Конкурс өткізеді «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»



жүктеу 109.05 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі109.05 Kb.
«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 89, кабинет 309, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2) 25-00-34, факс 8(716-2) 25-10-40, электрондық мекен-жайы: akmolauprdor@mail.ru) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мемлекеттік мекемесінің жолаушылар тасымалдау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс кезеңіне), «D-O-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83282 теңгеден 112432 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: Жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен облысішілік ауданаралық (қалааралық облысішкі) тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру, тарифтерді келісу және, автобустардың қозғалыс кестісі мен сызбаларын бекіту, байқауларды өткізу, келісім шарттарды бекіту, оған көрсетілетін қызметке куәлік беру, сонымен қатар белгілі тәртіпте жолаушыларды тасымалдауына тұрақты қызмет көрсетуіне рұқсат беру құжаттарды (куәліктерді) уақытша тоқтату және кері шақыру. Жолаушыларды және жүкті тұрақты автомобильмен қалааралық облысішкі бағыттардағы тасымалдау тізбегін жүргізу. Облыстық автовокзалдары мен автостансалардың және жолаушыларға қызмет көрсету бекеттердің тізбегін жүргізу. Жолаушылар көлігінің кешенді даму сызбасын пысықтау. Тасымалдаушымен қабылданатын шешімді қоспағанда, қаламаңы қатынастары мен облысішілік, ауданаралық (қалааралық) жолаушылар мен жүкті темір жол тасымалын ұйымдастыру жөнінде қабылданатын шешімді дайындау. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын, тасымалдаушылардың залалдарын жергілікті бюджеттен субсидиялау бойынша ұсыныстарды дайындау. Тұрақты бағыттарғы қызмет көрсету құқығына байқау алдындағы және байқау құжаттарын әзірлеуді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету. Қазақстан Республикасының рұқсатнама және ескертпелерді беру заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүргізу. Облысаралық, ауданаралық(қалааралық облысішілік) және халықаралық қатынаста тұрақсыз қызмет көрсетуіне, сонымен қатар халықаралық қатынаста тұрақты автобус, шағын автобуспен қызмет көрсету құқығына рұқсат ететін лицензиясын беру. Лицензия алғанша рұқсат ету бақылауды жүргізу. Механикалық көлік құралына және оның тіркегіштеріне техникалық тексеру бойынша халықаралық сертификатты беру. Қызмет ету аумағы шеңберінде, міндетті техникалық тексеруден өту кестесін келісу. Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктерді беру. Бағыттарда тұрақты қызмет көрсету құқығына байқау алды мен байқау құжаттарын әзірлеуін ұйымдастыру. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу. Жолаушыларды тасымалдау бойынша норматиаті- құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу. Жол қозғалыс қауіпсіздігін және пайдалауын қамтамасыз етуге әкімшілік полициясы, төтенше жағдайлар, жол қызметкерлерімен өзара қатынасын қамтамасыздандыру. Ақмола облысы әкімінің аппаратынан, орталық және басқа да мемлекеттік органдардан келген құжаттардың, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалардан басқармаға келіп түскен өтініштердің уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Байқау алды мен байқау құжаттарын және байқау хаттамаларын сақауына жауаптылық.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, техникалық ғылыми және технологиялар немесе қызмет көрсету саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі.

Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.



Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі)

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Құжаттар «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________

(мемлекеттік орган)


Өтініш
Мені________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ _______________________________________________________________________

________ __________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / ФОТО

фамилия, имя, отчество (при наличии) (түрлі түсті/

цветное 3х4)

_________________________________

лауазымы/должность, санаты/

категория (болған жағдайда/при наличии)



ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения






2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)






3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/ Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками






6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)






7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)






9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл- дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня- ется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабыл- данған/ приема

босатылған/ увольнения























































___________________

Кандидаттың қолы/



Подпись кандидата

_____________ күні/дата


Достарыңызбен бөлісу:



©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет