тиісті түрде куәландырылған көшірмесін беруі тиіс;

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1318 қаулысы) сәйкес жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің резиденті болмауы тиіс. Осы талапқа сәйкес келетінін растау ретінде өтініш беруші Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді растайтын құжатты немесе өзге мемлекеттің резиденттік сертификатын беруі тиіс;

  3. Активті сатып алу туралы шарттың талаптарын орындауға мүмкіндігі болуы тиіс. Осы талапқа сәйкес келетінін растау ретінде өтініш беруші Сатып алу-сату шартын орындау үшін жеткілікті ақша қаражаты сомасының болуын растайтын құжатты немесе Сауда-саттық жеңімпазы болып танылған жағдайда, оның негізінде өтініш беруші Сатып алу-сату шарты бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін ақша қаражатын алатын жасалған займ шартын беруі тиіс;

  4. таратылмауы немесе банкрот болмауы тиіс. Осы талапқа сәйкес келетінін растау ретінде өтініш беруші заңды тұлға таратылмайтыны немесе банкрот емес екендігі туралы растау-хат беруі тиіс;

  5. қаржы-шаруашылық қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша тоқтатылған тұлға болмауы тиіс. Осы талапқа сәйкес келетінін растау ретінде өтініш беруші заңды тұлға қаржы-шаруашылық қызметінің заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша тоқтатылмағаны туралы растау-хат беруі тиіс.

Мыналар Сауда-саттыққа қатыса алмайды:

  1. бұрын ҚМГ-мен сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан немесе сатып алу-сату шартын жасасқан, бірақ оның талаптарын орындамаған сауда-саттық жеңімпаздары;

  2. Қағидаға сәйкес Қордың уәкілетті органының, Қор Басқармасының, ҚМГ Комиссиясының және Қордың мүшелері мен қызметкерлері, Сауда-саттықты ұйымдастырушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары), балалары) немесе жекжаттары (ата-анасы, аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары), жұбайының (зайыбының) балалары);

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтайшы құжаттарға сәйкес олардың жүзеге асыру Сауда-саттықта Активті сату шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар;

  4. Сауда-саттық өткізу туралы осы хабарламада көзделген талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалар;

  5. заңнаманың нормаларынан туындайтын жағдайларда шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар мен бейрезиденттер мен олармен үлестес тұлғалардың қатысуы бар (тікелей немесе жанама) заңды тұлғалар.

Егер Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі аяқталған сәтте көп дегенде 1-ден аз өтініш берілсе, Сауда-саттық өткізілмеді деп танылады.

  1. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді ашу және тексеру

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі аяқталған күні өтініштер бар пакеттер ашылады және олардың осы хабарлама мен Қағиданың талаптарына сәйкес келу мәніне тексеріледі (алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сәйкес келуін тексермей). Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде берілген материалдар қаралады және өтініш берушілерге телефон байланысы, электрондық почта немесе өзге де байланыс құралдары арқылы анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарланады.

Өтініш беруші 2015 жылғы 9 ақпанда кешіктірмей анықталған сәйкессіздіктерді жояды. Бұл ретте, алдын ала ұсыныстың мазмұнын және/немесе шарттарын өзгертетін мәліметтер мен құжаттардың берілуіне жол берілмейді.



  1. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді шақыртып алу

Қатысушы енгізген кепілдік жарнасын қайтару құқығын жоғалтпай, 2015 жылғы 26 қаңтарда 13 сағат 00 минутқа дейін кез келген уақытта өзінің Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішін шақыртып алуы мүмкін.

  1. Өзге де ережелер

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті бере отырып, өтініш беруші Акцияларды сатып алу үшін қажетті барлық рұқсаттар мен келісуді алу үшін қажетті барлық қажетті іс-әрекеттерді қолдануға міндеттенетінін растайды.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті беретін тұлға берілген күмәнді мәліметтер үшін жауап береді. күмәнді мәліметтерді қамтитын Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш жарамсыз деп есептеледі. Осындай өтініште көрсетілген күмәнді мәліметтер анықталған жағдайда оны берген тұлғаға Сауда-саттыққа қатысудан бас тартылуы мүмкін, ал оның Сауда-саттыққа қатысушы немесе оның жеңімпазы мәртебесі жойылуы мүмкін.



Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

5-қосымша
Сауда-саттыққа қатысуды қамтамасыз ету

Сауда-саттыққа қатысу үшін бастапқы бағаның 5 проценті мөлшеріндегі Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті және Активті сатып алу шарты (бұдан әрі – «Шарт») бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету қажет, бұл 470 418 700 (төрт жүз жетпіс миллион төрт жүз он сегіз мың жеті жүз) теңгені (бұдан әрі – «Қамтамасыз ету») құрайды.

Қамтамасыз ету мынадай деректемелер бойынша: БСН 020240000555, БСК HSBKKZKX, «Қазақстан халық банкі» АҚ-тағы теңгемен шоттың нөмірі KZ356010111000002033, Кбе 16 не осы хабарламаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚМГ пайдасына банк кепілдігі түрінде енгізілген кепілдік жарна түрінде берілуі тиіс. Бұл ретте, осы Standard&Poor’s жіктемесі бойынша кем дегенде «В» деңгейіндегі кредиттік рейтингісі немесе басқа да халықаралық рейтингілік агенттіктердің осы секілді рейтингісі бар банк аталған банк кепілдігін беруі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға үміттенген тұлға ҚМГ-ге Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішпен бірге төлем құжатының немесе, тиісінше, банк кепілдігінің түпнұсқасын береді.

Сауда-саттық жеңімпазы берген банк кепілдігінен басқа, Сауда-саттық өткізу қорытындылары бойынша банк кепілдігінің түпнұсқасы Сауда-саттыққа қатысушыларға қайтарылады. Сауда-саттық нәтижелері бойынша ҚМГ Сауда-саттық жеңімпазы берген банк кепілдігінде көрсетілген ақша сомасының ҚМГ есеп шотына аудару туралы тиісті жазбаша талапты банкке жібереді.

Кепілдік жарнаның мөлшеріне банк қызметтеріне ақы төлеу кірмейді. Кепілдік жарналардың шотқа уақытылы келіп түсуі мақсатында Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қабылдау аяқталғанға дейін үш банк күнінен кешіктірмей кепілдік жарнаны төлеу ұсынылады. Сауда-саттыққа қатысушыларға кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте, қатысушы осы кепілдік жарнаны енгізген Сауда-саттыққа қатысуға арналған кепілдік жарна Активті ғана сатып алу құқығын береді.

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен



«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

6-қосымша
Сауда-саттықты өткізу тәртібі

Сауда-саттық мынадай кезеңдерден тұрады:

1-кезең – өткізілетін Сауда-саттық мәні бойынша алдын ала ұсынысты қамтитын Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру және қарау. Бірінші кезеңнің нәтижесінде ҚМГ Активтерді сату комиссиясы тұлғаларды Сауда-саттықтың екінші кезеңіне қатысуға жіберу туралы немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

2-кезең – олардың негізінде Сауда-саттық жеңімпазы айқындалатын конкурстық ұсыныстарды беру және қарау.



  1. Сауда-саттықтың бірінші кезеңін өткізу

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш (кемшіліктері жойылған) және оларға қоса берілген алдын ала ұсыныстар анықталған сәйкессіздіктерді жою мерзімі аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады.

Аталған өтініштерді қарау нәтижелері бойынша аталған өтініштерді берген тұлғаларды Сауда-саттықтың екінші кезеңіне жіберу және оларға Сауда-саттыққа қатысушылардың мәртебесін беру туралы немесе, тиісінше, осындай жіберуден бас тарту және қатысушының мәртебесін беру туралы шешім қабылданады.



  1. Сауда-саттықтың екінші кезеңін өткізу

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қарау аяқталғаннан кейін 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей, Сауда-саттықты Ұйымдастырушы әзірлейтін бағалаудың аталған критерийлеріне сәйкес Конкурстық ұсыныстарға қойылатын ең аз талаптар көрсетілген Конкурстық ұсыныстарды бағалау мазмұны мен критерийлерін қамтитын Сауда-саттықтың екінші кезеңі туралы хабарландырудың мазмұны бекітіледі. Осындай бекітуден кейін 2 жұмыс күні ішінде конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі, орны, уақыты мен тәсілі көрсетілген Сауда-саттықтың екінші кезеңі туралы хабарландыру алу туралы хабарландырумен тапсырыстық почталық жөнелтпемен, сондай-ақ электрондық почта немесе факсимильдік байланыс арқылы Сауда-саттыққа қатысушыларға жіберіледі.

    1. Конкурстық ұсыныс беру

Конкурстық ұсыныс Сауда-саттыққа қатысушыларға жабылған түрінде беріледі. Конкурстық ұсыныс тігілуі, беттері не парақтары нөмірленуі тиіс, соңғы бетіне не парағына қатысушының қолы қойылған және мөрімен (болған жағдайда) расталады.

Конкурстық ұсынысқа ұсыныстар (тігілген түрде, беттері не парақтары нөмірленген, соңғы бетіне не парағына қатысушының қолы қойылған және мөрімен (мөр болған жағдайда) расталған) жеке қоса беріледі.

Конкурстық ұсыныстар бар жабылған конверттің бет жағында Сауда-саттыққа қатысушы мыналарды көрсетуі тиіс:


  • Сауда-саттыққа қатысушының толық атауы мен почталық мекенжайы;

  • Активтің меншік иесінің толық атауы мен почталық мекенжайы, олар осы хабарламада көрсетілген осы секілді мәліметтерге сәйкес келуі тиіс;

  • Сауда-саттыққа қатысушының конкурстық ұсынысы берілетін Активтің атауы;

осы хабарламаға сәйкес Конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты көрсетілген «ДЕЙІН АШЫЛМАЙДЫ» деген жазу.

Белгіленген мерзім біткеннен кейін берілген конкурстық ұсыныс бар конверт ашылмайды және қатысушыға қайтарылады.

Сауда-саттыққа қатысушы лайықты түрде ресімделген конкурстық ұсынысты мынадай мекенжайға жібереді немесе береді: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй, А блогы, 1104-кабинет.

Конкурстық ұсыныс Сауда-саттықтың екінші кезеңі туралы хабарландыруда көрсетілген конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі ішінде берілуі тиіс.



    1. Конкурстық ұсыныстарды қарау, Сауда-саттық жеңімпазын айқындау және Сатып алу-сату шартын жасасу

Конкурстық ұсыныстарды қарау және тиісті нәтижелер шығару конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталған күннен кейін 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Осы мерзім бір рет, бірақ көп дегенде 10 жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.

Сауда-саттық жеңімпазы Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қарау кезінде алынған немесе конкурстық ұсыныста көрсетілген Қатысушылардың қаржылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және Қатысушының өзге де мүмкіндіктері туралы мәліметтер ескеріліп айқындалады. Бұл ретте, конкурстық ұсыныс Сауда-саттықтың екінші кезеңі туралы тиісті хабарландыруда бекітілген критерийлерге сәйкес келуі тиіс.

Конкурстық ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сәйкес ең аз талаптарға жауап бермейтін конкурстық ұсыныстардан бас тартылады. Егер нәтижесінде көп дегенде бас тартылмаған 2 Конкурстық ұсыныс қалса, Сауда-саттық өткізілмеді деп танылады.

ҚМГ Активтерді сату комиссиясы, Сауда-саттық жеңімпазы анықталған күннен бастап [20] жұмыс күнінен кешіктірмей, Қағидада көзделген ережелерді ескере отырып, жеңімпазбен Сатып алу-сату шартына қол қояды. Осы хабарламаға 11-қосымша болып табылатын нысанға сәйкес Шартқа қол қойылады.



Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

7-қосымша
Қатысу үлесін сатудың ерекше шарттары

Қатысу үлесін сатып алушы Қатысу үлесін алғаннан кейін мынадай ерекше шарттардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:



  1. ҚМГ жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сатып алу-сату шартына (бұдан әрі – Шарт) қол қойылғаннан кейін 5 жыл ішінде ҚТКФ компаниялары тобы қызметінің бейінін сақтау;

  2. Шарт жасалғаннан 5 жыл ішінде ҚТКФ персоналының ағымдағы штат санын азайтпау, ұлттық кадрлардың үлесін ұлғайту және жүзу құрамы мен өзге де мамандардың оқуы, ҚТКФ қызметкерлерінің ағымдағы жалақысының ағымдағы деңгейін және оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер пакетін азайтпау жағына өзгертпеу, сондай-ақ ҚТКФ әлеуметтік саясатының өзгермеуі;

  3. Компанияның қызметтерді көрсету туралы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

  4. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы органының қажетті келісуін алу;

  5. ҚТКФ кредиторлары алдындағы және, бірінші кезекте, ҚМГ алдындағы ҚТКФ пен оның еншілес ұйымдарының қазіргі бар қаржы берешегін қайта құрылымдауға қатысу;

  6. теңіз сауда флотында кем дегенде 20 жыл жұмыс өтілінің болуы не қаржы ұйымдары қатысқан жағдайда – Standard&Poor’s жіктемесі бойынша «BBB-» төмен болмайтын кредиттік рейтингісінің немесе басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктердің осы секілді рейтингісінің болуы;

  7. Шарт жасасу сәтінде Каспий өңірінде бар ҚТКФ кемелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеуін сақтау;

  8. Шарт жасасу күнінен бастап 5 (бес) жыл ішінде ҚТКФ қызметіне қатысу және жарғылық капиталындағы қатысу үлесін иеліктен шығаруға тыйым салу;

  9. мынадай бағыттарға сәйкес кемінде 120 млн. АҚШ доллары сомасына ҚТКФ дамуына (оның ішінде 2022 жылға дейінгі кезеңде кемелер мен жаңа технологияларды сатып алуға) инвестицияларды беру:

  • паромдық тасымал;

  • техникалық флотты дамыту;

  • теңіз мұнай операцияларын қолдау кемелерін сатып алу;

  • FPSO (мұнай өндірудің, сақтау мен түсірудің жүзбелі жүйесі) және FSO (жүзбелі мұнай құю қоймасы).

  1. ҚТКФ-ты барлық заманауи әлемдік талаптарға сәйкес келетін халықаралық кеме қатынасы компаниясы ретінде дамытуға қатысу және халықаралық стандарттарға сәйкес флотты, жабдық пен технологияларды пайдалану;

  2. Қазақстан Республикасының теңіз сауда флотты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатын және заңнамасын сақтау және әлемдік қауымдастықта Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;

  3. Кеме жасау және жөндеу кезінде, кемелерге агенттік қызметтер көрсетуде, жүк экспедициясында, өздерінің жеке кемелеріне қосалқы бөлшектер мен құрылғыларды сатып алуда және жарақтандыруда, кадрларды оқытуда, ғылыми және жобалық-конструкторлық және өзге де қызметтерде қазақстандық тауар өндірушілер және сервистік ұйымдар жасайтын/көрсететін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді басымдық сатып алу;

Төмендегі міндеттемелер орындалғаннан кейін Актив Конкурс жеңімпазына беріледі:

  1. Активтің құнын толық төлеу;

  2. Активті қайта тіркеу.

Жоғарыда аталған талаптар осы хабарламаға 11-қосымшада жазылған Сатып алу-сату шартында сипатталды және нақтыланды.

Аталған талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ тиісті Сатып алу-сату шартына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.



Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

8-қосымша
Алдын ала ұсыныстың мазмұны

Сауда-саттыққа қатысушы алдын ала ұсынысты өз бетімен, еркін нысанда дайындайды. Бұл ретте, осы ұсыныста осы Хабарламаға 7-қосымшада аталған Қатысу үлесті сатудың ерекше шарттарын орындау міндеттемелері міндетті түрде қамтылуы тиіс.



Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

9-қосымша

Алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлері

және алдын ала ұсынысқа қойылатын ең аз талаптар

Мыналар алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлері болып табылады:

1) «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық капиталындағы 49% қатысу үлесін сатып алу бағасының ұсынылатын ең үлкен мөлшері;

2) теңіз сауда флотында жұмыс істеу мерзімі кем дегенде 20 жыл жұмыс өтілі не қаржы ұйымдары қатысқан жағдайда – Standard&Poor’s жіктемесі бойынша «BBB-» төмен болмайтын кредиттік рейтингісінің немесе басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктердің осы секілді рейтингісінің ең жоғары деңгейі;

3) Конкурсқа Қатысушының жеке капиталының ең үлкен мөлшері.

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

10-қосымша

ӨТІНІШ

Осымен _____________ (бұдан әрі (бірлесіп) – «Өтініш беруші») _________________________________________________



(Сауда-саттық тәсілін көрсету)

_________________________________________________(бұдан әрі – «Сауда-саттық»)

(Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес сатылатын активтің немесе объектінің толық атауы мен орналасқан жері)

қатысу ниеті туралы хабарлайды

1. Сауда-саттық туралы _____________ жарияланған хабарламаны қарап және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде елу проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді сатуының бірыңғай қағидасымен (бұдан әрі – «Қағида») танысып,

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________



(жеке тұлғалардың аты-жөні немесе заңды тұлғалардың атауы және басшылардың немесе олардың сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын уәкілетті өкілдерінің аты-жөні)

20 __ жылғы «___» _______ __________________________________________________

(егер Сауда-саттық электрондық емес тәсілмен өткізілсе, Сауда-саттық өтетін мекенжайды көрсету)

мекенжайында өтетін Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдіреді.

2. Өтініш беруші Сауда-саттыққа қатысу үшін ______________(________________________________________________________________________) теңге (цифрмен)                                                   (соманы жазу)

сомасындағы кепілдік жарнаны ________________________ (бұдан әрі – «Компания»)



(активтің/объектінің меншік иесінің атауын көрсету)

шотына енгізізді.

Шоттың деректемелері

___________________________________________________

___________________________________________________

___________________________________________________

төлем мақсатының коды __________________,

Кбе ______________________,

мекеме коды _________________.

төлем құжатының № ______________________,

Төлем құжатының күні ______________________.

3. Өтініш беруші осымен Қағиданың тиісті тармағында аталған тұлғалардың Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркеуге жатпайтыны туралы хабардар екендігін растайды.

4. Өтініш беруші осымен Өтініш берушінің Сауда-саттыққа қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда Өтініш берушінің Сауда-саттыққа қатысу құқығынан айырылатынына толық және сөзсіз келісетінін білдіреді және Өтініш беруші (немесе оның атынан) қол қойған Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама мен тиісті сатып алу-сату шартының жарамсыз болатынын мойындайды.

5. Сауда-саттық жеңімпазы болып белгіленген жағдайда Өтініш беруші осымен мынадай міндеттемелерді өзіне қабылдайды:

1) егер Қағидада немесе Сауда-саттық туралы хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе, Сауда-саттықты өткізу күні Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қою және Сауда-саттық барысында белгіленген талаптарда Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамада көзделген мерзім ішінде сатылатын активке/объектіге қатысты және таратылған шарттың жобасына және конкурстық ұсынысқа немесе Өтініш берушінің конкурстық өтініміне (конкурсқа қатысқан жағдайда) сәйкес Өтініш беруші ұсынған немесе Сауда-саттық өткізу шеңберінде Өтініш беруші келісім берген (тікелей немесе уәкілетті өкілі арқылы) бағамен және талаптарда сатып алу-сату шартына қол қою;

2) заңнамада белгіленген, сондай-ақ «Бәсекелестік туралы» Заңның және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің талаптарымен көзделген жағдайларда активті немесе объектіні сату үшін қажетті мемлекеттік органдардың рұқсаттары мен келісуін алу рәсімдерін жүзеге асыру.

Монополияға қарсы органның талап-арызы бойынша монополияға қарсы органның келісімінсіз жасалған, басымдық немесе тұлғалар тобының орнатылуына немесе күшеюіне және (немесе) бәсекелестіктің шектелуіне әкеп соққан экономикалық шоғырландыруды сот жарамсыз деп тануы мүмкін.

6. Өтініш беруші осымен Өтініш беруші енгізген кепілдік жарнаның қайтарылмайтынына және төмендегі жағдайларда Компанияда қалатынына толық және сөзсіз келісетінін білдіреді:



        1. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен кейін Сауда-саттыққа қатысудан бас тартқанда;

        2. Қағида бұзылған немесе Сауда-саттық өткізу тәртібі мен шарттарының бұзылуына, Сауда-саттық өткізуге кедергі немесе бөгет жасауына байланысты, бұл Қағидада көзделгендей, Комиссияның шешімі бойынша;

        3. белгіленген мерзімде конкурстық ұсыныс немесе конкурстық өтінім берілмеген жағдайда;

        4. егер Өтініш беруші берген конкурстық ұсыныстың немесе конкурстық өтінімнің шарттары Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілетін, Активті немесе Объектіні сату конкурсының шеңберінде Қағиданың ережелеріне сәйкес жіберілетін ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сай ең аз талаптарға сәйкес келмесе;

        5. Сауда-саттық қорытындылары туралы қол қоюдан не сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайда;

        6. сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе лайықты түрде орындалмаған жағдайда;

        7. осы Қағидада көзделген өзге де жағдайларда.

7. Осы өтініш Қағидада және ___ж. _____________________ ________________________ жарияланған Сауда-саттық өткізу туралы хабарламада (___ жылғы _____________________ Өтініш берушіге жіберілген) жазылған шарттарда Өтініш берушінің Сауда-саттыққа қатысуға толық және сөзсіз келісу нысаны болып табылады.

8. Өтініш беруші осымен Өтініш берушіге қатысты тарату туралы қандай да бір болмасын шешімнің, соттың оны банкрот деп тану және/немесе банкроттық рәсімін немесе осы секілді рәсімдерді бастау туралы шешімінің, заңнамада көзделген тәртіппен Өтініш берушінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешімнің жоқ екендігін растайды.

9. Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамамен бірге осы Өтініштің сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күші болады.

10. Осы өтінішпен бірге Қағиданың 6) тармағында және өзге де қолданылатын ережелерінде көзделген мәліметтер беріледі.


Для юридического лица:

Наименование ___________________________________________________________________________________

БИН ___________________________________________________________________________________

Ф.И.О. руководителя

___________________________________________________________________________________

Адрес: ____________________________________________________________________________________

Номер телефона (факса):

___________________________________________________________________________________

Банковские реквизиты:

ИИК ___________________________________________________________________________________

БИК ___________________________________________________________________________________
Наименование банка

___________________________________________________________________________________

Кбе ___________________________________________________________________________________

Мыналар өтінімге қоса беріледі:

1) _______________________________________________________________________________

2) _______________________________________________________________________________

3) _______________________________________________________________________________

______________      ________________________________________________________________



      (қолы)           (жеке тұлғалардың аты-жөні немесе заңды тұлғалардың атауы және басшылардың немесе олардың сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын уәкілетті өкілдерінің аты-жөні)

20 __ ж. «___» ____________

 

М.О.


 

20 __ ж. «___» __________ ____ сағат _______ минутта қабылданды.

______________      _______________________________________________________________     (қолы)                                               (өтінімді қабылдаған тұлғаның аты-жөні)

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

11-қосымша

[Сатып алу-сату шартының түпкілікті жобасы қоса беріледі]

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

12-қосымша

Банк кепілдігі

(кепілдік жарнаны қамтамасыз ету нысаны)

 

Банктің атауы: _______________________________________________



(банктің атауы және деректемелері)

Кімге: ____________________________________________________________

(Сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы және деректемелері)
№ ______ кепілдік міндеттеме
________________                                ___ ж. «___» _______

(орналасқан жері)

 

_______________________________________________________________ «Қатысушының» ҚМГ



(Сауда-саттыққа қатысушының атауы)

ұйымдастыратын «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық капиталындағы 49% қатысу үлесін (бұдан әрі – Актив) сату бойынша сауда-саттыққа қатысуды жоспарлайтынын және Сіздің Қатысушының Конкурсқа қатысу үшін жалпы сомасы ____________________________________________ теңгеге банк кепілдігі түріндегі кепілдік жарнаны енгізетінін көздегеніңізді назарға ала отырып, ________________________________________________________________ осымен жоғарыда аталған

(банктің атауы)

кепілдік жарна бойынша кепілгер болып табылатынын және Сіздің жазбаша талап етуіңіз, сондай-ақ Қатысушының Сауда-саттыққа қатысушы (жеңімпазы/сатып алушысы) ретінде өз міндеттемелерін орындамағаны немесе лайықты түрде орындамағаны туралы жазбаша растау алынғанда __________________________________________________________________________________

(сомасы цифрмен және жазумен)
тең соманы Сізге Сіздің талап етуіңіз бойынша төлеудің қайтарып алынбайтын міндеттемесін өзіне қабылдайтынын растайды.

Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Сауда-саттыққа Қатысушылар (Жеңімпаз/Сатып алушы) Қағидада немесе «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық капиталындағы 49% қатысу үлесін сатып алу-сату шартында белгіленген өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.



Осы кепілдік міндеттемесіне байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгерлердің қолы мен мөрі                                              күні мен мекенжайы
(Банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының және банктің бас бухгалтерінің тұлғасында).
Каталог: upload
upload -> Қосымша1 Жиынтық кіріс туралы топтастырылған есеп
upload -> Конкурс құжаттамасының көшірмелерін 2012 жылғы 09 сәуір күні сағат 11. 00-ге дейін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4, 618 кабинетінде сағат 00-ден 18. 30-ға дейін немесе
upload -> Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан дипломатиясы 13 Қараша 2015
upload -> Баспасөз хабарламасы 2016 жылдың алғашқы тоғыз айындағы Қмг бө операциялық нәтижелері Астана, 25 қазан 2016 ж
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
upload -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...