Конкурс өткізу шарттары Осы Конкурсты өткізу шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы

Loading...


Дата08.09.2017
өлшемі95.61 Kb.
түріКонкурс
Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған

иесіз қауіпті қалдықтарды сату бойынша

конкурс өткізу шарттары

Осы Конкурсты өткізу шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 8 қазандағы  N 919 қаулысымен  бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару ережесіне сәйкес әзірленді (бұдан әрі- Ереже).



  1. Қалдықтарды «Жасыл даму» АҚ (бұдан әрі - Ұйым) заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатады.

2. Ұйым конкурстың әлеуетті қатысушыларына конкурсқа қойылатын қалдықтар нысаны бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін өтеусіз негізде ұсынады.

Құжаттар пакеті өтініш берушіге конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін қажетті мынадай ақпараттан тұрады:


     1) қалдық туралы тарихи анықтама;
     2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамасы туралы ақпарат;
     3) қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы ақпарат;
     4) қалдықтардың қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат.

Құжаттар пакеті конкурсқа әлеуетті қатысушылардың жазбаша берген өтінішінің негізінде конкурстық комиссияның хатшысы Д.С. Турсынбековаға: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор көш., 11/1-үй, 613-кеңсе мекенжайы, тел.: 8 7172 768255, 87172278031 бойынша беріледі.

3. Конкурс ашық тәсілмен және ашық конкурсқа қатысушылардың аясы шектелмегендер арасында өткізіледі.

4. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім мыналарды қамтуы тиіс:


     1) өтініш берушінің атауы;
     2) өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі қызмет орнының мекенжайы;
     3) мемлекеттік тиесілілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);
     4) заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және өтініш берушінің мүддесін білдіретін тұлғалар туралы деректер;
    5) өтініш берушінің құжаттамалық расталған техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы деректер;
     5. Конкурсқа өтінімдерді қабылдауды Ұйым: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор көш., 11/1-үй, 613-кеңсе мекенжайы бойынша ақпараттық хабарламаны жария еткен күнінен бастап жүзеге асырады және 2015 жылдың 12 қаңтарында сағ. 13-00-де аяқтайды. Өтініш берушіге конкурсқа қатысуға өтінімі қабылданғаны туралы өтінім түскен күнінен бастап бір ай мерзімде ресми түрде хабарланады.

5. Конкурсқа әлеуетті қатысушылар өтінімді белгіленген формаға сәйкес парақтары немесе беттері нөмірленген, тігілген және соңғы парағы немесе бетіне қол қойылып, мөр басылып куәландырылған түрде ұсынады.

Конкурстың әлеуетті қатысушысы конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін (бірге орындаушы) қосымша мердігерлерді тартуға құқылы.

Конкурсқа қатысушы конкурс өтуінің белгіленген мерзіміне үш күн қалғанда Ұйымға жазба түрінде хабарлап өз өтінімін кері қайтаруына құқылы.

6. Ұйым мынадай:

     1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтінім берген;


     2) өтініш берушінің өтінімде жалған немесе дұрыс емес мәлімет берілген;
     3) өтінімде өтініш берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жаратуға (өңдеуге) қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық мүмкіндіктерінің болуы немесе оларға ие болу мүмкіндігі туралы құжаттамалық куәліктері болмаған жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдаудан бас тартады.

7. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылардан шыққан шығындар қайтаруға не өтеуге жатпайды. Ұйым тиісті келісімшартқа қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылмаған қатысушыларға конкурсқа қатысу жарналарын банк комиссиясы есебінсіз ақша қаражатын аудару арқылы қайтарады.

8. Өтініш беруші конкурстық ұсыныс жасайды және оны конверттерді ашу рәсіміне бір сағат қалған уақыттан кешіктірмей ұйымға береді. Ұйымға келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға қайтарылмайды. Конкурстық ұсыныста конкурс жүргізу тәртібіне және өтініш берушінің міндеттеріне қатысты осы Қағиданың шарттарымен өтініш берушінің танысқандығына нұсқау беріледі.

9. Конкурстық ұсыныс берудің мерзімі – 2015 жылғы 19 қаңтар сағат 13.00-ге дейін.

10. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс мыналарды қамтуы тиіс:

1) құрылтайшылар туралы деректері бар құжаттың көшірмесі; белгіленген заңды тәртіпте бекітілген жарғы көшірмесі, заңды тұлғалар үшін типтік жарғы негізінде тіркелген – заңды тұлғаны тіркеу туралы белгіленген үлгідегі өтініштің көшірмесі (консорциумның қатысуы жағдайында консорциумға кіретін әрбір заңды тұлғалар жарғысының көшірмесі ұсынылады), конвертті ашу күніне дейін кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде берілген акциялар иелері реестрінен көшірме, сондай-ақ заңнамаға сай берілген құрылтайшылар туралы мәліметтері бар өзге құжат көшірмесі;

2) әлеуетті жабдықаушының бірінші басшысын тағайындау(сайлау) туралы құжаттың көшірмесі (консорциум қатысқан жағдайда бірінші басшыны тағайындау(сайлау) туралы құжаттың түпнұсқасы консорциумқа кіретін әрбір заңды тұлғаларға ұсынылады, сондай-ақ консорциумқа кіретін әрбір заңды тұлғаларға уәкілетті тұлғаларының консорциумы туралы келісімге қол қою құқығын растайтын құжат көшірмесі);

3) жұмыстарды орындау бойынша қосымша мердігерлердің тізімі, қосымша мердігерлерге берілген жұмыстың ауқымы мен түрлері (жұмысқа тартылған жағдайда);



  1. конкурсқа қатысу құқығы үшін жарна төлемін растайтын құжат;

  2. әлеуетті жабдықтаушы қол қойған құжат үлгісіндегі баға ұсынысы.

  1. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысын парақтары немесе беттері нөмірленген, тігілген және соңғы парағы немесе бетіне өзінің қолы қойылып, мөр басылып куәландырған түрде ұсынады.

  1. Конкурстық ұсыныстарда тармақтардың арасында ешқандай да бір ендірме, артық қосып жазу, өшіру болмауы тиіс.

  2. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысын конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы және заңды мекенжайы көрсетілуі тиіс.

14. Алынған конкурстық ұсыныстарды бағалау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы туралы шешім қабылдайды және тиісті хаттама ресімделінеді. Аталған хаттамада жеңімпаздың конкурстық ұсынысымен қоса, конкурстық комиссияның конкурс жеңімпазын таңдау жөніндегі шешімі болады, оған конкурстық комиссия мүшелері мен комиссия төрағасы қол қояды.

Конкурстық ұсыныстарды бағалауды конкурстық комиссия конверт ашылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде өткізеді.

15. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.



Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда конкурстық комиссияның кез келген мүшесі өз пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндап және конкурс қорытындысының хаттамасына тіркейді.

16. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия мынадай негізгі критерийлердің жиынтығы негізінде анықтайды:


      1) кәсіпорынның мақсатты іске асыруға әзірлік дәрежесі және қалдықтардың аз болуы мен экологиялық тәуекелдердің төмен болуын қамтамасыз ететін технологияларды қолдану арқылы оларды бастау мерзімі;
       2) қалдықтардың нысаны орналасқан аумақтарды қалпына келтіру жобасын іске асыру шарттары және мерзімі, қаржыландыру көлемі;
      3) қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық заңнама  және қоршаған ортаны қорғау жөнінде  нормативтік актілердің талаптарын сақтау бойынша міндеттемелер;

4) ластанған учаскелердің және қалдықтарды орналастыру салдарынан болған жерлерді қалпына келтіру бойынша іш-шаралар кешенінің бар болуы.

17. Ашық конкурстың нәтижесі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған баспа басылымында жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады. Конкурс жеңімпазы туралы хаттаманың ресімделу сәті осы конкурс жеңімпазының келісімшарт жасау міндеттемелерінің туындау сәті болып саналады.

18. Конкурсқа тек бір ғана өтініш беруші қатысқан жағдайда конкурс өткізілген жоқ деп танылады.


    Конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде конкурстық комиссия нысанды конкурстан алып тастайды немесе конкурсты қайта өткізуді тағайындайды. Тек бір ғана өтініш берушінің болуына байланысты қайта конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, ұйым конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтініш иесімен келіссөздер негізінде және тиімділігі ұйым үшін конкурстық ұсыныста ұсынғаннан кем болмайтын жағдайларда келісімшарт жасасады.

19. Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өткізілмеді деп танылады.

20. Конкурс жеңімпазымен келісімшарт жасалады. Келісімшартта қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық заңнаманың  және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау және жалпы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі конкурс жеңімпазының орындалған жұмыстар туралы есеп беруі бойынша міндеттемелер көзделеді.

Есеп ұйымға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынылады.

Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда ұйым оны бұзады және белгіленген тәртіппен қайта конкурс жариялайды.

21. Конкурс екі рет өткізілген жоқ деп танылған жағдайда ұйым осы Қағидаларда көзделген тәртіппен өтеусіз негізде қалдықтарды сату конкурсын өткізеді.

22. Осы Қағиданың  25-тармағында көзделген негіздер бойынша конкурс үш рет өткізілген жоқ деп танылған жағдайда қалдықтар сұранымсыз деп есептелінеді.


Қалдықтарды сату бойынша конкурсқа қатысу туралы



өтінім

__________________________________________

1) _________________________________________________________

өтініш берушінің атауы

2) _____________________________________________________________



өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі қызмет орнының мекенжайы

3) _____________________________________________________________ мемлекеттік тиесілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін)

4) ____________________________________________________________

заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және өтініш берушінің мүддесін білдіретін тұлғалар туралы деректер
5) өтініш берушінің құжаттамалық расталған техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы деректер қоса беріледі;

_____________________ ____________ ____________



( ұйымның атауы) (қолы) (Т.А.Ә.)
МО
Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2014
files -> 56,88 млн тоннаны
files -> Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу саласын дамыту мәселелері бойынша анықтама
files -> Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № бұйрығымен бекітілген
files -> Бұйрығына анықтама-негіздеме № п/п
files -> Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
files -> Өзгеріс енгізу туралы
files -> Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу ережесі Жалпы ережелер
2014 -> Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
2014 -> Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
2014 -> Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы «Магистральдық құбыр туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...