Конкурс өткізуге дейін бір ай қалғанда. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі қызмет көрсетушінің хабарландыруды жариялау туралы шешім қабылдауы болып табылады

Loading...


жүктеу 68.09 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі68.09 Kb.

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы


Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» Мемлелекеттік мекемесі

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке және заңды тұлғалар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз түрінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Қарағанды қ. Лобода 20

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

– қызмет көрсетуші республикалық немесе облыстық маңызы бар мерзімді басылымда және өзінің интернет-ресурсында алдағы конкурс туралы хабарландыруды конкурс өткізуге дейін бір айдан кеш емес қызмет алушылардан құжаттарды қабылдау мерзімдерін нұсқай отырып орналастырады. Орындау ұзақтығы –конкурс өткізуге дейін бір ай қалғанда. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі қызмет көрсетушінің хабарландыруды жариялау туралы шешім қабылдауы болып табылады;

–қызмет алушылар берген конкурстық өтінімдерді қабылдау және тіркеу. Орындау ұзақтығы–30 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі конкурстық өтінімдерді қарау және конкурс жеңімпазын анықтау болып табылады;



- көрсетуші конкурсақа қатысуға ниет білдірген қызмет алушыға (бұдан әрі— қызмет алушы) екі жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттарды береді. Орындау ұзақтығы – екі жұмыс күні ішінде;

–Ереженің 28-тармағында қарастырылған біліктілік талаптарына сәйкес келуін және конкурс жеңімпазын анықтау үшінқызмет көрсетушінің конкурстық өтінімдерді қарауы.Орындау ұзақтығы–конкурс өтінімі бар конверттерді ашқаннан күннен бастап күнтізбелік 10 күні. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі конкурстық өтініштерді қарастыру және конкурстың жеңімпазын анықтау болып табылады;

маманның (конкурстық комиссия хатшысының) конкурсқа қатысушыларға және облыстың жергілікті атқарушы органына(бұдан әрі – ЖАО) жолдау үшін конкурс қорытындылары туралы хаттаманы дайындауы.Орындау ұзақтығы– 1 жұмыс күнінен кешіктірілмейді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі конкурстық комиссия хатшысының конкурсқа қатысушыларға және ЖАО кеңсесіне жолдау үшін конкурс қорытындылары туралы хаттаманы дайындауы болып табылады



қызмет алушыға оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі ЖАО шешімін қабылдау.Орындау ұзақтығы–5 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі ЖАО су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру бойынша қызмет алушыға шешім қабылдауы болып табылады;

қызмет алушыға ЖАО шешімін беру.Орындау ұзақтығы–30 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесімаманның (конкурстық комиссия хатшысының) конкурсты өткізу қорытындылары туралы хаттаманы ЖАО-ның жауапты орындаушысына беру болып табылады;

– ЖАО бөлімі маманының келісімшарт жобасын жасауы.Орындау ұзақтығы– 1 жұмыс күннен аспайды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесіқызмет алушыға ЖАО шешімін беру болып табылады;

– ЖАО мен конкурс жеңімпазының арасында су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы келісімшартты жасау.Орындау ұзақтығы–10 жұмыс күні ішінде.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі ЖАО маманының келісімшарт жобасын жасауы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – қызмет алушының қызмет көрсетушіге конкурстық өтінімдерді берген сәтінен бастап күнтізбелік 60(алпыс)жұмыскүні ішінде.



7

Қажетті құжаттар

су объектісін пайдаланудың мәлімделген мақсаттарына сай материалдық-техникалық базаның болуы;

қаржыландыру көздері мен көлемін көрсетіп, үш және одан да көп жылдарға арналған жылдар бойынша даму жоспары (су қорғау іс-шараларын жүргізуді, су объектісін ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектілерін абаттандыру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда);

конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша банк немесе банк филиалы алдында анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам уақытқа созылған мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқ екені туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы (конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі), анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте берілмеуге тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған соңғы қаржы жылы үшін бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы (егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін);

үш айдан астам уақытқа (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені не салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден аз берешектің бар екені туралы конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бұрын бір ай ішінде берілген тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы;

3) мыналардың нотариалды расталған көшірмелері:

жарғы;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтаманың түпнұсқасы;



* Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт және салық төлеушінің куәлігі;

4) инвестициялардың қысқаша негіздемесі бар конкурсқа қатысушының су объектісін пайдалануға қатысты ниеті;

5) мыналар:

жергілікті өкілді органдар белгілеген шарттарда жалпы су пайдалану құқығын сақтау;

су қорғаудың іс-шараларын жүзеге асыру;

оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілетін су объектілерінде жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілерінің су қорғау аймақтарының аумақтарында шаруашылық және өзге де қызметтің белгіленген режимін сақтау жөніндегі міндеттемелерін қамтиды.

Конкурстық өтінім беттері нөмірленіп, тігілген күйінде беріледі, соңғы бетіне қол қойылады және мөрмен (бар болған жағдайда) куәландырылады.



8

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы облыстардың жергілікті атқарушы органдары шешімінің және (немесе) конкурс нәтижесі туралы конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде берілген облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен конкурстың жеңімпазы арасындағы су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы қағаз түріндегі шарт

11

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысы /



: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...