Конкурс өткізу туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 84.44 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі84.44 Kb.
Маңғыстау облысы әкімінің аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
D-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.




Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-4

102437

125755


«Маңғыстау облысы әкімі аппараты» ММ, мекен-жайы: 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, № 434 кабинет. Анықтама алу үшін телефоны: 8(7292)437634, электрондық мекенжайы: n.serikkalieva@mangystau.gov.kz Маңғыстау облысы әкімінің аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік, № 5-2).

Функционалдық міндеттері: Ассамблея Ережесімен айқындалған міндеттерді орындау жұмысын ұйымдастырады. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ұлттық-мәдени орталықтар басшыларына кеңестік-әдістемелік көмек береді. Ассамблея құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар мен кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуге қатысады. Облыстық Ассамблеяның сессиясы отырысына және Кеңесіне мәселелермен тиісінше материалдарды дайындайды, сессия мен Кеңестің шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Облыстық Ассамблея мүшелерінің, этномәдени бірлестіктердің өзара іс-қимылын жүзеге асырады, мемлекеттік құрылымдармен олардың өзара байланысын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім - Білім (педагогика және психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, математика, информатика, физика, химия, биология). Гуманитарлық ғылымдар (философия, мәдениеттану, филология, тарих, халықаралық қатынастар, аударма ісі). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, қаржы, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, тау-кен ісі, мұнай газ ісі, құрылыс). Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс, кітапхана ісі).


2. Ішкі аудит қызметінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік, № 17-3).

Функционалдық міндеттері: Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасының бюджет және басқа да заңнамаларын сақтауына тексеру жүргізеді. Жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болдырмау бойынша шаралар қабылдайды. Тексеру нәтижелері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынымдар, есептер, қорытындылар дайындайды. Бөлімде іс жүргізуді жүзеге асырады. Жолданған міндетті орындалатын ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдардың есепті және есептілікті сенімді және дұрыс жүргізуіне бақылау жасайды. Қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады. Мемлекеттік органда, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізеді. Мемлекеттік органда, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді. Жүргізілген тексерулер бойынша ішкі есептілікті жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, статистика, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық).



3. Терроризмге қарсы комиссия бөлімінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік, № 9-3).

Функционалдық міндеттері: терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар арасында терроризм мен экстремизм профилактикасы бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту бойынша жай-күйді зерделейді, проблемаларды талдайды, іс-шараларды жүргізу туралы ұсыныстарды әзірлейді.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім - білім ( педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, математика, информатика, физика, химия, биология). Гуманитарлық ғылымдар (дінтану, теология, философия, филология, тарих, халықаралық қатынастар). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, тау-кен ісі, мұнай газ ісі, құрылыс). Қызмет көрсету (жүк тасымалдауын ұйымдастыру, көліктің қозғалысы және пайдаланылуы, әлеуметтік жұмыс, бағалау).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).



Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Персоналды басқару бөлімі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет