Конкурс жариялайды: «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты»

Loading...


жүктеу 83.97 Kb.
Дата08.02.2017
өлшемі83.97 Kb.
түріКонкурс
«Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120300, Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі № 37 үй, анықтама үшін телефондары 22-4-18, факс 22-4-29 электрондық почта org_acim@mail.ru, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты, 1–бірлік, индекс 01-2-2). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Өз құзыреті шегінде аудан әкімдігі мен аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуді және әділет органдарында тіркелуін, олардын есебі мен және мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен ауылдық округ әкімінің шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қадағалайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық және заңға тәуелді актілердің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардын нормативтік құқықтық кесімдердің іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Заңнаман талаптарына қайшы келетін актілерді сәйкестендіру немесе күшін жою және аппарат қызметінде туындаған құқықтық мәселелер, сондай-ақ келісім алуға жолданңан актілердің жобалары бойынша қорытындылар әзірлеу жөнінде шаралар атқарады.

Заңнама нормаларының өгеруі туралы қызметкерлерді ақпараттандыруды және лауазымды тұлғаларының олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделеуі бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Аппараттын келісім шарттарын әзірлеу жұмыстарына қатысады.

Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де жеке, заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

Бағыныштылығына сай жолданған құжаттарды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарап, олар бойынша қажетті іс-қимылдар жасайды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы күрес және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша іс-шара жоспарлардың атқарылуын қадағалайды. Көрсетілген мәселелер бойынша ауданның құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарыиен, қоғамдық ұйымдармен, жергілікті тұрғындар жиындарымен, қадағалау және бақылау функцияларын атқаратын органдарымен, орталық мемлекеттік органдардын аумақтық құрылымдық бөлімшелерімен, бейімді комиссияларымен және аудан тұрғындарымен өзара байланысын қамтамасыз етеді.

Бөлімге жүктелген функцияларды атқару мақсатында өзіне бөлім басшысымен жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.



Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Құқық мамандықтары бойынша жоғары білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда құқық мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

тиісті лауазым үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қақастан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120300, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі 37 үй ғимараттың 3 қабатында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Үміткерлермен әңгімелесу «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, 120300, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі №37 үй ғимараттың 3 қабатында өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы
: public -> assets -> kindeditor -> attached -> file
public -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
file -> Ж. «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120300, Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі
file -> Конкурс өткізу туралы хабарландыру «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты»
file -> Қорытындылар туралы хаттама №717322 22. 09. 2016 Конкурстың №881741-1
file -> Ж. «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120300, Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі
file -> ЭҚабж мо 20. 2 нұсқасы) Электрондық құжаттың көшірмесі. Эцқ-ны тексерудің нәтижесі оң
file -> Zhanakorgan korda qov kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...