Конкурс өткізу туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 81.51 Kb.
Дата28.01.2017
өлшемі81.51 Kb.
«Маңғыстау облысының еңбек басқармасы» ММ «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
D-О-4 санаты үшін: жоғары білім;      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Категориясы

Лауазымдық айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай

min

max

Д-О-4

83282

112430


«Маңғыстау облысының еңбек басқармасы» ММ, мекен-жайы: 130000. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, «Неке сарайы ғимараты», 18 кабинет, анықтама телефон/факс 304743, электрондық мекен-жайы: gosinspektor_trud@inbox.ru.

«Маңғыстау облысының еңбек басқармасы» ММ«Б» корпусына бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Әкімшілік-қаржылық кадр мәселелері бойынша бас маманы (1 бірлік, Д-О-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Кадр ісі жөніндегі құжаттарды жетік меңгеру. Басқарма қызметкерлерінің жеке істерін жүргізеді. Мемлекеттік қызмет істер Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасына ай және тоқсан сайын есептер тапсырады. Басқармада құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуін, шығыс – кіріс құжаттарының мемлекеттік тілде орындалысын қадағалайды. Құжаттар номенклатурасын бекіттіру жұмысын ұйымдастыру. Құжаттарды мұрағатқа дайындайды, тапсырады, басқарма қызметкерлерінің жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізеді, ай сайын бекітуге ұсынып отырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім - Білім (орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, есеп және аудит, экономика).


Еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы (2-бірлік, Д-О-4 санаты), (оның ішінде негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы уақытында-1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Меншік нысаны мен шаруашылықты жүргізу түріне қарамастан ұйымдарда тексерулер мен зерттеулер жасау арқылы «ҚР Еңбек кодексі», «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдары мен еңбек қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік актілерді сақтау үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Еңбек заңнамасы талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бұзулардың жолын кесу мен жол бермеу жөніндегі құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау. Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдардың өкілдерін қабылдау мен қарау және олар бойынша шаралар қабылдау. Еңбек пен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін бұзулардың себептерін талдау және қорыту; оларды жою бойынша шаралар қабылдау, белгіленген тәртіпте есептер даярлау. Өндірістік жарақат алу мен кәсіби аурулардың жағдайы мен себептеріне талдау өткізу, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар жасау. Өндірістегі бақытсыз жағдайлар мен кәсіби ауруларды тексерудің бірыңғай тәртібі мен мезгілінде тексерілуін, есебі мен талдауын қамтамасыз ету. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек қатынастары мәселелер бойынша халық арасында және еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын өткізу. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бұзулардың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі шараларды жасау және қабылдау. Еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайы туралы есептер, ақпараттар, анықтамалар мен баяндамалар жасау. ҚР Еңбек заңын сақтау үшін мемлекеттік бақылауға байланысты басқа да міндеттер.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім - Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (экономика, қаржы, әлемдік экономия). Техникалық ғылымдар және технологиялар саласы (ақпараттық жүйелер, мұнай газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), электр энергетикасы, органикалық заттардың химиялық технологиясы).


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы (2–бірлік, Д-О-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Меншік нысаны мен шаруашылықты жүргізу түріне қарамастан ұйымдарда тексерулер мен зерттеулер жасау арқылы «ҚР Еңбек кодексі», «Халы қты жұмыспен қамту туралы» заңдары мен еңбек қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік актілерді сақтау үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Еңбек заңнамасы талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бұзулардың жолын кесу мен жол бермеу жөніндегі құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау. Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша азаматтары мен ұйымдардың өкілдерін қабылдау мен қарау және олар бойынша шаралар қабылдау. Еңбек пен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін бұзулардың себептерін талдау және қорыту; оларды жою бойынша шаралар қабылдау, белгіленген тәртіпте есептер даярлау. Өндірістік жарақат алу мен кәсіби аурулардың жағдайы мен себептеріне талдау өткізу, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар жасау. Өндірістегі бақытсыз жағдайлар мен кәсіби ауруларды тексерудің бірыңғай тәртібі мен мезгілінде тексерілуін, есебі мен талдауын қамтамасыз ету. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек қатынастары мәселелер бойынша халық арасында және еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын өткізу. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бұзулардың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі шараларды жасау және қабылдау. Еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайы туралы есептер, ақпараттар, анықтамалар мен баяндамалар жасау. ҚР Еңбек заңын сақтау үшін мемлекеттік бақылауға байланысты басқа да міндеттер.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім - құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (экономика, қаржы, әлемдік экономия). Техникалық ғылымдар және технологиялар саласы (ақпараттық жүйелер, мұнай газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), электр энергетикасы, органикалық заттардың химиялық технологиясы).


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларарының  3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының еңбек басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының еңбек басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет