Конкурс өткізу туралы хабарландыру «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты»



жүктеу 61.25 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі61.25 Kb.



«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға

барлық мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 070400, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, 10 кабинет, тел.: 8 (72351) 2-23-82, факс 2-10-31, e-mail: g.azina@akimvko.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты» ММ (Е-G-3 санаты, №03-06-04) бас маманына – еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69 957 теңгеден 94 109 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен 1 бірлік;

Функционалдық міндеттері: Жұмыспен қамту, еңбек, азаматтарды әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыз ету саласын дамыту мәселелері бойынша қызметті жүзеге асыру. Ана мен бала, жанұя және неке мәселелері жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Туысы жоқтарды жерлеу және зираттар мен басқа да жерлеу орындарын қажетті қалыпта ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Өз өкілеттігіне енетін мәселелер бойынша есептер тапсыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен белгіленген тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу.

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не g.azina@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:


  • өтініш;

  • тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның Интернет-ресурсында конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ШҚО, Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі 69, 10 кабинетке ұсынылуы қажет.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Анықтама телефондары: 8(72351) 2-23-82, 2-14-52, e-mail: g.azina@akimvko.gov.kz


2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты» ММ (Е-G-3 санаты, № 03-06-06) бас маманына – еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69 957 теңгеден 94 109 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен 1 бірлік;

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласын дамыту мәселелері бойынша қызметті жүзеге асыру. Жеке сектор шаруашылық есебін жүргізу. Мемлекеттік қызметтер көрсету. Ауылдық округті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру. Өз өкілеттігіне енетін мәселелер бойынша есептер тапсыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен белгіленген тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу.

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не g.azina@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:


  • өтініш;

  • тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның Интернет-ресурсында конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ШҚО, Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі 69, 10 кабинетке ұсынылуы қажет.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Анықтама телефондары: 8(72351) 2-23-82, 2-14-52, e-mail: g.azina@akimvko.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет