Конкурс өткізу туралы хабарландыру



жүктеу 99.96 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі99.96 Kb.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға

ішкі конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120500, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесі №2/А үй, анықтама үшін телефондары 8(72437) 2-19-59, факс 8(72437) 2-19-59, электронды пошта: karmakchi@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Қармақшы ауданындағы осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңҰйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, (Е-3 санаты, индексі (№02-4,) -1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 102 524 теңгеден 138 365,теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Жоғары органдар мен аудан әкімінің қабылдаған актілерінің орындалуына, олардың іске асырылуына ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Өзіне бекітілген бөлімдер мен мекемелерде іс қағаздардың, құжат айналымдарының Заң талаптарына, нұсқаулықтарға сай болуына бақылау орнатады, уақытылы хабарлап, ұсыныстар енгізіп отырады. Аудандық тұрақты кеңес мәжілісіне бөлімдер бойынша, өзіне бекітілген кент, ауылдық округ, салалық мекемелер бойынша зерттеулер жүргізіп, өзекті мәселелерін күн тәртібіне ұсынып отырады. Өз құзыреті шегінде арыз-өтініштердің орындалуын қамтамасыз етеді. Өзіне бекітілген бөлімдер, кент, ауылдық округ әкімдерінің жұмысына талдау жасап, функцияларының атқарылуы туралы үнемі зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Аудан әкімінің мәжілісінде, тұрақты кеңесте қаралатын мәселелерге байланысты материалдарды уақытылы, сапалы дайындауды атқарады. Жетекшілік жасайтын салалары бойынша аудандық комиссиялардың жұмысына бақылау орнатады. Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия жұмысын жүргізеді. Аудандық сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіру жұмыстарын атқарады. Аудандық мәслихат жұмысымен байланыс орнатып, аудан тұрғындарына «Құрметті азамат» атағын беру туралы ұсыныстарды зерделеп, тиісінше комиссияға ұсынады. Аудан әкімінің, кент ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесулерінде түскен сұрақтармен ұсыныстарды зерделеп, іс-шара дайындап, орындалуына бақылау орнатады. Аудан көлеміндегі білім беру ұйымдары жұмысына, «Балапан» бағдарламасының орындалуына, мектеп оқушылары арасындағы тәртіп бұзушылық және жазғы демалысты тиімді өткізу мәселелерін зерделеп, бақылау орнату жұмыстарын атқарады. Халықты жұмыспен қамту «Жол картасы» бағдарламаларының іске асырылуына бақылау орнатуды жүзеге асырады. Аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси ахуалға, көрнекті ақпарат құралдарының орналасуына, діни бірлестіктердің жұмыс істеуіне, мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына үнемі талдау жасап отырады. «Салауатты Қазақстан» бағдарламасының, аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін зерделеп, тиісінше ұсыныстар береді. Аудан көлеміндегі әскер қатарына шақыру жұмыстары, аудандық қорғаныс істері басқармасымен тығыз байланыс орнатып, үнемі бақылауда ұстайды, үйлестіреді. Аудандағы баспасөз жазылу барысы, аудан тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуын бақылауда ұстау жұмысын жүргізеді. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді зерделеп, іс шара қабылдап орындалуын бақылауға алады. Аудан көлемінде жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету, мемлекеттік әлеуметтік көмектің уақытылы төленуі, еңбек ақы, зейнет ақы төленуін зерделеп, үнемі бақылауда ұстайды. Аудан көлеміндегі мүгедектерге қайырымдылық көмек және әлеуметтік көмек көрсетуді зерделеп, тиісінше жұмыстар жүргізеді. Көші қон және демография саласының жұмыстарын ұйымдастырады, оралмандардың есептерін алады, нақтылау жұмыстарын жүргізеді. Мерекелік, мәдени іс-шаралардың жоспарын жасап, бекітуге ұсынады, іс-шаралардың орындалуын бақылайды.

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар немесе технологиялар немесе ауылшаруашылығы ғылымдары немесе ветеринария немесе қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары білім.



2. «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы, (Е-3 санаты, индексі (№05-4,) 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 102524 теңгеден 138 365 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Аудан әкімі аппаратының іс – қағаздарын жүргізу және құжат айналымын белгіленген тәртібімен ұйымдастыру, құжаттарды компьютер және басқа да ұйымдастыру техникалары арқылы дайындап береді. Аудан әкімі аппаратында іс-қағаздармен жұмысты «Қазақстан Республикасының жергілікті әкімдерінің аппаратында іс-жүргізу жөніндегі нұсқауға» сәйкес ұйымдастырады. Аудан әкімі аппаратына заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды тіркеу, жұмыстарды ұйымдастыру, қарау, есебін жүргізіп, олардың мерзімінде орындалуына қатаң бақылау орнату, №1-ОЛ нысанды статистикалық есебінің уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар кент және ауылдық округ әкімдеріне, бөлімдерге заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен арыз – шағымдардың тіркеу, қарау, есебін жүргізу, олардың мерзімінде орындалу жұмыстарының ұйымдастырылуын қадағалайды, №1 – ОЛ нысанды статистикалық есептерін уақытылы жинақтап заң аясында құзыретті органдарға тапсырады. Өз құзыреті шегінде арыз-өтініштердің орындалуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппаратында белгіленген тәртіпке сәйкес азаматтарды жеке мәселелермен қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру, қабылдауда болған азаматтардың карточкаларын есепке алып және берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауға алу, ай сайын қорытындысын шығарады. Бақылауда тұрған құжаттардың орындалуын, хабарлама, ақпараттар берілуін қадағалап, ай сайын компьютерге енгізіп, онда сақталуын ұйымдастырып, жинақтап қағаз бетіне шығарып отырады. Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдар бойынша кент, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер бойынша ай сайын талдау жасап отыру, оларға практикалық көмектер көрсетеді. Орындаушылық және қызметтік тәртіптің орындалуын қадағалайды. Аудан әкімінің тұрақты кеңесінің хаттамасын толтырып, тапсырмаларды тиісті ұйымдарға жеткізіп отыру, тапсырманың орындалуын бақылайды. Қызметтік құжаттардың конфиденциалдығын сақтайды.



ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша жоғары білім.

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІ ТИІМДІ АТҚАРУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЗІРЕТТЕР:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;

      4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
      5) ғылыми дәрежесінің болуы.

ІШКІ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №2/А үй 19 кабинетте қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рұсқұлов көшесі, №2/А үй ғимаратында өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет